НСИП. СН РК 4.01.-05-2002. Plastic pipes water supply and sewerage networks design and installation instruction
Скачать 3.13 Mb.
|
6.6.5 Кесінділер не каналдардың ішкі беттерінде полимер материалдарынан жасалған құбырларды жасырынды төсегенде қатты өткір шығыңқылар болмау керек. 6.6.6 Оймалы қосуларды құрастырғанда металл және пластмасса бөлшектерінің біліктестігі сақталу керек. Бөлшек оймасының беті тегіс, таза және қабыршақтану болмау керек. 7 СЫРТҚЫ ҚҰБЫРЛАРДЫ ЖОБАЛАУ 7.1 Жалпы талаптар 7.1.1 Сумен жабдықтаудың сыртқы жүйелері үшін полимер материалдарынан жасалған қысымды құбырлар таңдау құрылыс және пайдалану кезінде құбырдың жұмыс жағдайларын және тағы техника-экономикалық бағалауын еске алып өндіріледі. 7.1.2 Құбырлар есеппен таңдап алынады, сонымен сыртқы құбыр үшін дағдыдағыдай ПЭ80, ПЭ100 құбырларды қабылдау керек. 7.2 Құбырлады жіктеу 7.2.1 Құбырлардың геометриялық өлшемдеріне және олардың параметрлеріне қойылатын талаптар осы нұсқаудың 4.7-т., 4.9-т. көрсетілген. 7.2.2 Құбырлар не бухта кесіндісінің ұзындығы дайындаушы құжаттамаларында көрсетіледі. 7.3 Құбырларды қосу түрлері мен тәсілдері 7.3.1 Полимер материалдарынан жасалған құбырларды қосу үшін әдеттегідей полимер материалдарынан жасалған жалғаулық бөлшектеді пайдалану керек. Металдан жасалған арнайы жалғаулық бөлшектерді қолдануға рұқсат етіледі. 7.3.2 Полиолефиндерден жасалған құбырларды қосу үшін пісіру әдісін қолдану керек. Поливинилхлоридтан, әйнек иілімдерден және базальт иілімдерден жасалған құбырларды пішінді резеңке сақинамен тығыздалған кең қоныш қосылыстармен немесе желіммен қосу керек. 7.3.3 Арматура мен металл құбырларына полимер материалдарынан жасалған құбырларды қосу үшін пластмассаның буртты төлкелерді және еркін металл фланецтерді немесе пластмасса-металлдан жасалған ажырамайтын қосылыстарды қолдану керек. 7.4 Құбырларды төсеу 7.4.1 Құбырды тарту ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001-ге сәйкес төсеу тәсілін есепке алып - топырақта, коллекторларда, өтпейтін арналарда немесе жергілікті жағдайлармен және экономикалық есеп нәтижелерімен анықталатын жаңғыртылатын құбырларда қамтамасыз етілу керек. 7.4.2 Жаңа құрылыста жоғары бағаны құбырды топырақта төсеуге беру керек. 7.4.3 Минимальды радиуспен құбырды бүгу арқылы трассаны бұру мүмкіндігін пайдалану керек (30) мұндағы: Е0 - созғанда полимердің серпімділік модулі, МПа; D - құбырдың сыртқы диаметрі, мм; sPT - созғанда құбыр материалының есептік беріктігі (аққыштық шегі), МПа. 7.4.4 Егер кең қоныш қосылыс құрылымы мүмкіндік берсе, трассаны бұруды, сонымен қатар, сақинамен тығыздалған кең қоныш қосумен бір құбыр өсі екіншісінен 20 дейін ауытқу арқылы жүзеге асыруға болады, 7.4.5 Резеңке сақиналарда кең қоныш қосулары бар құбырларды құрастырғанда бұрылыс, тармақ жерлерінде және тұйық учаскелерде тіреуштер құруды ескеру керек. 7.4.6 ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001-ге сәйкес құбыр үстіне дейін су құбырының ең аз тереңдігі кем дегенде 0,5 м аз емес осы жердің топырақ қататын тереңдігінен асу керек. Құбыр салу тереңдігін тек құрылымы ылғал сіңірмейтін осі жылылық сақтайтын құрылым қолданғанда ғана азайтуға рұқсат етіледі. 