все тесты микр. Микра 80. Сибирская язва относится к роду
Скачать 2 Mb.
|
21. Сібір жарасының қоздырғышы: биологиялық қасиеттері, зертханалық диагностикасы, алдын алу.Күйдiргi немесе түйнеме (anthrax, қатерлi карбункул, «қасиеттi от, парсы оты») - Bacillus anthracis тудыратын зоонозды жұқпалы ауру, ауыр интоксикациямен, терi мен лимфа түйiндерiнiң зақымдануымен сипатталады. Күйдiргi қоздырғышын В.anthracis-ri 1876 жылы Р.Кох ашты. Таксономиясы. Тұқымдастығы: Bacillaceaceae. Туыстастығы: Вacillus. Түpi: B.anthracis. Морфологиясы. Тізбектеліп орналасқан, грам-оң, iрi, қозғалмайтын, спора түзетiн таяқшалар. Спора таяқша ортасында орналасады, мөлшерi микроб жасушасының диаметрiнен аспайды. Иесiнiң ағзасында қоздырғыш капсула түзеді. Капсуласы шіріту микрофлораның әсерiне тұрақты, сондықтан шiрiген мәйіттен дайындаған жағындыда бос капсулаларды анықтауға болады (микробтардңн көлеңкесі»). Жағындыда капсуланы анықтау үшiн Леффлер әдiсiмен метилен көгiмен бояйды (жасушалар-аспан көк түске, ал капсулалары - қызыл түске боялады). Күйдiргi бациллаларының споралары сопақша, тiрi ағзада және ашылмаған мәйітте споралар түзе алмайды. Спора түзу үшiн бос оттегi мен арнайы температура (12-42ºС) қажет. Қоздырғыштың қоршаған ортаға жоғары сезiмталдығын қамтамасыз ететін фактор - спора түзу қабiлетi: суда споралар 10 жылға дейiн, топырақта -30 жылдан артық уақыт сақталына алады. Дакылдандыру. Күйдiргi микробы - факультативті анаэроб, қарапайым қоректiк орталарда жақсы өседi, оптимальды өсу температурасы 34-37ºС, орта рН-7,2-1,5. Тәулiк бойы инкубациялағаннан кейiнЕПА-да немесе Хоттингер агарында iрi, кедір бұдыр, шеттері тегіс емес, иректелген тармақшалары бар. R-пiшiндi колониялар түзедi. Микроскоптың кiшi үлкейткiшiмен қарағанда, «медузаның басы» немесе «арыстаннын жалына» ұқсайды.Бацилланың R-пiшiнi вируленттi штамдарына тән болып келедi. Сұйық қоректік орталарда мақта түйiршiгi секiлдi өседі, сiлкiген кезде ыдырап кетпейдi де орта мөлдiр түрiнде қалады. Пенициллин қосылған қоректiк орталарда 3-6 сағат инкубациялағаннан кейiн бациллалар сферопласттарға айналып, тізбектеліп орналасады. Жағындыда «маржан алқасына» ұқсас болып орналасады. Ферменттік белсендiлiгi. Глюкоза, сахароза, фруктоза, мальтозаны қышқылға дейiн және крахмал мен инулиндi ыдыратады. Протеолиттік және липолитикалық белсендiлiкке ие. Крахмалды гидролиздейдi, ацетилметилкар-бинол түзедi. 10-12% етпептонды желатиндi ортага шаншу әдiсiмен егiп, 2-3 күн 22°С инкубациялағаннан кейiн, шаншу жолында төменге қарай бiртiндеп кiшiрейген ақ жолақтар түрiнде өскен (төңкерiлген шырша) колониялар көрiнедi; 3-5 күннен кейiн желатин «ұйык» (воронка) түрiнде сұйылып кетеді. Топырактағы бациллалармен салыстырғанда түйнеме бацилласы фосфаттарды ыдыратпайды, баяу және аздап сарыуызды сұйық қоректiк ортаны коагуляциялайды (5-7 таулiкте 37°С), ал басқа бациллалар 6-10 сағатта ыдыратады. Сүттi 3-5 тәулікте ұйытады, содан кейiн бәсеңдеп