все тесты микр. Микра 80. Сибирская язва относится к роду
Скачать 2 Mb.
|
661.Коксаки вирусы: +a)Жаңадан туылған тышқандардағы тудыратын ауруларға байланысты екiге бөлiнедi b)Адамдарда жеңiл жұқпалы ауру тудырады c)Көбеюi полиомиелит ауруына ұқсас келедi d)Клиникалық көрiнiстерi арқылы анықталатын жұқпалы ауруларға жатады e)Миксовирустарға жатады 662.НВV вирус жатады: a)Picornaviridae +b)Hepadnaviridae c)Retroviridae d)Paramyxoviridae e)Togaviridae 663.Қанға парэнтеральды жолмененiп, қан арқылы бауырға жетiп, гепатоциттердi зақымдайтын вирус: +a)В гепатитi b)А гепатитi c)Құтыру d)Кенелiк энцефалит e)АИВ 664.Гепатит Д вирусы сипатталады: a)ДНҚ-лы вирус +b)Репродукциясы үшiн НBV қажет етедi c)Симметриясы куб типтi d)Берiлу жолы фекальды оральды e)ОЖЖ зақымдайды 665.АИВ қай тұқымдастыққа жатады: a)Picornaviridae b)Adenoviridae + c)Retroviridae d)Togaviridae e)Orthomyxoviridae 666.Керi транскриптаза ферментiнiң қызметi: a)АИВ-тiң жасуша геномына интеграциясына жауапты b)Регуляторлы ақуыз +c)Вирионды РНҚ матрицасында ДНҚ синтезiне жауапты d)Вирустың жасушаға енуiне жауапты e)Жасуша геномынан вирустың нуклеин қышылының шығуына көмектеседi 667.АИВ инфекциясы кезiнде бiрiншiлiк лабораторлы диагностикалық әдiс: a)Иммунофлуоресценция b)ТЕГА c)Радиоиммунды талдау +d)ИФТ e)Коагуляция реакциясы 668.АИВ: a)Пiшiнi куб тәрiздi b)Арбовирустарға жатады c)Құрамында ДНҚсы бар +d)Ретровирустара жатады, сыртқы қабатында gр-120 бар e)Жануарларға патогендi 669.АИВ зақымдайды: a)Жұлынның алдыңғы мүйiзiн +b)Адамның иммунды жүйесiн c)Тыныс алу жүйесiн d)Сiлекей безiн e)Бұлшық ет тiнiн 670.АИВ инфекциясының жұғу жолдары: +a)Жыныстық, парентеральдық, вертикальды b)Алиментарлы c)Ауа тамшылы d)Трансмиссивтi e)Ауа шаңды 671.Хитиннiң синтезiне қажет саңырауқұлақ жасушасының органеллалары: a)Сегросомалар +b)Хитосомалар c)Лизосомалар d)Фагосомалар e)Фаголизосомалар 672.Уретрадан алынған жағындыны микроскопиялау барысында лейкоциттердiң iшiнде орналасқан грамтерiс жұптасқан диплококктар анықталды. Олар болуы мүмкiн: a)Клостридиялар b)Стафилококктар c)Стрептококктар d)Ашытқы саңырауқұлақтар +e)Гонококктар 673.Стафилококктарды құрсақiшiлiк жұқтыру нәтижесiнде өлген тышқанның iшкi мүшелерiнен себiндi жасағанда, көптеген мүшелерiнiң зақымдалғандығы анықталды. Микробтың қандай қасиетi туралы ойлауа болады: +a)Инвазивтiлiгi b)Токсигендiлiгi c)Адгезиясы d)Агрессиясы e)Пенетрациясы 674.Дақылды ЕПС-ға сеуiп, 24 сағаттан кейiн индикаторлы қағаздың бiреуi түсiн қызылға, ал екiншiсi түсiн қараға өзгерттi.Не туралы айтылып жатыр: a)Дақыл сахаролитикалық ферменттер бөлiп жатыр +b)Дақыл протеолитикалық ферменттер бөлiп жатыр c)Құмырсқа қышқылының ашығандығын көрсетедi d)Қышқыл түзiледi e)Газ түзiледi 675.Күйдiргi қоздырғышында спора болуының мәнi: a)Көбеюге қатысады +b)Қолайсыз ортада түрдiң сақталуын қамтамасыз етедi c)Қосымша қоректiк заттардың жиналуы d)Жасуша дегенерациясының белгiсi болып табылады e)Адгезияға қатысады 676.