Назар аудары_ыз!. Назар аударыыз!
Скачать 357 Kb.
|
Внимание! Предоставленные материалы, защищены авторскими (либо другими) правами. Весь материал, доступный для загрузки - предоставлен исключительно с целью ознакомления с ним и поэтому Вы обязаны удалить их с вашего компьютера через 24 часа после прочтения. Назар аударыңыз! Ұсынылған материалдар, авторлық (не басқа) құқықтармен қорғалған. Жүктеу үшін қолжетерлік барлық материал – онымен тек қана танысу мақсатында ұсынылған, сондықтан Сіз өз компьютеріңізден оларды оқығаннан соң 24 сағаттан кейін жоюға міндеттісіз. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті Философия және психология факультеті Психология кафедрасы ПСИХОЛОГИЯДАҒЫ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ӘДІСТЕР ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН050503 –Психология мамандығы үшін Қарағанды 2009 Құрастырушылар: Панченко А.В.,аға оқытушы Насырова А.Ш. аға оқытушы Бурленова С.О., оқытушы 050503 –Психология мамандығының студенттері үшін арналған «Психологиядағы математикалық әдістер» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен оқу жоспары мен оқыту формасына сәйкес берілген дисциплинаның негізгі бөлімдерінен тұрады.. 050503 – психология мамандығы бойынша оқитын студентерге арналған. 050503 – Психология мамандығының студенттері үшін арналған «Псхологиядағы математикалық әдістер» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен /Құрас. Панченко А.В., Насырова А.Ш., Бурленова С.О., Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2009. – 53 бет. ©Қарағанды Мемлекеттік университеті, 20091. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ SILLABUS. 1.1. Оқытушы жайындағы мәліметтер: Панченко Антон Викторович - психология кафедрасының аға оқытушысы, дәріскер (дәрістер) Насырова Әлима Шамситдиновна – психология кафедрасының аға оқытушысы, дәріскер (дәрістер) Бурленова Салтанат Ошақбайқызы – психология кафедрасының оқытушысы 1.2. Психологиядағы математикалық әдістер пәні туралы мәліметтер
1.3. Пререквизиттер: Бұл пәнді оқуға дейін студенттер жоғары математика мен статистиканың принциптерін және оның мүмкіндіктері мен шекаралары туралы түсініктерін қалыптастыратын пәндерді алдын ала оқып өткендері жөн. 1.4. Постреквизиттер: «Психологиядағы математикалық әдістер» пәнін оқығаннан кейін бұл курстың қазіргі кезде білім беру үрдісінде студенттердің ғылыми зерттеулерден алынған материалдарды математикалық-статистикалық өңдеуден өткізе алу сияқты қолданбалы сұрақтармен танысуы керек. Мұны мына пәндерді оқыту барысында жүзеге асыруға болады: әлеуметтік психология, басқару психологиясы, ұйымдастырушылық психология, тұлғааралық қақтығыстар психологиясы. 1.5. Пәнге қысқаша сипаттама: Психологиядағы математикалық әдістер” атты курс ерекше курстарға жатады. Оның ерекшелігін, бір жағынан, күрделілігі, екінші жағынан, зор маңыздылығы себептейді. Күрделілігі деген ұғымға оның көптеген ғылымдарға сүйеніп, көптеген ғылымдарда пайдаланатын ұғымдарды қолданатынын жатқызамыз. Мысалы, қарастырылатын пән психология, алгебра, жоғары математика, статистика, кибернетика сияқты білім салаларынан зерттеу әдістерін, құралдарын, негізгі түсініктерін қолданады. Екінші жағынан, жоғарыда айтып кеткендей, бұл курстың болашақ психолог-маманға маңызы да зор, өйткені қандай болмасын психологиялық зерттеуді өткізу үшін, қандай болмасын болжау немесе заңдылықты дәлелдеу үшін, кез келген психологиялық механизм мен үрдістің барысын тексеру және тіркеу үшін зерттеуші математикалық қортыу әдістерін қолданады. Тек қана математикалық қорыту қолданған зерттеу дәлелді, нақты және ақиқатты болып саналады. 1.6. Пән бойынша тапсырмалар орындау мен тапсырулар кестесі:
|