Главная страница
Навигация по странице:

  • 32. Морфология, биологиялық қасиеттері, хламидиоз және риккетсияны өсіру ерекшеліктері.

  • Chlamydiales Тұқымдастығы – Chlamydiaceae Туыстастықтары – 1.Chlamydia. 2.Chlamydiaphila. Түрлері – 1. Chlamydia

  • С.trachomatis

  • Элементарлық денешіктерінің

  • РИКЕТТСИЯ ТАКСОНОМИЯСЫ: Тұқымдастығы – Rickettsiaceae Туыстастықтары – Rickettsia, Orientia, Ehrlichia, Coxiella

  • Альфа-2 - протеобактерияларға

  • все тесты микр. Микра 80. Сибирская язва относится к роду


    Скачать 2 Mb.
    НазваниеМикра 80. Сибирская язва относится к роду
    Дата02.02.2022
    Размер2 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлавсе тесты микр.docx
    ТипДокументы
    #349861
    страница56 из 166
    1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   166

    12. Тырысқақ вибрионының таксономиясы және жіктелуі.


    Таксономиясы. Тырысқақ вибрионы Gracilicutes бөліміне, Vibrionaceae тұқымдастығына, Vibrio туыстастығына жатады. Vibrio cholerae түр ішінде негізгі 2 биоварға бөлінеді: biovar cholerae classic қасиеттері, Және (Р.Кох бөлген) және biovar eltor (Ф. және У.Готшлихтер бөлген). Морфологиясы Тинкториалдық Тырысқақ вибрионы – ұсақтау, грам теріс, иілген таяқша, спора түзбейді,капсуласы жоқ, монотрих, өте қозғалғыш.

    32. Морфология, биологиялық қасиеттері, хламидиоз және риккетсияны өсіру ерекшеліктері.


    Хламидиялар - жасушаішілік облигатты паразитты бактериялар. Олар адамдарда, жануарлар мен құстарда әртүрлі аурулар қоздырады.

    ТАКСОНОМИЯСЫ:

    • Қатары – Chlamydiales

    • Тұқымдастығы – Chlamydiaceae

    • Туыстастықтары – 1.Chlamydia. 2.Chlamydiaphila.

    • Түрлері – 1. Chlamydiaтуыстастығына 3 түр кіреді, ішінде

    С.trachomatis - адамда паразиттенетін түрі.

    2.Chlamydiaphilaтуыстастығына 3 түр кіреді, ішінде С.pneumoniae адамдарға біріншілік патогенді.Қалғандары жануарларға патогенді.

    МОРФОЛОГИЯСЫ:

    Хламидиялар грам–Tepic бактерияларға жақын, ДНҚ және РНҚ-сы, цитоплазматикалық мембранасы мен жасуша қабырғасы бар. Грам-Tepic бактериялар тәрізді кең спектрлі антибактериалдық дәрі-дәрмектерге сезімтал. Тетрациклинді және макролидтік қатардағы антибиотиктерге өте сезімтал болып келеді.

    Халмидиялар - патогенезді, облигатты жасушаішілік бактериялар. Олар макроорганизм, яғни адам немесе жануар жасушасынан тыс көбейе алмайды, сондықтан клиникаларда бактериологиялық диагноз қою аса тән емес. Микробтық жасушаның2 түрінен тұрады: элементарлык денешіктер (ЭД) – жұқпалы түрі және ретикулярлык денешіктер (РД) – вегетативті түрi.

    Элементарлық денешіктерініңЭД морфологиялық ерекшеліктері

    Электронды тығыз, майда (300 нм) бөлшектер;

    Романовский-Гимзе бойыншақызғылттүске боялады. Жасушадан тыс көбейе алмайтын түр болып табылады.

    Ретикулярлық денешіктердіңРД морфологиялық ерекшеліктері

    Ұяшықталған құрылымды, ipi (1200 нм) бөлшектер;

    Романовский-Гимзе бойынша көкшіл түске боялады. Жасуша ішінде көбейе алатын түрге жатады: бинарлы бөлініп, цитоплазмада қосынды денешіктер түзеді.

    ДАҚЫЛДАНДЫРУ БИОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:

    Хламидияларды диагностикалық мақсатта бөліп алуды дамып келе жатқан тауық эмбриондарының саруыз қапшықтарының эпителий жасушаларында және жасуша дақылдарында жүргізеді.