пептонизациялайды және ыдыратады, нәтижесiнде аммиак бөлiнiп қоныр пигмент жинақталады. Антигендік қасиеті. Күйдiргi микробының негiзгi екi антигенi болады. Жасуша кабырғасында соматикалык, полисахаридтiк антигенi бар, температураға тұрақты, бұған қарсы антиденелер бөлінбейді, дакылдарда және мәйітте ұзақ сақталынады. Асколидiң приципитациялық реакциясымен анықталады. Ал капсулалық протейндiк антиген фагоцитарлық әсерге қарсы тұрады. Патогендiлiк факторлары. Күйдiргi микробынын патогендiлiк факторларына экзотоксинi мен капсуласы жатады. Экзотоксин күйдiргi патогенезiнде және спецификалық иммунитеттiң түзiлуiнде негiзгi орын алады.Ол үш ақуыздык компоненттерден құралады: І - iсiну факторы (ІФ); ІІ - протективтік антиген (ПА); III-леталдық фактор (ЛФ). Микроб капсуласы олардың макрофагтарға адсорбциялануынан және фагоцитоздан сақтандырады. Иммунитеті. Аурудан кейiн тұрақты, жасушалық-гуморальды, бөлiнген антиденелердiң басым көпшiлгi антитоксикалық болып табылатын иммунитет қалыптасады, дегенмен рецидивтер болуы мүмкін. Микробиологиялық диагноз кою. Микробиологиялық зерттеудiн мақсаты: күйдiргi қоздырғышын табу, оның антигендерiн анықтау және организм сенсибилизацияланғандығын дәлелдеу. Негізгі зерттеу әдістері: бактериоскопиялық, бактериологиялық, биологиялық, аллергиялық. Асколи бойынша термоприцепитация реакциясы. Зерттеуге алынатын заттар: везикула және карбункула бөлiндiлерi, сыдырылып түскен қабыршақ (струп) (терiлiк түрінде); қақырық (өкпелік түрiнде); нәжiс (iшектiк түрiнде); қан (барлық түрлерiнде); мәйіт материалдары (зақымданған ағзалар мен тiндер, қан мен көкбауыр); топырақ, терi, жануарлардың жүнi, жемi, су, қоршаған орта обьектiлерiнен шайындылар және т.б. Патологиялық затты зертханалық зерттеу келесі кезеңдерден тұрады: Сынамаларды зерттеуге даярлау. Бастапқы зерттеу затын микроскопта қарау. Қоректік орталарға себу Зертханалы жануарларға жұқтыру. Антиген және антиденелердi табу мақсатында серологиялық реакциялдар қою. Зерттеу мерзiмдерi: Микроскопиялық-келiп түскен күнi. Бактериологиялық-үш тәулiкке дейiн. Биологиялық-10 тәулікке дейiн. Коршаған орта объектiлерiнен алынған заттарды, терi мен жүндi бөгде микрофлорадан арылту үшiн су моншасында 80ºС-та 20 минут термиялық өңдеуден өткiзедi. Қоздырғыштың вегетативтiк формасы бар заттарды (науқас адам мен жануарлардан алынған заттар, патологиялық материалдар, жануарлардық етi және т.б.) өңдемейдi. Бактериоскопиялык әдiс. Патологиялық материалдан бiрнеше жағынды дайындап, ауада кептiрiп, 96° спиртке 3% сутектiң асқын тотығы ерiтiндiсiн қосып 30 минут фиксациялайды. Сонан сон жағындыларды қыздырып немесе ауада кептiрiп (люминисцентті микроскопиялау үшiн) қояды. Жағындыларды грам әдiсiмен бояйды, капсуланы анықтау үшiн Ребигер, Гинс, Михин немесе Романовский-Гимзе әдiстерiмен бояйды. Капсуланы анықтау үшiн ең тиiмдi әдiс Ребитер ерiтiндiсiмен бояу болып табылады. Ребигер ерiтiндiсiнiң құрамына: 15-20г генциананолетгі 