Главная страница
Навигация по странице:

  • Зерттеу материалы

  • Романовский-Гимзе әдісі бойынша препаратты бояп , тексеру.

  • Морозов бойынша күмістендіру

  • Бактериологиялық зерттеу әдісі

  • Серологиялық әдіс. Серологиялық

  • Вассерман реакциясын

  • Микропреципитация реакциясын

  • все тесты микр. Микра 80. Сибирская язва относится к роду


    Скачать 2 Mb.
    НазваниеМикра 80. Сибирская язва относится к роду
    Дата02.02.2022
    Размер2 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлавсе тесты микр.docx
    ТипДокументы
    #349861
    страница58 из 166
    1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   166

    33. Мерездің зертханалық диагностикасы.


    Мерез - Treponema pallidum, (pallidum T y p in e c i ) тудыратын жүйелі созылмалы, жұқпалы,венерологиялық ауру.

    Мерез тек антропонозды инфекция. Инфекция көзі - ауру адам. Неғұрлым жиі және непзп жұғу жолы - жыныстық қарым-қатынас арқылы. Cay адамға жұғу үшін жұқтырушы адамның шырышты қабаттарында немесе теріде эрозиялы, жаралы элементтер байқалу керек деген түсінік бар.Қоздырғыш ену үшін кішігірім жарақаттар болуы керек деп саналады.

    Зерттеу материалы: шанкр бөліндісі (I кезең); бөртпе бөліндісі лимфа түйіндерінен пунктат (II кезең); қан (II, III, III кезең); жұлын сұйықтығы (IV кезең). Бактериоскопиялық зерттеу. Қатты шанкр бөлінділерінен, бөртпелерден, лимфа түйіндерінен пунктат алып бозғылт трепонеманы анықтау үшін түнек айдынды микроскоппен карайды. Ол үшін зерттеу материалынан «езілген» тамшы әдіспен препарат дайындайды. Оң нәтижелі болса нәзік,ұзындығы 6-14мкм болатын біркелкі 10-12 иірімі бар ирекше микроорганизмдер аныкталады. T.pallidum болса қозғалысы маятник тәрізді немесе иіліп, жазылып қозғалады. Ауыз қуысындағы шанкрден анықталса, онда баска сапрофиттік трепонемалардан ажырату керек. Ол үшін сол мандағы лимфа түйіндері пунктаттарынан қоздырғыш табылуы керек.

    Романовский-Гимзе әдісі бойынша препаратты бояп, тексеру. Фиксациядан кейін (3-4 мин. 4% формалинмен 2 сағат өңдеу) жағындыны 2 - 4 сағат бойы бояйды немесе бу шыққанша кыздырып бояйды,бояуды бірнеше рет ауыстырып отырады, соңғы бояу 5 минут ұсталады. Боялған препараттарды сумен шайып, ауада кептіреді. T.pallidum бозғылт - қызыл түске боялады, басқа микрофлора өкілдері – күлгін түске боялады.

    Морозов бойынша күмістендіру кезінде T.pallidum қара немесе қошқыл қоңыр түске боялады. Бурри бойынша боямай қарағанда бұрамалары жақсы көpiнeдi.

    Екіншілік жэне Yшiншiлiк мерез кезінде дәл осындай әдіспен теріден алынған материалдарды зерттейді.

    Бактериологиялық зерттеу әдісі қоздырғыш жасанды қоректік орталарда нашар өсетіндіктен қолданылмайды.

    Жеделдетілген зерттеу әдici: Төте ИФР қолданылады, ол үшін зерттеу материалының жағындысын 10 минут ацетонда фиксациялап, T.pallidum - те қарсы таңбаланған ФИТЦ антиденелерімен өңдейді. Сонымен бipre ИФР - биопсиялық және аутопсиялық материалдармен де қояды, бірақ алдын ала 10% бейтарапты формалинде 24 сағат өңдейді.Люминесценттік микроскопта трепонемаларға тән морфологиялық жарқырау байқалады.

