Главная страница
Навигация по странице:

  • Қалыптастырушы бағалау: Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма әзірлеңіз. Тапсырмаларға сәйкес дескрипторларды

  • Оқу мақсаты: Бағалау критерийі

  • Ойлау дағдыларыны ң деңгейі Тапсырма

  • 1-жаттығу (А ДЕҢГЕЙІ) 1-тапсырма .

  • Тапсырмалар ті зімі

  • Мобильді қосымша дизайн ына қойылатын талаптар

  • ЖұмысДәптері1_Информатика+. Мектептегі информатика сабаы басымдытар жне жетілдіру стратегиялары педагогтерді біліктілігін арттыру курсы тыдаушыны


    Скачать 1.75 Mb.
    НазваниеМектептегі информатика сабаы басымдытар жне жетілдіру стратегиялары педагогтерді біліктілігін арттыру курсы тыдаушыны
    Дата19.06.2022
    Размер1.75 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаЖұмысДәптері1_Информатика+.docx
    ТипДокументы
    #604328
    страница7 из 9
    1   2   3   4   5   6   7   8   9

    2-мысал. Ақпараттық сайттың макеті (корпоративтік сайт)

    • Білім және спорт (мектеп, университет сайты)

    • Бұқаралық ақпарат құралдары (газет, журнал сайты)

    • Демалыс және ойын-сауық (туристік агенттіктің сайты)




    Логотип

    Ресурстың жоғарғы бөлігі (header)

    1-мәзір элементі

    2-мәзір элементі





    5-мәзір элементі

    № 1 негізгі мазмұн (content) блогы

    № 2 негізгі мазмұн (content) блогы

    Бекітілген бүйірлік панель

    (sidebar) № 1

    № 3 негізгі мазмұн (content) блогы

    № 4 негізгі мазмұн (content) блогы

    Бекітілген бүйірлік панель

    (sidebar) № 2

    Байланыс ақпараты

    Ресурстың төменгі бөлігі (footer)


    3-мысал. Ақпараттық немесе сервистік сайттың макеті (онлайн дүкен)

    • Аралас тауарлар интернет дүкені

    • Тұрмыстық және компьютерлік техниканың интернет дүкені

    • Медициналық тауарлар мен қызметтердің интернет дүкені




    Логотип

    Ресурстың жоғарғы бөлігі (header)

    Байланыс

    1-мәзір элементі

    Негізгі мазмұн (content) блогы

    2-мәзір элементі





    3-мәзір элементі

    Бекітілген бүйірлік панель

    (sidebar)

    Тауар 1.1

    Тауар 1.2

    Тауар 1.3

    Тауар 2.1

    Тауар 2.2

    Тауар 2.3

    Тауар 3.1

    Тауар 3.2

    Тауар 3.3

    Ресурстың төменгі бөлігі (footer)

    Сілтемелер


    13-тапсырма.

    Бағдарламалық жасақтаманы пайдаланып (FAR Manager, Total Commander, FileZilla, CoreFTP немесе т.б.), жергілікті/ виртуалды хостингке сайт файлдарының тізімін жүктеу үшін FTP хаттамасын қолданыңыз. Алынған нәтижені HTTP/HTTPS хаттамаларын қолдана отырып көрсетіңіз.



    Қалыптастырушы бағалау:

    Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма әзірлеңіз. Тапсырмаларға сәйкес дескрипторларды құрастырыңыз.

    Пән ___________________________________________ Сынып

    Бөлім __________________________________________________________________



    Оқу мақсаты:




    Бағалау критерийі

    Білім алушы



    Ойлау дағдыларының деңгейі




    Тапсырма

    Дескриптор: Білім алушы





    МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАР


    Оқу мақсаты:

    11.1.1.1 мобильді құрылғылардың негізгі компоненттерінің сипаттамаларын салыстыру: планшеттер, телефондар;

    11.5.2.1 конструкторде ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру;

    11.5.2.2 кодтың блоктарымен және циклдарымен мобильді қосымшаны жасау;

    11.5.2.3 әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру;

    11.4.1.1 конструкторде ыңғайлы мобильдік қосымшасының интерфейсін құру;

    11.4.1.2 кодтың блоктарымен және циклдарымен мобильді қосымшаны жасау;

    11.4.1.3 әзірленген мобильді қосымшаны орнату жолын түсіндіру



    1-жаттығу (А ДЕҢГЕЙІ)
    1-тапсырма.

