СЭС УА. ОУдістемелік кешен
Скачать 0.69 Mb.
|
3 Тақырып. Еңбек ресурстарының статистикасы Еңбекке қабілетті халық деп жасы мен денсаулық жағдайына байланысты еңбекке қабілетті адамдардың жиынтығын айтады. Біздің елде заңға сәйкес еңбекке қабілетті жас деп ер адамдар үшін 16-62 жас және әйел адамдар үшін 16-57 жас саналады. Еңбекке қабілетті жастағы халық еңбекке қабілетті халықтан және денсаулығы бойынша еңбекке қабілетті емес халықтан тұрады. Соңғы топ жұмыс істемейтін жұмыс жасындағы І,ІІ топ мүге-дектері, сонымен қатар еңбек жасындағы жұмыс істемейтін, же-ңілдік жағдайында жасы бойынша зейнетақы алатын зейнеткер-лерден тұрады. Еңбек ресурстары деп жұмыс істеуге қабілетті халықтың бір бөлігін айтады. Еңбек ресурстарының (ЕР) құрамы: еңбекке қабі-летті жастағы еңбекке қабілетті халық; іс жүзінде жұмыс істеп жүрген 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер; іс жүзінде жұмыс істеп жүрген еңбекке қабілетті жастан үлкен тұлғалар. Еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілеттісін анықтау үшін еңбекке қабілетті жастағы халықтан жұмыс жасындағы, жұмыс істемейтін І,ІІ топ мүгедектерін және жеңілдік жағдайын-да жасы бойынша зейнетақы алатын, жұмыс істемейтін еңбек жасындағы зейнеткерлер алынып тасталады. Еңбек ресурстарының табиғи қозғалысы деп халықтың миграциясымен байланысты емес санының өзгерісін айтады. Еңбек ресурстарының табиғи қозғалысын олардың көбеюі, кемуі және табиғи өсімшесі сипаттайды. Еңбек ресурстарының табиғи көбеюі (ЕРКтаб) жасөспірім-дердің еңбек жасына өтуі, сонымен қатар қоғамдық жұмысқа зейнеткерлер мен 16 жасқа дейінгі тұлғалардың тартылуы есебі-нен болады. Еңбек ресурстарының табиғи кемуі (ЕРКемутаб) өлім, зейнеткерлікке немесе мүгедектікке өтумен, еңбекке қабілетті емес жастағы халықтың жұмыстарын тоқтатуымен байланысты болады. Еңбек ресурстарының табиғи өсімшесі – бұл еңбек ресурс-тарының табиғи көбеюі мен табиғи кемуі арасындағы айырма. Еңбек ресурстарының механикалық қозғалысы деп олардың санының миграция есебінен өзгеруін айтады. Еңбек нарығында қалыптасатын процестерді талдаудың маңызды құралы еңбек ресурстарының балансы болып табылады. Ол қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеу, еңбек нарығында сұраным мен ұсынымды болжау үшін өте маңызды. Еңбек ресурстарының балансы екі өзара байланысты тарау-нен тұратын статистикалық көрсеткіштер жүйесін көрсетеді. Еңбек ресурстарының балансының схемасы келесідей түрде болуы мүмкін: І. Еңбек ресурстарының қалыптасу көздері. Барлық еңбек ресурстары, оның ішінде: еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілетті халық; экономикада жұмыс істейтін жасөспірімдер; экономикада жұмыс істейтін немесе жұмыссыз деп танылған еңбекке қабілетті жастан үлкен тұлғалар. ІІ. Еңбек ресурстарының бөлінуі: экономикадағы барлық жұмысбастылар, оның ішінде: жалдануы бойынша; жалданбай; еңбек жасындағы өндірістен тыс оқитын оқушылар; экономикалық қызметпен немесе оқумен айналыспайтын еңбекке қабілетті жастағы еңбекке қабілетті халық. Экономикалық белсенді халық деп экономикада жұмыс істейтіндер мен жұмыссыздардың жиынтығын айтады. Жұмыс істейтіндер санына ауырғанына, кезекті демалысқа, ауруды күтумен және т.