НСИП. СН РК 4.01.-05-2002. Plastic pipes water supply and sewerage networks design and installation instruction
Скачать 3.13 Mb.
|
4 ӘЗIРЛЕНГЕН «KAZGOR» Жобалау академиясымен мемлекеттік тілге аударылуына байланысты қайта басуға.5 ҰСЫНЫЛҒАН Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің (ҚР ИСМ) Құрылыс істері жөніндегі комитетінің Құрылыстағы техникалық нормалау және жаңа технологиялар басқармасымен. 6 ҚАБЫЛДАНҒАН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГIЗIЛГЕН МЕРЗIМI ҚР ИСМ Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 2004 жылдың 26 мамырындағы № 251 бұйрығымен 2004 жылдың 1 қыркүйегінен бастап. 7 Осы ҚР ҚН Қазақстан Республикасы аумағында ҚР ИСМ Құрылыс істері жөніндегі комитетінің 20.01.2003 ж ж №21 бұйрығымен 01.04.2003 жылдан бастап қолданысқа енгiзiлген «Пластмасса құбырлардан жасалған сумен жабдықтау және канализация тораптарын жобалау және жинақтау жөніндегі нұсқау» ҚР ҚН 4.01-05-2002-нің теңтүпнұсқалық мәтiні және мемлекеттік тілдегі аудармасы болып табылады. 8 ОРНЫНА: ҚН 478-80 Мазмұны 1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР 3 АНЫҚТАМАЛАР 4 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 5 ІШКІ ҚҰБЫРЛАР ТОРАПТАРЫН ЖОБАЛАУ 5.1 Жалпы талаптар 5.2 Құбырларды қосу түрлері мен тәсілдері 5.3 Құбырларды төсеу 5.4 Құбырлардың гидравликалық есебі 5.5 Тіреулер мен бекіткіштер 5.6 Құбырлардың температуралық ұзаруын теңгерту 5.7 Құбырлардың жылуоқшаулауы 6 ІШКІ КАНАЛИЗАЦИЯНЫ ЖӘНЕ СУАҒАРЛАРДЫ ЖОБАЛАУ 6.1 Жалпы талаптар 6.2 Құбырлар өлшемдері 6.3 Құбырларды қосу түрлері мен тәсілдері 6.4 Құбырларды төсеу 6.6 Тіректер мен бекіткіштер 7 СЫРТҚЫ ҚҰБЫРЛАРДЫ ЖОБАЛАУ 7.1 Жалпы талаптар 7.2 Құбырлады жіктеу 7.3 Құбырларды қосу түрлері мен тәсілдері 7.4 Құбырларды төсеу 7.5 Құбырлардың беріктігін есептеу 7.6 Құбырлардың гидравликалық есебі 7.7 Құбырлардың температуралық ұзаруын теңгеру 8 СЫРТҚЫ КАНАЛИЗАЦИЯ, СУАҒАРЛАРДЫ ЖӘНЕ ДРЕНАЖДАРДЫ ЖОБАЛАУ 8.1 Жалпы талаптар 8.2 Құбырларды жіктеу 8.3 Құбырларды қосу түрлері мен тәсілдері 8.4 Құбырларды төсеу 8.5 Құбырлар беріктігін есептеу 8.6 Құбырлардың гидравликалық есебі 8.7 Құбырлардың температуралық ұзаруын теңгеру 8.8 Канализация жүйелерінің құдықтары 9 ҚҰБЫРЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ 9.1 Жалпы нұсқаулар 9.2 Құбырлар мен жалғаулық бөлшектер сапасының кіріс бақылауы 9.3 Құрастыру сапасын және пісіру ережелерін операциялық бақылау 9.4 Пісірме қосуларының сапасын көзбен бақылау және олардың геометриялық параметрлерін бақылау 9.5 Полимер метериалдарынан жасалған құбырларды пісіру және желімдеу 9.6 Құбырларды металл жалғаулық бөлшектермен қосу 9,7 Пісірме үлгілі бөлшектерді дайындау 9.8 Құбырдың ішкі тармақтарын жинақтау 9.9 Ішкі канализация және суағарларды құрастыру 9.10 Сумен жабдықтау және