педагогика. Педагогика толық жауабымен (1). Педагогика пні бойынша тест тапсырмалары 1 Нса
Скачать 105.49 Kb.
|
«Педагогика» пәні бойынша тест тапсырмалары 4 Нұсқа 1. Қоршаған табиғи ортаға оң көзқарасты, жауапкершілікті тәрбиелеу: A) Еңбек тәрбиесі міндеті. B) Адамгершілік тәрбиесі міндеті. C) Экологиялық тәрбиесі міндеті. D) Экономикалық тәрбиесі міндеті. E) Азаматтық тәрбиесі міндеті. 2. Ұжымдық шығармашылық істер әдістемесінің авторы: A) Ю.К.Бабанский. B) И.П.Иванов. C) А.С.Макаренко. D) К.Д.Ушинский. E) Т.И.Шамова. 3. Н.Е.Щуркова ұсынған тәрбие жұмыстарының бағыттары: A) Тәрбиелеуші іс-әрекет ұйымдастыру, ұжымда тәрбиелеу. B) Тәрбие мазмұндарымен сәйкес келеді. C) Мектеп тәрбиесі, отбасы тәрбиесі. D) Діни тәрбие. E) Тәрбие принциптеріне сай келеді. 4. Еңбек сүйгіштікті тәрбиелеу, еңбекке деген оң көзқарасты тәрбиелеу, еңбек мәдениетін қалыптастыру, еңбек іскерлігі мен дағдыларын қалыптастыру қандй тәрбиенің міндеті: A) Адамгершілік тәрбиенің міндеті. B) Дене тәрбиесінің міндеті. C) Эстетикалық тәрбиенің міндеті. D) Отбасы тәрбиесінің міндеті. E) Еңбек тәрбиесінің міндеті. 5. Тұлғаның санасын қалыптастыру әдісіне жатпайды: A) Түсіндіру. B) Дәріс. C) Әңгімелесу. D) Педагогикалық талап қою. E) Пікірталас. 6. Отбасы тәрбиесі, діни (конфессионалдық) тәрбие, мектеп тәрбиесі, мектептен тыс тәрбие. Тәрбие түрлері қандай белгіге байланысты топтастырылған: A) Мазмұны бойынша. B) Интуиционалдық белгі бойынша. C) Қарым-қатынас стилі бойынша. D) Оқыту-тәрбие жұмыстарының бағыттары бойынша. E) Тәрбие бағыттары бойынша. 7. Оқытудың мазмұнын, әдістерін, ұйымдастыру формаларын ғылыми нақтылайтын педагогикалық теория: A) Оқыту технологиясы. B) Педагогикалық технология. C) Дидактика. D) Педагогикалық менеджмент. E) Тәрбие теориясы. 8. Дидактиканың зерттеу пәні: A) Оқыту процесі. B) Білім беру мазмұны. C) Сабақ беру және оқудың байланысы, олардың өзара қимылы. D) Оқыту әдістері. E) Тәрбие. 9. Сананы қалыптастыру әдісі: A) Жарыс. B) Мадақтау. C) Жаттығу. D) Педагогикалық талап. E) Үлгі-өнеге. 10. Оқыту мақсаты - оқушыларда интеллектуалдық іскерліктерді, түсініктерді, көріністерді, білімдерді дайын түрде қалыптастыру: A) Дамыта оқыту. B) Дәстүрлі дидактикалық концепция. C) Педоцентрлік концепция. D) Проблемалық оқыту. E) Бағдарламалап оқыту. 11. Сабақ беру басымды роль атқаратын дидактикалық жүйе: A) Педоцентрлік концепция. B) Дәстүрлі дидактикалық концепция. C) Түсіндірмелі-сипаттай оқыту. D) Дамыта оқыту. E) Психологиялық оқыту теориялары. 12. Тиянақты ойластырылған сұрақтар жүйесі арқылы тәрбиеленушілерде әртүрлі проблемалар бойынша дұрыс бағалар, көзқарастар қалыптастыру: A) Түсіндіру. B) Мадақтау. C) Әңгіме-кеңес. D) Үлгі-өнеге. E) Дискуссия. 13. Оқыту процесінің бір жағы сабақ беру, ал екінші жағы – бұл: A) Оқыту. B) Оқу. C) Білім беру. D) Тану. E) Тәрбие. 14. Оқыту процесінің әдіснамалық негіздері: A) Таным теориясы. B) Тарихи материализм. C) Неотомизм. D) Бихевиоризм. E) Экзистенциализм. 15. Оқыту процесінде іске асырылатын функциялар: A) Оқушылардың ой-өрісін кеңейту, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастыыру. B) Оқыту мазмұнын, ұйымдастыру формаларын анықтау. C) Оқушыларға білім беру, оларды тәрбиелеу, дамыту. D) Оқыту әдістерін, құралдарын таңдау. E) Оқыту маақсатын қою, міндеттерін анықтау. 16. Оқыту процесінің қозғаушы күштері: A) Мұғалімнің жігері. B) Оқу тапсырмалары мен оқушылардың білім деңгейі арасындағы қарама-қайшылықтар. C) Білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды игеру қажеттілігін оқушылардың түсінуі. D) Дидактикалық зерттеулер. E) Ғылым мен практиканың байланысы. 