Главная страница
Навигация по странице:

  • Күні Сынып

  • Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

  • Сабақтың кезеңі/ уақыты Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті

  • Бой сергіту жаттығулары. Ынтымақтастыру атмосферасын орнату.

  • Қозғалмалы бой жазу жаттығулары -қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүр-екі қол белде өкшемен жүру

  • Ортасы Жаңа сабақты түсіндіру

  • Қимыл –қозғалыс ойыны

  • Бөлім Педагогтың аты-жөні

  • Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • Дайындық бөлім: 8-10 мин. Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу. Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру. Қатардағы жаттығулар.

  • Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары.

  • Қалыптастырушы бағалау. «Социаграмма» әдісі: Тапсырма

  • 6 сынып ҚМЖ. Негізгіимылозалысжаттыуларыныбайланысынанытайды


    Скачать 5.04 Mb.
    НазваниеНегізгіимылозалысжаттыуларыныбайланысынанытайды
    Дата19.09.2022
    Размер5.04 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла6 сынып ҚМЖ.docx
    ТипДокументы
    #684008
    страница40 из 40
    1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40

    Бөлім




    Педагогтың аты-жөні




    Күні




    Сынып

    Қатысушылар саны

    Қатыспағандар саны

    Сабақтың тақырыбы

    Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту

    Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

    6.3.1.1 - өз денсаулығына деген қауіп-қатерді анықтай білу

    Сабақтың мақсаты


    Эстафеталар, біріккен ойындар барысында әр-түрлі жаттығулар жинағын орындау, қимыл-қозғалыс дамуына ықпал ететін қарапайым жаттығуларды белсенді орындау.

    Бағалау критерииі

    Қозғалыс қызметінде белсенді қимылдайды, эстафеталар, біріккен ойындар барысында қимыл-қозғалыстың пайдасын талқылайды және сипаттайды.

    Қауіпсіздік ережелерді сақтауы.

    Командамен бірге жұмыс жасай алуы.

    Ойынның ержесін сақтауы.

    Сабақ үрдісіне белсенді қатысуы

    Сабақтың кезеңі/ уақыты

    Мұғалімнің әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Басы

    Бой сергіту жаттығулары.
    Ынтымақтастыру атмосферасын орнату. Оқушыларды сапқа тұрғызу,сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын түсіндіру.

    Миға шабуыл. Оқушыларға сұрақтар беріледі:

    • Секірудің қандай түрлерін білесіңдер?

    • Секіру бойынша олимпиада чемпиондарынан кімді білесіңдер? (Ольга Рыпакова).


    Постермен жұмыс. Оқушыларға үш қарғып секіруден Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакованың олимпиада ойындарында көрсеткен өнерінен үзінді беріледі. Белгіленген уақытта постерге Ольга Рыпакова жетістікке қалай жеткендігі туралы өз ойларын сатылап жазып шығады.
    Қозғалмалы бой жазу жаттығулары

    -қолды жоғары ұстап аяқ ұшымен жүр

    -екі қол белде өкшемен жүру

    -екі қол белде аяқтын ішкі және сыртқы қырымен жүру

    -бір қалыпты жеңіл жүгіру

    -тіркеме адыммен оң және сол бүйірмен жүгіру

    -арқаны алға қарата оң иықпен қарап жүгіру

    -алға қарай созылган қол алақанына екі тізені тигізе жүгіру

    -қол алақанына аяқтын ішкі,сыртқы қырын тигізе жүгіру

    -өкшені артқа көтеріп,екі алақанға тигізе жүгіру

    -екі қол тізеде,толық отырып журу

    -отырып секіре жүру

    -дем алу,дем шығару

    .





    Қол шапалақ


    Ұялы телефон


    Ортасы

    Жаңа сабақты түсіндіру

    Ойындар қимыл- қозғалыс ойындары және спорттық ойындар болып бөлінеді. Қимыл –қозғалыс ойындары аса көңілді әрі пайдалы қимыл әрекет түрі .

    Қимыл –қозғалыс ойыны

     

    Қимыл-қозғалыс ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл –қозғалыстарды дамыта аласыңдар.

    Жарыс элементтері –айналып жүгіріп шығу, қарсыласыңды басып озу-ойынға өту тартымды, әсерлі сипат береді.

    Мақсатқа қол жеткізу сипатына және ойынға қатысушылардың аз-көптігіне қарай қимыл-қозғалыс ойындары мынадай түрлерге бөлінеді:

     

    1) жеке ойнайтын ойындар:

    а) «Жел мен желбақыш »;

    ә) «Айнал да жүріп кет » .

