СЭС УА. ОУдістемелік кешен
Скачать 0.69 Mb.
|
12 тақырып. Моральдық статистика Моральдық статистика – халықтың және оның жеке әлеу-меттік топтарының қоғамдық өмірінде адамның және жалпы қоғамның моральдық бейнесін сипаттайтын құбылыстар мен процестерді зерттейтін әлеуметтік статистиканың тарауі. Тарау-нің маңызды бөліктерін: қоғамдағы жағымсыз құбылыстарды сипаттайтын – қылмыс, азаматтық және әкімшілік құқық бұзу, заңды бұзу, сонымен қатар босқындық, жезөкшелік, алкоголизм, нашақорлық сияқты әлеуметтік қауіпті құбылыстардың көрсеткіштерінен тұрады. Моральдық статистиканың басты мақсаты – адамдардың өнегелі жағдайы жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік беретін әрекеттер мен оқиғаларды зерттеу болып табылады. Сонымен қа-тар «моральды» және «аморальды» (адамгершілікке жат қылық) түсініктерін бөлудің шартты критерилері байқалды, өйткені әр елде және әр әлеуметтік топтарда, әртүрлі тарихи жағдайларда олар әртүрлі болады. Моральдық статистика, жоғарыда айтылғандай, кең ауқым-ды: статистикалық әдістермен махаббатты, достықты және т.б. зерттеуге де болады. Мысалы, достарының саны бойынша әлеу-меттік топтарды, жынысы, жасы негізінде топтастыруға болады, және кімдерде көп екенін анықтауға болады, топтар бойынша достық байланыстардың дисперсиясы қандай, топаралық айырмашылықтардың маңыздылығын анықтауға болады. Моральдық статистика пәні әлеуметтік патология бағытына қарай ауысқан. Бұндай жағдайды түсіндіру оңай, өйткені практи-калық маңыздылық және қауіптілік әрине әлеуметтік патология-ның пайда болуынан болады. Моральдық статистиканың жағымды көрсеткіштері әртүр-лі саладағы – еңбектік, жанұялы-тұрмыстық, отан қорғау және т.б. жақсы қылықтардың санын сипаттайды. Ордендермен, белгі-лермен марапатталған, дәреже,сыйақы және т.б. алған тұлғалар-ды, қоғам алдындағы ерекше еңбек атқарғандарды (мысалы, екі, үш мәрте еңбек ардагерлері және т.б.) топтастырады. Жағымды көрсеткіштерге сонымен қатар қайырымдылық, демеушілік жөніндегі мәліметтер жатады. Бұл бағыт отандық статистикада енді қалыптасып келе жатыр. Моральдық статистика міндеттері тұлғаны және оның өмірдің әр салаларындағы тәртіптерін сипаттауға бағытталған. Сонымен қатар адамдардың қылықтарының, құндылықтарының арнайы жүйесінің әлеуметтік-экономикалық процестерге әсерінің соңғы нәтижесі аса маңызды болуы мүмкін. Қазіргі моральдық статистикада басты орынды құқық статистикасы алады. Ол әкімшілік, азаматтық, қылмыстық деп бөлінетін құқық бұзушылықтарды және де әлеуметке қарсы әртүрлі құбылыстарды есепке алады. Құқық статистикасы бұл құбылыстардың пайда болуына әсер ететін себептер мен жағдайларды талдайды, қылмыс пен әлеуметке қарсы тәртіп-тердің құрылымы мен динамикасын зерттейді. Мұндай өңдеулер әрбір аймақтың деңгейінде жүргізіледі, ал жалпы қорытындылар жалпы ел бойынша анықталады. Негізгі әдебиет: 1,3,5 Қосымша әдебиет: 7,9 13 Тақырып. Ұлттық шоттар жүйесі, негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер Ұлттық есеп жүйесі - елдегі экономикалық процестердің нәтижесін, экономиканың құрылымын, ұлттық шаруашлықтағы өзара байланысты макродеңгейде