17. “Белгіліден белгісізге, жайдан күрделіге” ережелері қандай принципке жатады: А) Ғылымилық. В) Көрнекілік. С) Шамаға лайықтық. D) Теориямен практиканың байланысы. E) Жүйелілік және бірізділік. 18. Оқыту принципі: A) Оқыту материалын таңдау негізінде жататын қағидилар. B) Оқытудың ғылымилығын қамтамасыз етеін қағидалар. C) Оқыту процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар. D) Оқыту процесінің компоненттері арасындағы байланыстар. E) Орындауды қажет ететін ережелер. 19. Қандай оқыту принципі оқыту мазмұны оқушыларды ғылымның даму деңгейіне сәйкес объективті ғылыми фактілер, теориялар және заңдармен таныстыруды талап етеді: A) Ғылымилық. B) Көрнекілік. C) Саналылық және белсенділік. D) Жүйелілік және бірізділік. E) Шамаға лайықтық. 20. Қандай оқыту принципі сезім органдарын оқыту материалдарын қабылдауға және өңдеуге мақсатты қатыстыруды талап етеді: A) Саналылық және белсенділік. B) Ғылымилық. C) Көрнекілік. D) Шамаға лайықтық. E) Жүйелілік және бірізділік. 21. Жүйелілік және бірізділік принципі: A) Оқыту процесін және оның мазмұнын бір тәртіппен құрастыруды талап етеді. B) Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру. C) Оқыту процесінде оқушыларды білімді практикада қолдануға ынталандыру. D) Көрнекіліктерді қолдануды талап ету. E) Оқушының мүмкіндіктерін ескеру. 22. Оқушылар ұжымының перспективтік ұмтылушылықтарын ұйымдастыру: A) Тәрбие шараларын өткізу. B) Ұжым белсенділерімен тәрбие жұмыстарын жүргізу. C) Ұжымның жеке мүшелерімен тәрбие жұмыстарын жүргізу. D) Ұжымның алдына практикалық мақсат қою. E) Тәрбие мазмұнын анықтау. 23. Білімнің есте жақсы сақталуын, олардың оқушы санасының бір бөлігі, жүріс-тұрысының негізі болуын талап ететін принцип: A) Беріктік. B) Жүйелілік және бірізділік. C) Ғылымилық. D) Саналылық және белсенділік. E) Оқыту мен практиканың байланысы. 24. Оқытудың қандай принципі оқушылардың даму ерекшеліктерін, оқу мүмкіндіктерін ескеруді талап етеді: A) Ғылымилық. B) Көрнекілік. C) Шамаға лайықтық. D) Беріктік. E) Саналылық және белсенділік. 25. Қабылдау, пайымдау, қорыту, бекіту, практикада қолдану: A) Педагогикалық процесс кезеңдері. B) Оқыту процесінің компоненттері. C) Іс-әрекет компоненттері. D) Білімді игеру процесінің кезеңдері. E) Сабақ элементтері. «Педагогика» пәні бойынша тест тапсырмалары 5 Нұсқа 1. Оқыту процесінің құрылымдық компонентіне жатпайды: A) Оқыту мақсаты. B) Оқыту нәтижесі. C) Оқыту әдістері. D) Оқыту құралдары. E) Оқыту заңдылықтары. 2. Игеру мақсатымен ақыл-ой немесе практикалық қимылдарды бірнеше рет қайталау: A) Түсіндіру. B) Кітаппен жұмыс. C) Жаттығу. D) Бақылау. E) Лекция. 3. Оқыту процесі барысында оқушылар игеретін ғылыми білімдер, практикалық іскерліктер мен дағдылар, іс-әрекет және ойлау әдістері жүйесі: A) Тәрбие. B) Білім беру мазмұны. C) Оқыту. D) Оқыту тәсілдері. E) Білімі. 4. Білім беру мазмұнын анықтауға әсер ететін фактор: A) Ата-ана қажеттіліктері. B) Оқу құралдарымен жабдықтауы. C) Мектептін мүмкіндіктері. D) Қоғамның экономикалық дамуы. E) Қоғам қажеттіліктері, ғылымның даму деңгейі. 5. Бақылау әдісі: A) Түсіндіру. B) Жазбаша бақылау. C) Жаттығу. D) Дидактикалық ойын. E) Анкета алу. 6. Оқыту пәндерінің тізімін, сағат санын көрсетіп оқу жылдарына бөлетін, аптасына әрбір пәнге тиісті сағат санын анықтайтын құжат – ол: A) Оқыту бағдарламасы. B) Оқыту жоспары. C) Сабақ жоспары. D) Календарлық жоспар. E) Тақырыптық жоспар. 