все тесты микр. Микра 80. Сибирская язва относится к роду
Скачать 2 Mb.
|
53. Иммундық жауап кезеңдері. Иммундық жауап барысында жасушалардың кооперациясы.Иммундық жүйе күрделі иммундық реакциялармен іске асырылады. Нақтылы көрнісіне байланысты - антидене синтездеу, иммунды фагоцитоз, жасушалар арқылы өтетін киллинг, гиперсезімталдық көрініс, иммунды есте қалуды құру, иммунологиялық толеранттық түрлерін қарастыруға болады. Антидене синтездеу. Антидене дегеніміз – антигендерге жауап ретінде түзілетін, антигендемен байланысқа түсетін мүмкіншілігі бар, көп түрлі иммунологиялық жауап қайтаруға қатынасатын гаммаглобулиндер. Антиденелерді В-лимфоциттер және олардан тараған плазматикалық жасушалар бөліп шығарады. Иммунды фагоцитоз. Иммунды фагоцитоз феномені – фагоциттердің иммундық комплекстерінің құрамына кіретін антигендердің қорытылуына негізделген. Бұл жағдайда антигендер молекула, немесе молекулалардың қосынды түрінде, бүтін жасушалар, немесе олардың бөлшектері түрінде болуы мүмкін. Иммунды фагоцитоз өтуі үшін иммундыглобулиндер және комплемент бірге, не жеке қатынасуы керек. Фагоциттердің сырт қабығында иммундыглобулин мен комплементті «танитын» рецепторлар болады. Сонымен, фагоциттер антигендерді организмнен тыс шығаруға және гомеостазды қалпына келтіру процесіне қатынасады. Жасушалар арқылы өтетін киллинг. Иммундық жүйенің бөгде жасушаларды жоятын комплементтен тәуелсіз тәсілі бар және олтікелей киллер-жасушалармен атқарылады және жасуша жанама түрдегі киллинг деп аталады. Киллингті белсендірілген фагоциттер, Т-киллерлер, табиғи киллерлер және тағы басқа жасушалар атқарады. Киллерлік жасушалар организмді тазартып, оны бөгде, өзгерген және ауруға соқтыққан жасушалардан арылтады. Гиперсезімталдық реакция. Кейбір жағдайларда антиген организге енген кезде патологиялық процестарге ұқсас сипаты бар, қалыпты жағдайда кездеспейтін гиперсезімталдық жауап пайда болуына себепкер болады. Пайда болу негізінде табиғи өзгерістер жатқан бұл әдеттен тыс жауап аллергия ( грек тілінен- allos- басқаша, өзгеше және ergon- қыймыл ) деген атқа ие болды. Аллергия процестерін ілімнің жеке тарабы – аллергология зерттейді. Жоғарыда айтылғанға сәйкес аллергия тудыратын антигендер - аллергендер деп аталды. Сонымен қатар, гиперсезіталдықтың калыпты жағдайда пайдасы да бар. Бұл процестің механизімі инфекциялық агентті қоршағанда туатын қабынудың негізінде жатыр және толық бағалы иммундық қорғау құруына қатынасы бар. Иммунологиялық есте қалу. Организм антигенмен қайталап кездескенде шапшаң және белсенді иммунды реакция, яғни екіншілік иммундық жауап құрылады. Бұл көрініс иммунологиялық есте қалу деп аталды. Иммунологиялық есте қалудың белгілі антигенге жоғарғы дәрежелі спецификалығы болады және В- , Т –лимфоциттермен негізделіп, иммунитетің гуморалдық және жасушалық түрлерінде байқалады. Тәжірибе жүзінде ол әр кезде пайда бола отырып жылдарға, не ондаған жылдарға созылады. Соның арқасында адамның организмі антигендер шабуылының кайталануынан сенімді қорғай алады. Иммунологиялық толеранттылық. Иммунологиялық толеранттық иммунды жауаппен иммунологиялық есте қалуға кері көрініс. Ол организмнің антигенді «танып», жемісті спецификалық иммунды жауап қайтара алмауының себебінен болады. Имунологиялық толеранттықты толерогендер депаталатын антигендер туғызады. Тәжирибеде толергендер барлық органикалық заттардың қатарынан табылады, бірақ көбінесе олар полисахаридтер болып келеді. Иммунологиялық толеранттық туа біткен және жүре пайда болған болып бөлінеді. Туа біткен толеранттықтың мысалы ретінде иммундық жүйенің организмнің меншікті антигендеріне жауап бермеуін келтіруге болады. Жүре пайда болған иммунологиялық толернаттықты организмге иммунитетті тежейтін заттарды( иммунодепрессанттар) енгізіп, эмбрионалдық уақытта, не туғаннан кейінгі алғашқы күндерінде перзентке антигендерді енгізіп құруға болады. Иммунологиялық толеранттық жоғары деңгейлі спецификалық қасиетке ие, сондықтан тек қана бір белгілі антигенге бағытталған. 