7.4.7 Су құбырының ең аз тереңдігі (суаратын су құбырынан басқа) дағдыдағыдай 1 м кем болмау керек. 7.4.8 Су құбырының басқа коммуникациялармен және тағы автомобиль мен темір жолдарымен түйіскен жерлерін ҚР ҚНжЕ 4.01-0-2001-дің талаптарына сәйкес орындау керек. 7.4.9 Қашықтығы 0,4 м кем (жарықпен тігі бойынша) канализациялық құбырларымен айқасқан жерлерде полимер материалдарынан жасалған су құбырлары қаптамамен жобалану керек. Қаптама шетінен айқасатын құбырға дейінгі қашықтық екі жағына 5 м кем болмау керек. 7.4.10 Пластмасса құбырларының басқа материалдарынан жасалған құбырлармен қосылуын ажырайтын қосылыстарда жасау керек. Жер астында салғанда мұндай қосуларды құдықтарда орналастыру керек. 7.4.11 Ғимараттар қабырғаларымен пластмасса құбырларының түйіскен жерлерін қаптамалармен ескеру керек. Қаптама мен құбыр аралығындағы саңылау қаптама ішіне ылғал тиюден қорғайтын иілімді материалдармен бітеледі. 7.4.12 Құбырларды тоннельдерде салғанда (коммуникациялық коллекторларда) ҚНжЕ 3.01-01-2002*-нің талаптарын орындау керек, сонымен электр кабельдері мен сымдары полимер материалдарынан жасалған құбырлардан жоғары төселу керек және құрылымды бөліну керек. 7.4.13 Арматураны құдық, тунель не канал қабырғалары мен түптеріне бекітуді анкерлі бұрандамалар не қамыттар арқылы өндіру керек, немесе бетонмен бітеп тастау керек. 7.4.14 Құбырлардың құдық қабырғалары не ғимараттар іргетастарымен түйіскен жерлерін болат не пластмасса қаптамаларымен ескеру керек. Қаптама мен құбыр аралығындағы саңылау су өткізбейтін иілімді материалмен бітелу керек. 7.5 Құбырлардың беріктігін есептеу 7.5.1 Құбырларды беріктікке есептеуді анықтама әдебиетінде келтірілген әр түрлі әдістемелер бойынша есептеуге болады. Олардың біреуі 6-қосымшада келтірілген. 7.6 Құбырлардың гидравликалық есебі 7.6.1 Сумен жабдықтау жүйелерінің 5.4.-тармақта баяндалған гидравликалық есебін, сонымен қатар, сумен жабдықтаудың сыртқы жүйелері үшін де қолдануға болады. 7.7 Құбырлардың температуралық ұзаруын теңгеру 7.7.1 Резеңке сақиналармен тығыздалатын кең қоныш қосылысты құбырлардан жасалған суық су жерасты құбырларының температуралық ұзаруын теңгеру кең қоныштарда орындалады. 7.7.2 Топырақта салынатын пісірме не басқа да ажырамайтын қосылыстардағы жерасты су құбырлары үшін құбырлар топырақпен қысып ұсталғанын есепке алсақ әдеттегідей арнайы теңгеру қажет емес. Арналарда салғанда 5.6-тармаққа сәйкес ұзаруды теңгеруге есеп жасау керек. 8 СЫРТҚЫ КАНАЛИЗАЦИЯ, СУАҒАРЛАРДЫ ЖӘНЕ ДРЕНАЖДАРДЫ ЖОБАЛАУ 8.1 Жалпы талаптар 8.1.1 Құбырларды таңдауды су ағуларының құрамын, олардың температурасын есепке алып, гидравликалық және беріктік есептерінің негізінде өндіру керек. 8.1.2 Өздігінен ағатын канализация үшін канализациялық түржиын құбырларын пайдалану керек. Қысымды құбырларды қолдану негізді болу керек. 8.2 Құбырларды жіктеу 8.2.1 Қысымсыз канализация үшін тегіс құбырлар (орап дайындалған әйнек және базальт иілімдерден жасалған құбырлардан басқалары) сыртқы диаметрлері бойынша үйлестірілген Қабығының айналма қаттылығы бойынша құбырлар кластарға бөлінеді: қатты емес, жартылай қатты және қатты. Құбырлар класы 2-қосымшада келтірілген. 8.3 Құбырларды қосу түрлері мен тәсілдері 8.3.1 Өздігінен канализация құбырларда ажырайтын және ажырамайтын қосылыстарды алдын-ала ескеру керек. 