СЭС УА. ОУдістемелік кешен
Скачать 0.69 Mb.
|
Оқу барысында келесі міндеттер қойылады:негізгі экономикалық-статистикалық жіктемелер мен топтастыруларды, әлеуметтік-экономикалық статистика аясындағы түрлі көрсеткіштер жүйесін және оларды өлшеу мен есептеу әдістерін игеру; нақты экономика жағдайын статистикалық зерттеу жоспарын құрастыра білу, оның алғашқы көрсеткіштерін сипаттайтын ортаны құру, берілген пәнде оқыған әдістерді қолдана отырып статистикалық талдау жүргізу және алынған статистикалық көрсеткіштерге талдау жасау; қажетті экономикалық ақпараттарды өз бетінше жинау және өңдеу машықтығына ие болу, соның ішінде екінші ретті статистика мәліметтерін қолдана отырып. білу керек: - курста оқылған статистикалық әдістерді қолданудың шегі мен мүмкіндіктері жөнінде; -статистикалық ақпараттардың негізгі көзі, микро- және макродеңгейде статистикалық зерттеу жүргізу ерекшеліктерін; істей білу керек: тұлғаны әлеуметтік және экономикалық жағдай туралы толық және шынайы ақпаратпен қамтамасыз ету; экономикалық мәселелерді экономикалық талдау әдістерін қолдана отырып шешу. Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі (күндізгі және сырттай оқу бөлімдері үшін)
7. Пәннің оқу-әдістемелік картасымен қамтамасыз етілуі
8. Лекциялық кешен (лекция тезисі) 1 тақырып. Әлеуметтік-экономикалық статистика курсына жалпы сипаттама Тарихи дамуында статистикалық ғылымнан бірқатар дербес статистикалық пәндер бөлініп шықты: статистиканың жалпы теориясы; экономикалық статистика және оның салалары; әлеуметтік статистика және оның салалары. Статистиканың жалпы теориясы қоғамдық құбылыстарды статистикалық зерттеудің жалпы принциптері мен әдістерін, статистиканың жалпы категорияларын өңдейді. Экономикалық статистика – ұлттық экономика жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесін қалыптастырып өңдейді, экономиканың процестері мен құбылыстарына сандық, сапалық сипаттама берумен айналысады. Экономикалық статистиканың салалары: өнеркәсіп статистикасы; ауыл шаруашылық статистикасы; құрылыс ста-тистикасы; көлік статистикасы; байланыс статистикасы; еңбек статистикасы; табиғи ресурстар статистикасы; қоршаған орта ста-тистикасы және т.б. Әлеуметтік статистика – халықтың өмірін және әлеуметтік қатынастардың әртүрлі аспектілерін сандық-сапалық бағалау үшін көрсеткіштер жүйесін қалыптастырып, өңдейді. Әлеуметтік статистиканың салалары: халық статистикасы; саясат статистикасы; мәдениет статистикасы; денсаулық сақтау статистикасы; ғылым статистикасы; білім беру статистикасы және т.б. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың пәні болып эко-номикалық құбылыстар мен әлеуметтік процестер табылады. Қазіргі ӘЭС теориялық негіздерін қарастырмас бұрын, оның тарихына тоқталайық. Ғылым ретінде статистика ХVII ғ. ортасынан бастап дами бастады. Басында ӘЭС екі бағыты болды: суреттеме және математикалық. Суреттеме бағытында (Германияда пайда болды) мемлекеттік мәселелер, халық, дін, сыртқы саясат және т.б. сұрақтары қарастырылды. Математикалық бағыттың міндеті (Англияда пайда болды) әртүрлі есептеулердің көмегімен экономикалық құбылыстардың заңдылығы мен өзара байланыстарын анықтау болып табылды. Суреттеме бағыты ХVIIІ ғ. аяғына дейін дамыған. Әрі қарай математикалық бағыт дамыды, оның міндеті – топтастыру теориясын дамыту, үлестіру қисығын, корреляциялық талдауды зерттеу, орта шамалар теориясы мен үлкен сандар заңын, индекстік әдіс теориясын дамыту. ХХ ғ. басында көптеген елдер қоғамдық және экономикалық өмірді мемлекеттік реттеу қажеттілігін түсінді. Кәсіпті реттеу үшін шаруашылықтың алғы шарттарын және