Жүрек Қантамыр Жүйесі 2020 -21 Студ. Патологиялы физиология кафедрасы
Скачать 0.76 Mb.
|
Тақырып №2 «Жүрек жеткіліксіздігінің миокардтық түрі. Коронарлық жеткіліксіздіктің этиологиясы мен патогенезі. Жүрек қызметінің қауырт және созылмалы жеткіліксіздігінің патофизиологиясы. Балалардағы ерекшеліктері» Сабақтың мақсаты: Жүрек қызметі жеткіліксіздігінің миокардтық түрінің және коронарлық түрінің этиологиясы мен патогенезінен білім қалыптастыру. Клиникадық жағдайларды патофизиологиялық талдаудан білім қалыптастыру. Топта жұмыс жасау кезінде коммуникативті дағдыны жетілдіру. Тақырыптың негізгі сұрақтары: Жүрек жеткіліксіздігінің миокардтық түрінің коронагенді және короногенді емес шығу тегі. Коронарлық жеткіліксіздік, анықтамасы, түрлері (нағыз, салыстырмалы), патогенезі Жіті коронарлық синдром.Коронарлық қанайналымның қайтымды және қайтымсыз бұзылыстары, себептері патогенезі. Резорбциялық синдром. Реперфузиялық синдром. Жедел және созылмалы коронарлық қанайналымының жеткіліксіздігінде жүрек қызметінің негізгі көрсеткіштерінің өзгерістері Жүрек жеткіліксіздігінің клиникалық көріністері, патогенезі. Оқыту мен сабақ беру жүргізудің әдістері: Пікір талас, сынамалау, бейне қойылымын көру. шағын топтарда жұмыс істеу- ситуациялық есептерді патофизиологиялық сараптау, CBL 1 тапсырманы орындау немесе«Жүрек жеткіліксіздігін үлгілеу»видеофильмін көру
Әдісі:Жоғарыдағы үлгіні қолдана отырып, жүрек қызметінің көрсеткіштерінің бастапқы нәтижелері анықталады. Содан кейін жүрекке бірнеше тамшы 10%-қ (КСl) калий хлор ерітіндісі тамызылады. 3-5 минуттан кейін қайтадан жүрек қызметінің көрсеткіштері анықталады. Артынан жүректі физиологиялық ерітіндімен жуғаннан кейін көрсеткіштер тағы да анықталады.
Студенттер талдау жасағанда мына сұрақтарға жауап берулері керек: 1.Кардиомиоциттердің біріншілік зақымдануы кезінде жүрек қызметінің көрсеткіштері қалай өзгереді? 2. Тәжірибеде жүректің жиырылу қызметі қай тетікпен жүреді? 3. Пайда болған жүрек қызметінің бұзылысы қайтымды ма? № 2 тапсырма.Ситуациялық есептерді шешу №1 есеп М. есімді 46 жаста ер адамдабақшадағы қарқынды физикалық жүктеме кезінде нитроглицерин ішкеннен кейін басылған кеуде артында қатты ауыру сезімі пайда болды. Бұған дейін физикалық жүктеме кезінде жүрек аймағында тесіп ауыратын ауыру сезімі пайда болып, бірақ тез басылған. Кешкісін ауыру сезімі қайталанды, ентік және сұйық қақырықпен жөтел пайда болды.Қарап тексергенде: науқас орта бойлы, гиперстеник. Тері мен шырышты қабаттары бозарған, көгіс тартқан. Тынысы жиі, минутына 42 рет. Жүректің соғу жиілігі – минутына 120 рет. Аускультацияда оң және сол өкпесінен ылғал сырылдар естіледі. Жүректің минуттық көлемі2,8л. Артериялық қысым 110/70 мм. с.б.