все тесты микр. Микра 80. Сибирская язва относится к роду
Скачать 2 Mb.
|
34. Инфекция механизмі және эпидемиялық және эндемиялық іш сүзегінің патогенезінің ерекшеліктері.Іш сүзегі – Salmonella typhi бактерияларымен қоздырылатын, жедел антропонозды жұқпалы ауру. Іш сүзегін алғаш К.Эберт 1880 жылы өлген адамның көкбауырынан, лимфа түйіндерінің кесіділерінен тапқан. 1884 жылы Т. Гаффки коздырғыштың таза дақылын бөліп алды. Іш сүзегі мен тек қана адамдар ауырады. Бұл таза антропоноз. Инфекцияның көзі – науқас адам немесе бактериятасымалдаушы. Олар қоздырғышты нәжіспен,несеппен,сілекеймен сыртқы ортаға шығарып отырады.Қоздырғыш үшін қолайлы орта сүт,кілегей,ірімшік,ет фаршы есептеледі. Қоздырғыштың бөлінуі жасырын кезеңнің соңында басталып, аурудың барлық ағымында жалғасады. Сондай-ақ адамның өмір бойына бактерияның бөлінуі жалғасып отыруы да мүмкін. Инфекция көзі, жұғу жолдары, патогенез ерекшеліктері және инфекциялық көрінісіне байланысты салмонеллалар тудыратын аурулардың бірнеше түрлерін ажыратады: iш cүзегі мен парасүзектер, салмонеллездер (тағамдық астан уланулар), госпиталды (ауруханаішілік, нозокомиалды) салмонеллез. Kөбінece 15 пен 40 жас аралығындагы адамдар ауырады. Аурудың жұғу жолдары: су арқылы, азықтүлік өнімдері арқылы (алиментарлы) тұрмыстықконтактілі. Егер ауру залалсызданған құдықтан суды пайдаланумен байланысты болса, онда ауру ошақтық сипатқа ие болады. Ауруға барлық адамдар сезімтал. Іш сүзегіне қабілеттілік жоғары, ол адамның жасы мен жынысына байланысты емес. Ауруды бастан кешкеннен соң тұрақты иммунитет дамиды. Бұл ауруларға жыл мезгілдері әсер етеді. Аурудың әсіресе өршу мезгілі – шілдеден бастап, қыркүйек-қазан айларында болады. Патогенезі. Қоздырғыштар ауыз арқылы ағзаға түсіп, ащы ішекке жетеді, оның лимфа түйіндерінде көбейіп, қанға түceдi, бактериемия дамиды. Қан арқылы агзаның барлық мүшелерге таралып, паренхиматозды мүшелерге енеді (көкбауыр, бауыр, бүйрек, сүйек кемігі), макрофагтарда, өт қабында көбейеді. Аурудың2-ші аптасының соңында қоздырғыш организмнен несеп, ана сүті, сілекей арқылы бөліне бастайды. Бактериялар бұзылғанда интоксикация тудыратын эндотоксин бөледі. Салмонеллалар ұзақ, тіпті өмір бойы сақталатын өт қапшығынан, олардан ащы ішектің лимфа түйіндеріне қайта түседі. Салмонелланыңқайта түсуінің нәтижесінде лимфа түйіндерінің некрозымен бейнеленетін аллергиялық реакция пайда болады. Салмонеллалар ағзадан зәр және нәжіс арқылы шығарылады. Жасырын кезеңі 12-14 күнге дейін созылады. Ауру негізінен дене температурасының жоғарылауымен, жалпы ағза интоксикациясымен,әлсіздік пайда болуымен,ұйқының бұзылуымен, қалжыраумен,тәбеттің төмендеуімен байқалады. Іш сүзегі үшін ақыл естің ауысуы,қан қысымының бұзылысы, бөртпелердің пайда болуы тән. Аурудың асқынулары – перитонит, ащ ішектін лимфа түйіндерінің некрозы әсерінен ішектік қан кету. ЭПИДЕМИЯЛЫҚ ҚАЙТАЛАМА СҮЗЕК Наукастыңқанын сорған кезде коздырғыш бит ішектерге түседі.Бір тәуліктен соң олар гемолимфағаөтeдi, 12 күннің ішінде максималды жағдайға дейін көбейіп үлгepeдi. Қан сорғаннан соң 5 күннен кейін бит жұқпалы болады. Borrelia recurrentis биттердің нәжісімен бөлінеді. Бит шаккан кезде нәжіс тepiгe тастайды, сол жеріқышиды, оны қасыган кезде зақымданған тepi арқылы қоздырғыш қанға түседі.Зepтxaнaiшiлiк жұғу жолы - қоздырғыш наукастың шырышты қабығынатүскенде және операция кезінде жұғады. Инфекцияның таралуына келесі факторлар әсер етеді:тұрғындардың жиі орналасуы, кедейшілік, антисанитария, әcipece соғыс және табиғи апаттар кезінде. XX ғасырда эпидемиялық қайталама сүзектің пандемиясы Батыс Европада, Орта Азияда, және Африкада 5 млн. жуық адамдарды өлімге ұшыратты. Ауру көбiндe қыс айларының басында және көктемде басталады. Жасырын кезеңі 3-14 тәулік. Наукастанушылық дене температурасының 39 - 40°С дейін көтерілуінен басталады. Басы ауырады, миалгия, құсу, көк