Главная страница
Навигация по странице:

  • 8 тақырып. Айналым капиталының статистикасы

  • 9 тақырып. Х алықтың тауарлар мен қызметтерді тұтыну статистикасы

  • 10 тақырып. Өнімнің (қызметтер мен жұмыстардың) өзіндік құнының статистикасы

  • 11 тақырып. Халықтың өмір деңгейінің статистикасы

  • СЭС УА. ОУдістемелік кешен


    Скачать 0.69 Mb.
    НазваниеОУдістемелік кешен
    Дата17.06.2022
    Размер0.69 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаСЭС УА.doc
    ТипДокументы
    #600312
    страница4 из 9
    1   2   3   4   5   6   7   8   9

    7 тақырып. Негізгі капитал статистикасы

    Негізгі құралдар - өндірістік және өндірістік емес салада ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын материалдық активтер.

    Негізгі қорлар заттай түрі бойынша материалдық және материалдық емес негізгі қорлар (негізгі капитал) деп топтастырылады. Негізгі қорлардың типтік жіктелуі: жер; ғимарат; құрылыс жайлары; өткізгіш құралдар; машиналар мен жабдықтар; көлік құралдары; құралдар, өндірістік және шаруашылық инвентарь; жұмыс малы; өнім малы; көпжылдық екпелер; жерді жақсарту бойынша күрделі шығындар; басқа да түрлері (техникалық кітапханалар және атап көрсеткендердің ішіне кірмеген т.б.).

    Негізгі қорлардың құрамын зерттеуде оларды өндірістік процесте функционалды ролі бойынша топтастыру қолданылады. Мұнда белсенді бөлігі – машиналар, жабдықтар, көлік құралдары, яғни еңбек затына тікелей әсер ететін еңбек құралдары және белсенді емес - өндірістің қалыпты жағдайын қамтамасыз ететін еңбек құралдары.

    Негізгі иелігіне байланысты меншікті және жалданған болуы мүмкін.

    Экономикалық мақсатына байланысты негізгі қорлар өндіріс немесе оған қызмет көрсететін процеске қатысатын - өндірістік және өндіріс процесіне тікелей қатыспайтын тұрғын үй коммуналдық шаруашылықтың, денсаулық сақтау ұйымдарының, мәдениеттің негізгі құралдары - өндірістік емес деп жіктелінеді.

    Негізгі қорлар шаруашылық әрекет процесінде пайдаланылуы бойынша әрекеттегі, қордағы, әрекет етпейтіндер деп жіктелінеді.

    Заттай құрамы бойынша инвентарлық және инвентарлық емес деп жіктелінеді.

    Нарықтық экономикада негізгі қорлардың құнын бағалаудың келесідей түрлері қолданылады.

    Толық бастапқы құн (ТБҚ) – бұл объектіні жеткізуге және пайдалану орнында монтаждауға құнын қоса, объектіні пайдалануға беру сәтіндегі құны.

    Ағымдағы құн – берілген сәтке әрекеттегі нарықтық бағалар бойынша негізгі құралдардың құны.

    Баланстық құн (БҚ) – бұл толық бастапқы құн мен жинақталған амортизацияның айырымы:
    БҚ = ТБҚ – АУ,
    мұндағы АУ – тозу сомасы, яғни жинақталған амортизация.
    Жою құны – негізгі қорлардың қызмет ету мерзімінен кейін жою кезінде алынатын қосалқы бөлшектер, сынықтар, қалдық-тардың жою бойынша күтілетін шығындарды алып тастағандағы күтілетін құн.

    Негізгі қорлардың пайдаланылуын сипаттайтын маңызды көрсеткіш болып физикалық және моральдық тозуымен көрінетін оның тұтынылуы табылады. Тозудың ақшалай түрінде аморти-зация көрінеді.

    Амортизация – негізгі қорлардың өнімге ауыстырған тозу құнының ақшалай көрінісі.