    Ақпаратты жинау, жүйелеу және визуализациялау үшін Интернет ресурстарды (визуалды органайзерде, топтарда) пайдаланыңыз. Жақсы веб-дизайнға қойылатын негізгі сипаттамаларды түсіндіріңіз, келесі сұрақтарға жауап беріңіз:

    1. Қосымшалар конструкторы дегеніміз не? Қосымшаларды әзірлеу конструкторын қандай операциялық жүйелер қолдайды?

    2. Ыңғайлы интерфейс (пайдаланушымен диалог) қандай сипаттарға ие болуы керек?

    3. Алгоритмнің негізгі қасиеттерін сипаттаңыз? Программа әзірлеуде алгоритмнің рөлі қандай?

    4. Алгоритмдерді ұсынудың негізгі тәсілдерін жіктеңіз және түсіндіріңіз.

    5. Бастапқы код пен орындалатын қосымшаның айырмашылықтарын түсіндіріңіз?

    6. Визуалды/визуалды емес компоненттердің арасындағы айырмашылықты түсіндіріп, оларға мысалдар келтіріңіз.

    7. Мобильді қосымшаның интерфейсіне қойылатын негізгі талаптарды сипаттаңыз.

    8. App Inventor-да мобильді қосымшаны әзірлеу кезеңдерінің реттілігін сипаттаңыз.

    9. Ыңғайлы интерфейс жасау үшін біз қандай компоненттерді қолдана аламыз?

    10. Мобильді қосымшалардың дизайнын қарап шығыңыз және олардың кемшіліктері мен артықшылықтарын көрсетіңіз.

    11. Мобильді құрылғы жеке ақпараттың құпиялылығын бұзуы мүмкін бе?

    12. Мобильді операциялық жүйенің эмуляторы дегеніміз не? Эмуляцияның қалпына келтіруден айырмашылығы?

    13. Заманауи мобильді операциялық жүйенің өзекті мүмкіндіктерін сипаттаңыз.

    14. Қосымшалар конструкторы ИСР-ден немен ерекшеленеді?

    15. Алгоритмнің негізгі қасиеттерін сипаттаңыз. Бағдарламаны әзірлеуде алгоритмнің рөлі қандай?

    16. Мобильді қосымшаның құрылымын сипаттаңыз (intents, activities, services, content providers).

    17. Мобильді қосымша дизайнының тұжырымдамасы мен негізгі талаптарын ұсыныңыз.

    18. Қандай жағдайларда мобильді қосымшаларды әзірлеу ортасын пайдаланған тиімді?

    19. Мобильді қосымшаларды әзірлеу кезінде қандай деректердің қандай түрлері қолданылады?

    20. Өрнектердің мәнін есептеу кезінде арифметикалық амалдарды орындау басымдығын көрсетіңіз.

    21. Android Studio-да мобильді қосымшаны әзірлеу кезеңдерінің реттілігін сипаттаңыз.

    22. Unity-да мобильді қосымшаны әзірлеу кезеңдерінің реттілігін сипаттаңыз.

    23. React Native-де мобильді қосымшаны әзірлеу кезеңдерінің реттілігін сипаттаңыз.

    24. Мобильді қосымшаны қалай жариялауға болады? Қосымшалар дүкендерінің мысалдарын келтіріңіз.

    25. Мобильді қосымшаны жариялауға қойылатын талаптарды атаңыз.

    26. Amazon Appstore мен GooglePlay қосымшаларды жариялау қызметтерін салыстырыңыз.







    2-тапсырма.

    Мобильді қосымшаны сынау үшін эмуляторлардың артықшылықтары мен кемшіліктерін салыстырыңыз.