Эпидемиялық қайталама сүзектiң қоздырғышы: a)Tr.pallidum +b)Bor.recurrentis c)Tr.refringens d)Tr.pertenue e)R.prowazekii 677.Тырысқақ вибрионының патогендiлiгiнiң негiзгi факторы: a)сыртқы мембрана белоктары b)эндотоксин c)гиалуронидаза +d)экзотоксин e)плазмокоагулаза 678.Стафилококкты сепсистiң диагностикасы үшiн қолданады: a)Қанның тiкелей микроскопиясы +b)Қанды қантты ортаға себу c)Қанды қанды агарға себу d)Қанды СТА себу e)Иммунофлюоресценция әдiсi 679.Сарып кезiнде қолданылатын аллергиялық реакция: a)Манту сынамасы b)Туберкулин +c)Бюрне сынамасы d)Антраксин e)Люэтин 680.Сарыптың серологиялық диагностикасы: a)КБР +b)Хеддельсон реакциясы c)Вассерман реакциясы d)Видаль реакциясы e)Ермольев реакциясы 681.Туберкулезге қарсы қолданылатын спецификалық алдын алуға арналған препарат: a)Туберкулин b)Изониазид +c)БЦЖ d)Антитоксикалық сарысу e)Тубазид 682.Патогендi эшерихиялардың серологиялық идентификациясы ненің көмегiмен жүргiзiледi: a)Агглютинациялаушы, поливаленттi сальмонеллездiк сарысу +b)Агглютинациялаушы ОВ-коли-сарысуы c)Агглютинациялаушы дизентериялық сарысу d)Коли-протеиндiк бактериофаг e)Агглютинациялаушы моноваленттi сальмонеллездiк сарысу 683.Вирустық инфекциялардың экспресс-диагностикалау әдiсi : +a)Иммундыфлюоресценция реакциясы b)Вирусологиялық әдiс c)Агглютинация реакциясы d)Аллергиялық сынама e)Бактериологиялы әдiс 684.Патогендi анаэробтарды дақылдандару үшiн қолданылатын қоректiк орталар a)Висмут-сульфиттi агар +b)Вильсон-Блер ортасы c)Борде-Жангу ортасы d)Леффлер ортасы e)ЕПА 685.Анаэробтарды өсiру үшiн қолданады: a)дистиллятор +b)анаэростат c)Кох аппараты d)Пастера пешi e)Автоклав 686.Патогендi анаэробтарды дақылдандыру үшiн қолданылатын орта: a)Висмут-сульфиттi агар +b)Вильсон-Блер ортасы c)Борде-Жангу ортасы d)Леффлер ортасы e)ЕПА 687.Күлдiң спецификалық алдын алуы үшiн қолданылады: +a)АКДС b)БЦЖ c)Химиялық вакцина d)Антраксин e)Бактериофаг 688.Туберулездiң химиотерапиясында қолданылады: a)Өлi вакцина b)Иммунды сарысу c)АКДС-вакцинасы d)Бактериофагтар +e)Изониазид 689.АИВ инфекциясының лабораторлы диагностикасы үшiн қолданылады: a)Иммунофлуоресценция b)ТЕГА c)Радиоиммунды анализ +d)ИФТ e)Коагуляция реакциясы 690.Туберкулездiң таза дақылын бөлiп алу үшiн қолданылады: a)ЕПА b)Қанды агар c)Тинсдаль ортасы +d)Левенштейн-Иенсен ортасы e)Сарыуызды тұзды агар 691.Жарақат инфекциясының алдын алуы жүргiзiледi: a)Анотоксинмен b)АКДС +c)Антитоксиндiк сарысумен d)Антимикробты сарысумен e)БЦЖ 692.Ботулизмнiң лабораторлы диагностикасы үшiн қолданылады. +a)Ақ тышқандарға бейтараптау реакциясын қою b)Агглютинация реакциясы c)ТЕГА d)Аллергиялық сынама e)Асколи реакциясы 693.HBV лабораторлы диагностикасы үшiн қолданылады: a)Тiндiк дақылдарға жүргiзу b)Пассивтi гемагглютинация реакциясы c)Бейтараптау реакциясы +d)ИФТ e)Агглютинация реакциясы 694.BГА лабораторлық диагносткасы үшiн қолданылады: a)Иммунологиялық әдiспен вирустық антигендi анықтау b)Тiндiк дақылдарға жұқтыру c)Бейтараптау реакциясы d)ГАТР +e)Ig M класының антиденелерiн анықтау 695.