100мл 40% формалинда ерiтiп, бөлме температурасында бірнеше сағат ұстап, сүзгiден өткiзiп дайындайды. Жағындыны 15-30секунд, 1 минут бояйды. Бiрақ жағындыны бояу барысында оның фиксацияланбағандығын естен шығаруға болмайды, сондықтан жағындыны зарарсыздандыру үшiн, микроскопиялап болғаннан кейiн, тез арада жағындыны толығымен 6% сутектiң асқын тотығының ерiтiндiсiне батырып тастау қажет. Жаңа алынған патологиялық материалдан жасалынған жағындыда микроб денесi күлгiн түске ал капсуласы солғын қызғылт немесе қызыл-күлгiн түске боялады. Люминисценттi микроскопиялау кезiнде микробтар вегетативті немесе спора күйiнде байқалуы мүмкін. Спецификалық реакция кезiнде жасушалардың (споралардың) шеттерi анық жарқырап көрiнедi. Бактериологиялық әдіс. Жеткiзiлген зерттеу затына байланысты сынамаларды келесi қоректік орталарға: Хоттингер агарына, ЕПА-га, немесе дифференциальды-диагностикалық орталарға, Хоттингер сорпасына немесе ЕПС-га себедi. Бiр сынаманы 5-10 табақшаға сепкен жөн, себiндiнi шпатель көмегiмен жасау керек, ал ластанған заттарды сепкен кезде «аздыру» әдiсiн қолданған жөн. Себiндiлердi термостатта (36-37°С) 18-20 сағат инкубациялайды. Биологиялық әдiс. Зерттеуге дайындалған затты натрий хлоридiнiң изотоникалық ерiтiнiдiсiнiң аз мөлшерiнде эмульгациялап, 0,2-0,5мл мөлшерiнде екi ақ тышқанның және 0,5-1 мл мөлшерiнде екi теңiз шошқасының санының iшкi жағына енгiзедi. Жануарлар 1-3 күннен кейiн, кейде одан да кеш, септицемиядан өледi. Сынаманы енгiзген жерде iсiк пен гиперемия байқалады. Тiрi қалған жануарларды 10 тәулік бойы бақылауга алады. <<Маржан алка тесті» - модификацияланған жеделдетiлген түрі. Хоттингер сорпасына 20% инактивацияланған жылқы сарысуын және 0,5 Бiрл. мл пенициллин қосады. Стерилдiлiктi сақтай отырып, ортаны 2-3мл-ден пробиркаларға құйып, оған 2 тамшыдан сорпалық немесе агарлық дақылдан идентификациялауға арналған iлмекпен себеді. Себiндiлердi 37ºС, 3 сағат инкубациялайды. Сонан соң жағынды дайындап, фиксациялайды, метилен көгiмен бояп микроскопта қарайды. Жағындыда күйдiргi бациллалары тiзiлген шарлар түрiнде орналасады,- бұл микроб жасушасының қабырғасына пенициллиннің әсерiнiң салдары. Спора түзетiн сапрофиттер пенициллинге төзiмдi болып келедi. Капсула барын бiрнеше әдiспен анықтауға болады: дақылды 1% бикарбонатты агаpғa ceyiп, 10-50% СО, енгiзiлген анаэростатта немесе эксикаторда инкубациялайды (37°C). 18-24 сағат өткеннен кейiн спора түзе алатын дақылдар iрi, шырышты колониялар түзедi. Регибер бойынша және капсуласоматикалық люминесценциялаушы күйдiргi сарысуымен боялған жағындыларда капсуламен қоршалған таяқшалар тiзбегi анық көрiнедi; дақылды Хенкстiң сұйық қоректiк ортасын себедi. Пробиркаларды стерильдi тығындармен тығындап, 16-18 сағат (37°С) инкубациялайды. Капсула түзетiн күйдiргi жасушаларын, дақылдан алынған жағындыны микроскопиялау арқылы анықтайды; бносынамалық жануарлардың мәйiтiн ашқаннан кейiн перитониалдық