Навигация по странице:Тақырыптар Қысқаша мазмұны С а ғат саны Сағат саныБөлім 1 . Науқасты клиникалық тексерудің жалпы әдістеріБҚ-1,2, КҚ-3,1 6 Бөлім 2. Арнайы бөлімБҚ-1,2, КҚ-3,1 6 3 Тақырып 2.2БҚ-1,2, КҚ-3,1 6 4 Тақырып 2.3БҚ-1,2, КҚ-3,1 4 Аралық бақылауБҚ-1,2, КҚ-3,1 6 6 Тақырып 2.5БҚ-1,2, КҚ-3,1 6 7 Тақырып 2.6БҚ-1,2, КҚ-3,1 6 8 Аралық бақылауБарлығы: 45
|
Пропедевтика жаңа бағдарлама 2021 жыл (1). Оу жмыс бадарламасы пні ап 04 Ішкі аурулар пропедевтикасы Мамандыы
1.7.4. Симуляциялық сабақтың тақырыптық жоспары -45 сағат
№
| Тақырыптар
| Қысқаша мазмұны
| Сағат саны Сағат саны
|
|
|
|
| Бөлім 1. Науқасты клиникалық тексерудің жалпы әдістері
| 1
| Тақырып 1.1
Субъективті зерттеу әдістері, науқастарды сұрастыру.
Объективті тексеру әдістері: жалпы қарау, пальпация, перкуссия, аускультация.
| Субьективті зерттеу: ауру туралы жалпы мәліметтер жинау, сырқатнаманың төлқұжаттық бөлімін толтыру, шағымдарын жинау, аурудың даму тарихын, өмір тарихын анықтау, алынған мәліметті сараптау.
Обьективті зерттеу: қарау, пальпация, перкуссия, аускультация әдістерінің негізгі тәсілдерін ережеге үйеніп,бір- біріңе және науқаста орындау. Медициналық құжаттамалармен танысу және оларды толтыру. Қантамыр соғуын анықтап, сипаттама беру. Қан қысымын, дене қызуын өлшеу. Нәтижелерін дене қызуы парағына енгізу. Демалу қимылдарын өлшеу.
БҚ-1,2, КҚ-3,1
| 6
| Бөлім 2. Арнайы бөлім
| 2
| Тақырып 2.1
Тыныс алу ағзаларының аурулары бар науқастарды тексеру әдістері:
сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация. Тыныс алу ағзаларын зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері. Негізгі клиникалық синдромдары туралы түсінік.
| Білім алушылар науқасты клиникаға дейінгі кабинеттерде қарау, пальпация, перкуссия, аускультация өткізу. Жалпы қарау: науқастың төсектегі жағдайын бақылап, тыныс алу сипатын анықтау (еркін немесе қиналып). Кеуденің пішініне көңіл бөру (нормостениялық, гиперстениялық, астениялық). Тыныс алудың түрлері: кеуделік, құрсақтық, аралас. Пальпация: кеудені пальпациялау әдістері. Кеуденің резистентілігін анықтау. Дауыс дірілін анықтау. Перкуссия: Өкпеге перкуссия ережелерін сақтай отырып, салыстырмалы перкуссия жүргізу. Өкпенің жоғарғы шекарасын алдынан және артынан өкпе ұшының биіктігін анықтау туралы түсініктеме беру. Аускультация: Өкпенің тыңдау ережелерін сақтай отырып, тыңдау. Негізгі және патологиялық тыныс шуларына сипаттама беріп орындау. Везикулярлы және бронхиальды тыныс оның түрлері. Сырылдар, крепитация, плевралық үйкеліс шулары, бронхофония. Обьективті және субьективті тексерулердің нәтижесін бағалау. Зертханалық , аспаптық, функциональдық тексерулердің нәтижелерін талдау. Бронх өткізгіштігінің бұзылуы;өкпе тінінің тығыздануы, өкпе тінінің ауаға толуы, өкпеде қуыстың пайда болуы, тыныс алу жеткіліксіздігі,гидроторакс,
пневмоторакс, ателектаз.
БҚ-1,2, КҚ-3,1
| 6
| 3
| Тақырып 2.2
Жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері: сұрастыру, жалпы қарау, пальпация, перкуссия, аускультация Жүрек қан тамыр жүйесін зертханалық және аспаптық зерттеу әдістері.
Жүрек-қантамыр жүйесі ауруларының синдромдары.
| Білім алушылар науқасты клиникаға дейінгі кабинеттерде қарау, пальпация, перкуссия, аускультация өткізу. Жалпы қарау: Науқастың төсектегі жағдайына, терінің түсіне көңіл бөлу: цианоз, акроцианоз,бозару, беттің шырайы, ісіну, анасарка. Шеткі қан тамырларды, күретамырдың және басқа тамырлардың пульсациясын, веналардың ісінуі мен пульсациясын қарау. Жүрек тұсын қарау: жүрек томпағы, жүрек ұшы және жүрек соққысы. Пальпация: жүрек ұшы түрткісін анықтау- сипаттамасы, күші, биіктігі алаңы. Жүрек ұшының теріс соққысы. Перкуссия: Жүректің салыстырмалы және абсолютті тұйықтығының шекараларын анықтау. Аускультация: Жүректі тыңдау. Тікелей және аспапты аускультация. Жүректі тыңдау нүктелері мен тыңдау ретін сақтай отырып, аускультация жүргізу. Жүрек тондары, жүрек шуларын анықтау. Артериялық қысымды анықтау. Обьективті және субьективті тексерулердің нәтижесін бағалау. Зертханалық , аспаптық, функциональдық тексерулердің нәтижелерін талдау.