7. Оқыту пәнінің мазмұнын ашатын, тақырыптардың кезектестігін, оларды игеруге бөлінген уақыттарды және оқыту пәнінің мақсаты мен міндеттерін анықтайтын құжат: A) Мемлекеттік стандарт. B) Оқыту бағдарламасы. C) Оқыту жоспары. D) Оқулық. E) Оқу құралы. 8. Белгілі бір тәртіппен және режиммен жүретін мұғалім мен оқушылардың біріккен іс-әрекеттерінің сырт көрінісі: A) Оқыту мазмұны. B) Оқытуды ұйымдастыру формасы. C) Оқыту процесі. D) Тәрбие процесі. E) Оқыту принципі. 9. Дидактика – бұл: A) Тұлға дамуының заңдылықтарын зерттейтін ғылым. B) Тұлға қалыптасуының заңдылықтары туралы ғылым. C) Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу және білім беру туралы педагогиканың бөлімі. D) Білім беру теориясын жасайтын жалпы педагогика бөлімі. E) Тәрбиелей оқытуды зерттейтін ғылым. 10. Қабілеттеріне, дайындық дәрежесіне және интеллектуалдық даму деңгейіне байланысты оқушыларды сыныптарға бөлу – ол: A) Маннгейм жүйесі. B) Белл-Ланкастер жүйесі. C) Дальтон-план. D) Трамп жоспары. E) сыныптық-сабақтық жүйесі. 11. Қазіргі заманғы мектептегі оқытуды ұйымдастырудың негізгі формасы: A) Экскурсия. B) Үйірмелер. C) Сабақ. D) Консультация. E) Үйдегі оқу жұмысы. 12. Оқытуды ұйымдастыру формасына жатпайды: A) Сабақ. B) Экскурсия. C) Семинар. D) Факультатив сабақ. E) Бақылау. 13. Сабақта оқушылардың оқу жұмыстарын ұйымдастыру формалары: A) Дербес, топтық және жаппай оқыту. B) Проблемалық оқыту, бағдарламалық оқыту, түсіндірмелі-иллюстративтік оқыту. C) Дербес, топтық және фронтальді. D) Дидактикалық ойындар, конференция-сабақ. E) Жаттығу. 14. Сабақтың негізгі белгілері: A) Оқушылардың тұрақты құрамы, бір пәнге арналуы, арнайы кесте бойынша жүруі. B) Арнайы бөлмеде өтуі, оқу құралдары болуы. C) Сабақтың 45 минут жүруі. D) Мұғалімнің басшылығы, оқудың практикамен байланысы. E) Білім беру, тәрбиелеу, дамыту міндеттерінің шешілуі. 15. Нәтижесінде білім, іскерлік, дағды, іс-әрекет және жүріс-тұрыс (мінез-құлық) тәжірибесі, тұлға қасиеттері қалыптасатын педагог пен оқушылардың белсенді, мақсатты бағытталған өзара қимылдау процесі: A) Оқыту. B) Тәрбие. C) Білім беру. D) Тану. E) Сабақ беру. 16. Сабақ түрін анықтаудың кең тараған жолы: A) Дидактикалық мақсатына байланысты. B) Оқыту мақсатына жетуге кеткен уақытқа байланысты. C) Мұғалім іс-әрекетінің сипаты. D) Оқушы іс-әрекетінің сипаты. E) Оқушылардың оқу жұмыстарын ұйымдастыру сипатына байланысты. 17. Дальтон-план: A) Оқытуды ұйымдастырудың жаппай формасы. B) Оқытуды ұйымдастырудың жекеленген формасы. C) Оқытуды ұйымдастырудың жеке-топтық формасы. D) Оқытуды ұйымдастырудың жеке формасы. E) Оқу әдісі. 18. Аралас сабақ-бұл: A) Тек жаңа білімдер қалыптастырылады. B) Тек жаңа іскерліктер қалыптастырылады. C) Тек жаңа дағдылар қалыптастырылады. D) Оқу материалдары бекітіледі. E) Бірнеше дидактикалық міндеттер шешіледі. 19. Сабақта оқушылардың бірдей тапсырмаларды жеке-жеке орындаулары -бұл: A) Фронтальді формасы. B) Жеке формасы. C) Топтық формасы. D) Бригадалық формасы. E) Ұжымдық формасы. 20. Білім беру мазмұнын анықтайтын құжаттар: A) Календарлық жоспар, сабақ жоспары. B) Әдістемелік нұсқаудар, оқыту құралдары. C) Оқыту жоспары, оқыту бағдарламасы, оқулықтар. D) “Білім туралы” заң. E) Білі беруді дамыту тұжырымдамаларымен. 21. Оқушылардың өзіндік оқу жұмыстары: A) Педагогтің көмегінсіз орындалатын оқушы іс-әрекеті. B) Оқыту процесіндегі педагогтің тапсырмасымен және оның басшылығымен орындалатын оқушы іс-әрекеті. C) Педагог басшылығымен, бірақ тікелей қатысуынсыз орындалатын оқушы іс-әрекеті. D) Бақылау жұмысымен сәйкес. E) Сабақтан тыс танымдық іс-әрекет. 