с.с. себептерге байланысты жұмысқа келмегендердің саны, оларға болмаған уақыттарына еңбек ақы есептелген, есептелмегеніне байланысты емес есепке алады. Экономикада жұмыс істейтіндердің санына жеке тұтынуы үшін меншікті үй шаруашылығында тауарлар немесе қызметтерді өнді-румен айналысатын тұлғалар кірмейді. Еңбек ресурстарының балансын құруда жұмысбасты халық-ты қызмет түрі мен меншік формасы бойынша топтастырылады. Бұл әр саланың еңбек потенциалын пайдалануын талдауға, эконо-микада болып жатқан жаңа құбылыстар мен процестерді, жаңа секторлардың қалыптасуы мен дамуын зерттеуге мүмкіндік береді. Жұмысбастылардың құрамы сонымен қатар жынысы, жасы, жанұяның жағдайы, іс-әрекеттерінің түрі, білім деңгейі бойынша да зерттеледі. Халықаралық стандарттарға сәйкес отандық статистика практикасында экономикадағы жұмысбастыларды жұмысбас-тылық статусы бойынша келесідей категорияларға жіктейді: жалданбалы жұмыскерлер. Бұл топқа заңды немесе жеке тұлға ретіндегі фирмамен еңбек жағдайы мен оның ақысы жөнінде бекітілген еңбектік келісім шартқа сәйкес сыйақы үшін жұмыс атқаратын тұлғалар кіреді; жұмыс беруші. Бұған өндірістік әрекетті жүзеге асыру үшін тұрақты негізде жалданбалы жұмыскерлердің еңбегін пайдаланатын жеке меншікті кәсіпорын немесе фирманы басқарушы тұлғалар кіреді; өз еркімен жұмыс істейтіндер. Бұл топқа өз еркімен немесе бір немесе бірнеше іскер партнерлермен бірге, тұрақты негіздегі жалданбалы жұмыскерлерсіз, табыс әкелетін өндірістік қызметпен айналысатын тұлғалар кіреді; өндірістік кооперативтердің мүшесі. Бұл топқа өз меншікті кәсіпорынында жұмыс істейтін, өндірістік мәселелерді шешуде және табысты бөлуде ұжымның басқа да мүшелерімен (бұл кәсіпорынды иеленетін) құқықтары бірдей тұлғалар кіреді; жанұялық кәсіпорындардың төленбейтін жұмыскерлері. Туысы иеленетін жанұялық кәсіпорында жұмыс істейтін және бұл үшін сыйақыны ақшалай немесе заттай алмайтын тұлғалар кіреді. Жұмыс күші нарығының жағдайын сипаттау үшін келесі салыстырмалы көрсеткіштер қолданылады: еңбекке қабілетті халықтың коэффициенті – халықтың жалпы санының ішіндегі еңбекке қабілетті халықтың үлесі; еңбекке қабілетті жастағы халықтың еңбекке қабілеттілік коэффициенті – еңбекке қабілетті жастағы халық санының ішін-дегі еңбекке қабілетті халықтың үлесі; халықтың жұмысбастылық коэффициенті – халықтың жалпы саны ішіндегі оның жұмысбастыларының үлесі; еңбекке қабілетті жастағы халықтың жұмысбастылық коэффициенті – еңбекке қабілетті жастағы халықтың жалпы санының ішіндегі берілген жастағы жұмысбасты халықтың үлесі; еңбек ресурстарының жұмысбастылық коэффициенті – еңбек ресурстары санының ішіндегі жұмысбасты халықтың үлесі; жалпы жүктеме коэффициенті – еңбекке қабілетті жас-тағы 1000 адамға келетін еңбекке қабілетті емес жастағы адамдардың саны; еңбек ресурстарының орнын ауыстыру коэффициенті – еңбекке қабілетті жастағы 1000 адамға келетін 16 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдер; зейнеттік