    2) екеу болып ойнайтын ойындар :

    а) «Кім күшті ?»;

    ә) «Кім бірінші болады ?».

    3) эстафеталық ойын :

    «Доп» ойыны .

     

    Қимыл-қозғалыс ойындары көңіл көтеруге, жылдамдық пен ептілікті арттыруға жағдай туғызады, әр түрлі қимыл –қозғалыс машықтары мен дағдыларын қалыптастырады . Сонымен бірге        бір-бірімен байланыс жасап ,тіл табысуға көп көмегін тигізеді .

    Ұлттық ойындар:

    Күш сынаспақ 
    Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасуымен орындалады.2 бала шынтақтарын столға тірек қол бастарын айқстырады.Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді. Ағаш аттың үстінде аттың басын ұстап тұрып 2-ші қашан білектен тартысып сынасуға да болады.Бірақ баланың қауіпсіздігі қатаң бақыланады. 
    Тауық күрес. 
    Балалар екі топқа бөлінеді.Осы екі топтан екі бала шығып ,кәдімгідей күреседі.Оның ең қызығыда,басқаша күрестен айырмасы да –тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп,иықтарын қағып күресуінде.Бұл күрес балалардың нық басып,орнықты жүруін жетілдіреді.Күрестің 1 аяғн тізесін бүгіп,мата белбеуін байлап тастайды.Қайсысы сүрініп жығылса ,сол ұтылады. 

    Арнайы ресурстар арқылы жаңа тақырыпты талдайды

    Жұп бойынша

    Жеке, өзара тақырыпты түсінгендерін мұғалімге қол көтеру арқылы білдіреді

    Кілт сөздер мен тіркестер. Оқушыларды түсінігін талқылау, көрсету топтық ойын жақсарту туралы белсенділігі туралы әлеуметтік дағдыларды түсіну және көрсету

    қозғалу дағдылары секіру, лақтыру, жүгіру


    Смаликтер арқылы

    ҚБ өзін өзі бағалау

    Бағалау парақшасын толтырады.

    ҚБ

    Доптар: түрлі мөлшер, текстура, түс, салмақ, т.б.

    Доптар (түрлі мөлшерлі). Нысана ретінде түрлі қайта өңделе алатын заттар қолданыла алады: пластикалық саптаяқ / шөлмектер, картон туба / жәшіктер.

    Сабақтың соңы



    Кері байланыс

    Оқушылардың өз тәртіптеріне рефлексия жасауды мобильдендіру (мотивация, әрекет тәсілдері, қарым-қатынас).

    Оқушылар стикерге мына сұрақтарға жауап жазады:

    1. Маған сабақта не ұнады. 2. Маған немен жұмыс істеу керек? 3. Смайл арқылы өзінің көңіл-күйін бейнелейді және стикерді күн бейнесіндегі тақтаға жапсырады.


    Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




    Рефлексия парағы



    Бөлім




    Педагогтың аты-жөні




    Күні




    Сынып

    Қатысушылар саны

    Қатыспағандар саны

    Сабақтың тақырыбы


    Қозғалыс белсенділігі арқылы денсаулықты нығайту

    Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

    6.3.1.1 - өз денсаулығына деген қауіп-қатерді анықтай білу

    Сабақтың мақсаты


    Эстафеталар, біріккен ойындар барысында әр-түрлі жаттығулар жинағын орындау, қимыл-қозғалыс дамуына ықпал ететін қарапайым жаттығуларды белсенді орындау.

    Бағалау критерииі

    Дене жаттығуларын орындау барысында туындаған қиындықтарды анықтайды.

    Дене жаттығуларын орындау барысында туындайтын тәуекелдерді атайды.

    Қиындықтар мен тәуекелдердің алдын алу жолдарын ұсынады.

    Сабақтың кезеңі/ уақыты

    Мұғалімнің әрекеті

    Оқушының әрекеті

    Бағалау

    Ресурстар

    Басы

    Уақытты жоспарлау:

    Дайындық бөлім: 8-10 мин.

    Спорттық киімдеріне назар аудару. Сәлемдесу.

    Жаңа сабақ түсіндіру, өтілу барысымен таныстыру.

    Қатардағы жаттығулар. Оңға, солға бұрылулар.

    Жүрістегі жаттығулар. Жаттығуларды біркелкі, дұрыс орындау. Арақашықтықты сақтау. Козғалыстағы жаттығулар тізбегі. Қолға, аяқа арналған бой жазу жаттығулары. Шеңберге тұру.

    Жалпы дамыту, жетілдіру жаттығулары. Созылуға, иілуге арналған жалпы дамыту жаттығуларды орындау. Буындарды негізгі тапсырмаларды орындауға дайындау.