22. Оқыту әдісі дидактикада қандай сұраққа жауап береді: A) Нені оқыту. B) Қалай оқыту. C) Қашан оқыту. D) Не үшін оқыту. E) Қайда оқыту. 23. Жаттығу, лабораториялық жұмыс, практикалық жұмыс: A) Көрнекілік әдістер. B) Ауызша әдістер. C) Практикалық әдістер. D) Зерттеу әдістері. E) Кітаппен жұмыс. 24. Ауызша, көрнекілік және практикалық әдістері қандай белгіге байланысты жіктелген: А) Білім түпнұсқасы. B) Танымдық іс-әрекет. C) Ынтымақтастық формасы. D) Дидактикалық мақсатқа байланысты. E) Оқушы іс-әрекетіне байланысты. 25. Түсіндірмелі-иллюстративтік, репродуктивтік, проблемалық мазмұндау, ізденіс түрлері, зерттеушілік әдістер деп жіктеудің негізгі белгісі: A) Дидактикалық міндет. B) Оқудағы ынтымақтастық. C) Танымдық іс-әрекет түрі. D) Білім түпнұсқасы. E) Бинарлық жіктеу. «Педагогика» пәні бойынша тест тапсырмалары 6 Нұсқа 1. Мұғалімнің мәселені қоюы және өзінің оны шешудің жолдарын көрсетуі: A) Мәселелік мазмұндау. B) Репродуктивтік. C) Зерттеушілік әдістері. D) Түсіндірмелі-иллюстративтік. E) Ізденіс түрлері. 2. Білім беру мазмұнын анықтау қандай сұраққа жауап береді: А) Қалай оқыту. В) Кімді оқыту. С) Нені оқыту. D) Неге оқыту. Е) Қашан оқыту. 3. Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және іске асыру әдісіне жатпайды: A) Әңгіме. B) Түсіндіру. C) Дискуссия. D) Иллюстрация. E) Демонстрация. 4. Оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру әдісі: A) Демонстрация. B) Зерттеу әдісі. C) Танымдық ойындар. D) Түсіндіру. E) Иллюстрация. 5. Білім беру мазмұнын анықтаудың дидактикалық материализм теориясы бойынша білім беру мақсаты: A) Тұлғаны дамыту. B) Оқушылардың ойлауын дамыту. C) Оқушылардың қиялын дамыту. D) Іс-әрекет әдістерін қалыптастыру. E) Оқушыларға әртүрлі ғылымдардан неғұрлым көп білім беру. 6. Жоғары сыныптарда қолданылатын күрделі, көлемді оқу материалын монологтік баяндау: A) Дәріс. B) Түсіндіру. C) Әңгіме. D) Әңгіме-кеңес. E) Оқу дискуссиясы. 7. Рецензия жазу: A) Оқығанның қысқаша мазмұнын жазу. B) Оқыған әдебиеттегі негізгі ойларды жазу. C) Оқығаннан дәлме-дәл үзінді. D) Оқығанға өз ойын білдіріп қысқа пікір жазу. E) Конспектілеу. 8. Оқу материалын ойластырылған сұрақтар жүйесі арқылы игертуге бағытталған оқытудың диалогтік әдісі: A) Жаттығу. B) Практикалық жұмыс. C) Дидактикалық ойын. D) Әнгіме-кеңес. E) Түсіндіру. 9. Сыныптық-сабақтық жүйесінің теориялық негізін жасаған: A) Я.А.Коменский. B) К.Д.Ушинский. C) Дж. Локк. D) И.Ф.Гербарт. E) А.Дистервег. 10. Сабақ, семинар: A) Ұйымдастыру формалары. B) Педагогикалық жүйе. C) Оқыту әдістері. D) Оқыту құралдары. E) Дидактиаклық жүйе. 11. Ұйымдастыру кезеңі, өткен бөлімдер бойынша тапсырмалар жүйесін орындау, қортынды жасау: A) Аралас сабақ. B) Білімді және іскерлікті бекіту сабағы. C) Жаңа білім қалыптастыру сабағы. D) Жүйелеу және қорыту. E) Жаңа іскерлікті қалыптастыру сабағы. 12. Оқыту әдісі: A) Оқушылардың танымдық іс-әрекетіне басшылық жасау амалдары. B) Оқушыларда іскерлік және дағды қалыптастыру үшін мұғалім қолданатын тәсілдер жиынтығы. C) Білім және дағды қалыптастыру мақсатымен нақты қимылдарды көп рет қайталау. D) Оқушылардың білім, іскерлік, дағдыны игеру, олардың дүниетанымын қалыптастыру және қабылеттерін дамыту жолдары. E) Оқушыларға білім, іскерлік, дағдыны игерту, олардың танымдық қабілеттерін және тұлғалық қасиеттерін дамытуға бағытталған педагог және оқушылардың өзара байланысқан іс-әрекеттері. 