Главная страница
Навигация по странице:

  • Т-хелперлер

  • Т-киллерлер

  • CD3 молекуласы

  • «өзінікін» «бөгдеден» ажыратады

  • Т-киллерлердің нысанасы

  • көмегіменжояды

  • 5 минут уақыт жұмсап, нысана-жасушаның бірнешеуін өлтіреді . Т-лимфоциттердің арасында көбінесе СД4-СД8- маркерлері

  • В-лимфоциттердікіне ұқсайды

  • ( цитокиндер синтездеу, солар арқылы жергілікті иммунитетті және қабынуды белсендіру, Т2-хелперлердің өсуін күшейту т.с.)

  • все тесты микр. Микра 80. Сибирская язва относится к роду


    Скачать 2 Mb.
    НазваниеМикра 80. Сибирская язва относится к роду
    Дата02.02.2022
    Размер2 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлавсе тесты микр.docx
    ТипДокументы
    #349861
    страница55 из 166
    1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   166

    51. Т-лимфоциттер: субпопуляциялар, антигенді тану, иммундық жауаптағы функциялар.


    Т-лимфоциттер. Т-лимфоциттер – сүйек кемігінде, жілік майында түзіледі, ал тимуста жетіледі. Т-лимфоциттердің үлесі барлық лимфоциттетрдің 75 % құрайды. Электрондық микроскоппен зерттесек барлық Т-лимфоциттердің беті тегіс, олардың ортақ белгісі CD3, сонымен қатар қой эритроциттерінің рецепторы болып табылатынын анықтауға болады. Антигендік рецепторлардың (TCR) құрылымына және функционалдық бағытына байланысты Т-лимфоциттердің екі түрі бар: альфа-бетта және гамма-сигма. Бірінші түрі қос полипептидті тізбектен тұрып, Т-хелпер мен Т-киллер деп аталатын лимфоциттерге тән. Екіншісі ерекше гамма-сигма Т- лимфоциттердің сырт қабығынан табылады. Т-лимфоциттер екі субпопуляцияға бөлінеді: иммундық реттеушілер (иммунды регуляторлар) және әсеретушілер (эффекторлар). Біріншілеріне жататындар Т-хелперлер. Сонымен қатар Т-супрессорлар (тежеушілер) бар болатындығы болжанылған еді, бірақ осы күнге дейін олардың морфологиялық қасиеттері негізделініп, бар не жоғы дәлелденбеген, бірақ та тежеушілік көріністің бар екені айқын. Эффекторлық жұмысты цитотоксикалық лимфоциттер Т-киллерлер атқарады.

    Т-хелперлер– реттеуші жұмысты атқаратын Т-лимфоциттердің субпопуляциясы болып табылады. Олардың Т-лимфоциттер арасындағы үлесі 75%. Т-лимфоциттердің сыртқы мембранасының бетінде СД4, және басқа рецепторлардың молекулалары табылады. Солар арқылы Т-хелперлер АПЖ-дан (антиген презентейтін жасушалар) алынған ақпаратты талдайды. Антигенді Т-хелпермен қабылдау, яғни оның бөгделігін талдау жоғары дәлдікті қажет ететін өте күрделі процесс. Оған CD3 молекуласы (203 TCR-мен комплексті), CD4 ко-рецепторлы молекулалар (II класты MHC молекулалық кешеніне жақындығы бар), адгезия молекулалары (жасушааралық байланысты тұрақтандырады) және рецепторлар ықпал етеді. Белсендірілген көмекші Т-хелпер иммуноцитокиттердің кең спектрін шығарады, олардың көмегімен иммундық жауапқа қатысатын көптеген жасушалардың биологиялық белсенділігін бақылайды. Т-хелпер популяциясы гетерогенді. Белсендірілген CD4+T лимфоцит келесі буында 2 түрге талданылады : T1 және T2 хелпер.

    • Т1-хелперлер жасушалық иммунитеттің дамуына, гиперсезімталдықтың баяу түріне, иммундық қабынуға керекті ИЛ -2, 3, гамма-ИФН, ісіктің некрозын тудыратын фактор түзеді.

    • Т2-хелперлер гуморалдық иммунитетті, гиперсезіталдықтың жедел түрін қолдайтын ИЛ-4,5,6,9,10,13 және т.б. өндіреді.

    Т-киллерлер. Т- эффекторлардың субпопуляциясы. Барлық лимфоциттердің арасында олардың үлесі 25 %. Т-киллерлердің цитоплазмалық мембранасының сыртында МНС1-дің жинағына кіретін СД8 және альфа-бетта (ТСR) рецепторларының молекулалары бар. Солар арқылы Т-киллер «өзінікін» «бөгдеден» ажыратады. Т-киллерлер ағзаның өзінің жасушаларының арасындағы туған өзгерістерді іздеп талдайды, яғни олардың МНС1 жиынағының антигендеріне сәйкес келмейтін өзгешелікті іздейді. Мутант жасушалардың, вирустармен зақымдалған жасушалардың, және де ауыстырылған органдардың аллогендік жасушаларының құрамында генетикалық бөгделіктің сипаты бар болғандықтан, олар – Т-киллерлердің нысанасы болып табылады. Т-киллерлер нысана-жасушаны басқа факторлардың көмегінсіз өзі бөліп шығарған улы заттардың (перфорин, гранзимдер, гранулизин) көмегіменжояды.Т- киллердің орасан зор биологиялық мүмкіншіліктері бар болғандықтан оларды «сериялық өлтірушілер» деп атайды. Ол қысқа мерзімде әрбіреуіне 5 минут уақыт жұмсап, нысана-жасушаның бірнешеуін өлтіреді.

    Т-лимфоциттердің арасында көбінесе СД4-СД8- маркерлері бар ерекше лимфоциттердің ықшамды популяциясы – гамма-сигма лимфоциттер бар. Олар толығынан эпидермис пен ас қорыту жүйесінің шырышты қабығында орналасқан. Жалпы саны шамалы – лимфоциттердің 1%, бірақ сыртқы тіндерде 10 % дейін барады. Антигендік рецепторлары В-лимфоциттердікіне ұқсайды. Олардың иммунды рецепторларының спецификалығы шектелген. Кейбір көп тараған антигендерді (липопротеиндер, бактериялық суперантигендер т.б.) талдауға бағытталған. Бұл лимфоциттер инфекцияға қарсы иммунитеттің басталуының алғашқы кезеңдеріне қатынасады. Тағы да бір ерекшелігі - оның иммунитет жауабының неше түрлі саласында іс атқару ( цитокиндер синтездеу, солар арқылы жергілікті иммунитетті және қабынуды белсендіру, Т2-хелперлердің өсуін күшейту т.с.) мүмкіншілігі. Гамма-сигма лимфоциттердің шыққан тегі - иммуногенездің алғашқы кезеңдеріндегі сыртқы тінге ауысқан жүйкелік жасушалар болатындығы анықталған. Жетілуі айырша безден тыс болады. Өсіп-өнуіне зақымдалған ас қорыту жүйесінің эпителиі мен эпидермисі әсер етеді және де ол процесті ИЛ-7 күшейте алады.

    11-билет
    1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   166


    написать администратору сайта