Главная страница
Навигация по странице:

  • Морфологиясы және антигендік қасиеттері.

  • Клиникалық көріністері.

  • Микробиологиялық диагноз қою.

  • Идентификациялау

  • Патогенезі және клиникалық көрінісі.

  • все тесты микр. Микра 80. Сибирская язва относится к роду


    Скачать 2 Mb.
    НазваниеМикра 80. Сибирская язва относится к роду
    Дата02.02.2022
    Размер2 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлавсе тесты микр.docx
    ТипДокументы
    #349861
    страница64 из 166
    1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   166

    36. Қызылша, қызамық вирустары. Олар тудыратын аурулардың патогенезі.


    ҚЫЗЫЛША ВИРУСЫ

    Қызылша - дене қызбасымен, жоғарғы тыныс алужолдарының және көздің шырышты қабаттарының катаральдық қабынуымен және де теріде түйіншекті - дақты бөртпелер шығуымен сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Қызылша вирусын 1954 жылы Д.Эндерс және Т.Пиблс бөліп алған.

    Таксономиясы.

    Тұқымдастығы: Paramyxoviridae

    Тұқымдастықшасы: [Paramyxovirinae]

    Туыстастығы: Morbillivirus (латынша: мorbilli-ауру, кесел)

    Морфологиясы және антигендік қасиеттері.

    Морфологиясы жалпы парамиксовирустарға ұқсас.Вирионының диаметрі 150-250 нм. Вирус геномы-бір жіпшелі, фрагменттелмеген, минус – жіпті РНК. Ақуыздары: нуклеокапсидтік NP, матриксттік М, беткейлік гемагглютинин (Н) және қосу-біріктіру ақуызы (F) фермент - гемолизин. Қызылша вирусының гемагглютинациялық және гемолитикалық белсенділігі бар, құрамында нейраминидаза жоқ. Серотиптері анықталмаған. Негізгі антигендері: Н (гемагглютинин), F пептид және нуклеокапсид (NP).Гемагглютининге және F ақуызға қарсы пайда болған антиденелер инфицирленген жасушаларға бағытталған цитотоксикалық әсер етеді.

    Дақылдандыру.

    Адамдардың эмбрионынан және маймылдардың бүйрегінен дайындалған біріншілік жасуша дақылдарына,ауыспалы HeLa,Vera жасуша дақылдарына жұқтырып өсіп өндіреді. ЦПӘ симпласттар пайда болумен көрініс береді,және де цитоплазматикалық, ядроішілік қосындылар пайда болады. F ақуыз жасушалардың бір-бірімен қосылып - бірігуін тудырады.

    Резистенттілігі.

    Қызылша вирусы қоршаған ортада ұзақ уақыт сақтала алмайды. Бөлмелік температурада белсенділігін 3-4 сағаттан кейін жояды. Күн сәулесінің, УК-сәуленің әсерінен жылдам өледі,детергениттердің және дезинфеканттардың әсеріне сезімтал.

    Эпидемиологиясы.

    Қызылшамен тек қана адамдар ауырады. Тәжірибиелік жағдайда қызылша ауруының белгілерін зерттеу үшін маймылдарды пайдаланады. Қызылша - кең таралған антропонозды жұқпалы ауру, көбінесе 4-5 жастағы балалар ауырады.

    Инфекция көзі -ауру адам. Негізгі жұғу жолы-ауалы-тамшылы,сирек жағдайда жанасу (контакт) арқылы жұғуы ықтимал. Мазасыздану (продромальды) кезеңінде және бөртпе пайда болған кездің 1-күнінде -айналасындағыларға науқастың ауру жұқтыру қаупі өте зор, бөртпе пайда болғаннан кейін 5күн өткен соң науқас жұқпалы емес.

    Патогенезі.

    Қоздырғыш жоғарғы тыныс алу жолдарының және көздің шырышты қабаты арқылы енеді,лимфа түйіндеріне барады. Вирустың алғашқы репродукциялануы мұрын-жұтқыншақ және жоғарғы тыныс алу жолдарының шырышты қабатының эпителиялық жасушаларында атқарылады. Содан кейін вирустар қанға түсіп (вирусемия), қантамыр капиллярларының эндотелияларын зақымдайды. Осы жасушалардың некроздануының нәтижесінде бөртпелер пайда болады. Сонымен қатар вирус Т-лимфоциттердің функциональдық белсенділігін басып тастайды, ол өз кезегінде екіншілік иммундытапшылық дамуына әкеледі.Сирек жағдайда вирус ОЖЖ-не еніп энцефаломиелит қоздырады.

    Клиникалық көріністері.

