Главная страница
Навигация по странице:

  • 31. Спирохеталар мен микоплазмалардың морфологиясы, биологиялық қасиеттері, өсіру ерекшеліктері

  • Spirochaetales Тұқымдастықтары – Spirochaetaceae , Treponemataceae, Leptospiraceae, Brachyspiracae

  • МИКОПЛАЗМАЛАР ТАКСОНОМИЯСЫ: Класы – Mollicutes

  • 1.Mycoplasma. 2.Ureaplasma Түрлері - M.pneymoniae M.hominis M.genitalium Ureaplasma urealyticum

  • Глюкозаны

  • все тесты микр. Микра 80. Сибирская язва относится к роду


    Скачать 2 Mb.
    НазваниеМикра 80. Сибирская язва относится к роду
    Дата02.02.2022
    Размер2 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлавсе тесты микр.docx
    ТипДокументы
    #349861
    страница54 из 166
    1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   166

    11. Іш сүзегінің патогенезі.


    Патогенезі. Қоздырғыштар ауыз арқылы ағзаға түсіп, ащы ішекке жетеді, оның лимфа түйіндерінде көбейіп, қанға түседі, бактериемия дамиды. Қан арқылы ағзаның барлық мүшелеріне таралып, паренхиматозды мүшелерге енеді (көкбауыр, бауыр, бүйрек, сүйек кемігі), макрофагтарда, өт қабында көбейеді. Аурудың екінші аптасының соңында қоздырғыш организмнен несеп, ана сүті, сілекей арқылы бөліне бастайды. Бактериялар бұзылғанда интоксикация тудыратын эндотоксин бөлінеді. Салмонеллалар ұзақ, тіпті өмір бойы сақталатын өт қапшығынан, олар ащы ішектің лимфа түйіндеріне қайта түседі. Салмонелланың қайта түсуінің нәтижесінде лимфа түйіндерінің некрозымен бейнеленетін аллергиялық реакция пайда болады. Салмонеллалар ағзадан зәр және нәжіс арқылы шығарылады.

    31. Спирохеталар мен микоплазмалардың морфологиясы, биологиялық қасиеттері, өсіру ерекшеліктері,


    ТАКСОНОМИЯСЫ:

    • Сыныбы – Spirochaetaes

    • Қатары – Spirochaetales

    • Тұқымдастықтары – Spirochaetaceae ,Treponemataceae, Leptospiraceae, Brachyspiracae

    • Туыстастықтары – Treponema, Borrelia, Leptospira, Brachyspira

    МОРФОЛОГИЯСЫ:

    Иірімделген, нәзік , қозғалғыш бактериялар.Бұл грамтеріс және бірегей жасушалық ультрақұрылымымен сипатталатын бактериялар. Олар диаметрі 0,1-ден 3 мкм-ге дейін және ұзындығы 4-тен 250 мкм-ге дейін созылған және бұрандалы түрде оралған (тығын тәрізді). Оларда протоплазмалық цилиндрді толығымен қоршайтын жасуша қабығы немесе сыртқы қабық деп аталатын бірнеше қабаттардан тұратын сыртқы қабықша бар.

    Жасушаларда периплазмалық флагелла деп аталатын ішкі қозғалғыш органеллалар бар, олар иілуге, бойлық осінде айналуға және сұйық және жартылай қатты ортада қозғалуға мүмкіндік береді.

    Капсулалары мен споралары болмайды, бірақ циста тәpiздi құрылым түзуге қабілетті.Дифференциалды бояу тәciлi - Романовский-Гимзе әдісі. Осы бояу әдiciмeн туыстасық ерекшеліктерін ажыратуға болады. Күмістендіру әдісімен де бояуға болады.

    ДАҚЫЛДАНДЫРУ(ӨСІРІЛУІ) ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:

    Хемоорганотрофтар. Спирохеталардың арасында аэробтар, микроаэрофилдер, факультативті анаэробтар жэне қатал анаэробтар кездеседі. Көміртек және энергия көзi ретінде көмірсулар, амин қышқылдар, липидтepдi туыстық epeкшeлiгi бойынша колданады.Жасанды қоректік орталарда өcyi таксономиялық және тіршілік жағдайына байланысты.

    Дақылдандыру үшін күрделі қоректік орталарды қажет етеді ,құрамында сарысу, тіндік экстракттар болуы кажет. Өcyi баяу. Осы қатардың кейбір өкілдері қолайсыз жағдайларда циста жэне L-пішінге айналады. Спирохеталар көлденеңінен бөлiнiп көбейеді, кейде циста түзе және дәндерге бөлшектеніп көбейе алады.

