ЖұмысДәптері1_Информатика+. Мектептегі информатика сабаы басымдытар жне жетілдіру стратегиялары педагогтерді біліктілігін арттыру курсы тыдаушыны
Скачать 1.75 Mb.
|
1b-тапсырма. Ұқсас тапсырма әзірлеңіз (1а сияқты), бірақ бағдарламаның және оның артықшылықтарының сәйкестігін белгілеңіз. Топтық жұмыс
2-тапсырма. Қазақстанның түрлі қалаларынан келген оқушылар тобы өздерінің бітірушілер кеші туралы бір бейнеқұжат әзірлейді. Олар ұялы телефондарда бейнежазбалар түсіреді және өңдейді. Тізімнен қосымша бағдарламалық жасақтама орнатпай-ақ, сол бейнені жасау үшін кезекпен жұмыс істеуге мүмкіндік беретін бейнередакторды таңдаңыз. Өз жауабыңызды негіздеңіз. Windows киностудиясы Movavi Clips Kizoa Adobe Premiere Pro Shotcut 3а-тапсырма. Информатика оқулығында (ресурстарда 1-нөмірімен берілген) Бейнетүсірілім ережелері мен қағидаттары толық сипатталған. Әріптестермен Информатика пәні тұрғысынан қандай қағидаттарды бағалау керектігін талқылаңыз. Бұл ережелерді кейінірек бағалауға болатындай етіп тұжырымдауға бола ма? Өз мысалдарыңызды келтіріңіз. Жауабыңызды негіздеңіз.
3b-тапсырма. Бағалау тапсырмасына «Жасалған бейненің эстетикалығы» тармағын қосуға және оны балл арқылы бағалауға бола ма?
ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ 1-тапсырма. Stepik.org платформасында сабақ құру https://stepik.org/ платформасында Python бағдарламалау тілін үйренуге арналған сабақ құрыңыз. 3-күн материалдарын пайдалануға болады. 2-тапсырма. «Мәтін» қадамын қосу «Мәтін» қадам түрін қолданып, оқушылардың сәлемдесуін, сондай-ақ әзірленетін сабақтың мақсатын қамтитын 1 қадам қосыңыз. 3-тапсырма. Сабаққа таныстырылым қосу Мәтін қадам түрін таңдаңыз. HTML редакторын пайдаланып, таныстырылымды қосыңыз. 4-тапсырма. «Бейне» қадамын қосу «Бейне» қадамын қосыңыз. YouTube және басқа дереккөздерден алынған бейнелерді пайдалануға болады. 5-тапсырма. «Тест» қадамын қосу «Тест» қадамын қосыңыз, сұрақ ретінде Python-да бағдарламалық кодты орындау нәтижесін қолданыңыз. Мысалы, келесі код: Тапсырманы орындағаны үшін қойылатын балл санын көрсетіңіз. Дұрыс жауапты көрсетіңіз (бір/ бірнеше жауаптың ішінен таңдауға болады). 6-тапсырма. «Бағдарламалау» қадамын қосу «Бағдарламалау» қадамының түрін таңдаңыз Есептің шартын көрсетіңіз Тест жасау/тексеріп көру деректерін көрсетіңіз Бағдарламалау тілін көрсетіңіз (біздің жағдайда: python3) Бір қадам үшін берілетін балл санын көрсетіңіз 7-тапсырма. «Сандық есеп» қадамын қосу Есептің шартын көрсетіңіз Дұрыс жауабын көрсетіңіз Қадам үшін балл санын көрсетіңіз Рұқсат етілген ауытқуды көрсетіңіз 8-тапсырма. «Мәтіндік есеп» қадамын қосу Есептің шартын көрсетіңіз Дұрыс жауабын көрсетіңіз Қадам үшін балл санын көрсетіңіз Жауаптарды тексерудің қолайлы баптауларын көрсетіңіз 9-тапсырма. «Салыстыру есебі» қадамын қосу Есептің шартын көрсетіңіз Салыстырудың дұрыс ретін көрсетіңіз Қадам үшін балл санын көрсетіңіз Қадам үшін қосымша параметрлерді белгілеңіз 10-тапсырма. «Бос орын» қадамын қосу Есептің шартын көрсетіңіз Мәтіннің/бос орынның берілу ретін көрсетіңіз Қадам үшін балл санын көрсетіңіз Қадам үшін қосымша параметрлерді белгілеңіз Мәтінді форматтау үшін HTML тегтерін пайдаланыңыз 11-тапсырма. «Реттеу есебі» қадамын қосу Есептің шартын көрсетіңіз Дұрыс реттілігін көрсетіңіз Қадам үшін балл санын көрсетіңіз 12-тапсырма. «Кестелік есеп» қадамын қосу Есептің шартын көрсетіңіз Әр бағандағы/жолдағы дұрыс жауаптарды көрсетіңіз Қадам үшін балл санын көрсетіңіз Қадам үшін қосымша параметрлерді белгілеңіз 13-тапсырма. Қолжетімділік құқығы және есептер Құрылымдалған сабақты басқа әріптестеріңізбен бөлісіңіз Сабағыңызды басқа әріптестеріңіздің өткені туралы есеп әзірлеңіз Қалыптастырушы бағалау: Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма әзірлеңіз. Тапсырмаларға сәйкес дескрипторларды құрастырыңыз. Пән ___________________________________________ Сынып Бөлім __________________________________________________________________
ИНФОРМАТИКА МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ШЕБЕРХАНАСЫ Информатика сабағын жоспарлау. Ашық және жабық тапсырмалар әзірлеу Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі ___________________________________________ (білім беру ұйымының атауы) Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары ___________________________________________ (сабақтың тақырыбы)
Сабақтың барысы
Сабақ жоспарының аталған тармақтары міндетті болып табылады. "Педагог мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ Заңының 7-бабы 1-тармағы 1-тармақшасына сәйкес педагог кәсіптік қызметін жүзеге асыру кезінде "Қазақстан Республикасының Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 болып тіркелген) бекітілген тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптары сақталған кезде кәсіптік қызметті ұйымдастырудың тәсілдері мен нысандарын еркін таңдауға құқықығы бар. Егер сыныпта мүмкіндігі шектеулі оқушылар болса, әдістемелік бірлестіктермен мақұлданған жеке бағдарламаларды бейімдеу және жүзеге асыру бойынша әрекет қарастырылған. Сілтеме: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығы. Сабақ жоспарын бағалау критерийі:
|