8.3.2 Ажырайтын қосылыс ретінде әр түрлі пішінді сақиналармен тығыздалатын кең қоныш қосылыстарды пайдаланған жөн. 8.3.3 Құбырлар қосуларының негізгі түрлері мен тәсілдері 6.3 тармақта келтірілген. 8.3.4 Канализация қысымды құбырлары үшін көбінесе ажырамайтын қосылыстар- желімдеу және пісіруді пайдалану керек. 8.3.5 Қысымды канализациялық құбырларда ажырайтын қосулар (фланцелі және т.б.) дағдыдағыдай құбырларды жабдықтармен қосу үшін пайданылады. 8.4 Құбырларды төсеу 8.4.1 Сыртқы су әкетуді тарту ҚНжЕ 2.04.03-85 талаптарын есепке алып орындалу керек. 8.4.2 Өздігінен ағатын канализация құбырлары тек тура сызықты болу керек. Құбырдың диаметрі және оның бағыты өзгеруі тек құдықтарда ғана мүмкін. 8.4.3 Канализацияның қысымды жүйелері 7-тармаққа сәйкес жасалады. 8.5 Құбырлар беріктігін есептеу 8.5.1 Өздігінен ағатын құбырларды беріктікке есептеуді 6-қосымшада келтірілген әдістеме бойынша өндіру керек. 8.6 Құбырлардың гидравликалық есебі 8.6.1 Канализация өздігінен ағатын жерасты құбырларының гидравликалық есебі 5.4. тармақта келтірілген формулалар бойынша өндіріледі. 8.7 Құбырлардың температуралық ұзаруын теңгеру 8.7.1 Қысымды канализация құбырлардың температуралық ұзаруын теңгеру қажеттілігі топырақтың қысып ұстау әсерін есепке алып осы нұсқаудың 5.6-тармағына сәйкес есеппен белгіленеді. Топырақпен құбырды қысып ұстағанда құбырдың ұзаруы азаяды. Азаю шамасы Dlазмына формула бойынша анықталады: (31) мұндағы fү - тәжірибе жолымен анықталатын топыраққа материал үйкелісінің коэффициенті; басқа мәліметтер болмаған жағдайда шамамен 0,4 тең алуға болады; V - топырақтың көлемдік салмағы, H/м3; H - құбырды салу тереңдігі, м; L - құбыр ұзындығы, м; Еқыс - деформация бағытындағы материал серпімділігінің модулі, Па; S - құбыр қабырғасының қалыңдығы, м. КТ - топырақ тығыздауының коэффициенті, тығыздау дәрежесі 0,95 болғанда 1-ге тең деп алынады және орды көмгенде тығыздау дәрежесі бақыланағанда - 0,5. 8.7.2 Өздігінен ағатын канализациялық құбырларда температуралық деформацияның тең теңгерілуі: - сақиналармен тығыздалатын кең қоныш қосулармен; - жарым-жартылай канализациялық құдықтарда құдық қабырғасы арқылы өткел құру және науа толтыру жолымен қамтамасыз етіледі. 8.8 Канализация жүйелерінің құдықтары 8.8.1 Канализация жүйелері үшін полимер материалдарынан жасалған (ПЭ, ПВХ және басқалары) канализациялық, су ағатын және су қабылдайтын, қиыстырылған (полимер материалдарынан жасалған элементтер темірбетон элементтерімен үйлестірілген) темірбетон және кірпіш құдықтар. Құдық өлшемдері ҚНжЕ 2.04.03-85-те көрсетілгендерге сәйкес келу керек. 8.8.2 Полимер материалдарынан жасалған құдықтарды темірбетоннан жасалған қорғаныш тақтамен және металдан жасалған қақпақтың дәстүрлі элементтерімен бірге қолдану керек. 8.8.3 Полимер материалдарынан жасалған құдықтардың науа бөлігінде полимер материалдарынан жасалған дайын науалар және тағы құбырларды қосу үшін шығып тұратын құбыршалар болу керек. 