көрсететін нарықтық экономиканың статистикалық үлгісі. Бұл үлгіде қолданылатын көрсеткіштер белгілі бір шоттар мен баланстық кестелер түрінде беріледі. Ұлттық есеп жүйесі халықарарлық анықтамаларға, конвенцияларға халықраралық шарт, топтастыруға, тұжырымдауға және есепке алу ережелеріне негізделген. Ұлттық есеп жүйесінің негізгі мақсаты экономиканың және оның секторларының дамуын таңдау, экономикалық саясатты жете зерттеп, белгіленген бағдарлама бойынша шешім қабылдау үшін әлеуметтік – экономикалық статистиканың әр түрлі көрсеткіштерін үйлесімді түрде қолдану. Ұлттық есеп жүйесі - жан-жақты жүйе, оны әр түрлі салалардың міндеттерін шешу үшін қолдануға болады. Ол елдің макроэкономикалық көрсеткіштерін басқа елдердің осындай көрсеткіштерімен салыстыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әр елдің ерекшелігін ескере отырып, бұл жүйенің шоттарын, экономика секторларын, көрсеткіштерін нақтылауға, өзгертуге болады. Ұлттық есеп жүйесін экономиканың әр түрлі саласында қолдану арқылы мына міндеттерді шешуге болады: - мемлекетік реттеу шараларын жете зерттеу. Ұлттық есеп жүйесінде экономиканың салалары, секторлары, әр түрлі экономикалық қатынастар туралы ақпаратттардың болуы жоғарыда аталған міндетті шешуге көмектеседі. ҰЕЖ-нің ақпараттарын пайдалана отырып, мемелекеттің, шаруашылық субъектілерінің тұтыну шығындарын тексеруге, қажетті деп саналатын салық және бюджет саясатын жүргізуге, сыртқы сауда мен сыртқы экономикалық байланыстарды жақсартуға жағдай жасауға, айналымдағы ақша массасын реттеуге, инфляцияға қарсы күрес шараларын жүргізуге, т.б. макроэкономикалық саясаттарды реттеуге болады; - макрокөрсеткіштерді пайдалана отырып, талдау жасау, экономикалық айналым көрсеткіштері арасындағы функционалды байланыс параметрлерін бағалау негізінде және уақыт қатарларын қолданып, экономиканың дамуының үлгісін құру; - экономиканың даму стратегиясын жетілдіру және оны іске асыратын шешімдерді қабылдау; - ұлттық есеп жүйесінің негізгі көрсеткіштері – жалпы ішкі өнім мен қолда бар жалпы ұлттық табыс арқылы халықаралық салыстыру жүргізу. Бұл жерде барлық және жан басына шақққандағы жалпы ішкі өнім, қолда бар жалпы ұлттық табыс, инвестицияның, мемлекет шығысының жалпы ішкі өнімге қатынасы есептеледі; - статистиканың өзара байланысты салаларында қолданылатын ұғымдарды, көрсеткіштерді, анықтамаларды, топтастыруларды жете зерттеу үшін ҰЕЖ-нің тұжырымдамаларын пайдалану, яғни ұлттық есеп жүйесін үйлесім негізі ретінде қолдану. Негізгі әдебиет: 1,2,3 Қосымша әдебиет: 7,9 9. Семинарлық сабақтардың жоспары 10.Лабораториялық сабақтар жоспары – оқу жоспары бойынша қарастырылмаған статистиканың әдістерін білуі қажет. 11. Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары СОӨЖ өткізу түрі: Студенттер бұл есепті өз беттерінше орындарында немесе қажет жағдайда тақтаға шығып шешу керек және шығарған есептерін оқытушыға тапсыру, рефераттар қорғау Әдістемелік нұсқаулар: Әр тақырып бойынша тапсырмаларды орындау үшін статистиканың әдістерін қайталап, оларды орындағаннан кейін жалпы қорытындылар жасау. 2 тақырып. Халық статистикасы 1 Статистика бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігінің мәліметтері берілген. Қазақстан Республикасының 2016-2014 жылдарға әкімшілік-территориялық бөліну негізінде халық саны, адам