    Кәсіпорынның есептік саясатынан шыға отырып, амортизация әртүрлі әдістермен есептеледі: бірқалыпты (түзу сызықты), жылдам есептен шығару, өндірістік. Мысалы, түзу сызықты әдіс кезінде жылдық амортизациялық аударымдар (АА) келесі түрде есептеледі:
    ТБҚ - ЖҚ

    АА = -------------- ,

    Т
    мұндағы ЖҚ – жою құны

    Т – нормативті қызмет ету мерзімі, жыл.
    Негізгі қорлардың жеке инвентарлық объектілерінің көлемін заттық бірлікте – мысалы, ғимараттар - м3, электрлік турбиндер – киловатпен және т.с.с. өлшеуге болады. Бірақ бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде бар болуы мен қозғалысы туралы барлық мәліметтер құндық түрде көрсетіледі.

    Негізі қорларды талдауда қолданылатын көрсеткіштерді келесі бағыттар бойынша бөлуге болады:

    а) негізгі қорлардың жағдайының көрсеткіштері (жарамдылық және тозу коэффициенттері):





    Бұл көрсеткіштердің арасында келесідей байланыс бар:



    Бұл коэффициенттер сонымен бірге кезең басына және аяғына есептелінеді.

    б) негізгі қорлардың қозғалысының көрсеткіштері (жаңару, шығу, жаңару интенсивтілігі коэффициенттері):

    \

    НҚжаңа

    Кжаңару = ----------------

    НҚкезең соңына
    НҚшыққан

    Кш = ---------------

    НҚкезең басына
    НҚжойылған

    Кж.и = ------------

    НҚжаңа

    в) негізгі капиталды тиімді пайдалану көрсеткіштері:
    Өткізуден табыс

    (жиынтық табыс, таза табыс)

    Қор қайтарымы = ----------------------------------------

    Негізгі құралдардың жылдық

    орта құны

    Негізгі құралдардың жылдық

    орта құны

    Қор сиымдылығы = ---------------------------------------- Өткізуден табыс

    (жиынтық табыс, таза табыс)
    Негізгі құралдардың жылдық

    орта құны

    Қормен қарулану = -----------------------------------------

    Жұмысшылардың орта

    тізімдік саны
    Қор қайтарымын келесідей де анықтауға болады:
    Еңбек өнімділігі

    Қор қайтарымы = ---------------------------

    Қормен қарулану

    Негізгі әдебиет: 1,3,5

    Қосымша әдебиет: 7,9

    8 тақырып. Айналым капиталының статистикасы

    Айналым капиталы - әр өндірістік цикл ішінде толығымен қолданылып, өзінің табиғи–заттай нысанын жоғалта отырып, өз құнын толығымен өндірілген өнімге ауыстыратын кәсіпорынның мобильді активтері болып табылатын еңбек заттары.

    Айналым капиталы құрамының жалпы түрі бухгалтерлік баланста көрсетілген. Оның құрамды бөліктері:

    - өндірістік қорлар – шикізат, материалдар, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, тауарлар, басқа да қорлар;

    - дебиторлық қарыз – бұл ағымдағы активтерді сатып алу үшін аванстық төлемдер, алынуға тиісті шоттар, алынған век-сельдер және т.с.с, яғни тауарлар мен қызметтер үшін төлемдегі уақыт аралығының алшақтығынан туатын кәсіпорынға қарыздар;

    - ақша қаражаттары және құнды қағаздар – бұл айналым ка-питалының ең өтімді бөлігі ақшалай қаражаттарға кассадағы, есеп айырысу шотындағы және депозиттік шоттардағы ақшалар жатады. Құнды қағаздар өтімділігі бойынша ақша қаражаттарына теңеледі.

    Айналым капиталын табиғи–заттай нысаны бойынша топтастырудан басқа, құралу көздері бойынша да топтастырады:

    • меншікті қаражат есебінен;

    • тартылған (қарызға алған) қаражат есебінен.

    Осыған байланысты таза айналым капиталы көрсеткішін есептейді. Ол айналым капиталы (ағымдағы активтер) мен ағым-дағы міндеттемелер (қысқа мерзімді кредиторлық қарыздар) айырымы ретінде табылады. Бұл көрсеткіш айналым капиталы меншікті айналым капиталымен (меншікті ағымдағы активтер) қандай мөлшерде жабылатынын көрсетеді.