жүктеме коэффициенті – еңбекке қабілетті жас-тағы 1000 адамға келетін зейнеттік жастағы адамдардың саны; пайыздық өлшемдегі жұмыссыздық деңгейі – жұмыс-сыздар санының экономикалық белсенді халық санына қатынасы; халықтың экономикалық белсенділік деңгейі – жастық топтарға сәйкес (15 және одан жоғары жас аралығындағы) халықтың жалпы саны ішіндегі экономикалық белсенді халық саны. Негізгі әдебиет: 1,3,5 Қосымша әдебиет: 7,9 4 тақырып. Жұмыс уақытын пайдалану статистикасы Жұмыс уақытының пайдалануын талдау жұмыс уақытының баланстары негізінде жүргізіледі. Олар адам-сағат және адам–күнде құрылады. Баланс 2 тараунен тұрады: жұмыс уақытының ресурстары және жұмыс уақытын пайдалану. Жұмыс уақытының ресурстары тарауінде келесі көрсеткіштер көрсетіледі: жұмыс уақытының календарлық қоры; мейрам және демалыс күндеріне байланысты келмеулер; жұмыс уақытының табельдік қоры; кезекті демалысқа байланысты келмеулер; жұмыс уақытының максималды мүмкін қоры. Адам–сағаттағы жұмыс уақытының ресурстарын есептеу үшін адам–күндегі сәйкес көрсеткішті жұмыс күнінің орташа бекітілген ұзақтығына көбейтеді. Жұмыс уақытын пайдалану тарауінде жұмыс уақытының максималды мүмкін қорының құрылымы сипатталады. Максималды мүмкін уақыт қоры 3 бөліктен тұрады: іс жүзінде атқарылған уақыт, себепті жағдайларға байланысты атқарылмаған уақыт және жұмыс уақытын жоғалтулар. Жұмыс уақытынан тыс атқарылған уақыттар баланстан тыс жеке жолда көрсетіледі. Адам–сағаттардағы жұмыс уақытының баланысын құруда адам–күндерде көрсетілген себепті жағдай-ларға байланысты келмеулер жұмыс күнінің бекітілген орташа ұзақтына көбейтіледі. Егер жұмыс уақытының балансы адам–сағаттарда құрылса, онда ішкі сменалық жоғалтулар жеке көрсетіледі. Оларға ішкі сменалық тұрып қалулар, сонымен жұмыс уақытынан бұрын кету себептеріне байланысты атқарылмаған сағаттар да жатады. Төменде жұмыс уақытының құрылымы келтірілген (1-сурет). Жұмыс уақытының құрылымы
Сурет 1 Жұмыс кезеңінің күндердегі орташа іс жүзіндегі ұзақтығы – бұл қарастырылып отырған кезеңде (ай, тоқсан, жыл) бір орта тізімдік жұмыскермен атқарылған күндердің орта саны. Бұл көрсеткіш сонымен қатар кезеңде іс жүзіндегі атқарылған адам–күндерінің санын жұмыскерлердің орта тізімдік санына қатынасы арқылы да есептеуге болады; Жұмыс күнінің іс жүзіндегі орташа ұзақтығы (а) – бұл бір жұмыс күнінде бір орта тізімдік жұмыскермен атқарылған сағаттардың орта саны. Жұмыс күнінің бекітілген орташа ұзақтығы еңбек заңымен бекітілген жұмыскерлердің жеке категориялары үшін жұмыс апталарының ұзақтығынан шығып отырып есептейді. Негізгі әдебиет: 1,3,5 Қосымша әдебиет: 7,9 5 Тақырып. Еңбек өнімділігінің статистикасы Еңбек өнімділігі – жұмысшының уақыт бірлігінде белгілі бір өнім санын шығару қабілеттілігі. Еңбек өніміділігін статистикалық зерттеудің міндеттері: а) кәсіпорындарда, бірлестіктерде, салаларда және барлық ұлттық экономикада еңбек өнімділігінің деңгейін өлшеу; б) еңбек өнімділігінің жоспарлы орындалуын және өсу қарқынын зерттеу; в) еңбек өнімділігінің деңгейі мен өсу қарқынын факторлар бойынша