    Эмулятор

    Артықшылықтары

    Кемшіліктері

    AppInventor Emulator








    Android Virtual Device (Android Studio)








    Appetize (https://appetize.io)









    3-тапсырма.

    Жоба бойынша жұмыс процесін бір құрылымға келтіретін «бағдарламалық жасақтаманың өмірлік циклінің» (SDLC) алты кезеңін ұстана отырып, төмендегі сұрақтарға жауаптарды тұжырымдаңыз.
    Қарастырылып отырған тақырыпты зерттеуге қатысты қандай проблемалар шешім қабылдауды қажет етеді?



    Мен не істегім келеді? Өзімнің сайтымда қандай ақпаратты орналастырғым келеді?



    Сайтты жобалау (макетін, кодын әзірлеу) кезінде мақсаттарыма қалай қол жеткіземін?




    Әзірленген жобаның сапасын қалай тексеремін? Жобаны қайда жариялауға болады?



    Мобильді қосымшаны әзірлеу кезінде бағалау критерийлерін ұсыныңыз.




    4-тапсырма.

    Берілген тапсырмалар бойынша критерийлерге сәйкес мобильді қосымшаның макетін немесе прототипін жасау үшін скетч-макеттеуді немесе онлайн қызметтерді пайдаланыңыз https://draw.io, https://wireframe.cc немесе https://mockups.com

    Тапсырмалар тізімі:

    1. Есептеуге арналған бағдарламаларды әзірлеңіз: а) арифметикалық және тригонометриялық операцияларды есептеу (калькулятор); ә) квадрат теңдеудің түбірлері; в) санның факториалын есептеу.

    2. Жер радиусы R = 6350 км болатын сфера деп алып, Жер бетінен белгіленген биіктіктегі нүктеден көкжиек сызығына дейінгі қашықтықты анықтаңыз.

    3. Мемлекеттегі тұрғындардың саны және оның жерінің аумағы белгілі. Осы мемлекеттегі халық тығыздығын анықтаңыз.

    4. Адамның туған жылы мен айы, сондай-ақ қазіргі жыл және айдың нөмірі (қаңтар – 1 және т.б.) белгілі. Адамның жасын (толық жасын) анықтаңыз. Көрсетілген айлар сәйкес келген жағдайда толық жыл өтті деп есептеу керек.

    5. Электр тізбегінің бір-біріне қосылмаған екі бөлігінің кедергісі және олардың әрқайсысындағы кернеу белгілі. Қай бөліктен то аз өтеді?

    6. Тұрғын үйдің кіреберісінде а нөмірінен бастап қатарынан нөмірленген п пәтер бар. Барлық пәтерлердің нөмірлерінің қосындысы жұп сан бола ма, анықтаңыз.

    7. Футбол чемпионатында командаға жеңіс үшін – 2 ұпай, жеңіліс үшін — 0, тең ойын үшін – 1 ұпай беріледі. Команданың бір ойын үшін алған ұпай саны белгілі. Ойынның нәтижесін сөз арқылы тұжырымдаңыз (жеңіс, жеңіліс немесе тең ойын).

    8. Үш таңбалы сан берілген. Ол палиндром («төңкерілген сан»), яғни ондық жазбасы солдан оңға және оңнан солға бірдей оқылатын сан болып табыла ма, анықтаңыз.

    9. Белгіленген алты таңбалы сан бақытты сан болып табыла ма, анықтаңыз. (Алғашқы үш цифрының қосындысы оның соңғы үш цифрының қосындысына тең алты таңбалы сан бақытты сан деп саналады.)

    10. Жылдың нөмірі 4-ке еселі сан болса, кібісе (високосный) жыл табылады, алайда 100-ге еселі жылдан ішінен 400-ге еселі жылдар ғана кібісе жыл болып табылады (мысалы, 1700, 1800 және 1900 – кібісе жыл емес, 2000 – кібісе жыл). п натурал саны берілген, осындай нөмірлі жыл кібісе жыл бола ма, анықтаңыз.