канализация жерасты тораптарын жинақтау 10 ҚҰБЫРЛАРДЫ СЫНАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУҒА ТАПСЫРУ 11 ПОЛИМЕР МАТЕРИАЛДАРЫНАН ЖАСАЛҒАН ҚҰБЫРЛАРДЫ ЖИНАҚТАҒАНДА ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫ 12 ПОЛИМЕР МАТЕРИАЛДАРЫНАН ЖАСАЛҒАН ҚҰБЫРЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ЖӘНЕ САҚТАУ 1-қосымша (анықтама) - ҚҰБЫРЛАР МЕН ЖАЛҒАУЛЫҚ БӨЛШЕКТЕР ӨНДІРГЕНДЕ ҚОЛДАНАТЫН КЕЙБІР ПОЛИМЕР МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ФИЗИКА-МЕХАНИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ 2-қосымша (анықтама) - ПОЛИМЕР МАТЕРИАЛДАРЫНАН ЖАСАЛҒАН ҚҰБЫРЛАР ЖІКТЕУІ 3-қосымша (анықтама) - ӘР ТҮРЛІ ЗАТТАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ҮШІН ҚҰБЫРЛАРДЫ ТАҢДАУҒА АРНАЛҒАН ҰСЫНЫСТАР 4-қосымша (анықтама) - ҚҰБЫРЛАРДАҒЫ АРЫН ЖОҒАЛТУЫН АНЫҚТАЙТЫН НОМОГРАММАЛАР 5-қосымша (анықтама) - ПОЛИМЕР МАТЕРИАЛДАРЫНАН ЖАСАЛҒАН КАНАЛИЗАЦИЯЛЫҚ ҚҰБЫРДЫҢ ДИАМЕТРІН АНЫҚТАЙТЫН НОМОГРАММА 6-қосымша (анықтама) - ПОЛИМЕР МАТЕРИАЛДАРЫНАН ЖАСАЛҒАН ҚҰБЫРЛАРДЫ ЖЕРАСТЫНДА ТӨСЕУДЕГІ БЕРІКТІК ЕСЕБІНІҢ ӘДІСТЕМЕСІ (ЖАЛПЫ ПРИНЦИПТЕРІ 7 қосымша (анықтама) МСТ 18599 БОЙЫНША ПОЛИЭТИЛЕННЕН ЖАСАЛҒАН ҚЫСЫМДЫ ҚҰБЫРЛАРДЫҢ ТҮРЖИЫНЫ 8-қосымша (анықтама) - МСТ 22689.1 бойынша ішкі канализациялық жүйелер үшін құбырлар мен үлгілі бөлшектердің түржиыны 9-қосымша (анықтама) - ТШ 75 00 ҚР 38584618 - ЖШС - 01 – 2002 («ПЕНСА-АЛМАТЫ» ЖШС-і) полипропиленнен жасалған қысымды құбырлардың геометриялық өлшемдері 10-қосымша (анықтама) - ТШ 75 00 ҚР 38584618 - ЖШС - 02 – 2002 («ПЕНСА-АЛМАТЫ» ЖШС-і) поливинилхлоридтан жасалған канализациялық құбырлардың геометриялық өлшемдері 1 1-қосымша (анықтама) - ПЭ 80, ПЭ100 (Шеврон Мұнайгаз Инк.) жасалған полиэтилен құбырлардың параметрлері 12-қосымша (анықтама) - Сумен жабдықтауға арналған полиэтилен құбырлары («СПИРА - БЕРГА»ЖШС-і 13-қосымша (анықтама) - («СПИРА - БЕРГА» ЖШС-і) құбырларының жалғаулық бөлшектері 14-қосымша (анықтама) - ПОЛИМЕР МАТЕРИАЛДАРЫНАН ЖАСАЛҒАН ҚҰБЫРЛАР (ЖАЛҒАУЛЫҚ БӨЛШЕКТЕР) ПАРТИЯСЫНЫҢ КІРІС БАҚЫЛАУЫН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ АКТ 1 ҚОЛДАНУ САЛАСЫ 1.1 Осы нұсқаудың талаптары полимер материалдарынан жасалған сумен жабдықтау және канализациялар құбырларының ішкі және сыртқы тораптарының салынып және қайта қалпына келтірілген жүйелерін жобалауға және жинақтауға қолданылады. 1.2 Осы нұсқау ішкі өртке қарсы сақтық су құбырын жобалауға; құбырлар үшін рұқсат етілген аралық шегінен кететін тампературасы бар ортада, материалы химиялық төзімді емес ортада төселген құбырларға; температурасы рұқсат етілген аралық шегінен шығып кететін материалы химиялық төзімді емес түрпілі фракциялар, заттар тасымалдайтын құбырларға қолданылмайды. 