все тесты микр. Микра 80. Сибирская язва относится к роду
Скачать 2 Mb.
|
3.Менингококктар: жіктелуі, биологиялық қасиеттері. Менингококк инфекциясының түрлері (3клиникалық түрі).Менингококты инфекция - Neisseria meningitidis тудыратын жұқпалы ауру, олардың көрінісі белгісіз тасымалдаушыдан ауыр түрдегі менингиалды формаға дейін болуы мүмкін. Қоздырғышты алғаш ашып және зерттеген А.Вексельбаум (1887 ж). Морфологиялық кұрылысының сипаттамасын 1907 жылы Флекснер берді, ал Ослер деген ғалым 1899 жылы науқастың қанынан менингококты бөліп алады. Таксономиясы. Тұқымдастығы.Neisseriaceae. Туыстастығы: Neisseria. Typi: Neisseria meningitidis. Морфологиялық және тинкториалды қасиеттері. Менингоктар - ұсақ диплококтар. Бip -бipне ойыс беткейлермен қарап, кофе дәні тәрізді жұптасып орналақан. Менингококтар грам тepic боялады, қозғалмайды, спорасы жоқ, пилиі бар, жасанды қоректік ортада тұрақсыз микрокапсула түзеді. Дақылдандыру. Нағыз аэроб. Коректік ортаға және өсіру температурасына өте талғамды. Қарапайым қоректік орталарда өспейді, сондықтан құрамында қой немесе жылқының дефибринделген (фибринсіз) қалыпты сарысуы бар ортасында, сонымен қатар ристомицин қосылған селективті ортада өсіреді. Антигендік қасиеті: Капсулалық антигендері бойынша менингококтарды А, В, С, Д негізгі және қосымша X, У, -1356 29Е серологиялык топтарға бөледі. Патогенді факторлары. Негізгі патогенділік факторлары: капсуласы (ол фагоцитоздан қорғайды), менингококтың эндотоксині, жасуша қабырғасының липополисахариды. Олардыц мөлшері ауру ағымының ауырлығына әсер етеді. Резистентілігі . Менингококтар қоршаған ортада тұрақсыз, кептіру мен суыққа сезімтал болып келеді. 50°С-тан жоғары және 22°С-тан төмен температурада бірнеше минутта жойылып кетеді; ристомицинге және сульфанидамидтерге тұрақты; 1% фенол, 0,2% хлорлы әкке, 1% хлорамин ертінділеріне , ауыр металдарға, карбол қышқылының ертіндісіне, этанолға сезімтал; пенициллинге, тетрациклинге, эритромицинге сезімтал болып келеді. 24. Дифтерияның қоздырғышы: морфологиясы, культуралық қасиеттері. Дифтерия (күл) - Corynebacterium diphtheriae туғызатын антропонозды, ауа-тамшылы жолмен тарайтын токсинемиялық жұқпалы ауру. Көмей, жұтқыншақ, кеңiрдек т.б. ағзаларда фибринозды қабынумен және организмнiң жалпы интоксикациясымен сипатталады. Аурудың аталуы грек сөзiнен diphthera - үлбiр, қабықша, терi-деген мағынаны бiлдiредi. Ол аурудың клиникалық белгiлерiмен байланысты. Дифтерия қоздырғышын Т. Клебс 1883ж ашып, Ф. Леффлер 1884ж таза дақылын бөлiп алған. Таксономиясы. Тұкымдастығы: Actinobacteriaceae. Туыстастығы: Corynebacterium Tүpi: Corynebacterium diphtherine Микробтың аты морфологиялық ерекшелігіне байланысты грек сөзі «согупе-шоқпар, «bacteria- таяқша деген мағынаны білдіреді. Сorynebacterium diphtherine-морфологиялық, дакылдық, биохимиялық, антигендiк қасиеттерi және токсигендiгi бойынша басқа коринебактерияларға қарағанда гетерогендi. Күлтаяқшасының биоварлары - gravis, mitis, intermedius. Морфологиясы.Дифтерия қоздырғышы полиморфизммен сипатталады - жiңiшке, сәл иілген таяқша, коктар тәрiздi және бұтақталатын түрі бар. Бактериялар бiр-бiрiне бурышталып орналасады, латынның L., X, V, Y әрiптерiне ұқсас. Спора түзбейдi, талшығы жоқ, көптеген штамдарында микрокапсуласы бар. C.diphteriae-ның негiзгi қасиетi: таяқшаның екі ұшында волютин дәндерiнiң болуы, ол жасушалардың анилин бояуларымен бiркелкi емес боялуын қамтамасыз етедi, Грамша оң боялады. Дифтерия қоздырғышы фильтрден өтетiн және L-пiшiндi түрге айналуы мүмкiн. Идентификациялау кезiнде дифференциалды диагностикалық манызы бар қасиеттері (полиморфизм, таяқшалардыңөзара орналасуы, олтин дәндерi т.