Главная страница
Навигация по странице:

  • 15-билет 16. Хеликобактер, биологиялық қасиеттері, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасының пайда болуындағы маңызы.

  • Вируленттік факторлары: Уреаза

  • Каталаза және алкогольдегидрогеназа

  • Микробиологиялық диагностикасы

  • Арнайы алдын алу жоқ. Хеликобактериялардың патогендік факторлары: 1. Жасушаның құрылымдық компоненттері

  • 2. Экзоэнзимдер

  • 3. Экзотоксиндер

  • все тесты микр. Микра 80. Сибирская язва относится к роду


    Скачать 2 Mb.
    НазваниеМикра 80. Сибирская язва относится к роду
    Дата02.02.2022
    Размер2 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлавсе тесты микр.docx
    ТипДокументы
    #349861
    страница63 из 166
    1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   166

    47. Фагоцитоз: фагоцитоз жасушалары, фагоцитоз кезеңдері, қорғаныс әсерінің механизмдері.


    Фагоцитоз (грек. phagos - обимын,жұтамын. cytos - жасуша), организмді бөгде заттардан қорғауды қамтамасыз ететін негізгі ең бір қуатты фактор. Бұл фактор алғашында ішекқуыстыларда құрылған ертеде пайда болған иммундық қорғаныстың бір түрі. Құбылысты И. И. Мечников ашып зерттеген.

    Фагоцитоз процесін арнайы маманданған фагоцит деп аталатын жасушалар атқарады. Фагоцитоз - фагоциттердің бөгде затты обып, қорытып және залалдансыздыруына негізделген. И. И. Мечников фагоцитозды атқаратын жасушаларға макрофагтар мен микрофагтарды жатқызған.

    Қазіргі уақытта фагоцитозды атқаратын барлық фагоциттер түрі мононуклеарлық жүйе деп аталатын топқа жинақталған. Ол топқа тін макрофагтары, эпителиодты жасушалар, нейтрофилдер мен қанның эозинофилдері және баска жасушалар кіреді.

    Фагоциттердің негізгі функциясы. Фагоциттердің функциясы өте аумақты:

    1) өлген жасушалар мен олардың құрылыс құрамын ағзадан шығарады (эритроциттер, қатерлі ісіктің жасушалары);

    2) ағзаға әр жолмен еніп қорытылмаған органикалық емес заттарды тысқа шығарады (мысалы, тыныс жолдарымен енген көмірдің бөлшектері, минералдық және басқада шаң);

    3) микробтарды (бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар) олардың қалдықтарын жояды және заласыздандырады;

    4) организмнің төзімділігін қамтамасыз ететін биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады (комплементтің кейбір компоненті, лизоцим, интерферон, интерлейкиндер т.б.);

    5) иммундық жүйенің реттелуіне қатынасады;

    6) Т-хелперлерді антигенмен «таныстырады», яғни иммунды компетентті жасушалардың кооперациясына қатынасады.

    Фагоцитоздың кезеңдері. Фагоцитоз процесі, яғни бөгде затты жұтуы, өңдеуі, бірнеше сатыдан тұрады:

    1) фагоциттің жұтылатын затқа жақындауы (хемотаксис);

    2) жұтылатын заттың фагоциттың қабырғасына жабысып қонуы (адсорбция, адгезия);

    3) жасуша мембранасының жасуша ішіне жұтылатын затпен бірге кіру арқылы фагосомада протопласта құрылуы (вакуольдер мен үлбіректер);

    4) фагосоманың лизосомамен қосылып фаголизсомаға айналуы;

    5) лизосоманың белсендірілген ферменттернің көмегімен фаголизосоманың ішінде заттың қорытылуы

    15-билет

    16. Хеликобактер, биологиялық қасиеттері, асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасының пайда болуындағы маңызы.