2 НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР Осы нұсқауда келесі нормативтік құжаттарға сілтемелер пайдаланылған: ҚНжЕ 2.04.01-85* - Ғимараттардың су өткізуі және канализациясы. ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001 - Сумен жабдықтау. Сыртқы тораптар мен ғимараттар. ҚНжЕ 2.04.03-85 - Канализация. Сыртқы тораптар мен имараттар. ҚНжЕ 2.04.14-88* - Жабдықтар мен құбырларды жылудан оқшаулау. ҚР ҚНжЕ 3.01-01-2002* - Қала құрылысы. Қалалық және селолық елді мекендерді жоспарлау және салу. ҚНжЕ 3.05.01-85*- Ішкі санитарлық-техникалық жүйелер. ҚНжЕ 3.05.04-85* - Сумен жабдықтау және канализацияның сыртқы тораптары мен имараттары. ҚР ҚНжЕ 1.03-06-2002 - Имараттар және ғимараттар, кәсіпорындар құрылысын ұйымдастыру. ҚР ҚНжЕ 1.03-05-2001-Құрылыста еңбек қорғау және қауіпсіздік техникасы. ҚР ҚНжЕ А. 2.2-1-2001 - Кәсіпорындар, имараттар мен ғимараттар құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалар құрамы және жасау, келісу, бекіту туралы нұсқау. МСТ 2430-62**- Өлшеу аспаптары. Қаріптер мен белгілер. МСТ 8032-84 - Артық көрінетін сандар және артық көрінетін сандар қатары. Сүзетін өнеркәсіптік газтұмылдырық МСТ 12.4.121-83* - Техникалық шарттар. МСТ 18599-2001 - Полиэтиленнен жасалған қысымды құбырлар. Техникалық шарттар. МСТ 22689.1-89 - МСТ 22689.2-89 - Полиэтиленді канализация құбырлары және оларға үлгілі бөлшектер. ТШ 7500 ҚР 38584618 - ЖШС-02-2002. Полипропиленнен жасалған айналмалы қиылысатын қысымды құбырлар. Техникалық шарттар. ТШ 7500 ҚР 38584618- ЖШС-02-2002. Поливинилхлоридтан жасалған канализациялық құбырлары.Техникалық шарттар. 3 АНЫҚТАМАЛАР Осы нұсқауда тиісті анықтамаларымен келесі терминдер қолданылады: 3.1 Полимер материалдары (полимерлер): Химиялық байланыстармен қосылған макромолекулалардан тұратын жоғары молекулалық қоспалар. Полимерлер иілімділік массаның (пластмассаның) негізін құрайды. 3.2 Пластмассалар: Қысым астында қыздырғанда берілген пішінді алуға және оны салқындатқан соң сақтауға қабілетті полимерлер негізіндегі материал. Құрамында толтырылғыштар, пластификаторлар, тұрақтандырғыштар, пигменттер және басқа да компоненттер болуы мүмкін. Полимерден бұйым жасағанда туатын айналудың түріне байланысты ол мыналарға бөлінеді: термопластар (полиэтилен, полипропилен, поливинилхлорид және т. б.) мен реактопластар (фенопластар, фаопит, текстолит және эпоскид шайыры, полиэфир шайыры негізіндегі композициялар және т.б.). Пластмассалар, полимер (алюминопластар, этролдар), толтырғыш (шыны иілімдер, көмір иілімдер) типі бойынша және пайдалану сипаттамалары (антифрикционды, атмосфера, термо, отқа төзімді және т.б.). Пластмассалардың ең құнды қасиеттері - салмағының жеңілдігі, тығыздығының аздығы, жоғары электр-жылу айырушы сипаты, агрессивті орталардағы төзімділігі, жүктеудің әр түрлерінде - жоғары механикалық беріктігі. 