Главная страница
Навигация по странице:

  • Вирус штамдарын бөліп алу

  • Вирусты индикациялау

  • Вирусты идентификациялау

  • Жедел

  • Вирусты бөліп алу

  • Серологиялық диагноз қою

  • 17-билет 18. Бруцеллалар: түрлері, патогенезі, зертханалық диагностикасы.

  • все тесты микр. Микра 80. Сибирская язва относится к роду


    Скачать 2 Mb.
    НазваниеМикра 80. Сибирская язва относится к роду
    Дата02.02.2022
    Размер2 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлавсе тесты микр.docx
    ТипДокументы
    #349861
    страница66 из 166
    1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   166

    37. Тұмау мен аденовирустық инфекцияның зертханалық диагностикасы.


    Зерттеу заттары: мұрын-көмей шайындысы, қан, конъюнктива бөліндісі, секциялық материал.

    Вирус штамдарын бөліп алу (вирусологиялық әдіс): Тауық эмбрионына жұқтыру; жасуша дақылдарына жұқтыру (адам және иттің эмбрионының бүйрегінен дайындалған біріншілік жасуша дақылдары, тауық эмбрионының фибробласты, ауыспалы жасуша дақылы - МДСК); зертханалық сезімтал жануарларға жұқтыру (ақ тышқандарға).

    Вирусты индикациялау: Эмбрионның өлуі; ХАҚ (ХАО)-да түйіншек-таңдақтар пайда болуы; ЦПƏ (ЦПД), ГАР, ГАДР; Зертханалық жануарлардың өлуі (ағзаларында өзгерістер болуы) бойынша жүргізіледі. Вирусты идентификациялау: ГАТР, БР, КБР, ИФТ, ИФР, молекулалық гибридизациялау әдістері бойынша атқарылады.

    Серологиялық әдіс (ретроспективті диагноз қою): ГАТР, БР, КБР, ИФТ. Жедел (экспресс) диагноз қою: ГАТР, ИФР, ИФТ, ПТР.

    АДЕНОВИРУС

    Зерттеуге алынатын заттар: мұрын - жұтқыншақ шайындысы,

    конъюктивалардың бөліндісі, нәжіс, қан т. б. (аурудың клиникалық түрлеріне қарай алынады).

    Вирусты бөліп алу – біріншілік немесе диплоидиты жасуша дақылдарына жұқтыру (ЦПƏ бойынша индикациялайды).

    Идентификациялау — ГАТР, ИФТ, РИТ, КБР.

    Серологиялық диагноз қою – КБР, БР, ГАТР.

    Жедел диагноз қою – ЭМ, ИЭМ, РИФ, ИФТ

    45. Антигендер: химиялық табиғаты, құрылымы, қасиеттері. Гаптендер.


    Антиген – макроағзаға кірген кезде иммундық жүйе танитын және соны жою үшін иммундық тітіркену тудыратын ағза үшін генетикалық бөгде, органикалық биополимер.

    Антигеннің қасиеттері:

    Антигендік,өзіндік,иммуногендік

    Антигендік – антиген молекуласының иммундық жүйенің бөлімдерінің белсенділігін арттырып және иммунитет факторларымен (антидене, эффекторлық лимфоциттердің клоны) өзіндік байланысқа түсу қабілеті. Иммундық жүйенің бөлімдерімен байланысуға антигеннің тек бір бөлігі қатысады. Ол бөлігі антигендік детерминант немесе эпитоп деп аталады. Эпитоптар шығу тегіне және антигенде орналасуына байланысты бірнеше топқа бөлінеді:

    • Линейлік немесе секвенциальдық

    • Сыртқыбеттік немесе конформациялық

    • Шеттік және орталық

    • Тереңдік немесе жасырын

    Иммуногендік – антигеннің макроағзада өзіне қарсы қорғаныс жауабын туғызу мүмкіншілігі. Вакцина егудің популяциялық мәселелері иммуногендікпен, яғни антиген енгізген кезде макроорганизмнің жеке даралық реактивтілігімен байланысты.Иммунногендіктің дәрежесі әртүрлі факторларға байланысты. Факторлар үш топқа бөлінеді:

    1. Антигеннің молекулалық ерекшелігі – табиғаты, химиялық құрамы, молекулалық салмағы,құрылысы және т.б. сипаттары.