    Таксономиясы:

    Бөлімі: GRACICULITES

    Тұқымдастығы: Campylobacteriacea

    Туыстастығы: Helicibacter

    Түрі: H. Pilori, H. Fennelliae, H. Cinaedi, H Mustelae

    Кеміргіштер мен приматтардың асқазанының кілегей қабатынан бөлінеді. Көптеген адамдардың асқазан кілегей қабығын мекендейді. Дамыған мемлекеттердің тұрғындарының 80 пайызында кездеседі. Кейьір түрлері асқазанның және 12 елі ішектің ойық жраларын, созылмалы гастрит, асқазанның аденокарцинома мен лимфомасын тудырады. Қоздырғышты алғаш рет 183 жылы Г.Биззозеро адам мен жануарлардың асқазан кілегей қабатынан тапқан. Пішіні бойынша кампилобактериялар туыстастығына жататын бактерияларға ұқсас, сондықтан алғашқы атаулары, кампилобактерия тәрізді мағынаны білдіретін эс эл о деп аталатын. Қазіргі негізгі атауы грекше гелиос күн деген сөзбен байланысты. Хеликобактериялардың 8 түрі белгілі.

    Морфологиясы: хеликобактериялар – ұсақ, грамм тері бактериялар, иілген, эс тәрізді немесе сәл спираль пішінді. Қолайсыз жағдайда морфлогиясын өзгертіп, кок тәріздіге ауысуы мүмкін. Капсула түзбейді, қозғалғыш, бір полюсында 1-6 талшығы болуы мүмкін, микроаэроыильдер. Асқазанда паразитизм жағдайфнда бейімделу үшін көптеген хеликобактериялар патогенді факторлар жиынтығына ие.

    Вируленттік факторлары:

    Уреаза – мочевинаны аммиак пен көмір қышқыл газына дейін ыдыратады

    Ақуыз – тұз қышқылы бөлінуін тежейді.

    Глюкозафосфотаза - Кілегей қабаттың қорғаныс сульфомукополисахаридін ыдаратады.

    Протеаза және фосфолипаза – эпителия қабатының бүтіндігін зақымдап, жасушааралық кеңістіктерге қоздырғыштың өтуін қамтамасыз етеді.

    Адгезиндер – тіндерге бактерияларды жабыстырады

    Каталаза және алкогольдегидрогеназа – тотығу радикалдары пайда болады, эпителий зақымдайды және микробты фагоцитоздан қорғайды

    Цитотоксиндер – асқазан эпителий жасушаларын вакуольдеп зақымдайды

    Хеликобактерииоздардың таралу механизмі – фекальды оралды, ластанған су және көкөністер арқылы жұғады. Асқазанды тексеру және эндоскопия жүргізген кезде таралуы мүмкін. Ядрогенді ауру.

    Микробиологиялық диагностикасы: бактериологиялық, серологиялық және генді молекулалық әдістер қалданылады.

    Емдеуі: метонидазол, кларитромицин және т.б

    Арнайы алдын алу жоқ.

    Хеликобактериялардың патогендік факторлары:

    1. Жасушаның құрылымдық компоненттері:

    - жасушаның спиральды формасы, тегіс беті ("динамикалық гель" немесе серпімді морфология деп аталады) және флагелланың болуы

    пепсиннің артық болуы – асқазан жарасының дамуындағы қауіп факторларының бірі;

    - адгезиндер-бекіту функциясын орындайтын беттік ақуыздар

    2. Экзоэнзимдер:

    - бейімделу ферменті-уреаза несепнәрдің ыдырауын тудырады

    асқазанның тұз қышқылын бейтараптандыратын аммиак түзілуі. Уреаза Н.

    pylori бактерия цитоплазмасында ғана емес, сонымен қатар бетінде де орналасқан

    - протеаза, фосфолипаза, мукиназа деполимеризацияны тудырады және

    эпителий бетінде қорғаныш шырышты гельдің еруі және зақымдануы

    шырышты қабық.

    3. Экзотоксиндер-шырышты қабықты зақымдайтын цитотоксиндер.

    Негізгі цитотоксиндер-CagA (геноммен байланысқан цитотоксин

    cagA) және VacA (вакуолизациялайтын цитотоксин).
    1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   166


    написать администратору сайта