13. Түсіндіру: A) Оқыту материалын мұғалімнің мәнерлі, әсерлі баяндауы. B) Оқушыларды жаңа білімді игеруге ынталандыру. C) Теориялық мәнін ашу, фактілерді, құбылыстарды бірізді, дәлелді баяндау. D) Ғылыми фактілерді баяндау. E) Оқу материалын индуктивті баяндау әдісі. 14. Мұғалімнің іс-әрекеті - сабақ беру басымды роль атқаратын дидактикалық жүйе: A) Дәстүрлі. B) Педоцентрлік. C) Қазіргі заманғы. D) Авторитарлық. E) Демократиялық. 15. Бір-бірімен байланысты, бір-бірімен шартталған сабақ элементтерінің жиынтығы: A) Оқыту әдістері. B) Оқыту тәсілдері. C) Сабақ құрылымы. D) Сабақта қолданылатын оқыту құралдары. E) Дидактикалық міндеттер. 16. Тану, тәжірибе және жаттығулар негізінде мінез-құлықтың және іс-әрекеттің жаңа формалары пайда болу немесе ескілердің өзгеру процесі: A) Сабақ беру. B) Оқу. C) Оқыту. D) Білім беру. E) Өзіндік білім алу. 17. Ғылыми фактілерді, түсініктерді, заңдарды, заңдылықтарды түсінуі, есте сақтауы және қайтадан айту: A) Іскерлік. B) Білім. C) Дағды. D) Тәжірбие. E) Білім беру. 18. Игерілген білімдер негізінде практикалық және теориялық іс-әрекетті орындауға дайындығы: A) Білім. B) Іскерлік. C) Дағды. D) Тәжірбие. E) Білім беру. 19. Материалдық және идеалдық деп жіктелетіндер: A) Оқыту принциптері. B) Оқыту әдістері. C) Оқытуды үйымдастыру формалары. D) Оқыту құралдары. E) Тәрбие әдістері. 20. Бағдарламалап оқыту мақсаты: A) Тәрбие мақсаттарын шешу. B) Оқушылардың оқу жетістіктерін анықтау. C) Оқыту процесін басқаруды жетілдіру. D) Автоматтандырылған қарама-қарсы байланыстарды қамтамасыз ету. E) Оқушылардың оқу мүмкіндіктері туралы ақпарат алу. 21. Білім беру міндеттерін шешуге бағытталған мұғалім мен оқушылардың біріккен іс- әрекеттері: A) Оқыту әдісі. B) Оқыту құралы. C) Оқыту тәсілі. D) Оқыту түрі. E) Оқытуды ұйымдастыру формасы. 22. Oқытудың екі жақтылық сипаты: A) Отбасы мен мектептің ынтымақтастығы. B) Оқушы мен сыныптың біріге қимылдауы. C) Сабақ беру мен оқытудың бірлігі. D) Өзіндік білім алу мен оқытудың бірлігі. E) Білім беру мен тәрбиенің бірлігі. 23. “Ұлы дидактика” еңбегінің авторы: A) Л.Н.Толстой. B) К.Д.Ушинский. C) А.С.Макаренко. D) Я.А.Коменский. E) К.Гельвеции. 24. Дидактикалық принципке жатпайды: A) Ғылымилық. B) Теорияның өмірмен, практикамен байланысы. C) Жүйелілік және бірізділік. D) Үздіксіздік. E) Белсенділік және сапалылық. 25. Білім көзі ауызша немесе баспа сөзі болатын оқыту әдістері: A) Ауызша әдістер. B) Көрнекілік әдістер. C) Иллюстрация. D) Практикалық әдістер. E) Демонстрация. «Педагогика» пәні бойынша тест тапсырмалары 7 Нұсқа 1. Cабақ құрылымы тәуелді: A) Сабақ түрінен. B) Оқыту әдістерінен. C) Оқыту құралдарынан. D) Дидактикалық принциптерден. E) Білім беру мазмұнынан. 2. Оқушылар біліміндегі олқылықтарды анықтау, оқыту процесіне түзету енгізу, әрі қарай оқытуды жоспарлау, үлгермеушілікті жоюға бағытталған ұсыныстар: A) Оқытудағы диагностика. B) Білімді бекіту жетілдіру міндеттері. C) Іскерлік және дағдыларды қалыптастыру міндеттері. D) Білімді қорыту міндеттері. E) Білімді жүйелеу. 3. Білім беру мекемесінің іс-әрекетін, құрылымын анықтайтын ережелер жиынтығы: A) Устав. B) Білім беру туралы заң. C) Конституция. D) Білім беру туралы концепциялар. E) Оқыту жоспары. 