    Жасырын кезеңі 8-15 күн. Алғашқыда жедел респираторлық белгілер байқалады (ринит, фарингит, конъюктивит, фотофобия, 39°С-қа дейін дене қызбасы). Содан кейін 3-4 күндері шырышты қабаттарда және теріде түйіншекті-таңдақты бөртпелер пайда болады. Бөртпе жоғарыдан төмен қарай тарала бастайды:алдымен бетте, маңдайда, құлақтардық артында, сонан соң кеудеде, қол және аяқтарында. Бөртпе пайда болудан 1 тәулік бұрын ұрыттың шырышты қабатында майда (диаметрі-1мм), қызыл жиекпен қоршалған Бельский -Филатов-Коплик дағы пайда болады, ол қызылшаны дифференциялаушы белгі болып табылады. Ауру 9 күнге созылады, бөртпе ешқандай із қалдырмай біртіндеп кете бастайды.

    Иммунитеті.

    Қызылшамен ауырып тұрғаннан кейін тұрақты, өмірбақилық гуморалдық иммунитет дамиды. Плацента арқылы JgG түрінде берілетін енжар иммунитет нәресте туылғаннан кейін 6 ай бойы аурудан қорғайды.

    Микробиологиялық диагноз қою.

    Зерттеу үшін алынатын заттар: мұрын, жұтқыншақ шайындысы, бөртпе сүрінділері,қан,несеп. Вирусологиялық әдіс (индикациялау): адамдар мен маймылдардың бүйрегінен дайындалған біріншілік және ауыспалы HeLа т.б жасуша дақылдарына жұқтыру; ЦПӘ (цимпласт түзілуі) да және ГАР бойынша индикациялау: ГАТР, БР.

    Идентификациялау: ГАТР, БР. Серологиялық диагноз қою: ГАТР. Экспресс диагноз қою: ИФР.

    Емдеуі : симптомотикалық.

    Арнайы алдын алуы. Қызылшаға қарсы егу үшін бірнеше вакциналар қолданылады:

    - дақылдық , құрғақ, тірі вакцина (Ресей);

    - паротиттік, қызылшалық дақылдық, құрғақ, тірі вакцина (Ресей);

    - Приорикс -қызылша + паротит + қызамық вирустарының аттенуацияланған штамдарыннан дайындалған лиофильденген тірі вакцина (Англия);

    - MMR- II (қызылшалық, паротиттік, қызамықтық тірі вакциналар қоспасы, АҚШ)

    ҚЫЗАМЫҚ ВИРУСЫ

    Қызамық (латынша: rubrum - красный - қызыл) - қысқа мерзімді дене қызбасымен, майда-дақты экзантемамен (бөртпе шығумен), генерализацияланған лимфоаденопатиямен және жүкті әйелдерде ұрықтың зақымдануымен сипатталатын вирустық жедел жұқпалы ауру.

    Таксономиясы. Тұқымдастығы: Togaviridae

    Туыстастығы: Rubivirus.

    Морфологиясы.

    Жетілген вириондар сфера пішінді, диаметрі 60-70 нм. Геномы (+) РНҚ -ның сегменттелмеген молекуласынан тұрады. Суперкапсидінің липидті қабықшасының құрамында тікенекше тәрізді Е1 және Е2 гликопротеидтер бар (жасушамен жанасқанда рецептор қызметін атқарады). Капсидінің симметриясы куб типті болады.

    Антигендері.

    Қызамық вирусының екі антигені бар: 1) ішкі антигені - нуклеокапсидтік, КБР -мен анықталады; 2) сыртқы, суперкапсидтік антиген, БР, ГАТР -мен анықталады. Серотипі - біреу.

    Төзімділігі.

    Қызамық вирусы эфирдің, детергенттердің әсеріне сезімтал. Сыртқы ортада тұрақты емес. Қайнатқанда вирус 2 - минутта белсенділігін жояды. Төменгі температурада мұздатқанда өзінің белсенділігін жылдар бойы сақтайды. Органикалық еріткіштердің, УК-сәуленің, күн сәулесінің, хлорқұрамды ерітінділердің және формалиннің әсерінен тез бұзылып жойылады.

    Эпидемиологиясы.

    Инфекция көзі (резервуары) - клиникалық белгілері айқын немесе симптомсыз жұқтырған адамдар. Вирус ауалы-тамшылы, транспланцентарлы (анасынан ұрыққа) жолмен, және де инфицирленген заттармен жанасқанда жұғады. Бөртпе шыққаннан бастап 7 күнге дейін науқас балалардың және де қызамықтың туыла біткен түрімен дүниеге келген нәрестелердің (сыртқы ортаға 2 жыл бойы вирус бөліп шығарады) инфекция жұқтыру қауіптілігі сақталады. Вирус организмнен сыртқы ортаға мұрын -жұтқыншақ секретімен, несеп және нәжіс (инфицирленгеннен соң 7-8 күннен кейін) арқылы бөлініп шығады.

    Патогенезі және клиникалық көрінісі.