    МИКОПЛАЗМАЛАР

    ТАКСОНОМИЯСЫ:

    • Класы – Mollicutes. (жұмсақ терілік деген мағына береді).

    • Тұқымдастығы – Mycoplasmataceae.

    • Туыстастықтары – 1.Mycoplasma. 2.Ureaplasma

    • Түрлері - M.pneymoniae

    M.hominis

    M.genitalium

    Ureaplasma urealyticum.

    «Микоплазма» термині Mycoplasmataceae жэне Acholeplasmataceaeтұқымдастықтарына жататынбарлық микробтар үшінқолданылады.Микоплазмалардың негізгі таксономиялык белгісі мочевинаны гидролиздеу қабілеті болып табылады.

    МОРФОЛОГИЯСЫ:

    Микоплазмалар өте ұсақ, бос күйінде тіршілік ететін бактериялар. Жасуша құрылымы өте қарапайым, үш қабатты цитоплазматикалық мембранамен қатар құрылымы прокариоттық нуклеоидтан және рибосомалардан тұрады. Олар 2 ерекшелікке ие:

    1) микоплазмаларга ғана тән құрылымы бар,

    2) өте жиі жасуша дақылдарын контаминациялайды, өсімдіктер, жануарлар және адамдарда ауру тудырады. Бірқатар вирустардың - соның ішінде : онкогенез, АИВ – көбеюіне әсер етеді және де өздері де иммунды тапшылық тудыруға қабілетті.

    Микоплазма - ұсақ сфера және жіпше тәрізді жасушалар. Спора түзбeйдi. Оларда жасушалық қабырғасы жоқ, сондықтан үш қабатты жұқа липопротеинді мембранамен қоршалған. Осының арқасында микоплазма пішіндері тұрақты емес, бактериалық сүзгіштерден өтіп кетеді, Грамша боялмайды, ал Романовский-Гимзе әдісімен жақсы боялады.

    Микоплазмалар – мембраналық паразиттер. Олар эукариоттардың жасушаларында жақсы паразиттік тіршілік ете алады, осы қасиеті оларды хламидиялардан epeкшeлeндipeдi. Қозғалатын жэне қозғалмайтын түрлері кездеседі. Минималды репродукцияланатын бірлігі - элементарлык денешіктері. Сонымен катар микоплазмалар бүршіктену,бұтақталған және тізбектелген түрлерінің сегментациялануы арқылы, бинарлық бөліну жолымен,жіпшелері кокктар тәріздес ыдырап кетуі арқылы да репродукцияланады. Олар сопақша немесе шар пішінде болады. Біртіндеп ұзарып жіпшелері құрастыруы мүмкін. Прокариоттар ішінде геномының көлемі бойынша ең кiшici - микоплазмалар (риккетсия геномының 1/16 бөлігіндей). Микоплазма пенициллинге тұрақты.Дегенмен, тетрациклин мен эритромицин олардың өсуін тежейді.

    ДАҚЫЛДАНДЫРУ(ӨСІРІЛУІ) ЖӘНЕ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:

    Бірқатар ферменттік жүйелерінің болмауына байланысты микоплазмаларды дақылдандыратын қоректік орталар күрделі, олардың құрамына аминқышқылдары, нуклеин қышқылдарының алғашқы құраушы заттары, холестерин және т.б. заттар кіреді. 1,3% агары бар табақшаларда микоплазмалар тек кана микроскоппен өтпелі жарық арқылы қараған кезде көрінетін колониялар түзеді. Колониялардың түpi «қуырылған жұмыртқаға» ұқсас болады. Уреаплазмалардың колониялары одан да ұсақ, түйреуіш ұшы сияқты болады. Микоплазмаларды сорпада өсіргенде орта сәл лайланады, уреаплазманы өсіргенде орта өзгермейді. Жартылай сұйық агарда (0,3%) түтікше ұшы енген жолында ғана сәл «шаңдану» байкалады.

    Глюкозаны фepмeнттeйтiн микоплазмаларға (M.genitalium, М.fermentans) өсіру үшін қоректік ортаға глюкоза қосады, аргинин қорытатындарға (M.hominis) - аргинин, уреаплазмаларға- мочевина косады. Микоплазма немесе уреаплазманың өскендігін бақылау үшін қоректік ортаға индикатор қосады.

    • Глюкозаны ферментациялаған жағдайда қышқыл бөлініп, ортаның pH қышқыл жағына қарай өзгереді.

    • L-аргинин мен мочевинаны ферменттеген жағдайда аммиак бөлініп, ортаның рН-шы ciлтiлiгe езгереді.
    1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   166


    написать администратору сайта