Главная страница
Навигация по странице:

  • Құрылымы және химиялық құрамы.

  • Клиникалық көріністері.

  • Микробиологиялық диагноз қою.

  • Спецификалық профилактикасы.

  • Құрылымы, дақылдандыру және антигендік қасиеттері.

  • Емдеуі.

  • Таксономиясы. Тұқымдастығы: ParamyxoviridaeТұқымдастықшасы: [Paramyxovirinae]Туыстастығы: RubulavirusМорфологиясы және антигендік қасиеттері.

  • Дақылдандыру

  • Иммунитеті.

  • все тесты микр. Микра 80. Сибирская язва относится к роду


    Скачать 2 Mb.
    НазваниеМикра 80. Сибирская язва относится к роду
    Дата02.02.2022
    Размер2 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлавсе тесты микр.docx
    ТипДокументы
    #349861
    страница62 из 166
    1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   166

    35. Респираторлық инфекциялардың қоздырғыштары: тұмау, параинфлуа, паротит.


    ТҰМАУ

    Ортомиксовирустар (грекше: orthos - тікелей, тура; туха - кілегей, шырыш) деп аталуы тыныс алу жолдарының шырышты қабатының мукопротеидтеріне бейімділігімен, яғни жасушалардың беткейлік рецепторларына - гликопротеиндеріне жабысу қабілеттілігімен байланысты.

    Таксономиясы.

    Тұқымдастығы: Orthomyxoviridae

    Туыстастығы: Influenzavirus A, Influenzavirus B, Influenzavirus C

    Түрлері: Influenza А вирус, Influenza В вирус, Influenza С вирус

    Influenzavirus туыстастығының вирустары тұмау (грипп) деген атқа ие болған аурулар қоздырады (французша: agripper - ұстап алу, қырнау деген мағына білдіреді).

    Грипп - тыныс алу жолдарын зақымдайтын, дене қызбасымен, жалпы интоксикацияланумен, жүрек- тамыр және нерв жүйелерінің зақымдануымен сипатталатын, вирустар қоздыратын адамдардың жедел жұқпалы ауруы.

    Індет таратуда ең қауіптісі гриптің А вирусы, В грипп вирусы шектелген аумақта бұрқетпелік эпидемия түрін қоздырады, ал С грипп вирусы - оқта- текте (спорадикалық) болатын тұмау ауруын қоздырады.

    ДДҰ (ВОЗ)-ның 1980 жылғы классификациясы бойынша грипп вирустарын 3 типке бөледі: А, В, С.

    А типіне антигендерінің (гемагглютинин - НА және нейраминидаза - NA) айырмашылығы бар бірнеше типшелер (подтипы) жатады: гемагглютинин бойынша 15 антигендік типшелер (H1-H15) және нейраминидаза бойынша 10 типшелер (N1-N10). Солардың ішінен адамдарда ауру қоздыратын А грипінің құрамына үш HA (H1, H2, H3) және екі NA (N1, N2) кіреді.

    В және С типіне жататын грипп вирустарының антигендері тұрақты (стабильді), дегенмен В грипп вирусы ұзақ мерзімнен кейін антигендік дрейфке ұшырауы мүмкін.

    Құрылымы және химиялық құрамы.

    Вирионның құрамы орта есеппен 1% РНҚ, 70% ақуыз, 24% липидтар және 5% көмірсулардан тұрады. Липидтар мен көмірсулар вирионның сыртқы қабықшасының құрамына кіреді және шығу тегі жасушалық болып табылады. Грипп вирусы сфера пішіндес, диаметрі 80- 120 нм (2- сурет). Сирек жағдайда жіпше тәріздес түрі кездеседі. Вирионның ортасында спираль симметриялы нуклеокапсид орналасқан, ол қосарланған спираль сияқты жинақталған рибонуклепротеинді (РНП) шоғырдан, рибонуклеин қышқылынан (РНҚ), ақуыз - нуклеопротеиннен (NP), РНҚ-полимераза және полимеразалық комплекстен тұрады.

    Грипп вирусының геномы - біржіпшелі сегменттелген (А және В вирусының 8 сегменті, С вирусының 7-ге дейін сегменттері бар) минус -жіпті РНҚ. Вирустардың сегменттелген РНҚ-ы генетикалық рекомбинацияларға, антигендік құрылымының өзгергіштігіне бейім келеді.