    Оқушы өз жұбын табады

    Сұрақ жауап орындайды

    Қол шапалақ


    Ысқырық, секундомер, плакат, түрлі түсті маркерлер


    Ортасы

    «Шырша бүршіктері, емен жаңғақтары, жаңғақтар»

    Ойыншылар шеңбер жасайды. Шеңбердің ортасында жүргізуші тұрады, ал қалғандары үшке бөлініп, бір-біріне беттерімен қарап ортаға тұрады (бірінші нөмір — жүргізушіден үш-төрт қадамда). Жетекші (оқушы болуы да мүмкін) барлық ойыншыларға атауларды береді: бірінші үштік «шырша бүршіктері», екіншісі «емен жаңғақтары», үшіншісі «жаңғақтар». Белгі бойынша жүргізуші дауыстап атауларын атай бастайды, мысалы: «Жаңғақтар». «Жаңғақ» деп аталған барлық ойыншылар орындарын ауыстырулары қажет, ал жүргізуші бос қалған орынға жүгіреді. Егер бұл ойы жүзеге асса, онда орынсыз қалған ойыншы жүргізушіге айналады. Егер жүргізуші «Емен жаңғақтары» десе, үштікте тұрғандар екінші болып, «Шырша бүршіктері» десе, үштікте тұрғандар бірінші болып ауысады. Ойын меңгерілгеннен соң, жүргізушіге үштіктен екі немесе тіпті үш ойыншыны шақыруға болады, мысалы: «емен жаңғақтары, жаңғақтар». Шақырылғандар да орындарын ауыстырады.

    «Альпинисттер». «Альпинисттердің» екі тобы сап түзеп, гимнастикалық қабырғаға қарап, одан 6-7 м аралықта тұрады. Бірінші ойыншылар мен гимнастикалық қабырға арасында білте тақтайшасы жоғары төңкерілген гимнастикалық орындықтар орнатылады. Қабырғаның шеткі аралығында гимнастикалық төсеніштер қойылады. Мұғалімнің сигналы бойынша бірінші ойыншылар гимнастикалық орындықтың білте тақтайшасы бойынша жылжи бастайды, гимнастикалық қабырғаға өтеді, оған мінеді, шеткі аралыққа дейін қабырға бойынша жылжиды және төмен түседі. Мұғалім қабырғада өрдің биіктігін алдын ала көрсетеді (кішкене лентамен, жалаушамен белгілейді). Гимнастикалық қабырғадан түскен кезде ойыншы төсеніште бормен белгіленген диаметрі 40 см шеңбер ішіндегі 70-75 см биіктікте орналасқан білте тақтайшадан секіре алады. Жерге түскен соң ойыншы сапта соңғы болып тұрады. Екінші ойыншылар алдыңғы «альпинист» жерге түскен соң бірден гимнастикалық орындық бойынша жылжи бастайды.

    Әр топ өзіне берілген тапсырманы ғаламтордан іздеп, тауып басқа топтармен бөліседі. Сынып қандай ойынды ойнау керек екендігін таңдайды. Мұғалім мүмкіндіктерге байланысты оқушыларға ойынның күрделі болуын қарастырады. Барлық ойындар конустар арқылы ойнатылуы керек. Егер ойынға басқа құрал-жабдықтар керек болса, онда қосымша нұсқалар қарастырады. Дескрипторлар: ұсынылған ойын барлығына тән, күрделенген және қауіпсіздік ережелері сақталу керек.

    Ережені бұзғандар ұсталған болып есептеледі.
    Қауіпсіздік ережесін сақтау

    Ойынның ережесін басшылыққа алу,әдістемлек нұсқау беру.

    Смаликтер арқылы

    ҚБ өзін өзі бағалау

    ҚБ: Мұғалім тарапынан жүретін бағалау «Ауызша мадақтау

    Доптар: түрлі мөлшер, текстура, түс, салмақ, т.б.

    Доптар (түрлі мөлшерлі). Нысана ретінде түрлі қайта өңделе алатын заттар қолданыла алады: пластикалық саптаяқ / шөлмектер, картон туба / жәшіктер.

    Сабақтыңсоңы


    Қалыптастырушы бағалау. «Социаграмма» әдісі:

    Тапсырма: оқушылар сабақтан қаншалықты дәрежеде тың мәліметтерді алғанын шәкіл тұсына белгілейді.

    Кері байланыс

    Оқушылар сабақта алған білімдерін қорытындылау үшін «Білемін, білгім келеді, үйрендім» (ББҮ стратегиясы) кестесін толтырады.


    Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.




    Рефлексия парағы
    1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   40


    написать администратору сайта