    2. Антигеннің ағзадағы клиренсі( тазартылуы, өңделуі) – антигеннің ағзаға ену және одан шығару қарқынымен байланысты.

    3. Макроағзаның реактивтік қабілеті – макроағзаның жағдайына байланысты иммуногендіктің тәуелділігін анықтайды.

    Спецификалық – антигеннің тек қана бір эпитопқа иммундық жауап туғызу мүмкіншілігі. Бұл қасиет иммундық жауаптық құрылу кезіндегі ерекшелікпен байланысты, сондықтан иммундық жауапты жасушалардың рецепторлары тек бір белгілі антигеннің эпитобына жауап беруге арналған.

    Антигендердің жіктелуі:

    1. табиғи антигендер — белоктар, көмірсу, нуклеин қышқылы, бактериялар, эндо-және экзотоксиндер, тін, қан жасушалары антигендері.

    2. жасанды антигендер — төменгі молекулалар қосындыларынан синтезделген.

    3. гаптендер — жартылай антигендер, өз алдына иммундық қасиеті жоқ, бірақ үлкен молекулалы белоктармен қосылса антигендік қасиетке болады.химиялық құрамына қарай белокты, көмірсулы, полипептидтер, т.б. болып бөлінеді.

    Антигеннің құрылымы:

    • В-лимфоциттермен танылатын және оларға қарсы антиденелер түзілетін эпитоптарды – В-жасушалық гаптендер деп аталады.

    • Тасымалдаушы детерминанттар Т-лимфоциттерін танып, оларға қарсы жасушалық иммунитет серпілістері бағытталады, сондықтан оларды тағы Т-жасушалық эпитоп деп атайды.

    17-билет

    18. Бруцеллалар: түрлері, патогенезі, зертханалық диагностикасы.


    Бруцеллез – ұзақ ағыммен айқандалатын,бактериялар тудыратын, жүйке , зәр шығару жәнежүрек-қантамыржүйелерін,тірек-қимылаппаратының зақымдалуымен, ұзаққа созылған денеқызбасымен көрінетін жұқпалы ауру. Бруцеллез – адамдар мен жануарлардың созылмалы, өткір инфекциялық-аллергиялық ауруы. Ол өкпенің қабынуы, лимфа түйіндерінің, жүйке жүйесінің ж/е тірек-қимыл аппаратының зақымдалуымен сипатталады, барлық жерде таралған зоонозды ауру.

    ТАКСОНОМИЯСЫ Бруцелездің негізгі қоздырғышы бруцелла (Brucella)

    туыстастығындағы бактериялар тобы. Қоздырғыш туыстастығының атауы

    1886 жылы бруцеллез қоздырғышын алғаш рет ашқан ғалым Д.Брюс атымен

    Байланысты

    Бөлімі: Gracilicutes

    Тұқымдастығы: Brucellaceae

    Туыстағы: Brucella

    Түрлері: Brucella melitensis, B.abortus, B.suis, B.canis, B.ovis, B.neotomae

    Бруцеллалардың 3 түріадамүшінпатогендіболыптабылады:

    1. B.melitensis – қойбруцеллезыныңқоздырғышы;

    2. B.abortus – іріқарамалбруцеллезыныңқоздырғышы;

    3. B.suis – доңызбруцеллезыныңқоздырғышы.

    Қазақстанданегізіненбруцеллездіңжұқтырукөзі B.melitensis пен B.abortus

    болып табылады.