экссудаттан, қаннан, ағзалардан таңбалық жағындылар алып Регибер әдiсiмен немесе метилен көгiмен бояу арқылы анықтайды. Микроскоппен караған кезде дайындалған жағындыларда қысқа тiзбектелiп немесе бөлек жасушалар күйiнде, сырты қызғылт капсуламен қоршалған микробтар көрiнедi. Қой эритроциттерін гемолиздеу қабілетін ЕПА-да немесе 3-5% койдың дефибринделген қаны қосылған Хоттингер ортасында зерттейдi. Дақылды iлмекпен агар сектор Нәтижесiн 18-20 сағат (37 °С) инкубациялағаннан кейiн ескередi. Күйдiргi микробы басқа спора түзушi сапрофиттермен салыстырғанда бұндай уақыт аралығында қой эритроциттерін ерітпейді. Лецитиназалық белсендiлiгiн сұйық саруызды немесе саруыз қосылған Хоттингер агарында анықтайды. Күйдiргi микробы сұйык ортада бiрнеше тәулік бойы инкубациялаған кезде саруызды ұйытпайды. Тығыз ортада өсiрген кезде колонияларының айналасында лайланған ақшыл аймақ түзiлмейдi. Антибиотитерге сезімталдығын аныктаған кезде мiндеттi түрде пенициллин, тетрациклин және рифампицин сiңiрiлген қағаз дискiлердi қолданады, бұл күйдiргi микробының тағыда бiр дифференциалдық белгiсi болып табылады, себебi бiр туыстастыққа жататын сапрофиттер бұл антибиотиктерге тұрақты болып келедi. Асколи бойынша термоприцепитация реакциясы. Бұл реакция күйдiргi антигенiн жара қабыршактарынан, ескiрген заттардан, аурудан өлген жануарлардың терiсi мен ағзаларынан, шiрiндiлерден алынған зерттеу заттарынан табуға мүмкіндік береді. Ұсақтап дайындалған затты натрий хлоридінің 0,9% ерiтiндiсiмен 1:10-ға сұйылтып, 5-10 минут бойы қайнату арқылы экстракциялайды. Алынған экстрактты бірнеше рет сүзгiден өткiзiп, мөлдiр болғанша тазартады. Жiңiшке пробиркаларға күйдiргiнiң приципитациялаушы 0,2-03мл сарысуын құяды, сонан соң дайындап қойған экстрактты постер пипеткасымен баяу, қабаттап құяды. Егер реакция оң болса 15 минуттан кейiн, сұйықтықтар жанасқан жерiнде лайланған сақина түзiледi. Егер реакция күмәндi болса сақина 15 минут өтiп кеткеннен кейiн, кешiрек пайда болады. Реакция терiс болған жағдайда сақина мүлдем түзiлмейдi. Емдеу. Күйдiргiге қарсы арнайы иммундыглобулин мен патогенетикалық емдеу (аурудың ағымының ауырлығына байланысты енгiзiлген сұйықтықтың көлемi күн сайын 0,5-1,0л аралығында болуы керек) жүргiзiледi. Пенициллиндер, тетрациклиндер жэне фторхиналондар қатарына жататын антибиотиктер жақсы нәтиже бередi. Алдын алуы. Қазiргi кезде төрт типтi вакцина қолданылады: Tipi: бұл Bacillus anthracis-нiң капсуласыз штамдарының лиофильдi кептiрiлген споралары. Химиялық (молекулалық); бұл тиiстi заттарға (тасымалдаушыларға) сiндiрiлген протективтi антиген(бiр ақуыздық молекула). Қосарланған; бұл тiрi споралар мен протективтi антиген. Рекомбинантты; сәйкес келетiн басқа бактериялардың генетикалық аппаратына қондырылған, макроорганизмнiң иммундық жауабын тудыруға қабiлеттi ДНК. Вакцинация эпидемиялық көрсеткіш бойынша, яғни мал шаруашылығы және мал өнiмдерiн дайындаумен айналысатындар арасында жүргiзiледi. |