4. Проблемалық оқыту мәні: A) Оқушылардың танымдық мүмкіншіліктерін зерттеу. B) Оқушылардың танымдық іс-әрекеттерін басқару. C) Оқушылар алдына проблемалар қою. D) Оқушылардың өзіндік ізденіс іс-әрекеттерін ұйымдастыру. E) Оқытуда қарама-қарсы байланыстарды қамтамасыз ету. 5. Ағымдық бақылау, аралық бақылау, қорытынды бақылау: A) Бақылау түрлері. B) Бақылау формалары. C) Бақылау міндеттері. D) Бақылау әдістері. E) Бақылау құралдары. 6. Мектеп кеңесі: A) Коллегиалдық басқару органы. B) Жоғарғы басқару субъектісі тағайындайтын орган. C) Мүшелерін директор тағайындайтын жеке басқару органы. D) Ата-аналарды қоғамдық органы. E) Оқушылардың қоғамдық органы. 7. Оқыту процесінің нәтижелілігін дидактикалық процесті оқыту жағдайымен бірлікте анықтау: A) Бақылау. B) Жүйелеу. C) Оқыту. D) Диагностика. E) Тәрбиелеу. 8. Бағалау – бұл: А) Тексеру процесі. B) Тексеру нәтижесі. C) Бақылау әдісі. D) Бақылау құрылымы. E) Қарама-қарсы байланыс. 9. Бақылаудың дидактикалық процестің барлық кезеңінде жүруін талап ететін принцип: A) Объективтілік. B) Жүйелілік. C) Көрнекілік. D) Ғылымилық. E) Саналылық. 10. Мектептің әдістемелік жұмысын ұйымдастыру формасы: A) Ата-аналар комитеті. B) Педагогикалық кенес. C) Мектеп кенесі. D) Оқушылар комитеті. E) Әдістемелік күн. 11. Диктант-бұл: A) Бақылау әдісі. B) Тексеру процесі. C) Диагностика. D) Сабақ элементі. E) Оқу әдісі. 12. Бір мезгілде бір оқушының ауызша жауап беруі, 2-3 оқушының тақтада жұмыс істеп сұрауға дайындалулары, қалғандарының өз орындарында жеке тапсырмаларды орындауы: A) Комбинацияланған (нығыздалған). B) Дараланған. C) Топтық. D) Жекеленген. E) Фронтальді. 13. Проблемалық жағдай: A) Оқушылардың білім деңгейінің төмендігі. B) Оқыту процесінде туған қиындық. C) Қойылған оқу-танымдық міндетті өзіндік шешуге оқушылардың игерген білімдерінің жеткіліксіздігі. D) Мұғалім іс-әрекеті мен оқушылар іс-әрекеттері арасындағы сәйкессіздік. E) Мұғалім білімінің төмендігі. 14. Оқу-тәрбие процесін жетілдіру мәселелерімен айналысатын тұрақты жұмыс істейтін орган: A) Мектеп кеңесі. B) Педагогикалық кеңес. C) Ата-аналар комитеті. D) Әдістемелік кеңес. E) Жас мұғалім мектебі. 15. Дидактикалық тест: A) Оқу материалдарын игеру деңгейін анықтайтын стандарттандырылған тапсырмалар жиынтығы. B) Оқыту материалы бойынша сұрақтар жиынтығы. C) Іскерліктер мен дағдылардың қалыптасу деңгейін анықтайтын жазбаша жұмыстар. D) Білімді бақылау процесі. E) Ауызша сынақ тапсыру. 16. Валидтілік, мықтылық, объективтілік. A) Тест түрлері. B) Тестіге қойылатын талаптар. C) Тест құрылымы. D) Тест формалары. E) Тест нәтижелерін өңдеуге қойылатын талаптар. 17. Пәндік әдістемелік бірлестік: A) Бір мектептегі кез келген пән мұғалімдерінен құралады. B) Бір немесе бірнеше мектептің бір пән мұғалімдерінен құралады. C) Мектептің тәжірибелі мұғалімдерінен тұрады. D) Ата-аналармен мектеп ұжымы өкілдерінен құралады. E) Мектеп басшыларынан құралады. 18. Тестінің мықтылығы тәуелді: A) Тапсырмалар қиындылығынан. B) Тапсырмалардың әртүрлілігінен. C) Тапсырмалар санынан. D) Сұрақтың ұзындығынан. E) Жауаптардың ұзындығынан. 19. Түсініктерді, фактілерді, теорияларды, заңдылықтарды игеру: A) Білім қалыптасуының көрсеткіштері. B) Іскерлік қалыптасуының көрсеткіштері. C) Дағды қалыптасуының көрсеткіштері. D) Тұлғалық қасиеттер қалыптасуының көрсеткіштері. E) Тәрбиелілік көрсеткіші. 20. Педагогикалық кеңестің жұмысы жоспарланады: A) Мектеп жұмысының жылдық жоспарында. B) Календарлық жоспарда. C) Мектеп директорының жеке жоспарында. D) Мектептің тәрбие жоспарында. E) Мектеп директоры орныбасарының жеке жоспарында. 