все тесты микр. Микра 80. Сибирская язва относится к роду
Скачать 2 Mb.
|
43. Ерекше емес иммунитеттің факторлары: гуморальды, жасушалық.Иммунитетті қалыптастыруга жасушалық және гуморалдық факторлар катысады. Сондыктан, белсенді иммунитет кұруға қандай факторлар басым кірісуіне карай (жасушальк немесе гуморалдык) жасуша-гуморалдык және гуморалды-жасушалык болып белінеді. Жасушалық иммунитеттін көрнекті мысалы - iсiкке және трансплантантка карсы түрі , өйткені басты ролді цитотоксикалык Т киллер - лимфоциттер атқарады . Токсинемиялык ауруларда ( сіреспе , ботулизм , кул ) иммунитеттiн негiзiнде антиденелер басым ( антитоксикалык антиденелер ) ; туберкулезде бастаушы ролді иммунитетке жауапты жасушалар ( лимфоциттер , фагоциттер ) арнайы антиденелермен косылып аткарады . Кейбір вирустык ауруларда ( кара шешек , кызылша , т.б. ) қарсы тұрушылыкты арнайы антиденелер негiздеп , жасушалык факторлармен жалгастырылады . Кебiнесе иммунитеттін жасушалық және гуморалдык фактолары бірлесіп коян - қолтық қызмет атқарады . Соның нәтижесiнде күрделі косынды жауап туады , бiрак , калай да болмасын , кандай фактор бағытты сапалы жұмыс аткарса , сонын iс - әрекеті үстемдеу келедi . Гуморальдық: антитоксикалық,бактерияға қарсы,вирусқа қарсы, саңырауқұлақтарға қарсы, ісіктерге қарсы,трансплантациялық,гельминттерге қарсы. 19-билет 20. Оба қоздырғышы: зертханалық диагностика, нақты алдын-алу.Оба (лат. pestis ) - Yersinia pestis тудыратын ауыр интоксикациямен, жоғары қызбамен, тepi, өкпе, және де лимфа жүйесінің зақымдалуымен, септицемиямен сипатталатын жоғары деңгейде өлім туғызатын (20-75%) жұқпалы ауру. Ауру аса қауіпті инфекция тобына кipeдi, халықаралық ережелермен бақыланады, сондықтан конвенциялық (кapaнтиндi) инфекцияларға жатады. Таксономиясы. Ауру қоздырғышын 1878 жылы Г.Н. Минх және 1894 жылы А. Иерсен мен Ш. Китазато Гонконгтағы оба эпидемиясы кезінде бip - бipiнeн бөлек ашқан. Тұқымдастығы: Enterobacteriaceae. Туыстастығы: Yersinia. Tүpi: Yersinia pestis. Морфологиясы: Yersinia pestis – полиморфты, ұсақ сопақша таяқша, талшықтары жоқ, спора түзбейді, нәзік капсуланы 37 ℃-та түзе алады, грам теріс, патологиялық материалдардан алынған жағындыларда биполярлы боялады. Микробиологиялық диагноз қою. Барлық зерттеулер арнайы зертханаларда, қорғаныш киімдерімен жүргізіледі. Зерттеу материалы бубон пунктаты, қақырық, қан, нәжіс, мәйіттер, өлген жануарлар ағзаларының бөлшектері болып табылады. Зерттеудің бірінші күні. Әкелінген материалдан жағынды дайындайды, оны ауада кептіреді, Никифоров ерітіндісінде 20-30 минут фиксациялайды. Жағындыны Грам әдісімен және метилен көгімен бояйды. Жағындыларды микроскопта қараған кезде, алдын-ала болжамдау диагноз қоюға мүмкіндік беретін, биполярлы боялған грамтеріс сопақша таяқшалар анықталады. Люминесцентті сары суымен боялған жағындыда арнайы жарқыраған оба микробтары көрінген болса алдын-ала болжамдау диагнозының дұрыстығын көрсетеді. Нативті материалда оба микробының 1- фракциясын анықтау үшін иммуноглобулинді және антиденені антигендік диагностикуммен немесе обаға қарсы люминесцентті сары суымен өңдейді, ал кейінгі кезде ПГАР және антигенді бейтараптау реакциясы иммундыглобулинді диагностикуммен оба микробына қарсы Ғ1 антиденелерді ауру қанынан анықтау үшін қолданады. Басқа микробтан таза зерттеу материалдарын өсіргіш заттар қосылған(қан,натрий сульфиті және т.