ЖұмысДәптері1_Информатика+. Мектептегі информатика сабаы басымдытар жне жетілдіру стратегиялары педагогтерді біліктілігін арттыру курсы тыдаушыны
Скачать 1.75 Mb.
|
МАССИВТЕР (ТІЗІМДЕР). МАССИВТЕРДІ ӨҢДЕУ. Қасиеті бойынша элементті іздеу. Элементтерді ауыстыру. Массив элементтерін реттеу. Элементтерді тізімге қосу және өшіру. Екі өлшемді массив (Кіріктірілген тізімдер) 26-тапсырма. «Нәтижені анықтаңыз» Барлық жағдайда lst = [1, 2, 3, 4, 5, 6] тізімі қолданылса, print нәтижелері қандай болады?
27-тапсырма «Дөңгелек сандар» Массивтегі дөңгелек сандардың (нөлмен аяқталатын немесе 10-ға қалдықсыз бөлінетін сандар) санын анықтау. Енгізілетін деректер: Бір жолға бос орын арқылы енгізілген бүтін сандар массиві. Шығарылатын деректер/нәтиже: "Массивтегі дөңгелек сандар саны: [k]"
28-тапсырма «Алмастыру» Бүтін санды массивтің ең үлкен және ең кіші элементтерін анықтап, олардың мәндерін алмастыратын бағдарлама жазыңыз. Енгізілетін деректер: Бос орын арқылы ажыратылған бір жолда енгізілген бүтін сандар массиві. Шығарылатын деректер/нәтиже: Массив элементтері. Ескерту: Берілген массивтің барлық элементтері әртүрлі сандар.
29-тапсырма. «Тізімді реттеу» Енгізілген бүтін сандар массивін өсу ретімен реттейтін бағдарлама жазыңыз. Енгізілетін деректер: Бос орын арқылы ажыратылған бір жолда енгізілген бүтін сандар массиві. Шығарылатын деректер/нәтиже: Бір қатарда элементтері бос орын арқылы ажыратылған өсу ретімен реттелген бүтін сандар массиві.
30-тапсырма. «Алфавит бойынша» n тауарды алфавит бойынша баспаға шығаратын бағдарлама жазыңыз. Енгізілетін деректер: n бүтін саны – тауарлар саны (0<= n <=1000) n тауарлар тізімі (әрқайсысы жаңа жолда енгізіледі). Шығарылатын деректер/нәтиже: Бір бағанға алфавит бойынша реттелген тауарлар тізімі.
31-тапсырма. «Элемент қосу» Тізім элементтерін, қосымша симолдық деректі және n санын оқитын және осы тізімнің n-ші элементіне қосымша символдық деректі енгізетін/қосатын бағдарлама жазыңыз. Енгізілетін деректер: Бірінші қатарда/жолда массив элементтері бос орын арқылы жазылады. Екінші жолда тізімнің жаңа элементі енгізіледі. Үшінші жолда жаңа элементті қосатын тізім элементінің нөмірі көрсетіледі. Шығарылатын деректер/нәтиже: Бір элемент қосылған жаңа тізім.
32-тапсырма. «Элементті өшіру» Тізім элементтерін және өшірілетін элементінің индексі n-ді оқитын бағдарлама жазыңыз. Егер мүмкін болса, n-ші элементті өшіріп, тізімді экранға шығарыңыз. Ал егер n-ші элементті өшіру мүмкін болмаса, «Өшіру мүмкін емес» хабарламасын шығарыңыз. Енгізілетін деректер: Бірінші жолда/қатарда массив элементтері бос орын арқылы енгізіледі. Екінші жолда өшірілетін элементтің индексі енгізіледі. Шығарылатын деректер/нәтиже: Бір элементі өшірілген жаңа тізім немесе «Өшіру мүмкін емес» хабарламасы.
33-тапсырма. «Элементті өшіру - 2» Тізімнен барлық elem элементтерін өшіретін бағдарлама жазыңыз. Егер өшіру мүмкін болмаса, онда «Мұндай элемент жоқ» мәтінін шығарыңыз. Енгізілетін деректер: Бірінші жолда/қатарда массив элементтері бос орын арқылы енгізіледі. Екінші жолда өшірілетін элемент мәні енгізіледі (elem). Шығарылатын деректер/нәтиже: Бір элементі өшірілген жаңа тізім немесе «Мұндай элемент жоқ» хабарламасы.
