Главная страница

Медицина жне фармацевтика кадрларыны біліктілігін арттыру жне айта даярлауды лгілік бадарламалары


Скачать 1.64 Mb.
НазваниеМедицина жне фармацевтика кадрларыны біліктілігін арттыру жне айта даярлауды лгілік бадарламалары
Дата20.10.2021
Размер1.64 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файла4. buyrykka_kosymsha_kaz (1).docx
ТипДокументы
#251692
страница44 из 70
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70

«Офтальмология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың үлгілік оқу жоспары және оқу бағдарламасының мазмұны

1. «Офтальмология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың үлгілік оқу жоспары


Пән

коды



Пәндердің атауы


Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі *

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі **

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі ***

Бақылау нысаны

НП

Негізгі пәндер

54 /1









МНП 01

Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық

9







Сынақ

МНП 02

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері

9







Сынақ

МНП 03

Медициналық этика және коммуникативті дағдылар

27







Сынақ

МНП 04

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау(апаттар медицинасы мәселелерімен қоса алғанда)

9







Сынақ

БП

Бейінді пәндер


1026/19

432/8

432/8




МБП

Міндетті компонент

486/9

432/8

432/8




МБП 01

Амбулаторлық офтальмология, соның ішінде балалардың

171

270,соның ішінде қорытынды бақылау сағаттары бақылау

270, соның ішінде қорытынды бақылау сағаттары

Сынақ

МБП 02

Стационардағы офтальмология 1

270

162

162

Сынақ

МБП 03

Дәлелді медицина мәселелері

18







Сынақ

МБП 04

Офтальмологиядағы оңалту мәселелері

18







Сынақ

МБП 05

Инфекциялық бақылау АИТВ инфекциясы

9







Сынақ

ТБП

Таңдау бойынша компонент

540/10







Сынақ

ҚБ

Қорытынды бақылау

6 (ТБПден)

6

6

Емтихан




Жиыны

1080/20

432/8

432/8



* Офтальмология бойынша қайта даярлаудан өтпеген мамандар үшін

**Ересектер офтальмологиясы бойынша қайта даярлаудан өткен мамандар үшін

*** Балалар офтальмологиясы бойынша қайта даярлаудан өткен мамандар үшін

2. «Офтальмология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілігін арттыру циклдерінің үлгілік оқу жоспары


Пән коды

Пәндердің атауы

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Бақылау нысаны

НП

Негізгі пәндер










18/⅓




МНП 01

Қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау, (салауатты өмір салтын қалыптастыру,апать медицинасы мәселелерімен қоса алғанда)










9




МНП 02

Денсаулық сақтау саласындағы құқықтық реттеу. Медициналық құқық










9




БП

Бейінді пәндер

54/1

108/2

162/3

198/32/3




МБП

Міндетті компонент










90




МБП 01

Ересектер және балалар офтальмологиясының өзекті мәселелері










63


Сынақ

МБП 02

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері










18

Сынақ

МБП 03

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар










9

Сынақ

ТБП

Таңдау бойынша компонент

54 /1

108/2

162/3

108/2

(50%)

Сынақ

ҚА

Қорытынды бақылау

2(ТБПден)

2(ТБПден)

2(ТБПден)

6(ТБПден)

Емтихан




Жиыны

54/1

108/2

162/3

216/4





3. «Офтальмология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілігін арттырудың сертификаттау циклының үлгілік оқу жоспары (жоғарғы және бірінші санаттар үшін)


Пәндердің атауы

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Бақылау нысаны

Офтальмологиядағы инновациялық технологиялар;

90*




Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

9




Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

9





Қорытынды бақылау

2

Емтихан

Жиыны:

108/2





Ескерту: * оның ішінде қорытынды бақылау сағаты

4. «Офтальмология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша сертификаттау циклінің біліктілікті арттыруға арналған үлгілік оқу жоспары (екіншілік санат үшін)


Пәндердің атауы

Оқу жүктемесінің сағатты (апта) көлемі

Бақылау нысаны


Біріншілік медициналық-санитарлық көмек жүйесіндегі офтальмологиядағы замануилық клиникалық диагностикалық әдістер мен емдеу түрлері, сонымен қатар балалар офтальмологиясы

90*




Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

9




Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

9





Қорытынды бақылау

2

Емтихан

Жиыны:

108/2





Ескерту: * оның ішінде қорытынды бақылау сағаты

5. «Офтальмология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша қайта даярлаудың білім беру бағдарламасының мазмұны