9-билет 10. Іш сүзегінің, қылаудың қоздырғыштары: қасиеттері, жіктелуі, зертханалық диагнозы.Іш сүзегі, парасүзек, қоздырғыштары (Salmonella typhi, Salmonella раrаtyphi B, S., Salmonella paratyphi A). Іш сүзегі жедел антропонозды жүйелі инфекция, ағымы Циклды, ащы ішектің лимфа аппаратын зақымдайды, бактериемиямен, қызба, бөртпе, организмнің жалпы улануымен сипатталады. Іш сүзегін алғаш К.Эберт 1880 жылы өлген адамның көкбауырынан, лимфа түйінінің кесінділерінен тапқан. 1884 жылы Т. Гаффки қоздырғыштың таза дақылын бөліп алды. Paratyphi A – ны А. Брион мен Х.Кайзер және Paratyphi B- ны Г. Шоттмюллер сипаттады. Іш сүзегі мен паратифтер патогенезі, клини-калық көріністері, аурудың эпидемиологиясы бойынша ұқсас келеді. Инфекция көзі науқас адам және сымалдаушы, олар қоздырғышты нәжіспен, несеппен, сілекеймен сыртқы ортаға шығарып отырады. Бұл инфекциялардың қоздырғыштары басқа салмонеллалар сияқты сыртқы орта факторларына төзімді. Олар үшін қолайлы орта болып ас тағамдары (сүт, кілегей, ірімшік, ет фаршы) есептеледі, себебі олар ол орталарда көбейе алады. Қоздырғыш алиментарлы су т.б., тұрмыстық – қатынас арқылы жұғады. Іш сүзегі мен парасүзек қоздырғыштарына адамдардың сезімталдылығы жоғары. Микробиологиялық диагноз қою. Зерттеу кезінде жеделдетілген, бактериологиялық, серологиялық әдістер қолданылады. Зерттеу материалы ретінде қан, құсық, асқазанның шайындысы, зәр, нәжіс алынады. Диагноз қоюдың негізгі түрі - қоздырғыштың бөлінген таза дақылының түрішілік идентификациялаумен аяқталатын, фаговарын анықтайтын бактериологиялық әдіс болып табылады. Іш сүзегіне немесе парасүзекке күмәнданған кезде зерттеу материалын алу науқастану мерзіміне байланысты. Науқастанушылықтың бірінші күні қан алынады, оны өт қосылған ортағы немесе Раппопорт ортасына себеді. Себіндіні 37° C температурада инкубациялайды. 3-5-7-тәулікте дифференциалды - диагностикалық (Плоскирев, Эндо, висмут – сульфит агар) орталарға себеді. Салмонеллаларға ұқсас колониялар (мөлдір, жартылай мөлдір, түссіз немесе ашық қызғылт, висмут – сульфит агарда ортасы қара - сұрлау жасыл) колониялар табылса, олардың ферменттік қасиеттерін, сосын антигендік құрлымын О- және Н-сарысулармен әйнекше бетінде агглютинациялау арқылы идентификациялайды. Біріншілік себiндi жасалған қоректік орталарда өскен колониялардың идентификациясын - бөлінген дақылдың таксономиялық маңызды көрсеткіштерін және туыстастық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіншілік беретін тесттердің жинағының көмегімен жүргізеді. Колонияларды Клигер агарына, өт қосылған ортаға, Симмонстың цитратты агарына, жартылай сұйық агарға себеді, соңғы пробирканың тығынына индолға индикаторлық сынама қояды. Екінші аптада зерттеу материалы ретінде несеп пен нәжіс қолданылады: капро - немесе уринодақылдар бөледі. Бөлінген дақылдарды сәйкесінше идентификациялайды. Salmonella typhi – дi Vi — фагтардың жинағымен фаготиптейді. Фаготипті анықтау - іш сүзегінің эпидемиологиялық бұрқетпесін анықтауда маңызды. Сонымен қатар 8 – 10 күндік науқастардың қанында О- және H - антиденелері пайда болады, бұл кезде қосымша маңыздылығы бар серологиялық әдіс те қолданылады: 0- және Н-диагностикумдармен Видаль агглютинациялық реакциясы, ЖГАР. Жеделдетілген әдіс: ИФТ, Vi — антигенін анықтау (Vi – гемагглютинациялық реакция). |