    11. Жаяу жүргіншілерге арналған бағдаршамның жұмысы мынадай тәртіппен программаланған: әр сағаттың басында үш минут бойы – жасыл түс жанады, содан кейін екі минут бойы – қызыл, үш минут ішінде қайтадан жасыл және т.б. Кезекті сағаттың басынан өткен минуттардағы уақытты білдіретін нақты t саны берілген. Осы сәтте жаяу жүргіншілер үшін қандай түс жанғанын анықтаңыз.

    12. Азамат 1 қыркүйекте банкте есепшот ашып, 10 000 теңге салды. Бір ай өткенде салым мөлшері қолда бар сомадан 5%-ға ұлғаяды. Анықтаңыз: а) бірінші, екінші, ..., оныншы ай үшін салым сомасының өсуі; б) үш, төрт,..., он екі айдан кейінгі салым сомасы.

    13. Шаңғышы жаттығу кезінде бірінші күні 7 км жүгірді. Әрбір келесі күні алдыңғы күнге қарағанда жолды 15%-ға арттырды. Анықтаңыз: а) шаңғышының жаттығудың екінші, үшінші ..., оныншы күніндегі жолы; б) жаттығудың алғашқы 7 күнінде барлығы қанша жол жүрді.


    Жобаны орындау барысында келесі оқулықтардағы материалдарды қолдануға болады:

    • «Информатика» Жалпы білім беретін мектептің 11-сынып оқушыларына арналған оқулықтар

    • MIT AppInventor-да мобильді қосымшаларды бағдарламалау. Практикум/ Ливенец М.А., Ярмахов Б.Б., «Мобильді қосымшалар академиясы». 100 б.; илл.

    Мобильді қосымша дизайнына қойылатын талаптар:

    1. Түстер мен олардың реңктерінің дұрыс үйлесімі;

    2. Объектілерді (toolbar, content) кеңістікте талғаммен орналастыру;

    3. Мәтінмен және типографикамен сауатты жұмыс (қаріптер мен гарнитуралар);

    4. Пайдаланушылармен өзара әрекеттестік (визуалды басқару элементтері);

    5. Жұмысты істеуге қатысты кеңестер және пайдаланушының қателіктерінің алдын алу.


    Скриншотты төмендегі терезеге салыңыз:




    5-тапсырма.

    Тапсырманы критерийлерге сәйкес орындау үшін AppInventor немесе басқа мобильді қосымшалар конструкторын (Thunkable, AppyBuilder) қолданыңыз, Blockly-кодтарын пайдаланыңыз.
    Мобильді қосымшаның орындалатын файлын әзірлеуге қойылатын талаптар:

    • Қосымшаның скетч-макетін, wireframe прототипін әзірлеу;

    • Мақсатты аудиторияны есепке алып, мобильді қосымшаның мақсатын анықтау;

    • Ақпараттылық, ыңғайлылық, түсінікті навигация құрылымы;

    • Көркем безендіру, түстер мен қаріптердің үйлесімділігі;

    • Кодтағы шарттар мен циклдерді техникалық орындау, пайдалану;

    • Кодқа түсініктемелер мен пайдаланушының құжаттамасын, қосымшаның сипаттамасын әзірлеу;

    • Қателіктерді тестілеуді және оларды жою тәсілдерін құжаттау;

    • Жобаны белгіленген мерзімде орындау (тайм-менеджмент);

    • Мобильді қосымшада (Firebase) тіркелу және авторизациялау;

    • Қосымшаны көрсету және таныстыру

    Қосымша коды мен интерфейсінің скриншотын төмендегі формаға орналастырыңыз:




    Қалыптастырушы бағалау:

    Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма әзірлеңіз. Тапсырмаларға сәйкес дескрипторларды құрастырыңыз.

    Пән ___________________________________________ Сынып

    Бөлім __________________________________________________________________



    Оқу мақсаты:




    Бағалау критерийі

    Білім алушы



    Ойлау дағдыларының деңгейі




    Тапсырма

    Дескриптор: Білім алушы




    1   2   3   4   5   6   7   8   9


    написать администратору сайта