Пән коды

Пәндердің атауы мен негізгі бөлімдері

НП

Негізгі пәндер

БП

Бейінді пәндер

МБП

Міндетті компонент

МБП 01

Амбулаториялық офтальмология




ҚР офтальмологияның даму тарихы мен халыққа мамандандырылған көмекті ұйымдастыру. Көру мүшесі. Көздің дамуы мен қалыптасу мезгілі (онтогенезі, филогенезі). Көру мүшесінің қалыпты анатомиясы. Көздің қоса алғандалқы бөлігінің (қабақтардың, көз жасы аппаратының, конъюнктиваның) қалыпты анатомиясы, қанмен қамтамасыз етілуі, иннервациясы және қызметтері. Көз шарасының құрылысы және құрамы. Көз алмасының және оның қабықтарының қалыпты анатомиясы. Көз алмасының фиброзды капсуласының (қасаң қабықтың, ақ қабықтың), ортаңғы және ішкі қабықтарының (нұрлы қабықтың, бүршікті дененің және хориоидеяның, тор қабықтың) және көру нервінің қалыпты анатомиясы, қанмен қамтамасыз етілуі, иннервациясы мен қызметтері. Көзбұршақ, шыны тәрізді дененің, алдыңғы және артқы камералардың қалыпты анатомиясы мен қызметтері. Көздің топографиялық анатомиясы. Көру мүшесі қызметтерін зерттеу әдістері: сырттан байқау, визометрия, периметрия, кампиметрия, энтоптометрия, түрлі түстерді сезу, жарықты сезу, бинокулярлы көру, биомикроскопия, визоконтрастопериметрия, офтальмоскопия, гониоскопия, эстезиометрия, көз жасының өнуі мен ағып кетуін анықтау, УДЗ, УДДГ, ЭФЗ, ФАГ, ОКТ, НRТ, УБМ, трансиллюминация мен диафаноскопия. Көздің оптикалық жүйесі мен рефракциясы. Аметропиялар мен пресбиопияны көзәйнекпен түзету. Көздің қоса алғандалқы аппаратының аурулары. Инфекциялық және аллергиялық кеселдері, блефариттер, халазион, қабақтардың нервілі-бұлшықеттік патологиялары. Блефаропластика. Дакриоадениттер. Дакриоциститтер. Қабақтар мен көз жасы қалатасы флегмонасын тілу. Көз жасы жолдарына сүңгі енгізу мен оларды жуу. «Құрғақ» көз синдромы. Конъюнктивиттер. Конъюнктиваның дистрофиялық аурулары. Птеригиумді емдеу.

МБП 02

Стационардағы офтальмология




Көз шарасының жедел қабыну аурулары. Орбитаның спецификалық емес қабыну аурулары. Эндокриндік офтальмопатия. Қасаң қабық пен ақ қабықтың патологиясы. Кератиттер мен қасаң қабықтың дистрофиялары. Склериттер мен эписклериттер. Көз алмасының ортаңғы қабығының аурулары. Алдыңғы, орталық, артқы, панувеиттер. Олардың асқынулары мен емдері. Көзбұршақ аурулары. Көз бен оның қоса алғандалқы мүшелеінің ісіктері. Қабақтар, конъюнктива, орбита, нұрлы қабық, бүршікті дене, хориоидея және көру нерві ісіктері. Таралуы, жіктелінуі, клиникасы, емдеу тәсілдері. Тор қабықтың қабыну аурулары (ретиниттер). Тор қабықтың қан тамырлары аурулары: тор қабықтың орталық артериясының және оның бұтақтарының кенеттен тығындалуы, орталық венаның және оның бұтақтарының тромбозы. Біріншілік дәрігерлік көмек және замануилық емдеу тәсілдері, асқынулар. Васкулиттер. Диабеттік ретинопатия, патогенезі, жіктелінуі, клиникасы, дәрі-дәрмектік және лазермен емдеу. Гипертензиялық ретинопатия, патогенезі, жіктелінуі, клиникасы. Қарттық (адамның жасына байланысты) макуланың дегенерациясы, жіктелінуі, клиникасы, замануилық деңгейдегі емі. Тор қабықтың сырылуы. Этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы. Шыны тәрізді дене мен тор қабықтың сырылуындағы замануилық хирургияның принциптері. Көру нерві невриттері. Көру нерві дискінің іркілісі. Алдыңғы және артқы ишемиялық нейропатия: этиологиясы, патогенезі, клиникасы, диагностикасы, біріншілік дәрігерлік көмек мен емі. Көру нерві атрофиясы. Дренажды аймақтың анатомиясы мен топографиясы. Көз іші сұйықтығының өнуі мен циркуляциясы. Оптикалық глаукомалық нейропатия. Периметрия. Орталық көру кеңістігі. Кампиметрия. Оптикалық когеренттік томография (ОКТ). Гейдельбертің ретинальдық томографиясы (НRТ). Гониоскопия. Глаукоманың жиілігі. Глаукоманың этиологиясы мен патогенезі. Жіктелінуі. Офтальмогипертензия. Біріншілік ашық бұрышты глаукома: қарапайым, эксфолиативті, пигментті, қалыпты көзіші қысымды глаукома. Біріншілік жабық бұрышты глаукома: қарашықтық блокты (жедел ұстамалы), жазық нұрлы қабықты, витреоқарақтықтық блокты, қысқарған камера бұрышты. Глаукоманың диагностикасы. Глаукоманың консервативті емі. Жедел ұстамалы глаукоманың диагностиксы мен емі. Лазерлік хирургия. Глаукоманың микрохирургиясы. Көзден мүгедектік. Көз зақым-жарақатының жіктелінуі. Аралас және жанамаласқан травма. Клиникасы. диагностикасы. Орбита зақымы, жұмсақ тіндерінің жарақаттануы. Қабақтар мен конъюнктиваның зақым-жарататтары. Қабақтар мен конъюнктива жарататтарына біріншілік хирургиялық өңдеу жүргізу. Көз алмасының контузиясы. Қасаң қабықтың, нұрлы қабықтың, қарақтың, хориоидеяның, тор қабықтың, көру нервінің зақым-жаракаттары. Көз алмасын тесіп өтпеген және тесіп өткен жарақаттары. Тесіп өткен жарақаттардың абсолюттік және салыстырмалы белгілері. Біріншілік көмек. Жарақаттарды біріншілік хирургиялық өңдеу. Көз ішіне бөгде денелер енген тесіп өткен жарақаттардың клиникалық бейнесі. Көзіші инфекциясы. Симпатикалық офтальмия. Металлоз. Күйіктер: химиялық, термиялық, сәулелік. Сатысына қарай клиникалық бейнесі. Күйіктік ауру. Тексеру. Біріншілік көмек. Емдеу. Көз алмасына энуклеациялау. Анофтальм мен көз алмасының субатрофиясына протез қою. Көру қабілетіне байланысты мүгедектік.