21. Үй тапсырмасының қажеттілігі себебі: A) Игерілген білімді, іскерлікті, дағдыларды сабақта толық бекіту мүмкін еместігі. B) Оқушылардың өзіндік жұмыстары үшін бағалар жинау мүмкіндігі. C) Оқушылардың сабақтан бос уақыттарының болуы. D) Оқушылардың дайындық деңгейлерінің әртүрлілігі. E) Теория мен практиканы біріктіру талабы. 22. Оқыту процесінің компоненті: A) Оқыту бағдарламасы. B) Оқыту мазмұны. C) Сабақ. D) Оқыту жоспары. E) Мұғалім іс-әрекеті. E) Ынталандыру. 23. Педагогикалық ұжымның, жеке мұғалімнің іс-әрекетіндегі барлық бағыттарын тексеру: A) Қорытынды бақылау. B) Ағымдық бақылау. C) Аралық бақылау. D) Тақырыптық бақылау. E) Фронтальді бақылау. 24. Қандай бақылау принципі оқыту нәтижесін анықтау мұғалім тұлғасынан тәуелсіз болуын талап етеді: A) Объективтілік. B) Жүйелілік. C) Көрнекілік. D) Саналалық. E) Беріктік. 25. Әр сабақта оқушылардың оқу материалдарын игеруін жүйелі түрде бақылау: A) Ағымдық бақылау. B) Тақырыптық бақылау. C) Аралық бақылау. D) Қорытынды бақылау. E) Оқыту әдісі. «Педагогика» пәні бойынша тест тапсырмалары 8 Нұсқа 1. Әр түрлі деңгейдегі басқару субъектілерінің оның барлық звеноларымен (министрліктен оқыту-тәрбие мекемелеріне дейін) жүйелі, жоспарлы және мақсатты бағытталған өз-ара іс-әрекеттері: A) Білім беруді жобалау. B) Білім беруді дианостикалау. C) Білім беруді басқару. D) Білім беруді жоспарлау. E) Басқару деғгейлері. 2. Анықталған мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, басқарғанда сақталатын негізгі ережелер, оған қойылатын талаптар: A) Басқару заңдылықтары. B) Басқару принциптері. C) Басқару жағдайы. D) Басқару кезеңдері. E) Басқару әдістері. 3. Бағдарламалап оқыту мақсаты: A) Тәрбиелік міндеттерді шешу. B) Қатаң бақылау. C) Оқытуды басқару, оқушылардың өзіндік жұмыс істеу деңгейін арттыру, оқытуды жекелендіру. D) Автоматтандырылған қарама-қарсы байланыстары бар жаттығулар. E) Оқушылардың оқу мүмкіндіктері туралы ақпарат алу. 4. Демократияландыру және гуманизацияландыру, жүйелілігі және тұтастық, коллегиялық басқарудағы жекелік: A) Басқару заңдылықтары. B) Басқару әдістері. C) Басқару құралдары. D) Басқару принциптері. E) Басқару тәсілдері. 5. Мектептегі басқару жүйесінің деңгейлері: A) Оқыту жоспары, оқыту бағдарламалары, сбақ жоспары. B) Мектеп директоры, мектеп директорының орынбасары, мұғалімдер, оқушылар. C) Бастауыш сыныптар, орта сыныптар, жоғары сыныптар. D) Ата-налар, мектеп ұжымы, оқушылар ұжымы. E) Мұғалімдер, көмекші персоналдар. 6. Бақылау формалары: A) Ауызша бақылау, жазбаша бақылау. B) Практикалық жұмыстар, машиналы бақылау. C) Жеке, топтап және фронтальды. D) Ағымдық, аралық және қорытынды. E) Тест. 7. Басқарудағы авторитаризмді, субъективтілікті жоюға бағытталған басқару принципі: A) Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың үйлесімдігі. B) Коллегиалдық және жеке басқару бірлігі. C) Басқарудағы ақпараттың объективтілігі мен толықтығы. D) Басқаруды демократияляандыру. E) Жүйелілік және тұтастық. 8. Басшылардың, мұғалімдердің, оқушылардың және ата-аналардың инициативасын және өзіндік іс-әрекеттерін дамытуға бағытталған басқару принципі: A) Басқарудағы ақпараттың объективтілігі мен толықтығы. B) Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың үйлесімдігі. C) Жүйелілік және тұтастық. D) Басқаруды демократияляандыру. E) Коллегиалдық және жеке басқару бірлігі. 9. Мұғалімдерді жұмысқа алу, оларды жұмыстан босату кімнің міндеті: A) Білім беру жергілікті басқармасының міндеті. B) Мектеп диреторының оқу ісі жөніндегі орынбасарының міндеті. C) Мектеп диреторының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарының міндеті. D) Мектеп кеңесінің міндеті. E) Мектеп директорының міндеті. 