ЖұмысДәптері1_Информатика+. Мектептегі информатика сабаы басымдытар жне жетілдіру стратегиялары педагогтерді біліктілігін арттыру курсы тыдаушыны
Скачать 1.75 Mb.
|
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ. BLOCKCHAIN ТЕХНОЛОГИЯСЫ Жасанды интеллект. Жасанды интеллектіні қолдану салалары
1-тапсырма. «Сөздер бұлты» Сілтемені ашыңыз: https://wordart.com/kmed3fx1x2ev/artificial-intellige Сөздер бұлтын қараңыз және келесі сұрақтарға жауап беріңіз: Бұлттағы қандай сөздердің мағынасын білмейсіз? Жасанды интеллект дегенді қалай түсінесіз? Сіз бұрын жасанды интеллектті қолдандыңыз ба? Сіздің үйіңіздегі қандай құрылғылар жасанды интеллектіні қолданады және ол қалай қолданылады?
2-тапсырма «Жасанды интеллектіні қоғамда қолдану» Жасанды интеллект (ЖИ) қоғамда қалай қолданылады? Мысал келтіріңіз. ЖИ келесі бағдарламаларда қолданудың артықшылықтары мен кемшіліктерін бағалаңыз
Ресурстарды пайдаланыңыз: https://www.youtube.com/watch?v=hxI1SmcDBpk–Google Maps uses of AI https://www.youtube.com/watch?v=axCBA3VD5dQ – Netflix uses of AI https://www.youtube.com/watch?v=qjbwFj4EKJM - Яндекс.Такси https://www.youtube.com/watch?v=-CRJLam3BNc – Facebook uses of AI 3-тапсырма. «Research» Ұсынылған тізімнен жасанды интеллектінің бір саласын зерттеңіз: өнеркәсіп, білім беру, медицина, ойын индустриясы, экономика. Таңдаған салада жасанды интеллектіні қолданудың нақты мысалдарын келтіріңіз, сонымен қатар осы саладағы жасанды интеллектінің артықшылықтарын көрсетіңіз.
Саралау: Интернеттің көмегімен жасанды интеллектіні өз қызметінде белсенді қолданатын ТОР10 компанияны және осы салада қолдануда пайдалы екенін дәлелдегеніне қарамастан жасанды интеллектті қолданудан түбегейлі бас тартатын ТОР10 компанияның тізімін келтіріңіз.
НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІЛЕРДІҢ ТҮРЛЕРІ. ОЛАРДЫҢ ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПТЕРІ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛУ САЛАСЫ
4-тапсырма. «Айырмашылық» Төмендегі суретті қарастырыңыз, жасанды интеллект, машиналық оқыту және терең оқыту арасындағы айырмашылықтарды жазыңыз.
5-тапсырма. «Кестені толтыру» Нәтижелерді таныстыру үшін төмендегі кестені пайдаланыңыз.
6-тапсырма. «CAPTCHA» Машиналық оқытуда деректерді қолдану үшін қандай CAPTCHA* нұсқаларын қолдануға болатынын жазыңыз.
* CAPTCHA (Completely Automated Public Turing test to tell Computers and Humans Apart) –компьютер мен адамды ажыратуға мүмкіндік беретін толығымен автоматтандырылған Тьюринг тесті. 7-тапсырма. Сұрақтар мен тапсырмалар Жасанды интеллектінің (ЖИ) анықтамасын тұжырымдаңыз: ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________2. Машиналық оқыту дегеніміз не? _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 3. Тіркемелік реттілігі бойынша орналастырыңыз: ЖНЖ, ЖИ, машиналық оқыту. _____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 4. Жасанды нейрон және жасанды нейрондық желі дегеніміз не? Олардың биологиялық нұсқалардан айырмашылығы неде? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 5. Нейрондық желілердің қалай жұмыс істейтінін түсіндіріңіз (жалпы) ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 6. Нейрондық желілер қандай есептерді шешуде қолданылады? ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 7. Нейрондық желілердің артықшылықтарын атаңыз. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ 8. Нейрондық желілердің кемшіліктерін атаңыз. ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ НЕЙРОНДЫҚ ЖЕЛІЛЕРДІ MS EXCEL КЕСТЕСІН ҚОЛДАНЫП ЖОБАЛАУ
8-тапсырма. «Research» Белсендіру (активация) функциясының екі түрін зерттеңіз: бір жолғы секіру функциясы; сигмоидалдық (логистикалық) функция. Нәтижелерді көрсету үшін төмендегі кестені пайдаланыңыз: функцияның анықтмасы, оның графикалық көрінісі және қолданылу мысалы.
9-тапсырма (А ДЕҢГЕЙІ) Бір жабық қабаты бар нейрон желісі берілген. Желіде 1 кіріс, жабық қабатта 3 нейрон және бір шығыс нейроны бар. Егер кіріс 1-де барлық салмақ 1-ге тең болса, желінің шығысында не болады?
10-тапсырма (В ДЕҢГЕЙІ) Көпқабаты нейрон желісі берілген. Желіде 3 кіріс, жасырын қабатта 2 нейрон және бір шығыс нейроны бар. Логистикалық функция көмегімен нейрон желісінің нәтижесін және оның ортаквадраттық қатесін есептеңіз. Шешімін MS Excel бағдарламасында есептеңіз (MS Excel бойынша https://www.youtube.com/watch?v=yieX99Y_Phg ресурсын пайдалануға болады).
11-тапсырма (С ДЕҢГЕЙІ) Тыңдаушыға арналған нұсқаулықта сипатталған деректерді пайдалана отырып, теңізге демалуға баруды немесе бармауды анықтайтын қарапайым бір қабатты нейрон желісін құрыңыз. Желіде 4 кіріс нейроны болады. Бірінші жағдайда, бір аттап секіру функциясын қолданыңыз. ECЛИ функциясын қолданыңыз. Екінші жағдайда сигмоид функциясын қолданыңыз. Бірақ желінің жауабын ЕСЛИ функциясы арқылы анықтаңыз (егер активтендіру функциясының нәтижесі 0.6 – дан көп болса, онда теңізде демалуға бару туралы хабарлама берілуі керек, әйтпесе керісінше хабарлама шығуы керек). * Python кластарын қолданып, нейрон желісін құру туралы материалды оқып шығыңыз және оны жүзеге асыруға тырысыңыз (Python кодын жазудың мысалы теориялық материалдарда қарастырылған – өз бетінше оқып үйрену).
BLOCKCHAIN ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ЖҰМЫС ІСТЕУ ПРИНЦИПІ
12-тапсырма. «Фактілер» Blockchain технологиясы туралы бейнематериалды көріңіз: https://www.youtube.com/watch?v=ttEkY4Owd1c Blockchain технологиясының маңызы қандай? Әр қатысушы бейнематериалдан көрген бір факіт туралы айтады және басқа адам оны қайталамауы керек. Маңызды деректерді төмендегі терезеде жазып көрсетіңіз: 13-тапсырма. Blockchain технологиясы Кестені толтырыңыз.
Қалыптастырушы бағалау: Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма әзірлеңіз. Тапсырмаларға сәйкес дескрипторларды құрастырыңыз. Пән ___________________________________________ Сынып Бөлім __________________________________________________________________
ОҚУ ПРОЦЕСІНДЕ ЦИФРЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫН ҚОЛДАНУ Видеоконтент әзірлеу. Цифрлық білім беру ресурстарын Интернет желісінде жариялау
1а-тапсырма. Бағдарламалар мен олардың кемшіліктерінің арасында сәйкестік орнатыңыз. Топтық жұмыс
|