б.) Хоттингер немесе Мартен агарларына және сорпаларына себеді. Құрамында басқа микрофлора бар материалдарды 1:200 – 1:800 концентрациялы генцианфиолет бар Туманский ортасына себеді. Ортаны 28℃ температурада, оба микробының 1- фракциясын анықтау үшін 37℃ инкубациялайды. Зерттеудiн бiрiншi күнi фагпен сынама қоюға болады - жедел әдiс. Зерттеу материалын үш Туманский орталарына: бiр табақшаға бiр тамшы зерттеу материалын сеуiп оған бiр тамшы оба фагын тамзады, келесi табақшаға материал себiледi, сосын табақша шетiне фаг тамызып оны «жол»сияқты ағызады; үшiншi табақшаға (бақылау) материал енгiзiп себеді. Теңiз шошқасы мен ақ тышқанға биологиялық сынама қояды. Қақырықты, көмейден алынған шайындыны, ашық абсцесс iрiңiн терi iшiне жағу арқылы енгiзедi (алдын-ала терi жүнiн қырып тастайды, стерильді изотоникалық натрий хлоридi срiтiндiсiн жағып скарификациялайды). Скарификацияланған аймаққа зерттеу материалын, скальпелдiң жалпақ бөлiгiмен (аймақ бетiн стерильдi Петри табақшасымен қалқалап) жағады. Ластанбаған материалды (қан, жабық бубон iшiндегiсi және т.б.) жануарлардың терi астына нeмece iш қуысына енгiзедi. Жануарлар 3-9 күнде өледі. Диагноз қоюды жеделдету үшiн бiр теңіз шошөасына және ақ тышқанға жұқтыруға 2 сағат қалғанда гидрокортизонның 5 мг-ын аяқ тері астына енгiзедi. Жедел днагноз қою үшiн гидрокортизон егiлген ақ тышқанды 1-шi тәулiктен кейiн сояды. 3-шi тәулiкте гидрокортизон егiлген теңіз шошқасын сояды, қалғанын 6-шi тәулiкте сояды. Зерттеудің екінші күні (18-24 сағаттан кейiн). Тығыз және сұйық қоректiк орталардағы микроб өсуін зерттейді. Сұйық ортада қалыпты өскен колониялардан жағынды дайындап Грам әдісімен және метилен көгiмен бояп микроскопта қарайды. Тығыз қоректiк ортада өскен қалыпты колонияларды таза дақыл бөлiп алу және идентификациялау үшiн iрiктейдi. Оба қоздырғышына күмәндi екi-үш колонияларға оба бактериофагтарын тамызады. 10-12 сағат инкубациядан кейін оба бактериофагтарымен қойылған сынамаларды талдайды. Оба бактериофагтарынын әсерінен лизистенген колониялардың диагностикалық маңызы бар. Зерттеу материалында оба микробы болған жағдайда анықталады: 1-шi табақшада - стерильдi таңба, 2-де-фаг енгiзiлген жерде стерильді жолақ, 3-де-қалыпты оба микробы. Зерттеудің үшiншi күнi (36-48 сағат). Бөлiп алынған дақыл келесi негiзгi белгiлерi бойынша идентификацияланады: микробтың морфологиялық (нагивтi материал мен таза дақыл микропрепараттары), Хоттингер сорпасы мен агарындағы колониялар сипаттары; оба бактериофагына сезiмталдығы; таза дақылдың люминесценттi микроскопта арнайы жарық шығаруы, ПГАР мен АгБР анықтаған оба микробына сәйкес арнайы Аг F1 фракциясы болуы. ферментативті белсендiлiгi - глицериндi, мочевинаны, рамнозаны, сахарозаны, глюкозаны және т.б. ыдырату. Идентификациямен қатар сериялық сұйылту және дискiлеу әдістерімен антибиотиктерге сезiмталдығы анықталады Зерттеудің төртінші күні (60-72 сағат). Идентификация қорытындысы келесі сынамалармен қойылады: оба бактериофагына және антибиотиктерге сезімталдығы; 1 - фракцияны ИФР, ПГАР немесе АдБР арқылы анықтау; ферменттік белсенділігін анықтау. Қорытынды диагноз дақылды бөліп алып идентификациялау, зерттеу материалын жұқтырған теңіз шошқалары мен ақ тышқандардың өлімі негізінде қойылады. Зерттеу материалында Ғ1 антигенді анықтау (ИФР) және серологиялық әдістер (ИФТ, ПГАР, АгБР-антигенді бейтараптау реакциясы және АдБР антиденені бейтараптау реакциясы) қолданылады. Емдеуі. Антибиотиктер (стрептомицин, тетрациклин, левомицетин, рифампицин, ципрофлоксацин) және ұзақ уақыт әсер ететін сульфаниламидтер және обаға қарсы иммундыглобулин мен спецификалық фаг қолданылады. Алдын алуы. Шет елден инфекцияның әкелінуін және оба бойынша эндемиялық ошақтарда аурудың пайда болуын алдын алуға бағытталған шаралар негізгі болып табылады. Аттенуацияланған ЕV штамынан алынған тірі вакцина қолданылады, оны тері үсті, тері астына (инесіз егу), пероралды және аэрозолды жолмен енгізуге болады. Вакцинациядан кейін түзілген иммунитет 6 айға созылады. Ревакцинация 12 айдан кейін жүргізіледі. |