    Вирион жүрекшесі ақуыздардан тұратын мембранамен қоршалған, ол РНП-ді сыртқы қабықшаның (суперкапсид) қосарланған липидтік қабатымен байланыстырады. Липопротеинді қабықшасының сыртқы беткейінде тікенекшелер болады. Олардың ұзындығы 10 нм, құрамында екі гликопротеин бар: гемагглютинин (H) және нейраминидаза (N).

    С грипп вирусында нейраминидаза жоқ. Грипп вирусының гемагглютининдері сезімтал жасушалардың беткейлеріндегі рецепторлармен байланысады (яғни адсорбциялық қабілеттілігіне жауап береді), ал нейраминидаза - эндоцитоз жолымен вирустың жасушаға енуіне қатысады.

    Антигендік құрылымы.

    А типіне жататын грипп вирусының беткейлік антигендерінің құрылымы тұрақты өзгеріп отырады. Н және N антигендеріндегі өзгерістер бір-бірінен тәуелсіз жүреді. В типінің антигендік құрылымы тұрақтылау болады, дегенмен, олардың да 5 типшелері (подтипі) бар. С типті грипп вирусы антигендік құрылымы бойынша ең тұрақты болып келеді.

    Грипп вирустарының ішкі антигендері - NP және М-ақуыздар-типтікспецификалық антигендер болып табылады, КБР көмегімен анықталады ( А, В, С грипп вирустары бір-бірінен типтікспецификалық антигендері бойынша айырмашылығы болады). Беткейлік антигендері - ол гемагглютинин және нейраминнидаза, олар грипп вирусының типшелеріне (подтипы) тән антигендер, оларды ГАТР көмегімен анықтайды.

    Резистенттілігі.

    Ортомиксовирустардың қоршаған ортадағы төзімділігі - орташа. Грипп вирустары 60°С және одан жоғары температураға, УКС, май еріткіштердің, дезинфектанттардың детергенттердің әсеріне сезімтал. Өте төменгі (-70°С) температурада ұзақ сақталады, 4°С температура жағдайында бір аптадан кейін патогенділігін жояды, бөлмелік температурада тіршілік кабілеттілігін 1-2 тәулік бойы сақтай алады.

    Эпидемиологиясы.

    Грипп-эпидемиялық антропонозды инфекция. Қыс кезінде және қысқы-көктемгі айларда жиірек байқалады. Негізгі инфекция көзі науқас адамдар және вирус тасымалдаушылар. Негізгі берілу механизмі - аэрогенді, жұғу жолы - ауалы - тамшылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде), және де жанасқанда берілуі мүмкін. Грипп - өте жұқпалы ауру,грипп індетінің бірнеше пандемиялары болған:

    - 1918-1920 ж.ж. «испандық» пандемия (А/H1N1) кезінде 20 млн-нан астам адамдар қайтыс болған;

    - 1957 ж. «азиялық» грипп вирусы (A/H2N2) пандемия қоздырып,2млн-нан астам тұрғындар aуруға шалдыққан;

    Патогенезі.

    Вирустың ену есігі - жоғары тыныс алу жолдарының шырышты қабаты. Кейде вирус альвеоларға түсіп, біріншілік жедел өкпе қабынуын қоздырады. Вирустың алғашқы репродукциялануы тыныс алу жолының эпителиялық жасушаларында атқарылады. Шырышты қабаттың зақымданған беткейлері арқылы вирус қанға түсіп, вирусемия туғызады. Қабыну, ісінуі, базальды мембрананың домбығуы дамиды, жасушалардың бұзылуы басталады. Жасушалардың ыдырау өнімдері ағзаларға сіңеді де, организмге токсикалық және аллергиялық әсер етеді. Вирус протеолиз жүйесін күшейтеді де, капиллярлардың эндотелиясын зақымдайды. Ол - тамырлар мен сірлі қабықтың өткізгіштігін күшейтеді де, геморрагия (қанау) туғызады және микроциркуляцияны бұзады.

    Грипп вирусы лимфа түйіндеріне еніп лимфоциттерді зақымдау салдарынан жүре пайда болатын иммундытапшылық туындауына әсер етеді. Ол өз кезегінде екіншілік бактериялық инфекциялардың дамуын қоздырады. Грипп кезінде организмнің әртүрлі дәрежеде инитоксикациялануы орын алады.

    Клиникалық көріністері.