Артериялық қандағы оксигемоглобин мөлшері -81%, венада - 45%. Шеткері қандағы эритроцит мөлшері - 5,0х1012л-1, лейкоцит -19,0х109л-1. Лейкоциттік өрнек: Б-0, Э-1, Метамиелоциттер-2, Т/я-16, Б/я-62, Л-14, М-5. Науқаста байқалған синдромның патогенезі қандай? Оттегінің артерио- веноздық айырмашылығы қалай өзгереді? № 2 есеп 52 жастағы науқас И., жүрек аймағындағы шаншуларға, нитроглицерин қабылдаса да ауыру сезімінің басылмауына, бас айналуына және қатты әлсіздікке шағымданды. Ауыру сезімі ауыр кинофильм көрген кезде пайда болды. Объективті: науқас орташа бойлы, дене бітімі астениялық, терісі мен көрінетін шырышты қабаттары бозарған. Дене температурасы 37,5º С. Жүрек шекаралары сол жаққа кеңейген, тондары бәсең, пульс 100 рет минутына, қанмен толуы аз, ырғақсыз. Артериялық қысым - 95/70 мм с.б.б. Венозды қысым - 40 мм с.б.б. Өкпеде ылғалды сырыл естіледі. Қан талдауы бойынша нейтрофильді лейкоцитоз және эритроциттердің тұну жылдамдығы жоғарылағаны байқалады. ЭКГ-де: ритм синусты, Q тісшесі тереңдеген жәнеST сегментінің біріншілік тіркеуде көтерілгені, үшінші тіркеуде керісінше айналық бейнеде көрінеді. Науқаста байқалған синдромның патогенезі қандай? Қанның биохимиялық талданымында қандай өзгерістерді күтуге болады? №3есеп Б., есімді әйел 56 жаста, аздаған физикалық жүктемеде күшейетін, тыныштықтағы ентігуге, аяқтарындағы ісінуге, түнде тұншығу ұстамасына, оң қабырғасындағы ауырлық сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: Тері мен шырышты қабаттары көгістенген. Бауыры айқын ұлғайған. Іш қуысында сұйықтық анықталды. Өкпенің төменгі бөліктерінде ылғал сырылдар естіледі. ЖСЖ - 142 рет. Тыныс жиілігі - 43 рет. Жүректің сол шекарасы бұғананың ортаңғы сызығынан 2,5 см солға жылжыған. Оң жағы – төстің оң қырынан 2,5 см оңға жылжыған. 1.Жүректің бұл жеткіліксіздігінде клиникалық көріністердің механизмдері қандай? 2.Жүректің созылмалы жеткіліксіздігі кезіндегі гипертрофияланған жүректің декомпенсациясының патогенездік негізі қандай? №4 есеп. К., есімді ер адам, 34 жаста, клиникаға сан сүйегінің сынғандығынан әкелінді. Келесі күні кеудесінде бірден ауыру сезімі пайда болды. Терісі көгістенді. Тынысы минутына 36 рет. Жүректің соғу жиілігі – минутына 120 рет. Артериялық қысым 85/60 мм с.б. жүрек шекаралары қалыпты. Веналардың бірден ісінгені анықталды. Бауыр мөлшерлері артқан. Кеуде қуысының жайылмалы рентген суретінде оң өкпесінің төменгі бөлігі конус тәрізді қарайғандығы анықталды. Артериялық қандағы оксигемоглобин мөлшері 85%, венада 30%. Шеткері қандағы эритроцит мөлшері5,0х1012л-1, лейкоцит 18х109л-1. Лейкоциттік өрнек: Б-0, Э-1, Метамиелоциттер-0, Т/я-16, Б/я-70, Л-8, М-5. Науқаста орналасуына қарай жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі дамыған? Науқастағы ЖЖ себебін көрсетіңіз Қан талданымы мен кеуде қуысының рентген суретіндегі өзгерістерді сараптап, патогенезін түсіндіріңіз Байқалған симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз № 3 тапсырма. CBL