3.3 Термопластар: Полимерлер негізгі қасиеттерін сақтай отырып қыздырғанда жұмсарып, ал суытқанда қатаятын қайтымды қабілетті болады. Термопластарды өңдеудің негізгі әдістері - қысым астында құю, экструзия вакуум және пневмоқалыптау. Құбырлар және оның бөлшетерін дайындау үшін әр түрлі физика-механикалық қасиеттері бар термопластар қолданылады. Полимер материалдарында қажетті қасиеттерін қамтамасыз ету үшін оларға әр түрлі қосымшалар енгізеді - пластификаторлар (технологиялық және пайдалану қасиеттерін жақсарту үшін), тұрақтандырғыштар (жарық, температура және басқа факторлар әсер еткенде полимерлердің төзімділігін және ұзақ өмірлігін көтеру үшін), толтырғыштар (олардың беріктігін көбейту және диэлектр қасиеттерін жақсарту үшін), бояғыштар, антистатиктар және басқа да заттар. 3.4 Реактопластар: Полимерлер қатып қалған қалпынан қыздырған кезде иілімді күйіне келмейді. Жоғары температурада қыздырғанда олар бұзылып, жана бастайды. Реактопластарды өңдеудің негізгі әдістері – тығыздау және қысым астында құю. 3.5 Полиэтилен: Этилен полимеризациясының қатты өнімі - [-CH2-CH2-]n. Ол өлшемі 3-5 мм түйіршік түрінде немесе ақ ұнтақ түрінде шығарылады. Тығыздығы 913-978кг/м3; 102-1370С балқиды. Созылған жағдайда иілгіштігімен қатар жоғары беріктікке ие; сілтілер ерітінділеріне, тұз, еріткіш және органикалық қышқылдарға төзімді; хлор және фторға төзімсіз; 800С жоғары көмірсутектерде, оның ішінде хлорланғандарында ериді. Радиоактивтік сәулелену әсеріне төзімді; физиологиялық зиянсыз. 3.6 Поливинилхлорид: Винилхлорид полимеризациясының қатты өнімі - [-CH2-CH2-]n. Тығыздығы 1350-1430 кг/м3; 110 0С жоғары HCl бөліп ыдырайды. Дихлорэтанда, нитробензолда, тетрагидрофуранда, циклогексанонда ериді; ылғалға, қышқылдарға, сілтілер мен тұздар, спирт, бензин, майлайтын майлар ерітінділеріне төзімді. Поливинилхлоридқа 10% дейін пластификатор енгізгенде тоттануға тұрақты құбырлар өндірісінде пайдаланатын механикалық қасиеттерінің көрсеткіші жоғары (винипласт) қатты материал алынады. Поливинилхлоридтің кемшілігі - температураны көтергенде беріктігінің күрт төмендеуі, сондай-ақ, ұзақ күш түскенде сырғымалылығы. 3.7 Полипропилен: Пропилен полимеризациясының қатты өнімі - [-CH(CH3) CH2-]n. Тығыздығы 905-920 кг/м3; 160-1760С балқиды. Органикалық ерітінділерде ерімейді, қайнап жатқан су және сілтілер ерітінділерінің әсеріне төзімді, бейорганикалық қышқылдарда бұзылады. Полипропиленге: жоғары соққы беріктік; қайта-қайта иіліске және майдалануға төзімділік, төмен бу және газ өткізгіштік; нашар термо және сәулеге төзімділік тән. 3.8 Тігілген полиэтилен: Молекулалық тізбектері көлденең көпіршелермен «тігіліп», нәтижесінде торлы құрылым пайда болған полиэтилен. Тігіс мақсаты полиэтиленнің жоғары пайдалану термо төзімділігін қалыптастыруға бағытталған. Тігістің арқасында бастапқы полиэтилен қасиеттері өзгереді - ұзақ беріктігі, химиялық тұрақтылығы, жарылуға төзімділігі, соққыға беріктігі және аязға төзімділігі артады. Тігілген полиэтилен кемшілігіне нашар пісірілуі жатады. 