    Жасырын кезеңі - 1-3 күн. Клиникалық белгілері 3-7 күндей сақталады. Айығу (реконвалесценция) кезеңі 7-10 күнге созылады. А типті грипп вирусы қоздырған ауру жедел басталады. Жасырын кезеңнен кейін жалпы мазасы болмайды, дімкәстану байқалады.

    Негізгі симптомдары - температурасының жедел көтерілуі, басының қатты ауыруы, буындарының және бұлшықеттерінің ауыруы, қалтырау т.б. А грипп вирусы нейротропты, сондықтан неврологиялық симптомдар пайда болуы мүмкін. Жоғарғы тыныс алу жолдарында экссудативті қабыну дамиды (құрғақ жөтел, өкпесінің қысылуы, дауысының қарлығуы, ринит және ринорея). Вирустың қан тамырларында өсіп-өнуіне байланысты теріде, шырышты және сірлі қабықтарда, ішкі ағзаларда қан кету, қанағыштық туғызады. Қауіпті асқынулар (геморрагиялық пневмония, өкпе ісінуі, өлім) туғызуы мүмкін. Грипп кезіндегі асқынудың салдарынан әдетте пневмококтар немесе стафилококтар қоздыратын бактериялық суперинфекциялар дамиды.

    Грипп А кезінде жүрек - тамыр және нерв жүйелерінің, бауыр, бүйрек және т.б. ағзалар функциясының бұзылыстары тіркелуі мүмкін.

    В типті грипп вирусы қоздыратын ауру А типіне қарағанда әдетте жеңіл түрде өтеді. Негізінде конъюнктивит, көздерінде ауырсыну немесе фотофобия байқалады, және де В типті вирустың нейротроптық қабілеттілігі жоқ.

    Грипп вирусының С типі қоздыратын ауру жеңіл түрде өтеді.

    Иммунитеті.

    Бейспецификалық қорғаныс факторлары - организмнің бөліп шығару қабілеттілігі, альфа-интерферон, табиғи жасуша-киллерлер, сарысулық ингибиторлар, секреторлық IgA (жергілікті иммунитет).

    Спецификалық иммунитет жасушалық және гуморальдық факторлардың қатысуымен қамтамасыз етіледі. Жасушалық иммунитет макрофагтар, Т-киллерлер арқылы, ал гуморальдық иммунитет - иммунды глобулиндердің (вирус бейтараптаушы - антигемагглютининдік және антинейраминидазалық антиденелердің) көмегімен атқарылады.

    Грипп инфекциясынан ауырып тұрғаннан кейін салыстырмалы түрде берік иммунитет пайда болады, бірақ ол типтік-спецификалық болады. Жаңа туылған нәрестелерде грипп А вирусының тиісті типшелеріне қарсы IgG-ге негізделген енжар иммунитеті болады, ол 6-8 ай бойы сақталады.

    Микробиологиялық диагноз қою.

    Зерттеу заттары: мұрын-көмей шайындысы, қан, конъюнктива бөліндісі, секциялық материал. Вирус штамдарын бөліп алу (вирусологиялық әдіс): Тауық эмбрионына жұқтыру; жасуша дақылдарына жұқтыру (адам және иттің эмбрионының бүйрегінен дайындалған біріншілік жасуша дақылдары, тауық эмбрионының фибробласты, ауыспалы жасуша дақылы - МДСК); зертханалық сезімтал жануарларға жұқтыру (ақ тышқандарға).

    Вирусты индикациялау: Эмбрионның өлуі; ХАҚ (ХАО)-да түйіншек-таңдақтар пайда болуы; ЦПӘ (ЦПД), ГАР,ГАдР; Зертханалық жануарлардың өлуі (ағзаларында өзгерістер болуы) бойынша жүргізіледі.

    Вирусты идентификациялау: ГАТР, БР, КБР, ИФТ, ИФР, молекулалық гибридизациялау әдістері бойынша атқарылады.

    Серологиялық әдіс (ретроспективті диагноз қою): ГАТР, БР, КБР, ИФТ.

    Жедел (экспресс) диагноз қою: ГАТР, ИФР, ИФТ, ПТР.

    Спецификалық профилактикасы.