    Дамыуына 6-8 күн толған тауық эмбриондарының саруыз қапшығына жұқтыру ұзақ уақыттар бойы хламидиялық инфекцияларға этиологиялық диагноз кою ушін қолданылып келген ең нақты әдіс болды. Сезімталдылығы бойынша бұл әдіс жасуша дақылдарында хламидияларды диагностикалық мақсатта бөліп алумен тең. Хламидияларды диагностикалық мақсатта бөліп алу критерийлері:

    микроорганизмнің морфологиялық құрылымдарының және тұқымдастыққа тән антигендердің болуы. Бұл әдіс күрделі әрі ұзақ уақытты талап етеді.

    Спецификалык диагноз кою әдісі in vitro -дa дақылдандыру болып табылады. Әдіс «алтын стандарт» атауына ие болған. Қазіргі кезде хламидияларға сезімталдылығы жоғары жасушалардыңәр түрлеріқолданылады. Кез және жыныс мүшелерден алынған зерттеу затын жасуша дақылдарына ceyіп, хламидияларды бөліп алу, саруыз қапшығында дақылдандырудан әлдеқайда сезімтал болып келеді.Бұл әдістің артықшылығы 100% спецификалылығы мен жоғары сезімталдылығы. Бірақ бұл әдісті қолдануда оның қымбаттылығы, курделілігі және нәтижесін 72 сағаттан кейін ғана алуға болатындығы кедергі жасайды.

    Липополисахаридтік термостабильді антигені бар.

    С. trachomais-тің патогендік факторлары:

    • сыртқы мембрана ақуыздары (эстеразальді белсенділік, адгезиндер), эндотоксиндер (ЛПС),

    • персистенттік факторы.

    C.pnewnoniae -ның патогендік факторлары:

    • адгезиндер,

    • эпителиоциттер мен лимфоциттердің инвазивтік факторлары болып табылады.

    C.psittaci эндотоксин түрінде улы зат түзеді.

    Қоздырғыш дезинфекциялық заттар әсерінен және қыздыру кезінде инактивицияланады,дегенмен кептіруге, мұздатуға төзімді.Қоршаған ортада 2-3 аптаға дейін сақталады.

    РИКЕТТСИЯ

    ТАКСОНОМИЯСЫ:

    • Тұқымдастығы – Rickettsiaceae

    • Туыстастықтары – Rickettsia, Orientia, Ehrlichia, Coxiella.

    • Rickettsiaceae тұқымдастығы альфа-1 – протеобактериялар класына жатады және 3 туыстық кіреді: Rickettsia, Orientia, Ehrlichia. Coxiella туыстығы осы тұқымдастықтан шығарылып гамма-протеобактериялар класына жатқызылған. Альфа-2 - протеобактерияларға Bartonellaceae тұқымдастығы жатқызылған.

    МОРФОЛОГИЯСЫ:

    Риккетсия жасушалары полиморфты:

    • кокк пiшiндi, овоидты-эллипсоидты, диаметрі 0,2 - 0,5 мкм, гомогенді – дәнді, осы пішінде иесінің жасушасында жиі кездеседі, бұл пішін қоздырғыштың жедел жасуша іші көбейгенін көрсетеді.

    • таякша пішіні - ұзындығы 1-4 мкм, протоплазмасы нашар боялатын, eкi шетінде бip дәннен орналаскан, қоздырғыштың интенсивті көбеюімен сипатталады;

    • жіп тәрізді немесе «мицелиальды» - ұзындығы 10-40 мкм нашар боялатын көп дәнді протоплазмамен,инфекцияның басталумен сипатталады;

    • ұзынша таяқшалар - 0,5 х 3 - 4 мкм, eкі ұшында 2 - 4 жұп дәндері (үлкендігі 20 - 70 нм) бар, баяу көбеюмен сипатталады.



    Вирустар сияқты,риккетсиялар майда пішінді микроорганизмдерге жатады және мезоэндотелия жасушаларының ядросы мен цитоплазмаларында өсіп өнеді. Қарапайым қоректік орталарда өспейді, тipi және ауыспалы жасушаларда дақылданады. Бактерияларға ұқсас нуклейн кышқылының 2 түpi (ДНҚ мен РНҚ) бар, көп қабатты жасуша қабығы бар жэне цитоплазмасында дәнге ұқсас қосындылары бар, L-пішінге өте алады, гемолизин,токсиндер түзеді, фагтары бар. Арнайы антигендік қасиетке ие.

    Тауық эмбрионының сары уыз қапшығында, жасуша дақылында және сезімтал

    жануарларда (тышқан, теңіз шошқасы, ор қоян) өсіреді.
    1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   166


    написать администратору сайта