МБП 03

Дәлелді медицина мәселелері




Дәлелді медицинаға кіріспе. Араласу түрлері. Зерттеулер түрлері. Зерттеу дизайны. Рандомизирленген бақылау- зерттеу-(РБЗ). "Алтын стандарт". Дәлелдеу дәрежесі бойынша ғылыми деректердің иерархиясы. Клиникалық мәселелерді тұжырымдау. Мәліметтер базасынан медициналық ақпараттарды іздеу стратегиясы.Medline (Медлайн), Cochrane (Кочрейн), PubMed (Пабмед) Интернетіндегі медициналық дерекқорлар. Жүйелік шолу. Мета-анализ. Дәлелді медицина негізіндегі медициналық ақпараттарды сыни бағалау . Әртүрлі типтегі зерттеулер үшін дәлелдеме кестелері. Дәлелдеме кестелері бойынша мақалаларды талқылау.

МБП 03

Офтальмологиядағы оңалту мәселелері




Оңалту түрлері. Медициналық-әлеуметтік оңалту. Офтальмологиядағы оңалту. Функциональды оңалту. Комплаенс. Күрделі көз ауруларынан (глаукома, көру нерві атрофиясы, ісіктер, тор қабық патологиясы, көру мүшесінің зақым-жарақаттары және басқалар) нәтижесінде болған көру функцияларының күрт төмендеуін медициналық-психологиялық оңалту. Зерттелудің әр-түрлі түрлері үшін дәлелдемелі кестелер. Мақалаларды дәлелдемелік кестелермен талдау.

МБП 05

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгортимдері




Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

МБП 06

Инфекциялық бақылау. Адам иммунитет тапшылығы вирусы (бұдан әрі – АИТВ-инфекциясы)




Денсаулық сақтау нысандарындағы инфекциялық аурулардың пайда болуының және тарауының профилактикасына бағытталған ұйымдастырушылық, профилактикалық және эпидемияға қарсы шаралар жүйесінің негізгі қағидаттары. ИБК ұйымдастыру. АІИ эпидемиологиялық талдау. АІИ қоздырғыштар, антибиотикке төзімділік. Инфекциялық бақылауды микробиологиялық қамтамасыз ету. Зарарсыздандыру, оның түрлері және АІИ профилактикасы міндеттері. АИТВ инфекциясы бар науқастарға ауруханалық және емханалық көмек көрсетуді ұйымдастыру. АИТВ инфекциясының профилактикасы. АИТВ тестілеуге дейінгі және кейінгі консультация беру. АИТВ инфекциясының зертханалық диагностикасы. АИТВинфекциясының клиникасы, қайталап ауруы. АИТВ инфекциясын емдеудің негізгі қағидаттары.