    Қазіргі кезде грипп инфекциясына карсы бірнеше вакциналар қолданылады:

    - Ультравак - аллантоистық құрғақ тірі вакцина интраназальдік (Ресей);

    - Грипповак - инактивацияланған центрифугаланған сұйық вакцина (Ресей);

    - хромотографиялық инактивацияланған сұйық вакцина;

    - Гриппол - полимер - суббірлік вакцина (Ресей);

    - Бегривак-ыдыратылған сплит - вакцина (Германия);

    ПАРАГРИПП ВИРУСЫ

    Парагрипп - жоғары тыныс алу жолдарының, әсіресе көмекейдің зақымдануымен және организмнің жалпы улануымен (интоксикациямен) сипатталатын жедел жұқпалы ауру. Адам парагриппінің вирустарын 1956 жылы П.Ченок ашқан.

    Таксономиясы.

    Тұқымдастығы: Paramyxoviridae

    Тұқымдастықшасы: [Paramyxovirinae]

    Туыстастығы: Respirovirus-адам парагрипп вирусының 1,3 серотиптері

    Rubulavirus -парагрипптің-2, 4a, 4в серотиптері.

    Құрылымы, дақылдандыру және антигендік қасиеттері.

    Парагрипп вирусының 5 серотиптері белгілі (АПГВ-ВПГЧ-1, 2,3,4,5). Парагрипп вирустарының гемадсорбциялық белсенділігі едәуір жоғары, ол инфицирленген жасуша дақылдарына теңіз шошқасының эритроцитерін қосқанда көрініс береді, және де олар гемагглютинациялық қасиетімен сипатталады.

    Серотиптерінің бәріне нейроминидазалық белсенділік тән, және де олардың шамалы дәрежеде гемолитикалық және симпласт түзуші қасиеттері бар. Олар адамдар мен маймылдардан алынған біріншілік және ауыспалы жасуша дақылдарында өсіп - өніп көбейеді (репродукциянады). ЦПӘ- нің айқын байқалуы вирустың серотипіне және штамына қарай әртүрлі болады. Парагрипп вирустарының тауық эмбрионында өсіп - өнуге бейімделу қабілеттілігі өте баяу жүреді.

    Эпидемиологиясы.

    Парагрипп кезіндегі инфекция көзі - ауру адамдар. Вирус тыныс алу жолдары арқылы жұғады. Негізгі берілу жолы - ауалы-тамшылы.Инфекция кең таралған және өте жұқпалы.

    Патогенезі.

    Инфекцияның кіру қақпасы - жоғарғы тыныс алу жолдары. АПГВ жоғарғы тыныс алу жолының шырышты қабатының жасушаларына адсорбцияланады, оларға тереңдеп енеді және көбейеді, нәтижесінде вирус енген жасушалар бұзылады. Патологиялық процесс қабыну қоздыра отырып тыныс алу арнасының төменгі бөлігін жылдам қамти бастайды. АПГВ1 және АПГВ2 балаларда жедел ларингобронхит қоздыруға себепкер болады. АПГВ 3 ошақты пневмония қоздырады.

    Парагрипп вирустары мұрын - жұтқыншақтың шырышты қабатының эпителиалдық жасушаларында репродукцияланады. Содан кейін олар қанға түсіп вирусемия (ұзаққа созылмайтын) тудырады. Бұзылысқа ұшыраған ыдырау өнімдері және вирустар организмді интоксикациялануға әкеледі.

    Вирустар екіншілік иммундытапшылық қоздырады, нәтижесінде бактериалық асқынулар дамиды.

    Клиникалық көріністері.

    Жасырын кезеңі 3-6 күн. Содан кейін температурасы көтеріледі, әлсіздік, мұрын бітуі, тамағының ауыруы, жөтел т.б пайда бола бастайды. Осы ауруға тән дәл симптомдар жок. Балаларда болатын кеселдің ауыр түрінде өзектену (крупп) және өкпе қабынуы дамиды. Ересек адамдарда ауру ларингит түрінде өтеді.

    Иммунитеті.

    Ауырып тұрғаннан кейін типтік-спецификалық ұзақ сақталмайтын гуморалдық иммунитет қалыптасады. Секреторлық антиденелер (SIgA) маңызды орын алады.

    Микробиологиялық диагноз қою.

    Зерттелетін заттар: шырышты кабат кілегейі, тыныс алу жолдарының шайындысы, қақырық, қан сарысуы. Вирусты бөліп алу (индикациялау): біріншілік жасуша дақылдарына жұқтыру, ЦПӘ және ГАР бойынша индикациялау. Идентификациялау: ГАТР, КБР, БР.