бауырдың iciнyi, тepi беткейінің сарғаюы (60 -80% жағдайда). Қызба 6 -7 тәулікке созылады. Лимфомакрофагалық жүйе жасушаларына түскен спирохеталар көбейеді сосын қан тамырларына eнiп, спирохетемия дамиды. Науқастың қанында антиденелер түзіледі - спирохетолизиндер, солардың және комплементтің қатысуымен лизис және қоздырғыш жасушасының бұзылуы болады. Бұл кезде эндотокиндер және басқа да пирогенді заттар қанға түсіп, дене температурасының бірінші 39 - 40°С дейін көтерілуіне, ОЖЖ, ағзалар мен тіндердің зақымдануына, токсикозға, құрылымдық бұзылыстарға әкеледі. Терінің және көздің қасаң қабығының сарғаюы, беттің, конъюнктиваның қызаруы, кейде розеолалы бөртпе дамиды. Зәрде ұстама кезінде ақуыз деңгейінің жоғарылауы - тромбоцитопения, олигоурия байқалады. Антиденелердің әсерінен боррелиялардың қырылуы басталады және басқа антигендің варианттың селекциясы жүреді, олар тез көбейеді. Боррелиялардың жаңа генерациясы қанға 7 күннен соң түседі (апирексия кезеңі - қызбаның болмауы). Бұндай кезеңдер қайталанып отырады да қызба қайта көтеріледі. Ұстамалар 5-6 ретке дейін қайталануы мүмкін, қызба кезеңінің ұзақтығы төмендеп, керісінше апирексия жоғарылайды. Айығу қоздырғыштың барлық антигендік варианттарына макроорганизм антиденелер түзген уақыттан басталады. Спирохеталар плацента арқылы өтуге қабілетті, нәтижесінде түсік тастауға және жаңа туылған нәрестеде қызбаның қайталануына әкеледі. Асқынулар балаларда және әлсіреген науқастарда байқалады. Ол кезде көк бауырдың қабынуы болуы мүмкін. Өлім-жітім бұрынырақ 15% (асқынған жағдайда 50-60%-ға) жететін, антибиотиктерді қолдану нәтижесінде бұл көрсеткіш төмендеді. Иммунитеті. Гуморальды, агглютининдер, спирохетолизиндер түзіледі. Ауырып жазылған соң қалыптасатын иммунитет тұрақты емес, қайта ауырған жағдайларда кездескен. ЭНДЕМИЯЛЫҚ ҚАЙТАЛАМА СҮЗЕК Эпидемиологиясы. Табиғатта боррелияларды кеміргіштерден аргас кенелері тасымалдайды және қоздырғышты трансовариалды жолмен ұрпақтан ұрпаққа беріп отырады. Адамға Ornithodorus туыстастығына жататын кенелер шаққанда жұғады. Эпидемиялық және эндемиялық қайталама сүзек қоздырғыштарын биологиялық сынама арқылы ажыратады. Кенелі қайталама сүзектер табиғи ошақты ауруларға жатады. Негізгі эпидемиологиялық көріністері ауылдық ошақтармен байланысты. Боррелиялардың симптомсыз тасымалдаушылары жылы қанды жануарлар (кеміргіштер, кірпілер, жарқанаттар және т.б.) және жәндік қоректі салқынқандылар (кесірткелер, тасбақалар және т.б.). Сонымен бірге кенелерде тасымалдаушы болады, олар қоздырғышты трансовариалды жолмен (жұмыртқасы арқылы) еш өзгеріссіз, барлық даму циклынан өте отырып, жылдар бойы сақтай отырып, 5 - 6 ұрпағына дейін береді. Жұмыртқасынан басқа, личинкалары, нимфалары, ересек түріде (имаго) қоздырғышпен жұқтырылады. Аргас кенелерінде тасымалдаушылык 10 - 15 % жағдайда кездеседі. Қоздырғыш кене шаққанда жұғады. Науқастанушылық тропикалық және субтропикалық елдерде, сонымен бірге оңтүстік аймақтарда және қолайлы климаттық жағдайы бар мемлекеттерде (Африка, Америка, Евразия) жиі кездеседі. Клиникалық көріністері. Кене шаққан орында аздаған қанау, төмпешік, айналасы қызарған шеңбермен қоршалған зақымдану пайда болады. Жасырын кезеңі кене шаққан уақыттан бастап 5– 14 күн. Науқастарда температурасы көтеріледі (38 - 39, кейде 40°С). Қызбалық кезең 1 - 5 күнге созылады, бас ауру, кейбір аймақтағы бұлшық еттерде (әсіресе балтырдың) ауыру сезімі, интоксикация, беттің сарғаюы дамиды. Зәрде ақуыз табылады. Апирексиялық кезең басталады, яғни дене температурасының 35,6 °С дейін төмендеуі және әлсіздік. Қызбалық ұстама 5- 7 күннен кейін қайталанады, кейіннен 1- 2 күнге дейін қысқарады, кейде бірнеше сағатқа дейін болуы мүмкін. Ұстаманың саны 3 - тен 28 - ге дейін, орташа саны 8 - 12. Ауру 1 - 2 айға созылады. Ауру жазылумен аяқталады, кейде асқыну байқалады. Өлім – жітім сирек кездеседі. |