Алмагүл «БЕЛЛА» атты үлкен компанияның бас директоры. Отбасында: Арсен (23) , Алмас (19), қызы Гаухар (16) және сүйікті жары Бақыт. Алмагүлдің 50 жасқа толуына компания екі адамға арналған Чехия- Карловы Вары қаласына жолдама сыйлады. Демалыс күндері ұшақтан түсіп Grand Bohemia қонақ үйіне тоқтады. Ертесіне Алмагүл кеуде артындағы басып тұрғандай ауыру сезімге шағымданды және бұл ауыру кешеден басталғанын ескертті (жобамен 20 сағаттай). Күйеуі дәрігерге қаралуды ұсынды. Қабылдау бөлімінде көп күттірмей оларды кезекші дәрігер қабылдады. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта, беті гиперемияланған. Дене қызуы 37,5 С. Аускультацияда: өкпесінде везикулярлы тыныс, сырылдары жоқ. Тыныс жиілігі минутына 16 рет, жүрек үндері тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ минутына 80 рет. АҚ 180/100 мм.сын.бб. ЭКГ-де: ритм синусты, Q өркешті терең және ST сегменті I әкетуде биіктеген, ІІІ тіркелімде айналы белгіде. Қан талданымында: ЛДГ белсенділігі жоғарылаған, КФК-МВ, тропонин Т және І жоғарылаған, лейкоциттер 12,0х109/л, тромбоциттер 450,0 х 109/л. Протромбиндік индекс 120% . 1 бөлім Сұрақтары: Берілген науқаста жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі орын алған? Протромбинді индекс жоғарылауы нені мәлімдейді? Кардиомиоциттер бүлінісінің патогенездік сызбнұсқасын құрастырыңыз? Төс артындағы ауыру сезімімен қабаттасатын жағдайдың мүмкіндік себебі қандай? 2-бөлім Қанда ЛДГ, КФК-МВ, тропонин Т және І, лейкоциттердің жоғарылау, қызбаның патогенезін түсіндіріңіз Миокард реперфузиясының қандай зардаптары болуы мүмкін? Тақырып№3. «Жүректің қақпақшалық құралының зақымдануы. Жүрек жеткіліксіздігінің жүктемелік түрі. Жүрек ырғағының бұзылуының патофизиологиясы» Сабақтың мақсаты: Жүрек жеткіліксіздігініңэтиологиясы мен патогенезі туралы түсінікті меңгеру. Жүрек жеткіліксіздігініңэтиологиясы мен патогенезінің балалардағы ерекшелігін меңгеру Оқудың мақсаттары: Жүрек жеткіліксіздігінің теңгерілмеген сатысында организмдегі өзгерістердің патогенезін түсіндіре білу. Жүрек жеткіліксіздігі кезіндегі жүрек қызметінің өзгерістерін табу және түсіндіре білу. Тақырыптың негізгі сұрақтары: Қанайналымының жеткіліксіздігі туралы түсінік, жіктелуі Жүрек жеткіліксіздігі, анықтамасы, орналасуы,ағымы бойынша жіктелуі,патогенезі Жүректің сол жәнеоң қарыншалық, толық жеткіліксіздігініңжалпы этиологиясы мен патогенезі Жүректің жүре пайда болған ақаулары туралы түсінік, түрлері, этиологиясы, гемодинамика өзгерістерінің патогенезі. Балалардағы жүрек жеткіліксіздігінің себептері Балалардағы туа пайда болған ақаулар (жүрекше аралық перде ақауы, қарынша аралық перде ақауы, тетрада Фалло,Боталлов өзегінің бітпеуі). Жүрек жеткіліксіздігініңжүктемелік түрі, түсінігі, көлеммен зорығудың («жүрек алдылық жүктеме») және кедергімен зорығудың («жүрек соңылық жүктеме») себептері Ф.