    Өндірістік әрекет процесінде айналым капиталының жеке элементтерін үнемі толықтырып отырады. Кәсіпорын шикізат, материалдар сатып алады, өнім өндіреді, оны сатады (мұнда қалыпты дебиторлық қарыз қалыптасады), және біршама уақыттан кейін ол ақша қаражаттарына айналады.

    Айналым каиталының бар болуының көрсеткіштері сәттік (белгілі бір күнге есеп беру мәліметтері бойынша анықталады) және орташа болуы мүмкін.

    Айналым құралдарының орташа қалдығы , егер қалдық туралы мәліметтер тек кезең басы мен соңына берілсе, арифметикалық орта шама бойынша анықталады:


    Егер бірдей уақыт аралығындағы мәліметтер болса, онда хронологиялық орта шамамен анықталады:

    Материалдық айналым капиталын тиімді пайдалануын бағалау үшін өнімнің материал сиымдылығы көрсеткіші қолданылады. Ел бойынша ол материалдық шығындардың ұлттық ішкі өнімге қатынасы арқылы есептелуі мүмкін, ал ұлттық экономика салаларында:
    Материалдық шығындар

    Мс (материалсиымдылық) --------------------------------

    Өткізуден табыс

    (тауарлық өнім)
    Өткізуден табыс

    (тауарлық өнім)

    Мқ (материалқайтарымы) = -------------------------------

    Материалдық шығындар
    Жеке салаларда статистика үлестік шығындардың өндірілген өнімдердің бірлігіне шикізат пен материалдардың, отын мен энергия шығындарының деңгейі мен өсу қарқынын зерттейді. Бұл көрсеткіш келесідей анықталады:

    мұндағы М – табиғи–заттай өлшемдегі материал мен шикізаттың жалпы шығыны;

    q – табиғи–заттай өлшемдегі өндірілген өнім саны ;

    m – шикізат пен материалдың үлесті шығыны.

    Негізгі әдебиет: 1,3,5

    Қосымша әдебиет: 7,9
    9 тақырып. Халықтың тауарлар мен қызметтерді тұтыну статистикасы

    Тұтыну белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін өндірілген өнімді пайдалануға әкелетін, өндірістік процестің соңғы кезеңі болып табылады.

    Аралық және соңғы тұтыну түрлерін ажыратады. Аралық тұтыну – басқа тауарлар мен қызметтерді өндіру мақсатында белгілі бір кезең ішінде тұтынылған өнімдердің құны. Бұл тұтыну өнім өндіру процесінің шегінен шықпайды.

    Соңғы тұтыну – ағымдағы жеке және ұйымдық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қолданылатын өнімдер мен қызметтерге шаруашылық бірліктердің шығындары. Ол шығындарды кім қаржыландыратынына байланысты топтасты-рылады: халықтың жеке бюджеті есебінен үй шаруашылығының тұтыну шығындары; мемлекеттік бюджет есебінен мемлекеттік ұйымдардың; мүшелердің ерікті салымдары есебінен коммерция-лық емес қоғамдық ұйымдардың шығындары.

    Халықтың тұтыну құрылымында тұтыну тауарлары мен қызметтері ажыратылады. Тұтыну тегін және ақылы болады.

    Ақылы тұтыну халықтың жеке табысы және жеке қажеттілік үшін үй шаруашылығымен өндірілетін өнімдер құны есебінен жүзеге асырылады.

    Халықтың тегін тұтынуына денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет ұйымдарындағы тауарлар мен қызметтерді тұтыну, сонымен бірге толық мемлекеттік қамсыздандырудағы халықтың тауарлар мен қызметтерді тұтынуы кіреді (әскери қызметкерлер, бала-бақша тәрбиелеушілері, мүгедектер үйінде тұрушылар, соғыс және еңбек ардагерлері). Өндіріс пен тұтыну бір-біріне белсенді әсер етеді.

    Өндірістің мақсаты – бұл тұтынуға қызмет ету. Тұтыну дең-гейі, оның динамикасы мен құрылымы адам өмірінің маңызды элементтерін құрайды.