ТБП

Таңдау бойынша компонент

ҚБ

Қорытынды бақылау



6. «Офтальмология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру (4 апта ) білім беру бағдарламасының мазмұны


Пән коды

Пәндердің атауы мен негізгі бөлімдері

НП

Негізгі пәндер

БП

Бейінді пәндер

МБП

Міндетті компонент

МБП 01

Офтальмологияның (ересектер, балалар) өзекті мәселелері




Көз ауруларын зерттеудің негізгі әдістері. Көз ауруларының фармакотерапиясы. Көз алмасы мен оның қоса алғандалқы мүшелері микрохирургиясының замануилық принциптері. Глаукома және офтальмогипертензия. Катаракта. Тор қабықтың сырылуы. Көз жарақаты. Нейроофтальмология. Тор қабық пен көру нервінің жедел басталған қантамырлық аурулары. Көздің аллергиялық және қабыну аурулары. Көздің іштен туа біткен ауытқулары. Аметропиялар. Гиперметропия. Миопия. Астигматизм. Аккомадацияның түйілуі. Қылилық және амблиопия. Балалар катарактасы. Тор қабықтың және көру нервінің туа біткен және жүре пайда болған аурулары. Балалар глаукомасы: гидрофтальм, инфаньтильді және ювенильді. Көздің туа біткен қатерлі емес және қатерлі ісіктері. Бірінші типті қантты диабет және диабеттік ретинопатия. Шала туылған балалардағы ретинопатия.

МБП 02

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері




Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

МБП 03

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар




Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленісті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

ТБП

Таңдау бойынша компонент

ҚБ

Қорытынды бақылау



7. «Офтальмология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша сертификаттау біліктілікті арттыру циклы білім бағдарламасының мазмұны(жоғарғы және бірінші санаттар үшін)


Пәндердің атауы мен негізгі бөлімдері

Офтальмологиядағы инновациялық технологиялар

Көз ауруларының заманауи, инновациялық зерттеу және емдеу әдістері. Глаукома, нейроофтальмологиялық патология, реконструктивті офтальмохирургия, витреоретинальды хирургия сияқты көз ауруларының клиникасы, заманауи диагностикасы мен оңалтусы.

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленісті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

Қорытынды бақылау



8. «Офтальмология (ересектер, балалар)» мамандығы бойынша сертификаттау біліктілікті арттыру циклы білім бағдарламасының мазмұны(екіншілік санат үшін)


Пәндердің атауы мен негізгі бөлімдері

Күнделікті практикада кездесетін ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістері

Халықаралық бағдарламалар мен хаттамаларды қоса алғанда, дәлелді медицина негізіндегі қазіргі көзқарас бойынша балалар ауруларының этиопатогенезі, клиникасы, диагностикасы, саралау диагностикасы, емдеу әдістері, профилактикасы, жедел жәрдем.

Кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсету алгоритмдері

Базалық реанимация – Basis Life Support (Бэсик Лайф Саппот). Кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы (Advanced Cardiac Life Support (Адвенсед Кардиа Лайф Саппот). Педиатриядағы кеңейтілген жүрек-өкпе реанимациясы Pediatric Advanced Life Support (Педиатрик Кардиа Лайф Саппот). 2010 жылғы реанимация бойынша Еуропалық кеңестің ұсыныстары. Терминальді жағдайындағы клиникалық диагностика негіздері. Науқасты, зардап шегушіні біріншілік және екіншілік бағалау. Өмір тіршілігі функцияларының бұзылуының диагностикасы. ЖӨР-сын өткізуге арналған көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер. Жүректің жабық массажы. Сафар тәсілі. Жүрек дефибрилляциясының әдістемесі. Трахея кеңірдегінің интубациясы.

Медициналық этика және коммуникативтік дағдылар

Дәрігердің коммуникативтік құзыреттілігі: негізгі бөліктері, медициналық қызмет сапасына әсер етуі, Медициналық этика және деонтология мәселелері. Пациентке бағдарланған консультацияның негізгі дағдылары, стратегиялары мен техникасы (байланыс орнату, сұхбатты басқару, белсенді тыңдау, пациенттің көзқарасын анықтау және бөлісу, пікір білдіру, ақпарат беру және бірлесе шешім қабылдау, қолдау көрсету жоспарын құру, жинақтау және кері байланыс жасау). Шиеленісті жағдайдағы мінез-құлық стратегиясы. Медицинадағы командалық жұмыстың негізгі дағдылары: көшбасшылық, коммуникация, өзара қолдау көрсету, жағдайды қадағалау. Медициналық командадағы өзара тиімді әрекет ету құралдары мен стратегиялары.

Қорытынды бақылау

Қолданылған қысқартулар:

НП – негізгі пәндер;

МНП – міндетті негізгі пәндер;

БП – бейінді пәндер;

МБП – міндетті бейінді пәндер;

ТБП – таңдау бойынша бейінді пәндер;

ҚБ – қорытынды бақылау.

Медицина және фармацевтика

кадрларының біліктілігін

арттыру мен қайта даярлаудың

үлгілік  бағдарламасына

41- қосымша
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   70


написать администратору сайта