З.Меерсон бойынша жүректің дерттік гиперфункциясының сатылары, сипаттамасы. Гипертрофияланған кардиомиоциттердің ерекшеліктері. Аритмия, түсінігі, жіктелуі. Автоматизм бұзылысына байланысты аритмиялар, себептері, патогенезі, ЭКГ өзгерістік көріністер. Өткізгіштік бұзылысына байланысты аритмиялар, себептері, патогенезі, ЭКГ өзгерістік көріністер Экстрасистолия, түсінігі, себептері, даму механизмдері, түрлері, ЭКГ өзгерістері. Пароксизмальды тахикардия және жыпылықтаушы аритмия түсінігі. Аритмияның пайда болуына «re-entry» механизмінің рөлі Балалардағы аритмияның пайда болу ерекшеліктері. Сабақ беру және оқыту әдістері: Ауызша жауап алу, тестілеу, шағын топтарда жұмыс істеу: эксперимент жүргізу немесе бейнені қарау, есептер шешу. Машықтық жұмыс 1 тапсырманы орындау немесе«Жүрек жеткіліксіздігін үлгілеу»бейнефильмін көру
Студенттер талдау жасау барысында мына сұрақтарға жауап берулері керек : 1. Жүктемеден кейін жүрек қызметінің көрсеткіштері қалай өзгереді? 2. Жүрек гиперфункциясын қандай тетіктер қамтамасыз етеді? 3.Теңгерілген сатыдан теңгерілмеген сатыға өткені туралы қандай өзгерістер дәлелдейді? Тапсырма №2 Ситуациялық есептерді шешу № 1 есеп. 59 жастағы ер адам саябақта жүгіру кезінде есін қысқа мерзімді жоғалтқаннан кейін жедел жәрдем бөліміне әкелінді. Соңғы бірнеше аптада ол физикалық жүктемеден кейін төс артындағықысымдысезетін болды. Бұл құбылыс дем алғаннан кейін басылатын. Анамнезде жиі ангина және фарингитпен ауырған.Басқа ағзаларына шығымы жоқ. Ол темекі шекпейді, алкогольді және есірткі қолданбайды. Тексеру кезінде оның қан қысымы 110/90 мм.сб. болды. Жүрек соғу жылдамдығы минутына 95 соққы, тыныс алу жиілігі 15 рет/мин, қанның оттегіге қанығуы - 98%. Жүрек шекарасы солға жылжыған. Жүректің түбіненортаңғы систолалық шу, төстің сол жақ шетінде ерте диастоликалық шу естіледі. S4 шуы естіледі. Өкпенің аускультациясында везикулярлытыныс. Ісінулер жоқ. Алдын ала диагноз: аортаның стенозы. Сұрақтар Аорта стенозының ең көп таралған себептерін атаңыз? Осы науқаста стеноздың неғұрлым ықтимал себебі қандай? Неліктен? Аорта стенозы кезіндегіес жоғалтудың патогенезін түсіндіріңіз Аорта стенозы кезіндегістенокардияның патогенезін түсіндіріңіз Физикалдық көріністердің патогенезін түсіндіріңіз Науқасты емдемеген жағдайда қандай болжам болар еді? № 2 есеп. Компанияжетекшісі 35 жастағы әйелді жоспарланған тексеру барысында, өкпе артериясының проекциясы аймағында орташа систолалық шу анықталды. ЭКГ –да жүректің электр осінің оң жаққа ауытқуын, рентгенограмма оң қарынша менжүрекшенің ұлғаюын көрсетті. Көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал? аорта стенозы жүрекше аралық перденің ақауы қосжармалы қақпақшаның жеткіліксіздігі қосжармалы қақпақшаның стенозы өкпе қақпақшасының стенозы № 3 есеп. 39 жастағы «Қос жармалы қақпақшаның стенозы» диагнозы бар науқаста айқын ентігу, акроцианоз, өкпесінде ылғалды сырылдар, денесінде, әсіресе аяғындажайылған ісінулер, жүрек шекаралары кеңейген, тахикардия, артериялық гипотензиябайқалады. Бауыры ұлғайған және қабырға доғасының астынан 5 см шығып тұр, асцит, диурез төмендегені анықталады . Қышқылдық- сілтілкі тепе-теңдік көрсеткіштері: pH 7.32 PaO2 71 сын.