б.) ескерiледi. Дақылдандыру.С.diphtheriae-факультативтi анаэроб, өсу ушiн еңқолайлы температура 37°С, орта рН-7,6, арнайы қоректiк орталарда өседi, көбiнесе элективтi орталарда: Ру, Леффлер қоректік ортасы, ұйытылған сарысу, Бучин (хинозолдi) ортасы. Тинсдаль (цистин-теллурит-сарысулы) ортасы. Калий теллуритi мен қаннан тұратын Клауберг ортасында үш типтi колониялар өседі: iрi, сұр, шеттерi түзу емес, радиалды сызылған, дәстүргүл (маргаритка) тәрiздi; ұсақ, қара, томпайған, шеттерi бiркелкi екi типке де ұқсайтын колониялар. Дақылдықжәне ферменттiк қасиеттеріне байланысты C.diphtheriae-ның 3 биологиялық варианты бар: gravis, mitis, intermedius Belfanti биологиялык варианты дакылдың морфологиясы, биохимиялыққасиеттері бойынша mitis биологиялық вариантына ұқсас. Сондықтан көп уақыт осының варианты деп саналды. Gravis жәнe mitis варианттарынан айырмашылығы ол нитритті нитратқа айналдырмайды, дегенменен тест гликогендi ыдыратуымен қатар, дифтерия қоздырғышын идентификациялау кезiндегi мiндеттi тестке жатпайды. Мiндеттi анықтайтын және тұрақты белгiсi - крахмалды ыдырату. Ферменттік белсендiлiгi. Дифтерия қоздырғышының биохимиялық белсендiлiгi жеткiлiктi жоғары.Басқа ферменттермен қоса ол өзге коринебактерияларда жоқ цистиназа ферментiне иe. Mitis биоварынақарағанда gravis биоварыкрахмалменгликогендi ыдыратады. Антигендікқасиеті. Дифтериябактерияларыныңеңнегiзгіантигені - бөліпшығаратынтоксиніболыптабылады. ДифтерияқоздырғышыО-жәнеК-антигендергеие. К-антигендерi құрылымыбойынша58 серологиялықварианттарғабөлiнедi. Мitis-тiңсерологиялықварианттары -40, ал gravis - 14 серологиялықварианттантұрады. C.diphtherine-ныңсерологиялықварианттарынжiктейтiнхалықаралықкестесіосыуақытқадейiнқарастырылмаған. Фаготиптеуі. Бактерияныңтүрiшiлiкидентификациясыфаготиптеуарқылы жүргізіледі. Фаготиптеу өте маңызды тесткежатады, себебі ол дифтерия ошағын толығымен зерттеуге, бактерия тасымалдаушылықтың қалыптасуын және мерзiмiн, топтық ауру кебеюiнiң себебін анықтауға және т.б. мүмкіншілік береді. Дегенменен, фаготиптеудiң тұрақты кестесi жасалмаған. Қазіргі уақытта идентификациялау үшiн ПТР және рестрикциялық талдау жүргiзiледi. Патогендiлiк факторлары. Негізі клиникалық көрiнiс беретiн патогендiк факторына дифтериялық экзотоксин жатады. Токсин түзу қабiлетiне C.diphtheriae-ның барлық штамдары ие. Осыған негiзделе отырып оларды токсигендi және токсигендi емес деп ажыратады. Токсигендi емес штамдары дені сау, клиникалық жане эпидемиологиялық маңызы жоқ бактерия тасымалдаушылардан бөлiнiп алынады. Күл ауруын тек қана токсигендi штамдары ғана қоздыра алады. Күл экзотоксиннiң құрылымы екi суббiрлiктен: токсикалық полипептид - протоксиннен және транспорттык полипептидтен тұратын ақуыз. Күл экзотоксиннiң негiзгi әсер ету нысаналары таңдайдың шырышты қабығы, көмей шырышты қабығы, бүйрекүстi безi, миокард және жүйке тiнi. Экзотоксиндi күлдiң лизогендi бактериялары өндiредi, оларда нысана жасушаларға токсикалық полипептидтiң жеткiзiлуiне жауапты, транспорттық полипептидтi кодтайтын tох генi бар профаг болады. Тох коринефагының лизогенизация кезiнде болатын фагтық конверсия нәтижесiнде, токсигенсiз C.diphtheriae токсигендi түрiне айналады. Сонымен қатар, дифтерияның құрамына кiретiн басқа да патогенді факторлар кездеседі, оларға: адгезиндер, бактериоциндер, агрессия ферменттерi, темiр байланыстырушы ақуыздар жатады. C.diphtheriac гиалуронидаза, нейраминидаза, корд-фактор сияқты агрессия ферменттерін синтездейді. Шартты патогенді коринебактериялар терiнiң зақымдауын, фарингиттер, эндокардиттер, перитониттер, пнелит және циститтер т.