1. Әкімшілік-территориялық бөлу шегінде халық саны өзгерісінің қарқынын анықтаңыз.Есептелген мәліметтерді кестеге келтіріңіз. 2.Аса үлкен өзгерістерді график түрінде көрсетіңіз. 3.Алынған нәтижелерді түсіндіріңіз. 2 Статистика бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігінің мәліметтері келтірілген (Қазақстан республикасы бойынша)
Жылдар бойынша есептеу: Өлім,туу,табиғи өсімше коэффицентін. Некелесу және айырылысу коэффицентін. Сонымен қатар аталған көрсеткіштерді Қарағанды облысы бойынша да есептеңіз (мәліметтерді өзіңіз табасыз). Барлық есептелінген көрсеткіштерді аналитикалық кестеге келтіріңіз. Қарағанды облысы және жалпы Қазақстан бойынша туу өлім және табиғи өсімшенің динамикасын графикте көрсетіңіз. Топта Қазақстанның демографиялық мәселелерін талқылаңыз. 3 Статистика бойынша Қазақстан Республикасы Агенттігінің мәліметтері келтірілген. 2015-2019 жылдарға Қазақстанның сыртқы миграциясының динамикасы, адам
Эмиграцияның динамикасын талдаңыз. Иммиграциясының динамикасын талдаңыз. 11.2 тапсырманың мәліметтерін пайдаланып, келесі көрсеткіштерді есептеңіз: келу, шығу бойынша, миграцияның салыстырмалы айналымы, миграциялық өсімнің салыстырмалы миграция коэффициенті. Қорытынды жасаңыз. 4 Қарағанды облысының миграциялық пайыздар жөнінде ақпараттарды пайдаланып миграциялық салыстырмалы көрсеткіштерін есептеңіз. Қарағанды облысының миграциялық процесін Қазақстанда болып жатқан процестерін салыстырып,салыстырмалы талдау жасаңыз. Салыстырмалы талдаудың нәтижесін кестеде және графикте көрсетіңіз. 5 Жыл басына берілген берілген елді мекен бойынша келесідей мәліметтер белгілі, мың адам: нақты халық – 500; уақытша тұратындар – 5; уақытша жоқтар – 3. Жыл ішінде келесідей өзгерістер болды, мың адам: барлығы туғандар – 8; соның ішінде тұрақты тұрғындарда – 6,5; барлығы қайтыс болғандар – 7; соның ішінде тұрақты тұрғындардан – 6,2; тұрақты өмір сүруге келгендер – 4; тұрақты өмір сүруге кеткендер (соның ішінде тұрақты тұрғындардан) – 2,3. Уақытша өмірсүретіндер саны 0,6 көбейді, ал уақытша жоқтардың саны 1,2 төмендеді. Жоғарыда келтірілген мәліметтерді қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз: 1) Жыл басына және жыл соңына тұрақты халықтын саны; 2) Жыл соңына нақты халық саны; 3) Тұрақты халықтың жылдық орта саны; 6 2019 жылы аймақ бойынша келесідей мәліметтер белгілі: Халық саны, мың адам: 1 қаңтарға 530 1 шілдеге 532 1 қаңтарға 2014ж 534 Туғандар саны, адам 7434 Тұрақты өмір сүруге келгендер, адам 2846 Өмірлік коэффициенті 1,4 Барлық халық санындағы әйелдер үлесі,% 53 Барлық халық санындағы 15-49 жас әйелдер үлесі,% 39 Жоғарыда келтірілген мәліметтерді қолданып, сұрақтарға жауап беріңіз: 1) туу, өлу, табиғи және механикалық халықтың өсу коэффициентін анықтаңыз; 2) қайтыс болғандар санын; 3) басқа елді мекендерге кеткендер саны; 4) туудың арнайы коэффициентін анықтаңыз Ұсынылатын әдебиеттер: 1,2,3 |