    Серологиялық әдіс. Серологиялық диагноз қою үшін 2топтық тесттер қолданылады:

    • Спецификалық – иммобилизация рекциясы,жанама ИФР(зерттелушінің қан сарсуымен қойылатын иммунды флюреценттік микроскопия), ИФТ РИГА

    • Бейспецификалық – кардиолипидтті антигендері бар тесттер қатысады, атап айтқанда – КБР (Вассерман реакциясы) қан сарысуымен қойылады және плазмамен қойылатын скринингдік жеделдетілген әдістер – микропреципитация тесті.

    Бейспецификалық тесттер липопротеиндік және басқа липоидты антигендерге қарсы түзілетін антиденелерді табуға негізделген.Мұндай антигендер макроорганизмнің жасушалары зақымдалғанда пайда болады.

    Вассерман реакциясын қою үшін қан сарысуы және жүйке жүйесі зақымданғанда жұлын сұйықтығы қолданылады. Реакцияны дайын антигендермен қояды:

    • Спецификалық антигендер – дақылда өсірілген Рейтер трепонемаларын ультра дыбыспен бұзып алады

    • Бейспецификалық – өгіз жүрегінің липидтік фракциясы.

    Тәжірибені бастамас бұрын антигендерді НХИ – натрий хлоридының изотоникалық ерітіндісімен 1:5 ке қатынасындай мөлшерде араластырып алады.Бақылауға оң нәтижелі-науқас адамның және теріс нәтижелі- сау адамның сарысуы қолданылады. Оң нәтижелі кезде гемолиз кідірісі байқалады, ал теріс нәтижелі болса эритроциттердің гемолизі байқалады.

    Мерездің біріншілік кезеңінде реакция теріс нәтижелі болады. 50 пайыз жағдайда Вассерман реакциясы 2-3 аптадан соң оң нәтижелі болады.

    Екіншілік және үшіншілік мерезде 75-90 пайыз оң нәтижелі болады.

    Дұрыс емделу болса, вассерман реакциясы теріс нәтиже көрсетеді.

    Мерездің кеш сатыларында жұлын сұйықтығына вассерман реакциясын жасайды. Бұл кезде жұлын сұйықтығын инактивациялау болмайды,себебі жұлын сұйықтығында комплемент жоқ.Тәжірибеге сұйылтылған және сұйылтылмаған жұлын сұйықтығы алынады. Жұлын сұйықтығына колмплентті оның титріне сәйкестендіріп қояды.

    Микропреципитация реакциясын тұрғындарды жаппай тексеру үшін қолданады. Реакцияны бейспецификалық антигендермен тексеруге алынатын қан сарысуы жэне плазмамен қояды. Реакция плексигласты пластинка ойықшасына немесе зат әйнегіне 3 тамшы сарысу және 1 тамшы кардиолипидтік антиген араластырылады. Оң нәтиже - мамық тәрізді тұнбаның түзіуі, ал тepic болса – біркелкі лайлану.

    Оң нәтиже бойынша болжамдап диагноз қоюға болады, ондай адамды тіркеуге алып,ертерек зерттеу жүргізеді.

    ИФР - жанама ИФ реакция мерезді анықтаудың спецификалық әдісі болып есептеледі. Антиген ретінде тіндік трепонемалардың қоспасын қолданады. Науқас сарысуын Вассерман реакциясындағыдай инактивациялайды да 1:200 қатынасына дейін сұйылтады. Заттық әйнекшеге антиген тамызып, кептіріп, ацетонда 5 минут фиксациялайды. Препаратттың бетіне наукастың сарысуын тамызып, 5 минуттан соң шайып тастап, кептіріледі. Келесі кезеңде препаратты адамның иммундыглобулиндеріне қарсы флюоресцирлеуші сарысумен өңдеп, дайын болған препаратты люминисцентік микроскопта қарайды. Нәтижесінде трепонемалар жарқырап көрінеді.
    1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   166


    написать администратору сайта