3.9 Хлорланған поливинилхлорид: Поливинилхлоридты ішін-ара хлорлау өнімі. Поливинилхлоридпен салыстырғанда органикалық ерітінділерде өте жақсы ериді, жылуға төзімдірек және агрессивті орталарда тұрақты. 3.10 Шыны пластиктар: Нығайтушы толықтырғыш ретінде маталар түріндегі (шыны текстолит) шыны талшықты материалдар, қысқа волоком (шыны волокнит), жіптер, ширақтар, шпондар, төсеніштері бар пластмассалар. Шыны иілімдерде байланыстырушы зат ретінде әдетте фенол формальдегид, полиэфир эпоксид полимерлері қызмет етеді. Олар жоғары механикалық беріктігімен, біршама төмен тығыздығымен және жылу өткізгіштігімен сипатталады. 3.11 Полиолефиндер: Олефиндердің (этилен, пропилен және т.б.) гомо-не сополимеризациялық өнімі, жалпы формуласы [-CH2C(RR/-)]n, мұндағы R және R/ - органикалы радикал, мысалы CH3 (сонымен қатар, Полиэтилен, Полипропиленді қараңыз). 3.12 Ажырайтын қосылыс: Құрамындағы бөлшектері бүлінбей бөлшектене алатын бөлшектер қосылысы. Екі топқа бөлінеді: ось күшін қабылдамайтын қосылыстар және оларды қабылдауға қабілетті қосылыстар. Бірінші топқа тығыздағыш сақиналар пайдаланылатын кең қоныш қосылыстардың әр түрлі құрылымдары жатады. Екінші топқа тығыздағыш элементтен басқа ось күшін беруді қамтамасыз ететін қосымша бөлшектер кіретін қосылыстар: бұранда муфталары, жапқыш сомындар, фланецтер, бұрттар және т.б. жатады. 3.13 Ажырамайтын қосылыс: Тораптарды ажырату тек бекіткішті немесе бөлшектердің өздерін (пісірме, желім қосылыстары) бұзғанда ғана орындалуы мүмкін бөлшектер қосылысы. 3.14 Кең қонышты қосылыс: Құбырларды пісіріп қосу немесе бір құбырдың ұшы екінші құбырдың ұшына кіретін тығыздағыш элементтерді пайдаланып қосу. 3.15 Тіректер: Құбырларды жобалық жағдайда бекітуге және оның барлық ұзындығы бойымен көлденең қалпында да, тігінен де тіреуге арналған арнайы құрылғылар. Тіректер металдан не пластмассадан қамыттар не қапсырма шегелер түрінде дайындалады. Тіректер атқаратын міндеті және құрылғысына қарай құбырлардың температуралық деформацияларда жылжуына бөгет жасамайтын қозғалмалы және құбырды қатты ұстап тұратын қозғалмайтын болып бөлінеді. 3.16 Теңгергіш: Құбырлар жүйелерінің күйі мен ісіне әр түрлі факторлар (температура, қысым, жай-күй, т.б.) әсерінің орнын толтыратын құрылғы. 3.17 Пластмассаларды пісіру: Пісірілетін бөлшектер арасындағы молекулааралық әрекеттестік арқылы құралымдар элементтерінің ажырамайтын қосылысын алатын технологиялық процесс. 3.18 Түйіскен жылылық пісіру: Қосылатын бөлшектердің қызуы алдын ала қыздырылған немесе пісіру барысында аспаппен қыздырылатын ұласу арқылы жүзеге асырылатын пісіру тәсілі. 