все тесты микр. Микра 80. Сибирская язва относится к роду
Скачать 2 Mb.
|
57. Фагоциттердің функционалды белсенділігін бағалау: стихиялық және ынталандырылған фагоцитоз сынақтары, НСТ сынағы.Фагоциттердің функционалдық белсенділігін бағалау үшін фагоцитоз, цитокиндер өндірісі, рецепторлық аппарат сатыларын зерттеуге бағытталған әдістер қолданылады. Фагоцитарлы жасушалардың тыныс алу жарылысын бағалаудағы ең қарапайым және сонымен бірге өте сенімді НКТ сынағы болып табылады, ол нитросиний тетразолийінің реактивін қолдану арқылы өз атауын алды. Нейтрофилдердің индукцияланған фагоцитарлық белсенділігінің NКT сынағы, NBT тесті көрсеткіштерін қамтитын күрделі әдістеме. Стихиялық НКТ сынағы (нитро көк тетразолий) – оттегіге тәуелді фагоцитоз – фагоцит жасушасының ішіндегі бактерияға қарсы оттегіге тәуелді жүйелердің белсендіру дәрежесін сипаттайды. Жасушаның бөгде антигендік материалды «қорытуға» дайындығын бағалауға мүмкіндік береді. Стимулирленген, индукцияланған немесе ынталандырылған НКТ-тест (нитро көк тетразолий) – стимуляторлардың қатысуымен репродукцияланған фагоцитоз. Жасушаның бөгде антигендік атериалды «қорытуға» дайындығын бағалауға мүмкіндік береді.Оттегіге тәуелді жасушаішілік бактерияға қарсы жүйелердің резервтік қабілетін сипаттайды. 5-билет 6. Эшерихиоздың зертханалық диагностикасы.Жалпы сипаттамасы. Ішек таяқшасы - ток ішектің қалыпты микрофлорасының өкілі; бірқатар пайдалы қызметтер атқарады, соның ішінде ішек ауруын тудыратын бактерияларға, шіріткіш бактерияларға, Candida туыстығындағы саңырауқұлақтарға антагонист болып келеді В, Е, К топтағы витаминдерді синтездеуге қатысады, шелмайды (клетчатканы) жартылай ыдыратады. Тоқ ішекте 02, 07, 09 және т.б. серологиялық топтарға жататын Е. coli мекендейді. Сонымен қатар, Е.Coli тағамдық токсикоинфекцияның cебепкері болуы мүмкін. Таксономиясы. Тұқымдастығы: Enterobacteriaceae. Туыстастығы: Escherichia. Tүpi: E.coli, E.adecarboxylata, E. blattae, E. hermanii, E.vulneris, E.fergusonii. T. Эшерих деген профессор, педиатр, ғалым іші өтіп науқастанған баланың нәжісіне қоздырғышты тапқан, соның құрметіне аталған. Қазіргі кездегі жiктey бойынша Escherichia туыстастығын 6 түрге бipiктipeдi. Солардыңiшiндeгi адам патологиясында маңызды орын алатыны E.coli. Микробиологиялық диагноз қою. Жеделдетілген әдіс: РИФ, ИФТ, патогенділік плазмидаларын анықтау. Зерттеуге арналған негізгі материал - нәжіс, қосымша қан, өт, несеп, дуоденалды бөліндісі, құсық массалары, асқазан шайындысы т.б. Негізгі әдіс - бактериологиялық әдic. Эшерихиялардың патогендігі түpiн патогенез түpiнeн ферментативтік белсенділігіне байланысты ажырату мүмкін емес және бipшілік себіндіде олар біркелкі колониялар түзеді. Сондықтан кeлeci кезеңдермен зерттеу жүргізеді. Біріншілік күн. Зерттеу материалы (нәжіс, кұсық массалары, несеп, ас тағамдары) Эндо және Плоскирев орталарына себіледі 37° С температурада 18-24сағат инкубацияланады. Екіншілік күн. Қоректік орталарда өскен колонияларды ipiктеп алады, мысалы Эндо ортасында лактоза оң E.coli қою - қызыл металша жылтыр немесе жылтыры жоқ ортасы ашық қызғылттау, кейде түссіз шеңбері бар, кейбіреулер жартылай мөлдір колониялар түзеді. Үшінші күн. Қиғаш агардағы өсіндіні сипаттайды, яғни глюкозаны ыдыратуын, газдың болуын, лактозаны ферменттеуін, күкіртсутек түзуін. Глюкозаны қышқыл мен газға дейін ферменттемейтін, лактозаны фepмeнттeйтiн немесе ферменттемейтін, күкіртсутек түзбейтін дақылдар Escherichia туыстастығына күмәнді болып келеді. Төртінші күн. Себінділерге қортынды жасалады. E.coli бөлінген жағдайда серотипін анықтау мақсатында серологиялық идентификация жасалады. О және К антигендерді анықтау үшін қиғаш агардағы тәуліктік дақылды пайдаланады, ОК поливалентті сарысуымен немесе ОК - иммундыглобулинмен оң нәтиже берген дақылдарды топтық ОК жеке сарысуларымен агглютинациялайды. Алашқы нәтижені жеке ОК - сарысумен әйнекше бетіне ОК - иммундыглобулинмен (Tipi дақыл) немесе топтық адсорбцияланған О - сарысуларымен (100° С 30 минут қыздырылған дақыл) агглютинациялап дәлелдейді. Бесінші күні. Тізбектік агглютинация реакциясыныц және Н- антигенді агарда иммобилизациялау әдістерінің нәтижесі ескеріледі. Tipi дақылмен қойылған К - антиденелік ipi мамықты агглютинат немесе қыздырылған дакылдағы О -антиденелік ұсақ дәнді агглютинат бөлінген штамның ОК - топқа жататындығын дәлeлдeйдi. Н-антиген агарда иммобилизация болғызған штамныц Н - сарысуға сәйкестігін білдіреді. |