Артериалық гипертензия, жүрек функциясының жіті және созылмалы жеткіліксіздігі, қан тамырдың жіті жеткіліксіздігі, кіші қан айналым шеңберіндегі гипертензия, кенеттен дамитын өлім синдромы.
БҚ-1,2, КҚ-3,1
| 6
| 4
| Тақырып 2.3
Асқорыту ағзаларының аурулары бар науқастарды тексеру әдістері:
сұрастыру, қарау, пальпация.
Іш қуысының перкуссиясы және
аускультациясы.
Зертханалық, аспаптық зерттеу әдістері. Негізгі клиникалық синдромдары.
| Білім алушылар науқасты клиникаға дейінгі кабинеттерде қарап тексеру, пальпация, перкуссия, аускультация өткізу. Қарау: ауыз қуысын, аңқаны, бадамшабезді, ауыз қуысының сілемейін қарап тексеру. Тіл, орналасу қалпын, ісінуін,ылғалдылығын, тілдің ойылуын, ойықжарасын, тістің жағдайы мен қызыл иекті. Ішті қарау: іштің пішінін, көлемін, тыныс алуға қатысуын. Пальпация: Іштің үстіртін пальпациясын жүргізу. Ішті Образцов- Стражеско әдісімен терең сипау. Пальпацияның реттілігін сақтай отырып, асқазан, иінішек, соқырішек, мықынішектің соңғы бөлімдері, көлденең тоқішек, жоғарылаған және төмендеген тоқішек пальпациясын жүргізу. Бауырды пальпациялау. Перкуссия: перкуторлық дыбыстың сипаттамасын анықтай отырып, (тимпаникалық, тұйықтау- тимпаникалық және тұйық) перкуссия жүргізу. Бауырды Курлов әдісі бойынша перкуссиялау. Аускультация. Асқазан мен ішек перистальтикасын және ішектер жапырақшаларының үйкеліс шуын тыңдау.
Диспепсиялық синдром, дисфагия синдромы, іштің ауырсыну синдромы, асқазан-ішектен қан кету, сарғаю синдромы, портальді гипертензия синдромы, гепатолиенальды синдром, бауыр фукциясының жеткілксіздігі синдромы. БҚ-1,2, КҚ-3,1
| 4
|
| Аралық бақылау
| Іс-әрекет алгоритмін стандартқа сәйкес орындау, муляжда көрсету. Күнделік қорғау.
| 2
| 5
| Тақырып 2.4
Бүйрек пен зәр шығару жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері: сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия, аускультация. Зертханалық, аспаптық зерттеу әдістері.
Негізгі клиникалық синдромдар
| Бүйрек ауруларымен науқастарды қарау: Бүйрек ауруларымен сырқаттанатын науқастың бет-бейнесі. Ісіктің орналасу ерекшеліктері мен терідегі тырнақ іздері мен зәр кристалдарын анықтау. Пальпация: Бүйректі несепағар нүктелері бойынша науқасты жатқызып не болмаса тұрғызып пальпациялау. Бүйректің төмен түсуі,ығысуы,ұлғаюы және ауырсынуы.
Бүйрекке перкуссия жасау: Пастернацкий симптомын анықтау.Бүйрек тұсын соққылап тексеру. Аускультация. Бүйрек артерияларының соғысын тыңдау. Зертханалық , аспаптық, функциональдық тексерулердің нәтижелерін талдау.
Бүйрек шаншуы, нефроздық, зәр және ісіну синдромы,бүйрек функциясының жеткіліксіздігі және бүйрек артериялық гипертензия синдромы. БҚ-1,2, КҚ-3,1
| 6
| 6
| Тақырып 2.5
Қан түзу жүйесінің аурулары бар науқастарды тексеру әдістері: сұрастыру, қарау, пальпация, перкуссия.Зертханалық, аспаптық зерттеу әдістері. Негізгі клиникалық синдромдары.
| Қарап тексеру: тері сілемей қабаттар түсінің өзгеруін. Шеткі лимфа түйіндерінің ұлғаюын. Қанталау, көгеру петехияларды.
3.Пальпация: пальпация әдісімен лимфа түйіндерінің көлемін,консистенциясын,қозғалғыштығын,жанындағы ұлпалармен және бір-бірімен бірігуін анықтау. Бауыр мен талақтың пальпациясы.
4.Перкуссия:сүйектерді соққылағанда ауырсынудың пайда болуын, бауыр мен талақ көлемінің үлкейгендігін анықтау.
БҚ-1,2, КҚ-3,1
| 6
| 7
| Тақырып 2.6
Эндокринді жүйе және зат алмасу аурулары бар науқастарды тексеру әдістері сұрастыру, қарау, пальпация. Зертханалық, аспаптық зерттеу әдістері. Негізгі клиникалық синдромдары.
| Эндокринді жүйе және зат алмасу аурулары бар науқастарды қарап тексеру:
Гипергидроз, гиперпигментация, жолақтардың болуы. Тері астышелмайының жағдайын (семіздік,азу). Ісіктердің болуын. Экзофтальм, периорбитальды ісік, қабақтардың пигментациялануын.
Пальпация. Қалқанша бездің пальпациясы.
Тиреотоксикоз және микседема, гипергликемия және гипогликемия,
семіру және кахексия.
БҚ-1,2, КҚ-3,1
| 6
| 8
| Аралық бақылау
| Іс-әрекет алгоритмін стандартқа сәйкес орындау, муляжда көрсету. Күнделік қорғау.
| 3
|
| Барлығы:
|
| 45
| |
|
|