талдау, олардың табысының өсуіне әсерін анықтау, еңбек өнімділігін әрі қарай жоғарлатудың барлық резервтерін мобилизациялау. Еңбек өнімділігінің деңгейі бір уақыт бірлігінде өндірілген өнім санымен немесе бір өнімді өндіруге жұмсалған жұмыс уақытының көмегімен өлшенеді. Практикада еңбек өнімділігінің деңгейінің тура және теріс шамаларын есептейді. Тура шама: = мұндағы,W – бір уақыт бірлігіндегі өнімді өндіру; Q - өндірілген өнім көлемі; Т – жұмыс уақытының шығындары. Теріс шама: мұндағы, t – еңбек сиымдылығы; онда, Еңбек өнімділігі өскенде еңбек сиымдылығы төмендейді және керісінше. Жұмсалған уақытқа байланысты орта сағаттық, күндік, айлық, жылдық еңбек өнімділігі болады. Орта сағаттық еңбек өнімділігі – бір жұмыскердің орта есеппен бір сағатта істеген өнім көлемі, яғни кезеңдегі барлық жұмыскерлерімен істелген өнім көлемінің атқарылған адам-сағаттар санына қатынасы: W сағ = Q / Т ад/сағ Орта күндік еңбек өнімділігі – бір жұмыскердің орта есеп-пен бір күнде істеген өнім көлемі, яғни кезеңдегі барлық жұмыскерлерімен істелген өнім көлемінің атқарылған адам-күндер санына қатынасы. Ол нақты ұзақтыққа байланысты емес (бірақ ішкі кезектік тұрып қалуларды есептейді). Бұл жұмыс күнінің өнімді пайдалану дәрежесі: W күн = Q / Т ад/күн немесе, W күн = W сағ * t күн мұндағы, t күн – жұмыс күнінің нақты ұзақтығы. Орта айлық еңбек өнімділігі - бір жұмыскердің орта есеппен бір айда істеген өнім көлемі, яғни кезеңдегі барлық жұмыскер-лерімен істелген өнім көлемінің істелген адам-ай санына қаты-насы. Бұл көрсеткіш ай бойындағы жұмыс уақытының пайда-лануға байланысты. W ай = Q / Т ад/ай немесе, W ай = W күн * К ай мұндағы, К ай – жұмыс айының күндер бойынша ұзақтығы. Орта жылдық еңбек өнімділігі - бұл бір жұмысшының бір жылдағы еңбек өнімділігі: W жыл = Q / ОТС мұндағы, ОТС – кәсіпорындағы жұмыскерлердің орта тізімдік саны. Орта жылдық еңбек өнімділігін келесідей есептеуге болады: W жыл = W күн * К жыл мұндағы: К жыл - жұмыс жылының күндер бойынша ұзақтығы; немесе, W жыл = W сағ * t күн * К жыл Сонымен, ең нәтижелі көрсеткіш - өндірілген өнім көлемін келесі модель түрінде көруге болады: факторлар–нәтижені талдау үшін индекстік әдісті қолдануға болады: Q = W сағ * t күн * К жыл * ОТС Негізгі әдебиет: 1,3,5 Қосымша әдебиет: 7,9 6 тақырып. Еңбекақы және жұмыс күшіне шығындардың статистикасы Еңбекке төлем - өндірілген өнім мен көрсетілген қызмет жасалған уақыт үшін, қолданыстағы заңмен қарастырылған жыл-дық демалыс ақыға және басқа істелмеген уақытқа төлемді қоса алынатын мадақтау. Еңбек ақы қоры дегеніміз істелген және істелмеген уақытқа есептелген еңбек ақы. Еңбекақы қорының (ЕАҚ) құрамына келесілер кіреді: кәсіпорындармен, ұйымдармен есептелген істелген уақытқа ақшалай және табиғи түрдегі еңбекке төлем сомалары; істелмеген уақытқа төлем; жұмыс тәртібіне және еңбек жағдайларына бай-ланысты ынталандыратын қосымша төлемдер, компенсациялық қосымша төлемдер; тамаққа, тұрмысқа және отынға төлемдер. Істелген уақытқа төлемдер: тарифтік ставка, оклад бойынша, кесімді бағалар бойынша, өткізілген өнім