    Вирус жұққаннан кейін мойын, желке және құлақ бездерінің артқы лимфа түйіндерінің жасушаларына енеді; сол жерде вирустың біріншілік репродукциялануы басталады. Бездер үлкейе бастайды және пальпациялау кезінде ауырсыну болады. Сонан соң вирус лимфаға,қанға өтеді де вирусемия дамиды. Бөртпе пайда болған кезден бастап вирусемия тоқтайды. Ауру дене қызбасының дамуымен, бөртпе шығумен, жоғарғы тыныс алу жолдарының зақымдануымен, буындарының және бұлшықеттерінің ауыруымен сипатталады.

    Тыныс алу жолдары зақымданғанда жасырын кезеңі 11-23 тәулікке созылады, продромальдық кезеңі - бірнеше сағаттан 1-2 тәулікке дейін ауытқиды. Ауруға тән сипатты белгілері: ашық алқызыл түсті дақты- папулалы бөртпелер (әсіресе аяқ-қолдың жазғыш беткейінде, арқасында және бөксесінде) шығу. Бөртпе шығудың алдында лимфа түйіндері - мойын және желке бездерінде үлкейеді.

    Қызамық вирусының персистенциялануы (туа біткен қызамықтан кейін немесе балалық шақта ауырғаннан кейінгі жағдайларда) адамдарда екінші онжылдықтар мерзімінде прогрессивті қызамықтық панэнцефалит (ПҚПЭ) дамуы ықтимал. Ең ауыр асқынуларға – қызамықтық энцефалиттер және энцефаломиелиттер (ересектерде) жатады, 20-50% жағдайларда өліммен аяқталады. Плацента арқылы жұғу ұрықтың жапырақшаларының бәрінде зақымдану туғызады. Нәрестелерде салмағының аз болып туылуы, тромбоцитопениялық пурпура, гепатоспленомегалия, пневмония т.б. жиі байқалады.

    Құрсақішілік инфицирленген кезде 50% жағдайда ұрықта катаракта, жүрек кемістігі, микроцефалия (ақыл-есінің дамуы бұзылуымен) және саңыраулық (глухота) дамиды.

    Жүктіліктің алғашқы 2 айында жұқтыру патологиялар пайда болуды 60-80%-ға арттырады. Ауру барысында жасушалық типтегі екіншілік иммунды тапшылық дамиды.

    Иммунитеті.

    Аурудан айыққаннан кейін тұрақты (гуморальды) иммунитет қалыптасады. Антигемагглютининдер және вирус бейтараптаушы антиденелер өмір бақи сақталады, ал комплемент байланыстырушы антиденелер организмде бірнеше ай бойы айналымда болады, сондықтан оларды анықтау қызамыққа жақын арада шалдыққанын көрсетеді.

    Микробиологиялық диагноз қою. Зерттелетін заттар: қан, мұрын-жұтқыншақ шайындысы, ликвор, ұрық тіндерінен алынған сынамалар. Вирусты бөліп алу (индикациялау): ауыспалы жасуша дақылдарына (Vero, Hela т.б.) жұқтыру (түйіндақтар түзілуі, ЦПӘ, ГАР бойынша анықтау).

    Идентификациялау: БР, ГАТР, РИФ. Серологиялық диагноз қою: КБР, ГАТР, БР, ИФТ, ПТР. Ауру барысында антиденелер титрінің 4 есе және одан да жоғары көбеюі, және де ауырып тұрғанын IgG -ді немесе жақын арада науқастанғанын көрсететін IgM-ді спецификалықантиденелерді анықтаудың диагностикалық маңызы бар. Осындай антиденелерді жүкті әйелдерде анықтаудың маңызы ерекше орын алады. Жаңа туылған нәрестелердің I-жартыжылдығында вирусқа қарсы жоғарғы деңгейде спецификалық IgM -ді табу және II - жартыжылдығында IgG-ді анықтау - құрсақішілік инфекциямен зардаптанғанын көрсетеді.

    Емдеуі - симптоматикалық.

    Алдын-алуы. Спецификалық профилактика мақсатында әртүрлі вакциналар қолданылады.

    Моновакциналар:

    Meruvax -2 - қызамыққа қарсы вакцина.

    Рудивакс - қазамық вирусының аттенуацияланған штамынан дайындалған тірі вакцина (Франция).

    Ассоциацияланган вакциналар:

    Паротит - қызылша - қызамықтық вакцина -MMR II (АҚШ).

    Приорикс - паротит - қызылша - қызамыққа қарсы аттенуацияланған штамнан дайындалан вакцина (Англия).

    Вакцина егілгеннен кейін иммунитет 20 жыл бойы сақталады. Қызамыққа қарсы егу 12 айлық және 6 жаста жүргізіледі. Вакцинаның 2 дозасынан кем алған 13 жастағы қыздар арасында қызамыққа қарсы егуді қайталайды.
    1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   166


    написать администратору сайта