    Тұтыну статистикасының негізгі міндеті тұтынудың заттай және құндық көрсеткіштер жүйесін өңдеумен, сонымен бірге жеке, жанұялық және жалпы тұтыну бюджеті мен тұтыну қоржынын, тұтыну шығындарының құрылымын және тұтыну икемділігін, тұтыну бағаларының, сатып алу мүмкіндігінің және ақшаның, инфляциянының динамикасын зерттеумен байланысты.

    Тауарлар мен қызметтерді соңғы тұтыну көрсеткіштері ЖІӨ құраушылары ретінде келесілерге жіктелінеді:

    • үй шаруашылығының соңғы тұтынуына шығындар;

    - үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін мемлекеттік ұйымдардың соңғы тұтынуына шығындар;

    - үй шаруашылықтарына қызмет көрсететін коммерциялық емес қоғамдық ұйымдардың соңғы тұтынуына шығындар.

    Үй шаруашылығының соңғы тұтынуына шығындарды анықтауда соңғы және аралық тұтынуды; қайта бөлінетін төлем-дер мен жинақтарды ажыратқан жөн. Ақырғы тұтынуға мыналар жатпайды: үйді, пәтерді, малды сатып алу (жалпы жинақ); өнді-рістік мақсатқа тауарлар мен қызметтерді сатып алу (үй шаруашылығының аралық тұтынуы); кәсіпорынның іс–сапарлық қаражат есебінен халықтың тауарлар мен қызметтерді сатып алуы (кәсіпорындардың аралық тұтынуы); әскери қызметкерлерді тамақтандыру және киіндіру (мемлекеттік ұйымдардың аралық тұтынуы).

    Үй шаруашылығына қызмет көрсететін мемлекеттік ұйымдардың соңғы тұтынуына шығындар денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, өнер саласында жеке тұлғаларға мемлекеттік бюджет органдарынан бөлінетін тегін қызметтердің құнын қамтиды. Ол негізгі құралдарды тұтынудан нарық қызметтерін сату, үй шаруашылығына беру үшін тауарлар мен қызметтер сатып алуды шегерумен қоса, мемлекеттік бюджет есебінен ағымдағы шығындары көлемімен анықталады.

    Негізгі әдебиет: 1,3,5

    Қосымша әдебиет: 7,9
    10 тақырып. Өнімнің (қызметтер мен жұмыстардың) өзіндік құнының статистикасы

    Өндірістік шығындар көрсеткішінің негізгі жүйесі болып өнім бірлігінің өзіндік құны болып табылады. Бұйымның өзіндік құны өнімнің нақты бір түрін өндіруге кеткен шығындар сомасын шығарылған бұйымдардың санына бөлу жолымен есептеледі.

    Өнім бірлігінің өзіндік құны өзгерісін сипаттау үшін келесі көрсеткіштер қолданылады:

    • өнім бірлігінің өзіндік құнының жоспарланған (күтілетін) өзгерісінің индексі:

    iжт=

    • жоспарлық есептеулер бойынша (есеп беру кезеңінде өткен жылмен салыстырғанда жоспар бойынша бұйым шығару қаншалықты арзан немесе қымбатқа шығады) өнім бірлігінің өзіндік құнының абсолютті өзгерісі:

    = zж-z0

    - өнімнің берілген түрінің өзіндік құнның өзгеруі нәтижесіндегі күтілетін үнемдеу (қосымша шығын) мөлшері:

    Эж = (zж-z0) qж

    • өнім бірлігінің өзіндік құн динамикасының индексі:

    iд=

    • есептік кезеңде базистік жылмен салыстырғанда өнім бірлігінің өзіндік құнының абсолютті өзгерісі:

    =z1-z0

    • берілген өнім түрінің өзіндік құнының өзгерісі нәтижесінде шығындардың іс жүзінде үнемделуінің мөлшері:

    ЭІ.ж=(z1-z0)q1

    • өнім бірлігінің өзіндік құны бойынша жоспардың орындалу индексі:

    iж.о=

    Қарастырылған жеке индекстер арасында келесідей тәуелділік бар:

    iд = iж.т* iж.о

    • жоспармен салыстырғандағы өнім бірлігінің өзіндік құнының абсолютті өзгерісі:

    = z1- z0

    Негізгі әдебиет: 1,3,5

    Қосымша әдебиет: 7,9
    11 тақырып. Халықтың өмір деңгейінің статистикасы

    Өмір сүру деңгейі – бұл маңызды әлеуметтік катего-риялардың бірі. Өмір сүру деңгейі деп, халықтың қажетті материалдық игіліктер мен қызметтермен қамтамасыз етілуі, олардың тұтынуының жеткен деңгейі және саналы (рационалды) қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесін айтады.