    Серологиялық диагноз қою: қос сарысуларымен ГАТР, КБР БР.

    Емдеуі. Этиотропты препараттар (арбидол, интерферон, иммунды модуляторлар) қолдану: симптоматикалық емдеу шаралары.

    Алдын алуы. Спецификалық профилактика яғни вакцина егу қолданылмайды.

    ПАРОТИТ

    Эпидемиялық паротит (мысқыл) - шықшыт безінің сирек жағдайда басқа ағзалардың зақымдануымен сипатталатын, балалардың вирустық жедел инфекциясы. Ауруды вирустар қоздыратынын 1934 жылы К.Джонсон және Э.Гудпасчер анықтады.

    Таксономиясы.

    Тұқымдастығы: Paramyxoviridae

    Тұқымдастықшасы: [Paramyxovirinae]

    Туыстастығы: Rubulavirus

    Морфологиясы және антигендік қасиеттері.

    Құрылысы басқа парамиксовирустарға ұқсас. Сфера пішінді, диаметрі 150-200 нм. Вирионының ішінде NP ақуыз орналасқан, сыртында- тікенекшелері (HN және F гликопртеиндер) бар қабықшасы болады. Нейраминидазалық және симпласт түзуші белсенділігі бар 1 серотиптен тұрады.

    Дақылдандыру. Өсіп - өндіру үшін жасуша дақылдарына (симпластар, синцитиялар пайда болады)және тауық эмбриондарына жұқтырады.

    Резистенттілігі. Қоршаған орта факторларының әсеріне төзімділігі жоғары емес.

    Эпидемиологиясы.

    Эпидемиялық паротит - өте жұқпалы антропонозды инфекция. Инфекция көзі - ауру адамдар. Берілу жолдары- ауалы-тамшылы, кейде сілекеймен ластанған тұрмыстық заттар арқылы жұғуы ықтимал.

    Патогенезі.

    Вирустың кіру қақпасы - жоғарғы тыныс алу жолдары. Вирустың алғашқы репродукциялануы мұрын-жұтқыншақтың эпителиалық жасушаларында және шықшыт бездерінде жүреді. Содан кейін вирустар қанға түсіп барлық ағзаларға (аталық және аналық бездер, ұйқы безі, қалқанша без, ми) тарайды және сол жерлерде қабыну үрдістерін қоздырады. Ер балаларда орхит дамып, бедеулікке әкелуі мүмкін.

    Клиникалық белгілері.

    Жасырын кезеңі 14-21 күн. Кесел температураның көтерілуімен, басы ауырумен, дімкәстікпен басталады. Шықшыт безінің біреуі немесе екеуінде, кейде сілекей бездерінде де қабыну дамиды. Ең жиі кездесетін асқынулар - менингит, менингоэнцефалит, панкреатит және т.б. Көбінесе аурудың симптомсыз өтуі байқалады.

    Иммунитеті. Эпидемиялық паротитпен ауырып тұрғаннан кейін тұрақты, өмір бақилық иммунитет қалыптасады.

    Микробиологиялық диагноз қою.

    Зерттеу заттары: сілекей, жұлын сұйықтығы, ликвор, несеп, қан сарысуы. Вирусологиялық әдіс (индикациялау): біріншілік жасуша дақылдарына (синцитиялар пайда болады) және тауық эмбриондарына (ГАР-мен анықталады) жұқтыру қолданылады.

    Серологиялық диагноз қою: ИФТ, КБР, ГАТР (науқастан алынған қос сарысулармен қойылады)

    Экспресс диагноз қою: ИФР

    Емдеуі. спецификалық иммунды глобулин қолдану.

    Спецификалық алдын - алуы. Эпидемиялық паротитке қарсы бірнеше вакциналар ұсынылған:

    - Смородинцев ұсынған паротиттік дақылдық құрғақ тірі вакцина-Ресей (1 жастан үлкен балаларға).

    Нәрестелерде 6 айға дейін плацентарлық енжар иммунитет сақталады;

    - паротиттік - қызылшалық дақылдық құрғақ тірі вакцина (Ресей);

    - қызылшаға, паротитке, қызамыққа қарсы лиофильденген тірі вакцина (Индия);

    - MMR-қызылшаға, паротитке, қызамыққа қарсы вакцина (АҚШ).
    1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   166


    написать администратору сайта