Главная страница
Навигация по странице:

  • Таксономиясы.

  • Дақылдандыру

  • Ферменттік белсенділігі.

  • Антигендік құрылымы.

  • Микробиологиялық диагноз қою.

  • все тесты микр. Микра 80. Сибирская язва относится к роду


    Скачать 2 Mb.
    НазваниеМикра 80. Сибирская язва относится к роду
    Дата02.02.2022
    Размер2 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлавсе тесты микр.docx
    ТипДокументы
    #349861
    страница49 из 166
    1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   166

    8. Шигелла: дизентерияның қасиеттері, жіктелуі, зертханалық диагностикасы.


    Бактериялық дизентерия немесе шигеллез – көбінесе тоқ ішекті зақымдайтын Shigella туыстас- тығының бактериялары тудыратын жұқпалы ауру.

    Таксономиясы.

    Тұқымдастығы: Enterobacteriaceae

    Туыстастығы: Shigella

    Түрі: S.dysentеriае (А серотобы); S.flеxneri (B); S.bоidii (C); S.sonnei (D).

    Морфологиялық және тинкториалдық қасиеттері. Шигеллалар - грам теріс, шеттері жұмырланған таяқшалар, спора түзбейді, талшықтары жоқ, қозғалмайды. Көптеген штамдарда түктер мен жыныстық кірпікшелер анықталады. Кейбір шигеллалар микрокапсулаға ие.

    Дақылдандыру. Дизентериялық таяқшалар - факультативті анаэробтар. Олар қоректік ортаға талғамсыз, pH 7,2-7,4 болатын қарапайым қоректік орталарда 37°С-та жақсы өседі. Тығыз ортада ұсақ мөлдір колониялар, ал сұйық ортада диффузды лайлану түзеді. Шигеллаларды өсіру үшін байыту ортасы ретінде көбінесе селенит сорпасын қолданады.

    Ферменттік белсенділігі. Шигеллалардың басқа энтеробактерияларға қарағанда ферменттік белсенділігі төмен. Көмірсуларды қышқыл түзе отырып ыдыратады. Шигеллаларды ажыратуға мүмкіндік беретін негізгі белгі олардың маннитке қатынасы: Shigella dysentеriае маннитті ыдыратпайды, B, C, D топқа жататын өкілдері маннитті ыдыратады, маннитпозитивтi. S.sonnei лактозаны баяу (2 тәулік) ыдыратады. S.sonnei-дің рамнозаға, ксилозаға және мальтозаға қатынасын негізге ала отырып, оның 7 биохимиялық вариантын ажыратады.

    Антигендік құрылымы. Шигеллалар О антигенге ие, оның біртексіздігі топ ішінде серологиялық варианттары мен серологиялық астындағы варианттарды бөліп шығаруға мүмкіндік береді. Shigella sonnei штамдарында К-антигені анықталған

    Микробиологиялық диагноз қою. Зерттелетін материал нәжіс, ірің, ас тағамдары т.б. Диагноз қою жеделдетілген, бактериологиялық, серологиялық әдістер бойынша жүргізіледі, негізі бактериологиялық әдіс болып табылады. Бұл әдіс қоздырғышты идентификациялайды, оның антибиотиктерге сезімталдығын анықтайды және түрішілік идентификациясын (биохимиялық, серологиялық немесе колициногендік варианттарын анықтау) жүргізуге мүмкіншілік береді.

    Бірінші күні. Зерттеу материалын құрамында лактозасы бар дифференциалды-диагностикалық қоректік орталарға (Эндо, Плосирев, Левин) себеді. Тасымалдаушыларды анықтау үшін нәжісті міндетті түрде селенит сорпасына себеді, содан кейін өскен дақылды тығыз дифференциалды-диагностикалық орталарға себу арқылы анықтайды. Термостатта 37° С температурада 18 – 20 сағат инкубациялайды.

    Екінші күні. Өскен түссіз, нәзік колонияларды іріктеп алып, жартылай сұйық ортаға (Симмонстың цитратты агарына, Кларк агарына, Преус бойынша жасалған мочевиналы ортаға) себеді, индолға сынама қояды. Байыту ортасынан материал алып Плоскирев ортасына себеді. Себінділердің барлығы 37° C температурада 18 – 20 сағат инкубацияланады.

    Үшінші күні. Өскен колонияларды қарап, күмәнділерін жоғарыда айтылып кеткен орталарға қайта себеді, «шұбар қатардағы» ферменттік қасиеттерін сипаттайды. Қозғалмайтын, глюкозаны қышқылға дейін (кейбір Shigella flеxneri –дің өкілдері глюкозаны қышқыл мен газға дейін ыдыратады) ферменттейтін, лактозаны ыдыратпайтын (Зонне шигелласының ішінде лактозаны қышқылға дейін ыдырататындары бар), күкіртті сутек түзбейтін, мочевинаны гидролиздемейтін, цитратты утилдемейтін, Фогес-Проскауэр реакциясы теріс болатын дақыл - шигеллаға күмәнді. Толық нәтиже алу үшін дақылды лизин қосылған ортаға. Ацетатты агарға, маннитті, ксилозалы, рамнозалы, мальтозалы Гисс ортасына, сонымен бірге дақылды серологиялық типтеу үшін қиғаш агарға себеді. Себінділердің барлығы 37°С температурада 18 – 20 сағат инкубацияланады.

    Төртінші күні. Себінділердің нәтижелері сипатталады. Бөлінген дақылдарды биохимиялық ерекшеліктері бойынша идентификациялайды. Биохимиялық қасиеттері шигеллаларға сәйкес дақылдарды әйнекше бетінде агглютинациялайды (Флекснер мен Зонне шигелласына поливалентті сарысумен), нәтижесі теріс болған жағдайда басқа шигеллалардың түрлеріне арналған поливалентті сарысулардың топтамасымен қойылған реакция нәтижесі тіркеледі. Сарысудың біреуімен оң нәтиже берген дақылды адсорбцияланған моносарысумен, Флекснер шигелласы бөлінген жағдайда типтік және топтық сарысулармен агглютинациялайды. Инфекцияның ортақ жұғу көзі және таралу көзі анықталған жағдайда бөлінген дақылдың ферменттік белсенділігін тереңірек зерттеген жөн, әсіресе Зонне шигелласы кезінде. Ұзаққа созылған дизентерия кезінде қосымша тәсіл ретінде серологиялық әдістер, АР, ПГАР (антидененің титрінің өсуі бойынша реакцияны қайталап қойғанда диагнозды дәлелдеуге болады) қолданылады. Жеделдетілген әдіс:ИФТ, ПГАР, КоАРне топтық антигендері бар.
    1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   166


    написать администратору сайта