Рефлексия
Қалыптастырушы бағалау: Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма әзірлеңіз. Тапсырмаларға сәйкес дескрипторларды құрастырыңыз. Пән ___________________________________________ Сынып Бөлім __________________________________________________________________
ЕКІӨЛШЕМДІ МАССИВ. ЕКІӨЛШЕМДІ МАССИВТІ ПАЙДАЛАНЫП PYTHON ТІЛІНДЕ ПРОГРАММАЛАУ Оқу мақсаты 9.3.3.2 екі өлшемді массивтер пайдаланып Python (пайтон) программалау тілінде бағдарламаларды жасау 1-тапсырма. Екіөлшемді массив берілген: animals = [ ['hen', 'duck', 'turkey', 'goose', 'rooster'], ['cow', 'sheep', 'horse', 'ram', 'pig'], ['wolf', 'fox', 'bear', 'panther', 'lynx'] ] Келесі командалардың нәтижелерін жазыңыз: print(animals[1][0]) print(animals[0][3]) print(animals[2][4]) print(animals[1][-2]) print(animals[-3][-4]) print(animals[0][0].upper()) print(animals[2][1].capitalize()) print(animals[1][4].replace('p', 'b')) 2-тапсырма. Нөлдерден тұратын n x n элементтен тұратын шаршы матрицаны құру кодын толтырыңыз. matrix = [] n = 5 for i in range(__________): #n row = [ ___ ] *__ #0 n matrix._____(_____) # append row 3-тапсырма. Екіөлшемді массив берілген numbers = [[1,2,3], [4,5,6], [7,8,9]] Матрицаны баспаға шығаратын Python кодын жазыңыз. 4-тапсырма Екіөлшемді тізімінің мәндерін оқу және оны экранда көрсету бағдарламасын жазыңыз
PYTHON ТІЛІНДЕ 2D ОЙЫН ПРОГРАММАЛАУ Python тілінде компьютерлік ойындар әзірлеу
1-тапсырма. «Ойын терезесі» (stepik.org) 500х350 өлшемді ойын алаңын/терезесін анықтаңыз. Ойыннан дұрыс шығатын программа (ойын терезесі дұрыс жабылып, программа дұрыс аяқталатын) жазыңыз. Программа:
2-тапсырма. «RGB түстер схемасы» Түстердің кодын анықтаңыз: Қызыл - (………, ………, ………) Көк – (………, ………, ………) Жасыл - (………, ………, ………) Ақ - (………, ………, ………) Қара - (………, ………, ………) https://allcalc.ru/node/402 ресурсын пайдаланып, түстердің кодын анықтаңыз: Қызғыл сары - (………, ………, ………) Сары - (………, ………, ………) Күлгін - (………, ………, ………) Қызғылт - (………, ………, ………) 3-тапсырма. «Код бойынша түсті анықтау» (stepik.org)
4-тапсырма. «Бірнеше алаң/терезе» (stepik.org) Программа коды берілген:
Экранға не шығатынын анықтаңыз:
5-тапсырма. «Комментарийлер» Бағдарлама фрагментінің әр жолына түсініктеме жазыңыз: # ………………………………………………………………………………………………………………………………………………… screen.fill((0, 0, 0)) # ………………………………………………………………………………………………………………………………………………… pygame.display.set_caption("Игра") # ………………………………………………………………………………………………………………………………………………… font = pygame.font.Font(None, 50) # ………………………………………………………………………………………………………………………………………………… text = font.render("Start game!", True, (100, 255, 100)) # …………………………………………………………………………………………………………………………………………………… text_x = width // 2 - text.get_width() // 2 # …………………………………………………………………………………………………………………………………………………… text_y = height // 2 - text.get_height() // 2 # ………………………………………………………………………………………………………………………………………………… text_w = text.get_width() # ………………………………………………………………………………………………………………………………………………… text_h = text.get_height() # ………………………………………………………………………………………………………………………………………………… screen.blit(text, (text_x, text_y)) # ………………………………………………………………………………………………………………………………………………… pygame.draw.rect(screen, (0, 255, 0), (text_x - 10, text_y - 10, text_w + 20, text_h + 20), 1) # ………………………………………………………………………………………………………………………………………………… pygame.display.flip() … Рефлексия
Қалыптастырушы бағалау: Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма әзірлеңіз. Тапсырмаларға сәйкес дескрипторларды құрастырыңыз. Пән ___________________________________________ Сынып Бөлім __________________________________________________________________
АНИМАЦИЯНЫ ПРОГРАММАЛАУ 6-тапсырма. «Объект анимациясы – 1» (stepik.org) Ойын алаңының төменгі жағында жасыл доп оңнан солға қарай қозғалатын программа жасаңыз. Доп сол жақ қабырғаға жеткенде түсін қызылға өзгертуі керек.
7-тапсырма. «Объект анимациясы – 2» (stepik.org) 4.6-тапсырмадағы бағдарламаны жасыл доп терезенің сол жақ/оң жақ қабырғаларына соққанда кері қайтып, солдан оңға, оңнан солға қарай қозғалатындай өзгертіңіз.
8-тапсырма. «Объект анимациясы – 3. Тасымалдау» (stepik.org) Шаршы терезе түріндегі ойын алаңында жүк тасымалын эмуляциялайтын программа жазыңыз. 1) боялмаған шаршы (жүгі жоқ) алаңның сол жақ жоғарғы бұрышынан бастап оң жақ төменгі бұрышына дейін диагональ бойымен қозғалады. 2) оң жақ төменгі бұрышқа жеткенде ол бір түске боялып («жүк тиеп») кері қайтады. 3) жүкпен қайтқан кезде радиусы азаятын дөңгелек қосыңыз. 4) "тасымалдау" аяқталғанда ойын алаңы сары түске боялуы керек.
9-тапсырма. "Меңзердің ізімен" Диаметрі 50 пиксель дөңгелек меңзердің ізімен қозғалатын бағдарлама жазыңыз. Тінтуірдің меңзері тоқтатқан кезде шеңбер экранда тоқтап қалатындай болсын.
10-тапсырма. "Сурет салу құралы" (stepik.org) Программа коды берілген:
1) сурет салу әсері жүзеге асыратындай өзгертіңіз; 2) дөңгелекше салу құралын шаршы түріне өзгертіңіз. |