экономикалық, әлеуметтік процестердің нәтижелерін объективті бейнелейтін әлеуметтік-экономикалық статистикалық ақпарат қажет. Сон-дықтан қазіргі кезеңде ӘЭС теориялық негізі, аталған математикалық теориялардан басқа, экономикалық қажеттілік, экономикалық құндылық, экономикалық әрекет, құн және баға, сұраным мен ұсыным, өндіріс факторлары және олардың шығындары, ұлттық өнім және ұлттық табыс сияқты маңызды экономикалық категорияларға анықтама беретін экономикалық теория болып табылады. Сонымен, ӘЭС экономикалық теория ережелеріне, мате-матикалық әдістерге негізделе отырып, көптеген экономикалық категориялардың сандық шамасын, әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың динамикасын, құрылымын, өзара байланысын, нақта орны мен уақыты жағдайында олардың даму заңдылығын зерттейді. ӘЭС әдістемелік негізі болып таным теориясы танылады. Таным теориясына сәйкес ойлау процесі үш өзарабайланысты сатылардан өтеді: 1) сырттай пайымдау; 2) ғылыми абстракция; 3) жаңа практикалық ұсыныстарды және ой тұжырымдарын қалыптастыру. ӘЭС диалектика заңына сүйене отырып, өзінің әдісін құрайтын ерекше тәсілдерді өңдейді. ӘЭС өзінің зерттеулерінде статистиканың жалпы теориясының әдістері мен принциптерін қолданады, оларға негізделе отырып, оларды дамытады. Бұл ең біріншіден статистикалық бақылау әдісі, топтастыру әдісі, жалпылауыш көрсеткіштер әдісі – абсолютті және салыстырмалы шамалар, орта шамалар, индекстік әдіс және т.б. Бұл әдіс зерттелінетін объектілердің нақты ерекшеліктерін, орны мен уақытын есепке ала отырып қолданылады және олардың әрі қарай дамуын жүзеге асырады. ӘЭС-да баланстық әдістің маңызы зор. Әлеуметтік, экономикалық процестер мен құбылыстарды зерттеу және талдауда математикалық әдістер кең қолданылады. Нарықты экономика жағдайында әлеуметтік-экономикалық статистиканың негізгі міндеттері төмендегі экономикалық құбылыстар мен әлеуметтік процестерді жүйелі бейнелеу және талдау болып табылады: ел халқының саны мен құрылымын, оның қайта өндірісінің ең маңызды көрсеткіштерін; халықтың жұмысбастылығы мен жұмыссыздығын; халықтың өмір деңгейін; табыстардың үлестірілуін; әлеуметтік саланы дамытуды, білім беруді, денсаулық сақтауды; экономикалық процестің негізгі нәтижелерін және әсіресе, ұлттық экономика саласының өнді-рістерінің нәтижелерін; инвестициялық процесті; инфляцияны; қаржы-банктік жүйені қалыптастыруды; сыртқы экономикалық байланыстың дамыуын; қоршаған ортаның жағдайын және т.б. Негізгі әдебиет: 1,3,5 Қосымша әдебиет: 7,9 2 тақырып. Халық статистикасы Халық статистикасы статистиканың ертедегі салаларының бірі. Санақ статистикасы б.э.д. 3–мыңжылдықта Азия мемлекеттерінде жинала бастады. Ежелгі Грециядағы, Жапония, Қытай, Индиядағы жүйелі санақтар салық төлеушілер мен әскери міндеттілердің саны жөнінде мәліметтер алуға көмектесті. Санақты жүргізу, мәліметтердің нәтижелерін өңдеуді ғылыми негіздеу 1853 жылы Брюссельде халықаралық статистикалық конгрестің бірінші сессиясында берілді. Бірақ елде мәліметтерді жинау тәртібінің айырмашылықтары болғандықтан, халықаралық салыстыру қиындай түсті. Осыған байланысты БҰҰ ұлттық деңгейлерде санақты жүргізу үшін ұсынылатын әдістемелік ережелерде санақ жүргізудің аралығын 10 жылға бекітті. Санақтардың арасында соңғы санақтың мәліметтерін (әр жылдың бірінші қаңтарына) жыл сайын түзету үшін қолданылатын ағымдағы есеп жүргізіледі. Статистикада зерттеу пәні ретінде халық белгілі бір территорияда тұратын және тууы мен өлім есебінен үздіксіз өзгеріп отыратын адамдардың жиынтығын береді. Статистикада бақылау бірлігі жеке адам болып табылады. Бірақ жанұя да бола алады. 