все тесты микр. Микра 80. Сибирская язва относится к роду
Скачать 2 Mb.
|
30. Туберкулездегі иммунитеттің ерекшеліктері. Манту Сынамасы.Аллергиялық сынама. Сынама қою үшін ақуыздардан тазартылған қоректік ортада өсірілген, кептірілген туберкулин ППД (PPD- Purified Protein Derivative) пайдаланады. Ол үшін М.tuberculosis пен М.bоvіs дақылдарын жоғары температурада өлтіріп, ультрасүзгіден өткізіп, консервант ретінде 0,005% твин-80 стабилизатор ерітіндісінде, 0,01% хинозол қосып дайындайды. Препарат 5мл-лік флаконда (50 дозалы), 3 мл-лік флаконда (30 дозалы) шығарылады. Біріншілік туберкулезбен ауырғанды анықтаған кезде, балалар мен жас өспірімдерге терішілік туберкулин енгізгенде, «вираж» 6 мм немесе одан үлкен болса, «оң» нәтиже деп диагноз қойылады. Манту сынамасын білектің іш жағына қояды. Манту сынамасы вакцинациядан кейінгі және инфекциялық аллергияны көрсетеді. Манту сынамасының нәтижесін төмендегі көрсеткіштер бойынша тіркейді: теріс - гиперемия иненің орнында 2 мм ғана болғанда; күмәнді -папула немесе гиперемия 2-4 мм болса; оң – 5-17 мм папула балалар мен жасөспірімдерде, 5-21 мм үлкендерде болса; гиперергиялы – 17 мм-ден үлкен папула балалар мен жасөспірімдерде, 21 мм үлкендерде болса. Туберкулиндік диагностика – туберкулез микобактериясының жұққандығын анықтайтын әдіс. Бұл диагностика үшін туберкулин қолданылады. Туберкулин – туберкулез микобактериясы жасушасының элементтерінен тұрады, диагностика мақсатында қолданылады. Туберкулиннің бағалы қасиеттерінің бірі оның спецификалықтығы, себебі оны енгізгенде жауапты жұққан ТМБ немесе БЦЖ егілген ағза береді. ТМБ жұқпаған және БЦЖ егілмеген ағза туберкулинге реакция жасамайды. Туберкулинді 1890 жылы алғаш рет Роберт Кох ашты. Кохтың ескі туберкулині – АТК (Alt – tuberaіlіnum Kochі) – ТМБ-ның 6-9 апталық фильтраты. Ол 1 сағатта ағынды бумен тазаланып, 90 С температурада 1/10 көлеміне дейін қоюлатылған, етті пептонды 5% глицерин сорпасында өсірілген. Қазіргі кезде АТК-ны синтетикалық ортада дайындайды. АТК-ның белсенді әсер жасайтын туберкулиннен басқа, қоректік ортаның көптеген балласты заттарынан тұратын болғандықтан, қазіргі кезде көбінесе тазартылған құрғақ туберкулинді – РРД (Purіcіcі Proteіn Derіvate) қолданады. Кеңес елінде құрғақ тазартылған туберкулинді 1939 жылы М.А.Линникова ашты, сондықтан ол ППД-Л деп аталады. Құрғақ эритроцитарлы туберкулезді антигенді диагностикалауы – туберкулез клиникасында процестің белсенділігін және емдеудің нәтижелілігін анықтауда иммунологиялық тест түрінде қолданылады. Туберкулиндік диагностика – БЦЖ-мен егу жүргізгеннен кейін немесе вирулентті туберкулез микобактериясының жұғу нәтижесінен кейін, туберкулинге пайда болған баяу типтегі жоғарғы сезімталдылықты анықтауға негізделген әдіс, енгізгеннен кейін 6 сағаттан кейін басталады. Мұндай феноменді алғаш рет Роберт Кох суреттеген. Бірақ аллергия терминін алғаш рет Австрия ғалымы Пирке 1907 жылы қолданған, «аллос» – алғашқы жағдайдан ауытқу және «ергос» – сезімталдық, яғни өзгеретін сезімталдық деген ұғымды білдіреді. Әрбір аллергиялық реакцияның негізінде спецификалық сенсибилизацияланған организмдегі антиген-антидене реакциясының тінді зақымдау әсері жатады. Туберкулиннің антиденені алып жүретін жасушалармен (лимфоциттер, макрофагтар) байланысқа түсуі нәтижесінде – бұл жасушалардың бір бөлігі өледі де, оң туберкулин реакциясына тән қабыну пайда болады. Бұл қабыну туберкулин енген тері бетінде айқын байқалады. Туберкулин реакциясының патоморфологиясы бастапқы кезеңде (24 сағат) ісік және экссудациямен сипатталады, кейінірек (72 сағат) – негізінен гистиоцитарлық монокулеарлы реакциямен сипатталады. Үлкен некрозды гиперергиялық реакциялар кезінде енгізген жерде эпителиоидты және алып жасушадан тұратын арнамалы элементтер байқалады. Жергілікті реакциядан басқа, теріде дене қызуының көтерілуімен, бұлшық еттер мен буындардың ауырсынуымен сипатталатын организмнің жалпы реакциясы және әр түрлі мүшелерде спецификалық зақымданған жерінде ошақты реакция пайда болуы мүмкін. Соңғы реакция туберкулез процесінің белсенділігін білдіреді. ТМБ жұққан немесе ауру адам ағзасының сезімталдығы әр түрлі болады: айқын (гиперергия) – 15 мм және жоғары, нормергия – 5-14 мм, теріс – теріс анергия, туберкулез жұққан ағза туберкулездің ауыр түрлерінде милиарлы туберкулез, туберкулез менингитінде және т.б. 52. В лимфоциттері: антигенді тану, иммундық жауаптағы функциялар.В-лимфоциттер барлық лимфоцитердің 15% үлесін құрайтын көбінесе эффекторлық иммунды жауапты жасушалар. Олар 2 популяцияға бөлінеді: «әдеттегідей» СД5- маркері жоқ лимфоцит және СД5+ маркері бар В1-лимфоциттер. Электрондық микроскоппен қарағанда В–лимфоциттердің сырты бұдырланған, СД 19-22 маркерлері анықталатын жасушалар болып көрінеді. Сонымен қатар В-лимфоциттер гуморалдық иммунитеттің құрылуына, В-жасушалық иммунологиялық есте сақтауда және де гиперсезімталдықтың жедел түріне қатынасады. В-лимфоциттердің жетілуі алғашында сүйек кемігінде өтіп, одан кейін бастаушы жасуша түрінде иммундық жүйенің шеткі органдарында өтеді. В1-лимфоциттер антидене өндіретін жасушалардың арасында ең ерте пайда болғаны деп саналады. Олардың мембранасында СД5 маркерлер бар. Бұл жасушалар микробтардың полисахаридті, липидті антигендеріне төменгі аффинды IgА, IgМ бөліп шығарып, шырышты қабықты шартты патогенді бактериялардан иммунды қорғауды қамтамасыз етеді. 10-билет |