3.19 Қорытумен пісіру: Қыздырылған аспап қосылатын беттермен тікелей түйісетін түйіскен жылылық пісіру. 3.20 Қыспақ пісіру: Көбінесе пісірілетін бөлшектердің қосылысы тоғысатын ұштарының бетінде қорытылатын түйіскен жылылық пісіру 3.21 Кең қоныш пісіруі: Нәтижесінде бөлшектің қорытылған бір ұшы қорытылған екіншісінің ұшына кіретін құбырларды не бөлшектерді пісіру. 3.22 Пісірілген: Пластмассаның не пластмассадан жасалған үйлесудің құрылым мен бұйымдарды пайдалануды қамтамасыз ететін талаптарға сәйкес келетін пісірудің белгіленген технологиясында қосылыс жасау қасиеті. 3.23 Саңылау: Пісіруге құрастырылған бөлшектердің пісірілетін беттерінің арасындағы қашықтық. 3.24 Грат: Еріту және отыру процесінде түйісетін сығып шығарылған материал. 3.25 Қорыту: Қызған аспап пен бөлшекті қыздыру кезінде ұласу жерінде балқыма пайда болу процесі. 3.26 Шөгінді. Пісірілуші бөлшектердің қорытылған учаскелерінің оларды қысып сығу арқылы бірлескен пластикалық деформациялану процесі. 3.27 Қорытудағы қысым: Қыздырылған аспаптың қорытылмайтын бетпен ұласу жерінде аудан бірлігіне келетін күш. 3.28 Шөгінді кезіндегі қысым: Отыру барысында қосылатын бөлшектердің ұласу жерінде аудан бірлігіне келетін күш. 3.29 Қыздырылған аспап: Қосылатын беттерді қыздыратын аспап. 3.30 Орталықтағыш: Термопластардан жасалған құбырлардың айналма жіктерін құрастырғанда және пісіргенде құбырларды ортаға дәл келтіретін құрылғы. 3.31 Дорн: Бөлшектің ішкі бетін қорытуға арналған қолмен кең қоныш түйіскен жылылық пісірудің қыздырылған аспабының элементі. 3.32 Гильза: Бөлшектің сыртқы бетін қорытуға арналған қолмен кең қоныш түйіскен жылылық пісірудің қыздырылған аспабының элементі. 3.33 Адгезияға қарсы жабын: Пісіріліп жатқан материалды қыздырылған аспапқа жабысудан қақпайлайтын жабын. 3.34 Түржиын: Біртекті бұйымдардың әр түрлі түрлерінің пішіндері, өлшемдері және материалы туралы мәліметтер. 3.35 Орташа сыртқы диаметр dop(мм): Құбырдың сыртқы периметрінің өлшенген мәнін =3,142 мәніне бөлудің 0,1 мм дейін үлкен жағына қарай жинақталған бөліндісі (МСТ 18599). 3.36 Нақтылы сыртқы диаметр dn (мм): Ең аз орташа сыртқы диаметрге тиісті өлшемнің шартты белгісі (МСТ 18599). 3.37 Қабырғаның нақтылы қалыңдығы еn (мм): Құбыр қабырғасының ең аз мүмкін болатын қалыңдығына тиісті өлшемнің шартты белгісі, ол мына формуламен есептеліп, 0,1 мм дейін үлкен жағына қарай жинақталады (МСТ 18599). , (1) мұндағы dn - құбырдың нақтылы сыртқы диаметрі, мм; S - құбыр сериясы. 3.38 Құбырлар сериясы S: Мына формула бойынша анықталатын мөлшерленген мәні (МСТ 18599). , (2) мұндағы: - MRS/C, МПа тең құбырдың қабырғасындағы мүмкін кернеу; MRS - минимальды ұзақ беріктік, МПа; C - беріктік сақтығының коэффициенті; МОР - максимальды жұмыс қысымы, МПа. |