1994 жылдан бастап ТМД территориясында халықаралық тәжірибеде қабылданғандай жанұя ғана емес, үй шаруашылықтары да есепке алына бастады. Үй шаруашылығы дегеніміз – бірге тұратын және ортақ шаруашылықты жүргізетін адамдар (туысқандардың ғана емес). Үй шаруашылығы өзін материалды түрде қамтамасыз ететін бір адамнан да тұра алады. Статистикада статистикалық бақылаудың объектісі болып әр түрлі жиындар: жалпы халық (тұрақты, барлық), халықтың белгілі бір топтары (жұмысқа қабілетті халық, жұмыссыздар, зейнеткерлер және т.б., ерлер мен әйелдер, қала мен ауыл халқы және т.б.), немесе үлкен жанұялар, туғандар мен өлгендер табылады. Бақылаудың объектісі мен бірлігі зерттеудің мақсатына байланысты таңдалынады. Халық статистикасы жөнінде мәліметтердің негізгі көздері санақтар (жаппай, ішінара) және ағымдағы есеп болып табылады. Халық статистикасының негізгі міндеттері: халық санын анықтау және оны ел территориясында үлестіру; халық құрамын зерттеу (жынысы, жасы, ұлты, білімі ж.т.б. бойынша); халықтың табиғи қозғалысын зерттеу; халыққа әлеуметтік сипаттама беру. Халық санағы халық саны (Х) жөнінде белгілі бір сәтке немесе белгілі бір мерзімге мәліметтер береді. Санақтардың арасындағы аралықтарда халық саны кейінгі санақтың мәліметтері және халықтың табиғи (туғандардың саны (Т), өлгендердің саны (Ө)) мен механикалық қозғалысы (кеткендердің немесе шыққандардың саны (Ш), келгендердің саны (К)) жөніндегі ағымдағы статистикалық мәліметтер негізінде есептеу жолымен келесідегі баланстық схема бойынша анықталады: Хж.а = Хж.б. + Тбір жылда - Өбір жыдла + Кбір жылда – Шбір жылда Белгілі бір мерзімге жеке тұрғылықты пункттердің халқының санын анықтауда тұрақты (ТХ) және барлық халықты (БХ) есепке алады. Тұрақты халық – берілген пунктте санақ сәтінде, уақытша жоқ халықты қоса, тұрақты тұратын тұлғалар: ТХ = БХ –УТ + УЖ Барлық халық берілген пунктте санақ сәтіндегі, олардың тұрақты немесе уақытша келуіне байланысты емес, іс жүзіндегі бар халық: БХ = ТХ + УТ – УЖ Тұрақты халық есебінде халықты уақытша жоқ (УЖ) және уақытша тұратын (УТ) деп бөледі. Кез келген тұрғылықты пункте халық санағы бір жылдың ағымында өзгереді. Сондықтан статистикада бірқатар көрсеткіштерді есептеу үшін бір жылға немесе басқа уақыт аралығында халықтың орта саны анықталады. Статистикада халықты топтастырулардың ішінде бірінші кезекте демографиялық: жынысы, жасы, жанұя жағдайы, ұлты бойынша жіктелінеді. Территория шегінде халықты жынысы бойынша үлестірудің мәліметтері бойынша аудан экономикасының өндіріс бағытына байланысты ерлер мен әйелдердің арақтынасының бір қалыпты немесе қалыпты емес екендігі жөнінде көрініс береді. Халықтың санының тууы мен өлуінің есебінен өзгеруін табиғи қозғалыс деп атайды. Халықтың тууы, өлімі және табиғи өсімі кез келген уақыт аралығында туғандардың (Т), өлгендердің (Ө) саны, неке қию са-ны, ажырасу саны, халықтың табиғи өсімшесі ретінде абсолютті шамада есепке алынады. Табиғи өсімшесі деп туған балалар мен өлген адамдар саны арасындағы айырмашылықты айтады. Бірақ табиғи қозғалыстың абсолютті көрсеткіштері туу, өлім, табиғи өсімшесінің деңгейін сипаттай алмайды, өйткені олар халықтың жалпы санына байланысты. Мысалы: 1 млрд. 300 млн. шамасында халқы бар Қытайдың 20 млн. туған балаларының санын 18 миллионнан арта халқы бар Австралияның 250 мың туған балалардың санымен салыстыруға болмайды. Сондықтан, халықтың табиғи қозғалысын сипаттау үшін аталған көрсет-кіштер 1000 немесе 10000 адамға шағып, яғни салыстырмалы шама түрінде промилль немесе продецимилльмен өлшенеді. Негізгі әдебиет: 1,3,5 Қосымша әдебиет: 7,9 |