үшін табыстан пайыз түрінде есептелген еңбекақы; заттай төлем түрінде берілген өнім құны; сыйақылар мен мадақтаулар; ынталандыратын қосымша төлемдер (кәсіпкерлік, шеберлік кәсіптерін біріктерген үшін); еңбек тәртібімен және еңбек жағдайларымен байланысты компенсациялық қосымша төлемдер (түнгі, уақыттан тыс, зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары). Істелмеген уақыт үшін төлем: жұмыс күні шегінде істелме-ген сағатқа төлем, оның ішінде бір жылдық және қосымша дема-лысақы; оқу демалыстарына және кәсіби қайта дайындықтан өту кезеңдері үшін төлем; мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындауға шақырылған жұмыскерлердің еңбегіне төлем; жасөс-пірімдердің жеңілдетілген сағаттарына төлем; кәсіпорын ықыла-сымен мәжбүрлі толық емес жұмыс уақыты үшін төлем; жұмыс-кердің кінәсінен болмаған тұрып қалуларға төлем. Бір уақыттық мадақтау төлемдері: - бір уақыттық (бір реттік) сыйақылар; - бір жылдың жұмыс қорытындылары бойынша сыйақылар; - қолданылмаған демалыс үшін компенсациялар; - демалысты бергендегі қосымша төлемдер; - сый ретінде ақысыз берілетін акциялардың құны және басқа төлемдер. Тамаққа, тұрмысқа, отынға шығындар: - жеке экономика салаларының жұмыскерлеріне ақысыз берілетін (заңға сәйкес) тамақ пен азық-түлік құны, жеңілдік түріндегі тамақтың құны; - жеке сала жұмыскерлеріне ақысыз берілетін тұрғын үй мен коммуналды қызмет құны немесе осы берілгендер үшін ақшалай компенсациялар сомасы; - жұмыскерлерге ақысыз берілетін отын құны. ЕАҚ талдағанда сағаттық, күндік, айлық, жылдық ЕАҚ деп бөледі. Сағаттық ЕАҚ: кесімді баға, тарифтік ставка бойынша ең-бекке төлем компоненттері, сыйақылар, жұмыс күнінің қалыпты ұзақтығында істелген адам-сағат үшін есептелген компенсациялар мен қосымша төлемдер. Күндік ЕАҚ: сағаттық ЕАҚ + қолданыстағы заңдар бойынша төленуге тиісті істелмеген сағаттар + жасөспірімдердің жеңілде-тілген сағаттары + жұмыскердің кінәсінен болмаған ішкі кезектік тұрып қалуларға төлемі + жұмыстан тыс уақытқа төлем, яғни күн-дік ЕАҚ нақты атқарылған адам-күн үшін төлем. Айлық ЕАҚ: күндік ЕАҚ және атқарылмаған уақыт үшін бар-лық төлемдер, бір уақыттық және мадақтау төлемдер, тамаққа, тұрғын үйге, отынға төлемдер. Жылдық ЕАҚ: айлық ЕАҚ қосындысына тең. Сағаттық, күндік, айлық ЕАҚ динамикасы және олардың арасындағы арақтынасы бойынша өндірісті ұйымдастыру мен жұмыс уақытын пайдалану туралы айтуға болады. Осылайша, мысалы, сағаттық ЕАҚ күндік ЕАҚ-нан асқандығы жұмыс күнін тиімді қолдануын білдіреді, яғни еңбекақының өсуі тікелей өнімді шығарумен немесе қызмет көрсетумен байланысты. Еңбекақыдан басқа жұмыскердің табысының құрамына келесілер кіреді: - қолданыстағы заң немесе жасалған жеке келісім-шарт негі-зіндегі әлеуметтік сипаттағы төлемдер: зейнетақыға қосымша, материалдық көмек, жұмыс орнына жету үшін жолақыға төлем, стипендиялар; - жұмыскерлердің кәсіпорын меншігіне қатысудан табыс, зейнетақы қорына салымдар (егер кәсіпорында төлесе), арнайы киім құны, мерекелік шараларды өткізу үшін орындарды жалға алу. Негізгі әдебиет: 1,3,5 Қосымша әдебиет: 7,9 |