бағ. PaCO2 52 сын.бағ. pvO2 47 сын.бағ. SB 18.6 ммоль / л Сүт қышқылы 26 мг% BE - 5 ммоль / л Қан плазмасындағы Na + концентрациясы жоғарылаған; гипо- және диспротеинемия; эритроцитоз. Сұрақтар 1. Бұл жағдайда гипоксияның қандай түрлері дамыды? Жауапты негіздеңіз. 2. Науқаста гипоксияға бейімделу белгісі бар ма? 3. Науқаста ісінудің қандай түрлері дамыды және олардың патогенезі қандай? 4. Ісінуді жою үшін қандай ем қолдану керек? № 4 есеп.Айқын цианозы бар балада қарыншааралық перденің ақауы, аортаның декстропозициясы (оңға ығысуы), оң қарыншаның гипертрофиясы және өкпе артериясының толық стенозы анықталды. Келесі туа біткен ақаулардың қайсысы бұл баланың өмір сүруіне мүмкіндік береді? 1. қосжармалы аорталық қақпақша 2. жүрекшеаралық перденің ақауы 3.ашық Боталлов өзегі 4. қолқаның предуктальды коарктациясы № 5 есеп. Науқас Б., 37 жаста, балалық шақта құздамалық қызбамен ауырған. 14 жасында жүректің ақауы анықталған. Осы жылдар бойы өзін қанағаттанарлық деп сезген. Көктемде баспамен ауырғаннан кейін ентігуге, жүрегінің қағуына, жүректегі ауыру сезіміне және қан түкіретіндігіне шағымданған. Тексергенде: тері және шырышты қабықтардың көгеруі, жүрек шекаралары барлық жақта кеңейген, өкпеде ылғалды сырыл анықталды. Жүректің соғуы минутына 126 рет, ырғақсыз. АҚ 100/75 мм с.б.б. ЭКГ-да жүрекшенің жыпылықтаушы аритмиясы. Сұрақтар: 1. Болжам бойынша науқас қандай жүрек ақауынан зардап шегеді? 2. Науқаста жүрек ақауының түрін анықтауға қандай зерттеу жүргізіледі? 3. Науқаста байқалған симптомдардың патогенезін түсіндіріңіз. Олардың пайда болуының нені мәлімдейді? 4. Науқаста ЖЖ қандай түрі дамыды? № 6 есеп.45 жастағы Т., есімді әйел, жастық шағында басынан кешірген құздама салдарынан дамыған жүректің біріккен ақауларымен ауырады. Көптеген жылдар бойы өзін жақсы сезінген. Осы жылы баспамен ауырған соң жағдайы күрт нашарлады. Науқасты ентік, жүрек қағысы, жүрек аймағындағы ауыру сезімі, қан түкіру, ісінулер мазалайды. Қарап тексергенде: Терісі мен көрінетін шырышты қабаттары көгерген. Соғып тексергенде жүрек шекаралары барлық жаққа кеңейген. Артериялық қысым 100/70 мм с.б.