Главная страница
Навигация по странице:

  • 54. Бастапқы және қайталама иммундық жауап. Иммунологиялық жады.

  • Стационарлық фазада

  • Стационарлық фаза- 15-30-шы тәулікке

  • все тесты микр. Микра 80. Сибирская язва относится к роду


    Скачать 2 Mb.
    НазваниеМикра 80. Сибирская язва относится к роду
    Дата02.02.2022
    Размер2 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлавсе тесты микр.docx
    ТипДокументы
    #349861
    страница50 из 166
    1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   166

    28. Көкжөтел: зертханалық диагностика, нақты алдын-алу және емдеу.


    Микробиологиялық диагноз қою. Зерттелетін материал - жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышы. Зерттеу материалын екі жолмен алады: тампонды және жөтел пластинкасы әдістері. Екі түрлі тампонды қолданады: құрғақ және ылғалданған. Құрғақ тампонмен алған материалды тығыз қоректік ортаға жедел себеді, ал ылғалданған тампонмен алғанда зертханаға себуге 2-4 сағатта жеткізу керек. Диагноз қоюдың негізгі әдісі - бактерологиялық. Бұл әдіс бойынша тығыз қоректік орталарға - әлсіз гемолиз аймағы бар, ұсақ, күмбез тәрізді тегіс колониялар өсетін Борде-Жангу ортасына (картоп-глицеринді қанды агар); сүтті - қанды агарға; ұсақ сұр-крем түсті колониялар өсетін казеинді-көмірлі агарға (ККА - КУА) себеді. Таза дақылды морфологиялық, дақылдық және антигендік қасиеті бойынша идентификациялайды.

    Зерттеудің бірінші күні. Тамопмен алынған материалдарды бір-екі Петри табақшаларына (Борде- Жангу ортасы немесе KKA және алдын-ала пенициллин-мен немесе бициллинмен қосалқы микрофлорасын басқанортасы бар) себеді. Себілген орталарды температурасы 37°C 72 сағат инкубациялайды.

    Зерттеудің төртінші күні. Табақшаларды күмәнді колонияларға зерттейді. Қоректік ортада күмәнді колонияларды байқағанда қиғаш казеинді-көміірлі агарға седеді. Колониялардан жағынды дайындап, Грам әдісімен бояп, микроскопта қарайды. Заттық шыныда агглютинация реакциясын адсорбцияланбаған арнайы түрлік сары сумен қояды. Көкжөтел және паракөкжөтел қоздырғыштарын дифференциациялау үшін уреазаға сынама, қиғаш ЕПА егеді, жартылай тығыз ортаға сеуіп қозғалғаштығын анықтайды және Симмонс ортасына себеді.

    Зерттеудің бесінші-алтыншы күні. Идентификация нәтижелерін талдайды. Көкжөтел микробының сероварын анықтайды. Қорытынды жауап береді. Бактериялардың идентификациясы үшін флюрохроммен таңбаланған Bordetella pertussis пен Bordetella parapertussis-ке қарсы антиденелерді қолдана отырып ИФР-ын (жедел диагностика) жүргізеді. Ретроспективтік диагноз қою үшін серологиялық әдіс қолданылады: Bordetella pertussis токсині мен гемагглютиніне қарсы IgG және IgA анықтау (АР, КБР, ПГАР, ПТР).

    Емдеуі. Көкжөтелдің ауыр жағдайында антибиотиктер (эритромицин, тетрациклин, левомицетин), қалыпты гомологиялық иммунды глобулин тағайындалады. Салқын таза ауа, антигистаминді препараттар ұсынылады.

    Алдын алуы. Көкжөтелге қарсы арнайы сақтандыру үшін адсорбцияланған көкжөтелді-дифтериялы- сіреспе вакцинасын (АКДС) қолданады. Балаларға 3 айдан бастап енгізіледі. 1 жасқа дейінгі балаларға және ауру адаммен қатынаста болғандарға адамның қалыпты иммунды глобулинін енгізеді. АКДС-М құрамы: 1 фазадан тұратын В.pertussis-тің өлі дақылы, көкжөтел токсині, агглютиногені, капсулалы антиген, дифтериялық және сіреспелік анатоксин. Қазіргі уақытта құрамында тазартылған көкжөтел бордетеллаларының антигендері орналасқан - филаментті гемагглютинин, пертaктин, агглютиноген немесе пертуссис-анатоксині бар суббірлік вакциналар қолданылады (ацеллюларлы, субкорпускулярлы).

    54. Бастапқы және қайталама иммундық жауап. Иммунологиялық жады.


    Жалпы иммунды жауап ағзаға антиген енгеннен соң басталады. Бұдан кейін оған қарсы антидене өндіру процесі басталады. Антигенге қарсы антидене өндірілудің өзіндік ағысы бар. Оны сарысулық иммундыглобулиндерінен байқауға болады. Ол латенттік (индуктивті), логарифмдік, стационарлық және төмендеу фазалардан тұрады.

    • Латенттік фазада - антиденелер өндірілуі өзгермейді, іс жүзінде негізгі деңгейде қалады. Бұл мезгілде антиген туралы мәлімет өңделіп және антидене өндіретін жасушалар клоны өсіп-өнеді.

    • Логарифмдік фазада - антигенспецификалық В-лимфоциттердің саны қарқынды көбейеді. Соған сәйкес антиденелердің титрі күрт көтеріледі.

    • Стационарлық фазада - спецификалық антиденелердің, және де оларды өндіретін жасушаларының саны ең жоғарғы деңгейіне жетіп, тұрақталады.

    • Организм антигеннен арылып, антигендік тітіркендіру доғарылғандықтан келесі - төмендеу фазасы басталады. Бұл фазада антидене өндіруші жасушалардың саны азайып антиденелердің титрі төмендейді.

    Антидене өндірілуі уақытпен шектелген. Сонымен қатар, ол процесс олардың антигенмен бірінші, не екінші рет кездесуіне байланысты. Алғашқы рет кездескенде - біріншілік иммундық жауап дамиды. Бұл кезде латенттік фаза (3-5 тәулік) және логарифмдік фаза ұзақ уақытқа (7-15тәулік) созылады. Спецификалық антиденелерді тек қана иммунизациялауды бастағаннан кейін 10-14-ші тәулікте анықтауға болады. Стационарлық фаза- 15-30-шы тәулікке созылып, ал төмендеу фазасы 1-6 айға дейін барады.

    Иммундық жүйе сол антигенмен кайта кездескенде - екіншілік иммунды жауап кұрылады. Біріншілік иммундық жауаппен салыстырғанда екіншілікте латенттік фазасы-қысқартылған (бірнеше сағаттан 1-2 тәулікке дейін). Логарифмдік фазасы қарқынды және антидененің титрі өте жоғарғы деңгейлі. Стационарлық және төмендеу фазалары ұзарған жүрісімен сипатталады (бірнеше айдан жылдарға дейін). Екіншілік иммунды жауапта организм көбінесе бірден IgG- ны синтездейді. Организм антигенмен қайталап кездескенде осындай шапшаң және белсенді иммунды реакция, яғни екіншілік иммундық жауап құрылады. Бұл көрініс иммунологиялық есте қалу(жады) деп аталады. Соның себебінен біріншілік жауаптан кейін қалған В-лимфоциттер жедел және қарқынды өсіп антиденені шапшаң синтездеуге кіріседі.

    8-билет
    1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   166


    написать администратору сайта