Тұмау вирусының индикациясы үшiн қолданылады: a)Түстiк сынама b)КБР c)Асколи реакциясы +d)Гем ютинация реакциясы e)Гемадсорбция реакциясы 696.Туляремияның алдын алу үшiн қолданылатын вакцина: +a)Гайский-Эльберт b)БЦЖ c)Смородинцев d)Сэбин e)Антирабикалық 697.Дизентерияның микробиологиялық диагностикасы үшiн қолданылады: a)Бейтараптау реакциясы b)ИФР +c)Бактериологиялық әдiс d)Пассивтi гемагглютинация реакциясы e)Бактериоскопиялық әдiс 698.Туберкулез микобактерияларының биохимиялық идентификациясы үшiн қолданылады: a)Манниттiң аэробты және анаэробты ыдырауы b)Нитраттарды қалпына келтiру c)Люминесценттi микроскопия +d)Ниациндiк сынама e)Манту сынамасы 699.Вирусты инфекциялардың жедел диагностикасы үшiн қолданылады: +a)Иммунофлюоресценттi реакция b)Вирусологиялық әдiс c)Агглютинация реакциясы d)Аллергиялық сынама e)Бактериологиялық әдiс 700.Актиномикоздардың друзаларын анықтауа болады: +a)Микроскопиялық әдiс b)Бактериологиялық әдiс c)Нативтi препараттардың микроскопиясы d)Иммунды флюоресценттi әдiс e)Иммунды ферменттi әдiс 701.Тұмау вирусын анықтаудағы зерттеу материалы: a)Қан b)Фекалии c)Ликвор +d)Мұрын жұтқыншақтың шайындысы e)Зәр 702.Полиомиелиттiң спецификалық алдын алуы жүргiзiледi: +a)Тiрi вакцинамен b)Гамма-глобулинмен c)Жоқ d)Анатоксинмен e)Диагностикуммен 703.Мерез кезiнде КБР қолданылатын зерттеу материалы: a)Зәр b)Қақырық c)Гумманың бөлiндiсi +d)Науқастың қан сарысуы e)Нәжiс 704.Цитомегало вирусты инфекциясының вирусын бөлiп алу үшiн жұқтырады: a)Құстарға b)Тышқандарға c)Теңiз шошқаларына d)Тауық эмбрионына +e)Адам эмбрионының фибробластарына (жасуша дақылы) 705.T.pallidum вируленттi емес штамдарын дақылдандырады: a)Плоскирев ортасы b)ЕПС +c)Анаэробты жадайда d)Көмiрлi агарда e)Пептонды су 706.Гонококктарды бөлiп алу үшiн қолданады: a)Сабуро ортасы b)Анаэробты жадайдағы өсiндiсi +c)Нативтi ақуызы бар жаңадан дайындалған орталар d)Эндо ортасы e)Mc.Coy дақылды жасушалары 707.Микоплазмаларды бөлiп алу үшiн қолданады: +a)Күрделi құрамды қоректiк орталарда b)Еттi-пептонды агар c)Еттi-пептонды сорпа d)Блаурок ортасы e)Ру ортасы 708.Жасуша iшiлiк хламидияларды анықтау үшiн қандай әдiс қолданылады a)Грам b)Нейссер +c)Люголь ерiтiндiсi d)Метилен көгi e)Циль-Нильсен 709.Адам паппилома вирусын бөлiп алуда қолданылады: a)Қарапайым агар b)Асциттiк сұйықтығы бар агар c)Тауық эмбриондары +d)Жасыл маймылдың бүйрегiнен алынған жасуша дақылдары e)Тышқанның фибробласттары 710.ЦМВ идентификациясын қандай реакцияның көмегiмен жүргiзедi: +a)Нейтрализация b)Радиоиммунды анализ c)Кан d)Закс-Витебский e)Иммобилизация 711.Полиомавирус идентификациясы үшiн қолданылатын реакция: a)КБР b)Шик c)Дик +d)Нейтрализация e)Райт 712.