СЭС УА. ОУдістемелік кешен
Скачать 0.69 Mb.
|
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі «Әлеуметтік-экономикалық статистика» пәні бойынша 6B04106-Есеп және аудит мамандығы үшін ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНКурс: 4 Семестр: 7 2020 Құрастырғандар: Нарықтық экономика жағдайы, әлемдік экономикалық кеңістікке шығу статистикалық көрсеткіштер жүйелерінің мәнін және мағынасын, сонымен қатар оларды есептеудің әдістемесін қайта қарастыруды талап етеді. Осы мәселені іске асыру үшін, экономикалық көрсеткіштерді түсіне білу және әлеуметтік процестерге сапалы сипаттама беріп, салыстыру үшін, қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық жағдайды зерттеу үшін ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешен өте құнды. Бұл оқу әдістемелік кешен «Әлеуметтік-экономикалық статистика» курсын оқып үйренуде қажетті құрал болып табылады. Пәнді зерттеу барысында студенттер әлеуметтік құбылыстар мен процестердің экономикалық маңызын, олардың өзара байланысы мен өзара тәуелділігін терең түсіне, оларды жүйелеп модельдей алуы, факторлардың әсерін анықтай, іс-әрекеттердің нәтижелерін бағалап, олардың тиімділігін айқындай білуі керек. «Әлеуметтік-экономикалық статистика» пәні бойынша 6B04106-Есеп және аудит мамандығының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешен / Дайынд. баспасы, 2020. -114б. Күндізгі оқыту нысанының жұмыс оқу жоспары
2. Оқытушылар туралы мәліметтер: 3 Пререквизиттері: Осы курсты оқып меңгеру үшін студент алдымен келесі пәндерді игеруі қажет: экономикадағы математика, экономикалық теория, микроэкономика, статистика. 4. Постреквизиттері: өндірістік тәжірибе, дипломдық жұмыс жазу 5. Пәннің қысқаша мазмұны. Берілген курс университетте есеп және аудит мамандығы бойынша студенттерді дайындауға арналған. Пәнді оқыту мақсаты: қазіргі статистикалық бағалау әдістемесі мен әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды талдауды меңгерген мамандарды дайындау. |