9 ҚҰБЫРЛАРДЫ ҚҰРАСТЫРУ 9.1 Жалпы нұсқаулар 9.1.1 Полимер материалдарынан жасалған құбырларды қолданып құбырлар салғанда құрылыстың қажетті сапасын қамтамасыз ету үшін: - жинақтаушылар мен пісірушілер мамандығын тексеруді; - қолданатын құбырлар, жалғаулық бөлшектер мен арматураның кіріс бақылауын; - пісіру құрылғылары мен қолданатын құрал-сайманның техникалық байқауын; - құрастыру және пісіру тәртіптерінің сапасын жүйелі операциялық бақылауды; - пісірме қосуларының сапасын көзбен шолып және олардың геометриялық параметрлерін бақылауды; - пісірме және басқа қосуларды механикалық сынауды өндіру керек. 9.1.2 Пісірме және жалғаулық бөлшектердің сапасын бақылауды, құбырлардың кіріс бақылауын және т.б. 9.2; 9.3; 9.4-тармақтарда көрсетілген талаптарға сәйкес өндіру керек. 9.2 Құбырлар мен жалғаулық бөлшектер сапасының кіріс бақылауы 9.2.1 Құбырлар мен жалғаулық бөлшектер сапасының кіріс бақылауы полимер материалдарынан жасалған құбырларды құрастыру бойынша жұмыс орындауға рұқсат алған құрылыс-құрастыру ұйымымен жүзеге асырылады. 9.2.2 Кіріс бақылауға келесі операциялар кіреді: - буып-түюдің бүтіндігін тексеру; - құбырлар мен жалғаулық бөлшектердің таңбалануларының техникалық құжаттамаға сәйкестігін тексеру; - құбырлар мен жалғаулық бөлшектердің сыртқы бетін және жалғаулық бөлшектердің ішкі бетін қарау; - құбырлардың сыртқы және ішкі диаметрлерін және қабырғалар қалыңдығын өлшеу және қажеттіліктермен салыстыру. Өлшеулерді екіден кем емес өзара перпендикуляр параметрлер бойынша өндіру керек. Өлшеулер нәтижелері құбырлар мен жалғаулық бөлшектердің техникалық құжаттамасында көрсетілген шамаларға сәйкес келу керек. Құбырлар мен жалғаулық бөлшектер ұштарының мүмкін ауытқуларының шегінен шығатын сопақшылыққа жол берілмейді. 9.2.3 Шетелдерден жеткізілетін барлық құбырлар мен жалғаулық бөлшектерде техникалық куәлік болу керек. 9.2.4 Құрылыс үшін технологиялық ақаулары, сызаттары және стандартта не техникалық шарттарда қаралған шектерден артық ауытқулары бар құбырлар мен жалғаулық бөлшектерді пайдалануға рұқсат етілмейді. Кіріс бақылаудың нәтижелері 14-қосымшада келтірілген форма бойынша актімен толтырылады. 9.3 Құрастыру сапасын және пісіру ережелерін операциялық бақылау 9.3.1 Операциялық бақылауда мыналар қаралу керек: - пісіру жұмыстарының тиісті дайындығын тексеруі, құбырлар мен үлгілі бөлшектердің беттерін ластанудан, ылғалдан және т.б. тазалауы; - пісіру технологиясының бақылауы (қыздырғыш температурасы, бөлшектерді қыздыру ұзақтығы және т.б.). 9.4 Пісірме қосуларының сапасын көзбен бақылау және олардың геометриялық параметрлерін бақылау 9.4.1 Сыртқы қарауға: - қосудағы қиғаштануларын; - пісірілетін бөлшектердің қабырға материалының қызып кетуін; - пісірілген бөлшектер аралығындағы пісірілмеген жерлерді; - жеткіліксіз немесе тым едәуір білікті және тағы оның периметрі бойынша симметриялықты және біркелкі еместігін (түйіс пісірумен алынған қосуларда) табу үшін барлық пісірілген түйістер жатады. 9.4.2 Пісірме қосылыстардың сыртқы түрі келесі талаптарға сәйкес болу керек: - құбыр мен үлгілі бөлшектің осьтік сызықтары аралығындағы бұрыштар шамасының ауытқуы түйіс жерінде 100С аспау керек; - құбырлармен пісірілген үлгілі бөлшектер кең қоныштарының сыртқы беттерінде жарықтар, бүрмелер немесе бөлшектерді артық қыздырудан пайда болған басқа да ақаулар болмау керек; - құбырмен пісірілген үлгілі бөлшек кең қонышының жиегінде кең қоныштың шетжақ бетінен және құбырдың сыртқы бетінен сәл ғана шығып тұратын қорытылған материалдың жаппай білігі (барлық периметр бойынша) көріну керек; - пісірілген жіктің сыртқы білігі симметриялы және ені мен құбырдың барлық периметрі бойынша біркелкі бөлінген болу керек. 