    Белгілі бір уақыт ішінде орта есеппен үй шаруашылығында іс жүзінде тұтынылатын және қажеттіліктерді қанағаттандыру-дың нақты деңгейіне сәйкес болатын игіліктер мен қызметтердің ақшалай бағалануы өмір сүрудің құны болып табылады.

    Халықтың өмір сүруінің төрт деңгейін бөлуге болады:

    1. жетістік – адамның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін игіліктерді пайдалану;

    2. қалыпты деңгейі – адамға оның физикалық және интел-лектуалдық күшін қалпына келтіруді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нормалар бойынша рационалды тұтыну;

    3. кедейшілік – жұмыс күшін қайта өндірудің ең төменгі ше-гі ретінде жұмыс қабілеттілікті сақтау деңгейінде игіліктерді тұтыну;

    4. қайыршылық – тұтынуды адамның өмір сүру қабілетті-лігін қолдауға ғана мүмкіндік беретін биологиялық критерийлер бойынша минималды жіберілетін игіліктер мен қызметтердің жиынтығы.

    Өмір сүру деңгейін жоғарылатуы (әлеуметтік прогресс) қоғамдық дамудың маңызды бағытын құрайды.

    Ежелгі рим тұрғындардың өзінде басты ұрандардың бірі мынадай болды «Халықтың игілігі – ең жоғарғы мақсат. Халық-тың игілігі прогрестің критериі болып табылады».

    Өмір сүру деңгейінің үш аспектісі бар:

    1. барлық халық бойынша қолданылады;

    2. оның әлеуметтік топтарында қолданылады;

    3. әр түрлі табыс көлемі бар шарушылықтарда қолданылады.

    Өмір сүру деңгейін зерттеудің міндеттері:

    1) халықтың әл-ауқатының өзгеру заңдылықтарын анықтау (барлық елді және оның аумақтарын, халықтың әлеуметтік-демографиялық топтарын және үй шаруашылығының түрлі типтерін қамтитын зерттеулер жүргізіледі);

    2) өмір сүру деңгейі қөрсеткіштерінің өзгеру қарқыны мен динамикаларын, құрылымдарын кешендік қарастыру;

    3) табысы мен тұтыну бойынша халықтың түрлі топтарының дифференциациясы;

    4) өмір сүру деңгейінің өзгерісіне түрлі әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсерін талдау.

    Осы міндеттерді шешу үшін ақпарат көздері: халыққа қызмет етуші кәсіпорындардың ағымдағы есебі мен есеп беруі; еңбек статистикасының мәліметтері; халықтың жұмысбастылы-ғы, жұмысқа тұрғызу және төлемдер, үй шаруашылығының бюджеттері, халық санағы, адамдардың қызметі мен өмірінің әлеуметтік жағдайларын әлеуметтік және басқа да зерттеулер.

    БҰҰ-ң даму бағдарламасының мамандар тобымен өмір деңгейінің жалпылаушы көрсеткіші ретінде адам потенциалының даму индексі (АПДИ) ұсынылды. Ол өзіне 3 индексті қосатын, өмір сүру деңгейінің маңызды аспектілерін көрсететін құрамды индекс болып табылады:

    • туудағы күтілетін өмірдің ұзақтығы;

    • білімділіктің жетілген деңгейі;

    • жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнімнің нақты көлемі (АҚШ долларымен, сатып алу қаблеттілік паритеті негізінде).

    Негізгі әдебиет: 1,3,5

    Қосымша әдебиет: 7,9
    1   2   3   4   5   6   7   8   9


    написать администратору сайта