10. Ауызша тексеру, жазбаша тексеру, практикалық жұмыстар: A) Бақылау түрлері. B) Бақылау әдістері. C) Тексеру құралдары. D) Диагностика. E) Оқыту кезеңдері. 11. Мұғалімдердің әдістемелік деңгейін көтеру: A) Педагогикалық кеңестің функциясы. B) Мектеп кеңесінің функциясы. C) Әдістемелік кеңестің функциясы. D) Ата-аналар комитетінің функциясы. E) Оқушылар комитетінің функциясы. 12. Мектеп директорының орынбасарын тағайындайды: A) Мектеп кеңесі. B) Ата-аналар комитеті. C) Мектеп директоры. D) Оқушылар ұжымы. E) Педагогикалық кеңес. 13. Мектеп жоспарының түрлері: A) Оқыту жоспары, тәрбие жоспары. B) Сабақ жоспары, тәрбие іс-шаралары жоспары. C) Ағымдық, аралық, қорытынды. D) Перспективті, жылдық, ағымдық. E) Ата-аналармен жұмыс жоспары. 14. Проблеманы қою: A) Не белгілі, не белгісіз және нені шешу керектігін анықтау. B) Сұрақты анықтау. C) Қиындық себебін анықтау. D) Проблеманы шешу жолдарын көрсету. E) Болжам жасау. 15. Мектептің жылдық жоспарын бекітеді, мектеп жұмысының қорытындысын шығарады: A) Педагогикалық кеңес. B) Әдістемелік кеңес. C) Ата-аналар комитеті. D) Мектеп кеңесі. E) Оқушылар ұжымы. 16. Педагогикалық кеңестің төрағасы: A) Мектеп диреторының оқу ісі жөніндегі орынбасары. B) Мектеп диреторының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары. C) Мектеп директоры. D) Ата-аналар көмитетінің төрағасы. E) Ең беделді педагог. 17. Тестінің валидтілігі: А) Бағдарламаға сәйкестігі. B) Оқушылардың дайындық деңгейіне сәйкестігі. C) Сұрақтардың оқушыларға түсініктілі, анықтығы. D) Жобаланған біліміділік деңгейін анықтауға сәйкестігі. E) Білім беру мақсаты мен міндеттеріне сәйкестігі. 18. Мектепте әдістемелік жұмысты ұйымдастыру формасына жатпайды: A) Әдістемелік кеңес. B) Пәндік-әдістемелік бірлестік. C) Проблемалық семинар. D) Әдістемелік күн. E) Мектеп кеңесі. 19 Педагогикалық талдау мәні: A) Мектеп басшылығы мен мұғалімдер арасындағы қарама-қарсы. B) Педагог жұмысындағы кемшіліктерді табу. C) Педагогикалық процестің даму тенденциялары мен жағдайын анықтау, оны басқару туралы ұсыныстар жасау. D) Оқушылардың үлгерімін көтеру. E) Оқушылар іс-әрекеттерін басқаруды жетілдіру. 20. Стрестік жағдайлар туғызу, кездейсоқтық элементі болуы: A) Ауызша емтиханға тән. B) Тест түріндегі емтиханға тән. C) Диктант. D) Жазбаша бақылау жұмысы. E) Шығарма жазуға тән. 21. Мұғалімдердің теориялық және практикалық дайындықтарының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған әдістемелік жұмыс формасы: A) Әдістемелік кеңес. B) Әдістемелік күн. C) Пәндік-әдістемелік бірлестік. D) Проблемалық семинар және практикум. E) Жас мұғалім мектебі. 22. Педагогикалық ұжымның, жеке мұғалімнің іс-әрекетіндегі нақты бір бағытты тексеру: A) Фронтальді бақылау. B) Ағымдық бақылау. C) Аралық бақылау. D) Тақырыптық бақылау. E) Қорытынды бақылау. 23. Оқыту процесіндегі бақылау функциясы: A) Реттеушілік. B) Жүйеқұраушы. C) Қалыптастырушы. D) Жетекшілік. E) Дамытушы. 24. Мектеп құжаттарын тексеру, бақылау, ауызша және жазбаша бақылау жұмыстары, анкета алу, озық педагогикалық тәжірибені зерттеу: A) Мектепішілік бақылау құралдары. B) Мектепішілік бақылау формалары. C) Мектепішілік бақылау түрлері. D) Мектепішілік бақылау әдістері. E) Басқару әдістері. 25. Педагогикалық талдау объектісі: A) Мұғалім, оқушы тұлғалары. B) Мектептің ата-аналармен жұмысы. C) Мектеп құжаттары. D) Сабақ, тәрбие шаралары. E) Мұғалім, оқушы іс-әрекеттері. |