Сальмонеллаларды анықтау барысында нәжiстi қандай элективтi ортаға себедi: a)Школьников b)Борде-Жангу +c)Висмут-сульфиттi агар d)ЕПА e)СТА 713.Iш сүзегiнiң диагностикасы үшiн қолданылатын реакция: +a)Видаль b)Вассерман c)РСК d)Канн e)Витебский 714.Менингококкты инфекцияға диагноз қою үшiн қанды қандай ортаға себуiмiз керек: a)ЕПА +b)Рестомицинi бар орта c)Сарысулы сорпа d)Эндо ортасы e)Қанды бактериоскопиялық зерттеу 715.Бруцеллез кезiндегi толық емес антиденелердi анықтау үшiн қолданылатын реакция: +a)Кумбс b)Кунс c)ТГАР d)Опсонды-фагоцитарлы e)Бюрне сынамасы 716.Колиэнтериттердің диагностикалық материалы: a)Қан b)Ликвор +c)Нәжiс d)Қақырық e)Таңу материалдары 717.Дифтерия коринебактерияларын бөлiп алу үшiн қолданады: a)Еттi пептонды агар b)Висмут-сульфиттi агар +c)Қанды-теллуриттi агар d)Вильсон-Блер ортасы e)Глюкозалы агар 718.Туберкулез инфекциясының спецификалық алдын алуы: a)Туберкулин b)Изониазид +c)БЦЖ d)Антитоксикалық сарысу e)Тубазид 719.Ботулизм диагностикасы үшiн қолданылады: +a)Ақ тышқандарға нейтрализация реакциясы b)Агглютинация реакциясы c)ТГАР d)Аллергиялық сынама e)Асколи реакциясы 720.Туберкулез диагностикасы үшiн қолданылады a)Еттi пептонды агарға себiндi жасау b)Бейтараптау реакциясын қою +c)Циль Нильсен әдiсiмен жағынды жасау d)Райт реакциясы 1-Билет 1.Аурудың патогенезінде рөл атқаратын стафилококктар мен стрептококктардың патогендік факторлары. Коктар - морфологиясы ұксас микробтардың өте үлкен тобын құрайды: коктардың пішіндepi шар тәрізді болып келеді. Коктарға катаң анаэробтар (пептококтар, пептострептококтар, вейлонеллалар), факультативті анаэробтар, (стафилококтар, стрептококтар, нейссериялар) аэробтар және микроаэрофилдер жатады. Коктардың арасында грам оң және грам тepic бактериялар бар. Олардың барлығы адамда ауырлығымен және орналасуымен ерекшеленетін ipiңдi қабыну үрдістерін туғызады. Стафилококтар Staphylococcus туыстастыгына жатады, оған медицинада маңызды үш түрлі ажыратады: Staphylococcus aureus, S.epidermidis жэне S.saprophyticus. Бұл грам оң факультативті - анаэробты коктар. Стрептококтар Streptococcus туыстастығына жатады, маңызды жеті түpi бар: Streptococcus pyogenes, S.pneumoniae, S.sanguis, S.salivarius, S.mitis, S.mutans, S.agalactiae. Бұл грам oң факультативті анаэробты коктар, таза дақылдан дайындаған жағындыда тізбектеліп орналасады. Аэробты грам Оң коктар Аэробты және факультативті грам оң коктар тобына екі қасиет тән: сфералық пішіні және грам оң боялуы. Олар спора түзбейді қозғалмайды. Медицинада манызды орынды eкi тұқымдастық алады: Micrococcaceae жэне Streptococcaceae. Олар бip-6ipнeн цитохром және каталазалық белсенділігі бойынша ажыратылады. Micrococcaceae тұқымдастығы Micrococcaceae тұқымдастығы өкілдерінің арасында адамда ауру тудыратын қоздырғыштарға Staphyloccocus, Micrococcus, Stomatococcus туыстастықтарыныңөкілдері кіреді. Стафилококтар (Staphylococcus туыстастығы) Таксономиясы. Тұқымдастығы: Micrococcaceae. Туыстастығы: Staphylococcus. Tүpi: S.aureus, S.epidermidis, S.saprophyticus Стафилококтарды Л.