б. қоздырады. Corynebacterium туыстастығының дифтерия қоздырғышымен қатар, адам ағзасының иммундық статусы әлсiреген жағдайларда iрiндi-қабыну ауруларын туғызатын басқа да түрлерi (C.pseudodiphtheriticum (hoffmanii), С.xerosis) жатады. Бұл бактериялар дифтерия қоздырғышы сияқты көмейде, коньюктивада, терiде тiршiлiк етеді. Резистенттілігі. Спора түзе алмауына қарамастан дифтерия таяқшалары қоршаған орта факторларына өте төзiмдi болып келеді. Бұл қасиетке кұрамында кездесетiн балауыз тәріздес зат -кориномиколат арқасында ие. Кепкен үлбiрлерде және мұрын-жұткыншақ шырышында 2 айға дейiн сақтала алады, әсiресе қыс кезiнде. Дифтерия таяқшасы кептiруге және төменгі температураға тұракты болады.Ойыншыктарда 15 күнге дейін, ал суда 6-20 күнге дейін сақталуы мүмкін. 5% фенол ерiтiндiсiнде, 2% хлорамин және 70% этил спиртi ерiтiндiлерiнде 1-2 минуттан кейiн жойылады. Пенициллин, тетрациклин, макролид қатарына жататын антибиотиктерге төзiмдi. Эпидемиологиясы. Күл қоздырғышы тек қана адамнан адамға берiледi. Инфекция көзi тасымалдаушы және науқас адамдар. Инфекияның негiзгi таралу жолы- ауа-тамшылы, бiрақ ойыншықтар, ыдыс-аяқ, киiм арқылы (тұрмыстық қатынас жолы) да жұғуы мүмкiн. Дифтерия қоздырғышына көбінесе балалар сезiмтал, бiрақ соңғы жылдары аурудың «есейгені» байқалады. Ауру әсiресе күз-қыс кезеңдерiнде жиi кездеседi Патогенезі. Дифтерия инфекциясына тек қана адамдар сезiмтал. Күл таяқшалары науқастың және бактерия тасымалдаушының көмейiнiң шырышты қабығында орналасады. Инфекцияның ену қақпасы көмей, мұрын, тыныс алу жолдары және т.б. ағзалардың шырышты қабаттары, енген жерiнде күл бактериялары колонизациялана бастайды. Кірпікшелi эпителидiң қозгалысы бәсеңдейдi, жан-жағындағы микрофлора ингибирленедi, беткейлiк шырыш сұйылады, күл бактериялары эпителия жасушаларының мембраналарына адгезняланады. Бiртiндеп фибринозды қабыну байқалады, астында жатқан тiндерден қиын ажыратылатын дифтериялық қабықша түзiледi. Бактериялармен түзiлетiн экзотоксин қанға түседі. соның нәтижесінде токсинемия дамиды. Токсин миокард, бүйрек, бүйрекүсті безі, жүйке жүйесiн зақымдайды. Клиникалық көрiнiстерi. Орналасуы бойынша дифтерияныңбiрнеше түрлері бар: мұрын, көмей, көз, сыртқы жыныс мүшелерi, терi, жара дифтериясы және т.б. Көмей дифтериясы 85-90% жағдайда байқалады. Жасырын кезеңi-2-10 күн. Ауру дсне қызуының көтерiлуiмен, жұту кезiндегi ауырсыну сезiмi мен бадамша бездерiнде қабықшаның пайда болуымен, лимфа түйiндерiнiң ұлғаюымен басталады. Ересек адамдарда дифтерия лакунарлы баспа түрiнде өтуi мүмкiн. Кішкентай балаларда әдетте көмей мен мұрынға қоса патологиялық үрдiске жұтқыншақ қосылады. Көмей iсiнуiнiң нәтижесiнде дифтериялық круп (шотланд сезiнен "croak» - қарқылдау) дамиды, ол асфиксия мен өлiмге әкелуi мүмкiн. Токсикалық миокардит, гипофизарлы-бүйрекүстi жүйесiнiң жедел жетiспеушiлiгi, тыныс алу бұлшыкеттерiнiң сал болуы сияқты ауыр асқынулар өлiмнiң себебi болуы мүмкiн. Иммунитет. Ауырғаннан кейiн тұрақты, гуморалдық, антитоксикалық иммунитет қалыптасады. Күл тасымалдаушысына қарсы бағғытталған иммунитеттiң негiзгi механизмi-жергiлiктi антитоксикалық. Жаңа туылған нәрестелерде анасынан берiлген иммунитет 5-6 айға дейін сақталынады. Вакцинадан кейінгі иммунитет (3-5 жасқа дейiн) жеткiлiктi түрде ұзаққа созылады. Антитоксиндік антиденелердi ПГАР арқылы анықтайды. Антитоксикалық иммунитет қалыптасқан жағдай бактерия - тасымалдаушылықтан корғамайды. |