все тесты микр. Микра 80. Сибирская язва относится к роду
Скачать 2 Mb.
|
44. Нақты иммунитет – белсенді, пассивті, табиғи, жасанды: ұғымдарды, механизмдерді, мысалдарды анықтау.Журе пайда болган иммунитет - ол адамнын және жануарды онтогенез кезінде табиги немесе жасанды жолмен антигенмен карсы тұра кездесудiн нәтижесінде пайда болган сол , антигенге қарсы тұра алушылык . Табиги турде пайда болған иммунитеттін мысалы ретiнде жұқпалы аурумен ауырып сауыкканнан кейiн пайда болган иммунитетті келтіруге болады ( іш сүзегі , кул , тб . ) . Сонымен қатар , адам агзасында күнделікті өмірде кездесетін , біртіндеп иммунды жүйеге әсер ететiн микроороганизмдер түріне иммунитет болуы мумкін . Ондай жағдайды проиммуниция деп атайды . Мысалы , сау адамның қанында ішек қуысын мекендейтін калыпты микробтарға карсы антидене табуға болады . Осындай , арнайы жасалмаған , « жасырын » иммунитеттін зияны болу мумкiн ( иммунтапшылыгы , аллергия , т.б. иммундыпатологиялар ) . Түрлік иммунитеттің табиғи түрінен айрыкша , агзада арнайы багытталған жасанды иммунитет кұруға болады . Ол үшін вакцина, арнайы иммундыглобулиндер , қан сарысуынан немесе иммунды жауапты жасушалардан жасалынған препараттар қолданылады .Айтылган иммунитет түрін жұқпалы аурудын алдын - алу ушін колданып , « поствакциналдык >> деп атайды . Табиғи және жасанды түрде пайда болган иммунитет белсенді және енжарлы болып бөлінеді . Егерде карсы тұра алушылыкка агзаның механизімдерi кiрiсiп , антигенге карсы заттар өндіріліп шыкса , оны белсенді дейдi , ал агзага қарсы тұра алушылықтың дайын факторлары ( иммундыглобулиндер , иммундык кан сарсуы , иммундык лимфоциттер ) сырттан енгiзiлсе , ол енжарлы » иммунитет деп аталады . Табиги журе пайда болган белсенді иммунитет жұқпалы аурумен ауырып сауыкканнан кейін пайда болады . Табиги журе пайда болған енжарлы турi жана туган перзенттердiн ананың жатыры аркылы алынған антигенге карсы иммунитет факторларына негізделген . Жасанды журе пайда болған белсенді иммунитет деп вакцина егілгеннен кейiн пайда болған түрін айтады . Жасанды журе пайда болган енжарлы иммунитет дайын иммунитет факторларын агзага енгiзгенде қалыптасады 18-билет 19. Хеддельсон мен Райт реакциясы мен Бурне аллергиялық реакциясының мақсаты.Бруцеллездік антигенге организмнің сезімталдығын анықтау үшін теріішілік аллергиялық Бурне сынамасы қойылады. Бұл сынама білектің алақан бетіне 0,1 мл бруцеллин (3 апталық бруцелла дақылының сықпасы) енгізгенде жергілікті қабынумен жауап беруге негізделген. Реакция нәтижесі 24-48 сағаттан кейін ісік көлемі бойынша сантиметрмен өлшенеді. Егер енгізген жерде ісік 2 см-ден үлкен болса әлсіз оң, 2- 6 см - оң, 6 см жоғары - күрт оң болып есептелінеді. Теріде гиперемия мен ісік болмаса теріс нәтижеге саналады. Хеддельсон мен Райт реакциясы аурудың қан сарысуындағы антиденені анықтау үшін. Бұл сарыпта жүргізіледі 39. АИТВ-инфекциясы: қоздырғыштың сипаттамасы, патогенез, зертханалық диагностика.АИТВ - Ретровирус туқымдастығы, лентивирус туысына (немесе баяу вирус деп те аталады, себебі: қоздырғыш жұқтырылғаннан алғашқы белгісі көрінетін уақыт аралығы бірнеше жылды құрайды.) жататын лимфотропты вирус. РНҚ-лы вирустар (қос жіпшелі); Пішіні сфералық; Өлшемі 100-120 нм; Симметрия типі кубтық; Конус пішінді нуклеокапсид; Суперкапсид: липидті қос қабат; Патогенез: ЖИТС-тің қоздырғышы - АИВ қоздырғышы. АИВ адамның иммундық жүйесін зақымдайды. АИВ Т4–лимфоциттерде өсіп-өніп, оны жояды, адамда ЖИТС пайда болады. Иммунитет жеткіліксіздігінен организмнің бактерияларға, вирусқа және тағы басқа жұқпалы ауру қоздырғыштарына қарсы тұру күшінің әлсіреуіне әкеліп соқтырады. Зертханалық диагностика: ИФТ (иммуноферменттік талдау) – жоғары сезімталды және таңдамалы иммунологиялық реакция кезінде «антиген-антдене» қатынасын анықтауда қолданылатын лабораториялық әдіс. ИФТ екі мақсатта қолданылады: әр түрлі типтегі қоздырғыштарға қарсы түзілген антиденелерді және қандағы ІgA, IgM, IgG иммуноглобулиндер класстарын түзілуін анықтау болып табылады. Бұл тест 90% сенімді және селективтілігімен ерекшеленді. Иммундыблот (western blot) тест - қан сарысуында АИВ –қоздырғышына қарсы антиденелерді анықтау үшін қолданылады, жоғары сезімталдығымен және 99,9% сенімділігімен ерекшелінеді. ПТР (полимеразды тізбек рекциясы) – қазіргі кезеңде жаңа технологиялық, тез әрі нақты микробиологиялық зерттеу әдісі болып табылады. ПТР – диагностикасы кейбір ауру қоздырғыштарын мына әдістерде (иммунологиялық, бактериологилық, микроскопиялық) анықтуға қол жетпеген кезде қолданылады. ПТР-дің диагностикалаудағы жоғары спецификалы нәтижесі, зерттелетін материалдың, яғни инфекция қоздырғышының ДНҚ және РНҚ фрагментін анықтау үшін қолданылады. |