Пастер және Огстен (1880 ж.) ашқан. 1884 жылы Розенбах стафилококтардың толық сипаттамасын берген. Байрд-Паркер жіктеуі бойынша Staphylococcus туыстастығының 3 түpi кездеседі S.aureus, S.epidermidis, S.saprophyticus. Соңғы кезде ұсынылған жіктеуде стафилококтардың көптеген түрлері бар - S.haemolyticus, S.hominis, S.warneri, S.capitis, S.saccharolyticus, S.pasteuri, алайда олар тек ғылыми зерттеулерде ғана қолданылады. Морфологиясы. Стафилококтардың барлық түрлері шар тәрізді дұрыс пішінді диаметрі0,5 - 1,5 мкм жасушалар, грам оң боялады, кеңістікте дұрыс емес боялып жүзім шоғырына ұқсас шоқтықтүзеді. Жалғыз және қосақталған жасушалар да кездеседі спора түзбейді талшықтары жоқ. Keйбip штамдары капсула тузеді L-niшінді түзуі мүмкін. Жасуша қабырғасында рибитолтейхой және глицеролтейхой қышқылдары және А протейн мен байланысқан жасуша қабырғасында көптеген пептидогликандар кездеседі S.aureus-тің А ақуызы адамның және көптеген сүтқоректі жануарлардьщ IgG Ес-фрагментмен байланысады. Кептеген стафилококтар беткей орналасқан капсула түзеді. Дақылдандыру. Стафилококтар қарапайым ортада (pH 7,0-7,5) өседі және факультативті анаэробтар, хемоорганотрофтар. Каталазасы бар, оксидазасы жоқ. Сарыуызды - тұзды агарда бұлыңғыр, айнала-шеті тeгic, домалақ пішіні әртүрлі пигменттелген (сарғыш, сары, қызыл - сары түсті) колониялар түзеді. Құрамында 8-10% NaCI бар ортада жақсы өседі. Сұйық қоректік ортаны стафилококтар біркелкі лайландырады, кейін кілегейлі тұнба пайда болады. Ферменттік қасиеті.Биохимиялық белсенділігі жоғары: көптеген штамдары глюкозасы бар ортада ацетоин түзеді (Фогес-Проскауэр реакциясы оң), аммиак бөледі нитраттарды нитритке немесе азотқа дейін қалыпқа келтіреді, ақуыздарды, гиппуратты, майларды және твиндерді гидролиздейді. Тек Staphyloccocus туыстастығына тән қасиет - анаэробты жағдайда глюкозаны қышқылға дейін ыдыратуы, стафилококтардың микрококтардан айырмашылығы болып келеді. Патогендік факторлары микрокапсула, жасуша қабығының компоненттері, агрессия ферменттері (каталаза, гиалуронидаза, липаза, плазмокоагулаза, лецетиназа, фибринолоизин, в лактамаза, гемолизинб, в, г, е) мен токсиндері (лейкоцидин, эксфолиатин, токсикалық шок синдромының энтеротоксиндер А, В, С, D, Е, F). Стафилококтар өте бейімделгіш болып келеді: антибактериалды препараттарға тұрақтылығы жылдам пайда болады. Трансдукцияланатын фаг көмегімен бір жасушадан басқа жасушаға берілетін плазмидалар өте маңызды рөл атқарады. R-плазмидалар бір немесе бірнеше антибиотиктерге тұрақтылығын қадағалайды, сонымен қатар жасушадан тыс бетта-лактамаза ферментін бөлiп бетта-лактамды қатарға жататын антибиотиктерді бұзады. |