9.5 Полимер метериалдарынан жасалған құбырларды пісіру және желімдеу 9.5.1 Полиолефиндерден жасалған құбырлар мен бөлшектердің қосылыстары ұласқан түйіс пісіру арқылы, кең қонышты немесе салма қыздырғыш элементтері бар жалғаулық бөлшектермен орындалу керек. 9.5.2 Түйіскен пісіру құбырларды өзара және сыртқы диаметрі 50 мм артық және қабырға қалыңдығы 4 мм астам (5-сурет) жалғаулық бөлшектерді қосу үшін ұсынылады. Кең қонышты пісіру сыртқы диаметрі 110 мм дейін және қай қалыңдықты қабырға болса да құбырлар үшін ұсынылады. Пісіргенде құбырлар мен жалғаулық бөлшектерді жеткізу партиясы бойынша таңдау керек. Әр түрлі полимер материалдарынан жасалған құбырлар мен бөлшектерді пісіруге рұқсат етілмейді. Түйіс пісіруінде қырлардың дәл келмеуінің ең үлкен шамасы құбыр қабырғасының нақтылы қалыңдығының 10 % аспау керек. Жалғаулық бөлшектер кең қонышының ішкі диаметрі пісірілетін құбырдың нақтылы сыртқы диаметрінің шегінен аз болу керек. 9.5.3 Түйіскен пісіруде пісірілетін беттер тікелей қыздыру алдында пайда болуы мүмкін ластану және тотық қабыршағын алу үшін механикалық өңдеуден өту керек. Механикалық өңдеуден өткен соң орталаушы тетік көмегімен түйістірілген құбырлардың дөңбек бастарының аралығында диаметрі 110 мм дейін құбырлар үшін 0,5 мм және үлкен диаметрлілері үшін 0,7 мм асатын саңылаулар болмау керек. Кең қонышты пісіруде құбыр ұштарында құбырдың қабырғасы қалыңдығының 1/3 450 бұрышпен кесілген қиғаш кесігі (фаскасы) болу керек. 9.5.4 Құрастыру жағдайларында құбырларды түйістіріп пісіруді пісірудің берілген параметрлерінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін (қыздыратын элементтің бет температурасы және оның ауданы бойынша температураның біркелкі таралуы, ортаға келтіру дәлдігі, дөңбек ұштардың дайындық сапасы) қондырғыларында өндіру керек. Басқа да бірдей жағдайларда негізгі процестер автоматтандыру жүйесімен және пісірудің технологиялық процесін тіркеп компьютерлік бақылаумен жабдықталған құралдарға артықшылық беру керек. Түйіскен жылылық пісірумен құбырларды құрастыру процесінің жүйелілігі және түйіс пісіруі 5-суретте келтірілген. 5-сурет. Түйіскен жылылықпен құбырларды құрастыру процесінің жүйелілігі және ұласқан пісіруі а-пісірілетін құбырлардың ұштарын пісіретін машинаның қысқыштарында ортаға дәл келтіру және бекіту; б-шетжақ (1) арқылы құбырлардың шетжақ ұштарын механикалық өңдеу; в - саңылау шамасы (c) бойынша шетжақ ұштарының дәл келу дәлдігін тексеру; г-қыздырылған құрал арқылы (2) пісірілген шетжақ ұштарды қыздыру және балқыту; д- түйісті отырғызу 9.5.5 Түйіскен ұласқан пісіруде пісіру машиналары мен жинақтау құрылғыларын қолдана отырып келесі операцияларды орындау керек: - құбырды қысып ортаға дәл келтіретін құрылғыға орнату және ортаға дәл келтіру; - құбырларды механикалы шетжақтау және шетжақ бастарының майын кетіру; - пісіретін беттерді қыздыру және қорыту; - пісіру қыздырғышын алыстату; - қысым астында қыздырылған пісірілетін беттерді (отырғызу) қосу; - қысым астында пісірілген жікті суыту. |