өкпеден ылғал сырылдар естіледі. Бауыры ұлғайған, сипағанда ауырады. Аяқтарында айқын ісінулер. Қанда эритроцит - 6х1012/л., Нв 170 г/л. Лейкоциттер - 5х109/л. ЭТЖ 20 мм/сағ. Жүректің соққылық көлемі азайған. Науқаста қанайналымы жеткіліксіздігінің қандай көріністері бар? Науқаста орналасуы мен патогенезіне қарай жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі дамыды? Баспамен ауырған соң науқас жағдайының нашарлауы неге байланысты? Клиникалық-зертханалық мәліметтерге патофизиологиялық сараптама беріңіз № 7 есеп. Ауыр атлет И., 20 жаста, дәрігерлік тексеруде жүрегі жағынан өзгерістер байқалды. Жүрек қағысы жақсы көрінеді. Мойнында ұйқы артериясының соғысы көрінеді. Жүрек шекаралары солға және төмен кеңейген. Қолқада екінші тонның әлсірегені анықталды. Ұзақ, үрмелі сипаттағы диастолалық шу естіледі. Артериялық қысым 120/50 мм с.б. Басқа ағзалардан өзгерістер байқалмады. Спортшының басқа шағымы жоқ. Ауыр атлетикамен 4 жыл айналысады. Ауру тарихынан балалық шағында құздамамен ауырғаны белгілі болды. Науқаста жүректің қай ақауы дамыған? Жүректің осы ақауындағы гемодинамика өзгерістерінің схемасын жазыңыз Анықталған өзгерістердің патогенезін түсіндіріңіз Ауыр атлетте қанайналымы жеткіліксіздігінің қай сатысы дамыды? Науқаста жүрек жеткіліксіздігінің қай түрі (орналасуы мен ағымына қарай) дамыған? Ф.З.Меерсон бойынша сатысын көрсетіңіз № 3Тақырып. CBL Гульнар жас кезіндегі құздамамен ауырғаннан қалған, жүрегінің біріккен ақауы бар, қаланың белсенді зейнеткерлерінің бірі. Көп жылдар бойы ауруы сыр бермеген, өзін жақсы сезінген. Өткен жылы 55 жаста екендігіне қарамай қалалық марафонға қатысып жүлделі орын алған. Гульнар сауда саттық компаниясында жұмыс істейтін, немересі Жанельмен тұрады. Немересі интернет желісі арқылы Шымбұлақ шаңғы тебу демалыс орнына екі адамға арналған билет сатып алды, оны естіген апасы қуанып бірге баруға келісімін берді. Сенбі күні мини автобуста екеуі қаладан шығып кетті және екі сағат өткен соң тауда шаңғы теуіп жүрді. Кешкісін апасы тамағының жыбырлап тұрғанына шағымданды. Ертесіне таңертең тамағының кезекті қабынуын (ангина) байқады. 3 ші күні заттарын жинап жүрген Гульнар ентігуге, жүрегінің қатты соғуына, жүрек аймағындағы ауыру сезіміне және аяғының ісінуіне шағымданды. Одан бөлек таңертең қан аралас қақырық тастағаны белгілі болды.Олар жедел жақын жердегі ауруханаға жетті. Қабылдау бөлімінің дәрігері науқасты тексергенде: тері қатпары және көзге көрінетін шырышты қабаттары көгеріп тұрғанын байқады. Перкуссияда жүрек шекаралары барлық жаққа ұлғайған. Артериялық қан қысымы 100/70 мм с..б.б. Өкпесінде ылғалды сырылдар естіледі. Бауыры ұлғайған, сипағанда ауырады. Аяқтары қатты ісінген. Қандағы эритроциттер саны 6х1012/л., Hb 170 г/л. Лейкоцит 5х109/л .ЭТЖ 20 мм/сағ. Жүректің систолалық соғу көлемі азайған. Қан биохимиясында: жалпы нәруыз-55г/л, билирубин-19,5мколь/л, мочевина:-8,0 ммоль/л, креатинин-75 мкмоль/л, АЛТ (аланинаминотрансфераза): 70 Е/л, АСТ (аспартатаминотрансфераза): 50Е/л, ЛДГ (лактатдегидрогеназа) 180 Ед/л, КФК (креатинфосфокиназа) 175 Ед/л, тропонин-тест: 0,2 мкг/л., С-рективті белок (СРБ) : 1,1 мг/л, қан сарысуындағы глюкоза: 4,7 ммоль/л, холестерин-5,4 ммоль/л. |