    Бруцеллалар – ұсақ, коккобактериалды, грам теріс таяқшалар. Олар спора түзбейді, талшықтары жоқ, капсуласы бар. Бруцеллалар қоректік орталарға талғамды. Олар ақуызды немесе аминқышқылдарын қажет етеді. Сарысулық, қанды агарда жақсы өседі. Колониялары S-формалы, ұсақ, тегіс, жылтыр, биохимиялық белсенді емес. Баяу көбейеді (2-3 аптадан кейін). B.melitensis – қоректік орта құрамына тианин мен фуксин қосылғанда өседі. Н2S түзбейді, тыныс алу типі бойынша аэробтар. B.abortus – фуксин қосылған ортада жақсы өседі. Н2S түзеді, тыныс алу типі бойынша микроаэрофилл. B.suis – тианин қосылған ортада өседі, Н2S түзеді, тыныс алу типі б/ша аэробтар. Антигендік құрылымы күрделі, соматикалық антигені ұқсас келеді. Монорецепторлық сарысулардың қатысуымен агглютинация реакциясын береді.

    Патогенезі:

    Бруцеллар адам ағзасына тері және шырышты қабат арқылы (адгезия) өтеді, аймақты лимфа түйініне түседі, қанға таралады. Қан айналымымен барлық ішкі ағзаларға тарайды және ретикулярлық эндотелиялды жүйеге енеді(бауыр, көкбауыр, сүйек кемігі). Осы ағзаларда ұзақ сақталып, қайтадан қанға түседі. Бруцеллар бұзылған уақытта эндотаксин бөледі, ол ағзаның жалпы интоксикациясын тудырады. Аурудың патогенезінде организмнің сенсебилизациялануы маңызды рөл атқарады. Бруцеллез ауруынан соң тұрақсыз, стерилді емес, ұзаққа созылмайтын(69 айға дейін сақталатын) гуморалды-жасушалық(фагоцитоз, аглютиндер, комплемент байланыстырушы антиденелер және т.б) иммунитет қалыптасады. Бруцеллезбен ауырған адамдар осы ауруға қайтадан шалдығуы мүмкін!!! Бруцеллез патогенезi бес кезеңнен тұрады (ГЛ.Руднев,1955): лимфогендi, гематогендi, көпошақты зақымдау, экзоошақты таралу, ақырғы кезеңдерi. Әрбiр кезеңнің көpiнici, дамуы науқастың халқуатына, басқадай ерекшелiктерiне байланысты. Ауырған адамдардың бәрi бiрдей патогенездің барлық кезеңдерiн өтпейдi. Мысалы: бiр адам - ауру жұққанмен ауырмайды, бруцеллездің латенттi түpi сақталады. Екiншi науқас жедел бруцеллезбен ауырып, жазылады. Ал, үшiншiсiнде созылмалы түpi дамымайды.Сол сияқты бруцеллез инфекциясының неше алуан түрлерi болуы мүмкiн.

    Зертханалық диагностикасы:

    МИКРОБИОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОЗ ҚОЮ

    Зерттеуге алынатын материал – қан, зәр, сүйек кемігі. Диагноз қою үшін барлық микробиологиялық әдістер қолданылады. Мұндағы негізгі әдіс – бактериологиялық әдіс. Бактериолгиялық әдіс қоздырғыштың туыстығын ғана емес, инфекция көзін табу үшін де анықтайды. Сонымен қатар, серологиялық әдіс (Райт, Хедельсон аглютинациялық реакциялары, жанама геммаглютинациялық реакция, комплемент байланыстыру реакция ИФР ИФТ АдБР, Кумбс реакциясы, ЖГАР ЖИФР және т.б.), тері аллергиялық сынама (бруциллинмен Бюрне сынамасы) қолданылады. Биологиялық әдіс үшін ақ тышқандар және теңіз шошқаларына жұқтырады.
    1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   166


    написать администратору сайта