Главная страница
Навигация по странице:

  • 5.6.3

  • 5.6.8

  • 5.7 Құбырлардың жылуоқшаулауы 5.7.1

  • 6 ІШКІ КАНАЛИЗАЦИЯНЫ ЖӘНЕ СУАҒАРЛАРДЫ ЖОБАЛАУ 6.1 Жалпы талаптар 6.1.1

  • 6.1.2

  • 6.2 Құбырлар өлшемдері 6.2.1

  • 6.3 Құбырларды қосу түрлері мен тәсілдері 6.3.1

  • 6.3.2

  • 6.4 Құбырларды төсеу 6.4.1

  • 6.4.3

  • 6.4.5

  • Ескерту

  • 6.5.6

  • НСИП. СН РК 4.01.-05-2002. Plastic pipes water supply and sewerage networks design and installation instruction


    Скачать 3.13 Mb.
    НазваниеPlastic pipes water supply and sewerage networks design and installation instruction
    Дата16.10.2022
    Размер3.13 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаСН РК 4.01.-05-2002.doc
    ТипИнструкция
    #737191
    страница13 из 23
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23

    5.6.2 Температура өзгергенде құбырда пайда болатын бойлық күштер Nt температуралық деформацияны теңелтуді есепке алмай мына формула бойынша анықталады:

    Nt =aDTE0F, (12)
    мұндағы: E0 - құбыр материалының серпімділік модулі, МПа;

    F - құбыр қабырғасының көлденең қимасының ауданы, м2.

    Температуралық кернеулерді учаскенің қай ұзындығы болса да құбырдың бекітілген учаскесінің қайсысы болса да есепке алу керек.

    5.6.3 Құбырдың негізгі теңелтуші элементтері бұрыстар, ілмек тәрізді, П-тәрізді, сильфонды және теңелткіштердің басқа да түрлері болады.

    5.6.4 900 бұрышпен бұрудың теңелтуші қабілеттілігі мына формуламен анықталады:

    ∆IД = (13)

    мұндағы: DlД - температура әсерінен құбырдың ең үлкен мүмкін бойлай ауыспалылығы, ол бұрумен теңгерілуі мүмкін, м;

    le - жылжымалы тірекке дейінгі құбырдың түзу учаскесінің бұруға жанасатын

    ұзындығы, м;

    r - бұру иілісінің радиусы, м;

    D - құбырдың сыртқы диаметрі, м;

    [s] - есептік беріктік, МПа;

    Е0 - серпімділік модулі, МПа.

    Иілген бүгудің және теңелткіш сұлбалары 3-суретте көрсетілген.


    3-сурет. Иілген бүгу және теңелткіш сұлбалары

    а - иілген бүгу; б - П-тәрізді теңелткіш.

    5.6.5 П-тәрізді теңелткіштің теңгергіштік қабілеті мына формула бойынша анықталады:
    (14)

    мұндағы: Dl - температура әсерінен құбырдың ең үлкен мүмкін бойлай ауыспалылығы, ол теңелткішпен қабылдануы мүмкін, м;

    h - теңелткіш құлашы, м;

    r - теңелткіш бұруларының иіліс радиусы, м;

    а - теңелткіштің түзу учаскесінің ұзындығы, м;

    D - құбырлардың сыртқы диаметрі, м;

    [s] - ұзақ беріктік шартынан мүмкін кернеу, МПа.

    5.6.6 Теңелткіш өсінен құбырдың қозғалмайтын тірегінің осіне дейінгі максимальды мүмкін қашықтық мына формула бойынша есептелу керек:

    (15)

    5.6.7 Бұру құбырының осінен жылжымалы тірек қондырғысының (4-сурет) осіне дейінгі

    қашықтық l мынаған тең қабылдану керек:
    (16)

    мұндағы К - құбырлардың полимер материалының беріктік және серпінді қасиеттерімен анықталатын коэффициент:

    (17)
    мұндағы s - құбыр материалының есептік беріктігі, МПа.

    4-сурет. Тіректерді орналастыру сұлбалары.

    а - бұруда; б - үш тармақты тарамның
    5.6.8 Қажет болған жағдайларда құбырлардың теңелткіш қабілеттілігін қосымша бұрулар, түсірулер және көтерулер енгізу арқылы арттыруға болады

    5.6.9 Полимер материалдарынан жасалған құбырлардың жылылық ұзындық ұзаруын теңелтуі оларды тіректе жылан түтік түрінде төсегенде бойлық иіліспен қамтамасыз етілуі мүмкін, оның ені температура құламасында құбырдың иілуіне мүмкіндік беру керек.

    5.6.10 Құбырлардың Г-, Z-және П-тәрізді элементтерінің теңелткіш қабілеттілігін өсіру қажет болғанда құбырды жинақтағанда «созу» әдісін (алдын ала кернеу) қолданады.
    5.7 Құбырлардың жылуоқшаулауы
    5.7.1 Полимер құбырларынан жасалған ыстық су құбырларында (су бөлетін аспаптарға жеткізуден басқа) жылуоқшаулау болу керек.

    5.7.2 Құбырлардың жылуоқшаулауын ҚНжЕ 2.04.14-88*-ке сәйкес есеппен анықтайды. Материалдың жылу өткізгіштік коэффициенті 0,05 Вт/м0С артық болмау керек, бірақ сонымен жылылық айыру қалыңдығы 10 мм кем болмау керек.
    6 ІШКІ КАНАЛИЗАЦИЯНЫ ЖӘНЕ СУАҒАРЛАРДЫ ЖОБАЛАУ
    6.1 Жалпы талаптар
    6.1.1 Ғимараттардың ішкі канализациялық жүйелерін 75 0С төмен емес тұрақты температурасы бар және 90 0С кем емес температурасы бар 1 мин аз емес уақытша ағынды суларды тасымалдауға есептелген канализациялық құбырлардан жобалау керек.

    6.1.2 Әр түрлі полимер материалдарынан жасалған құбырлардан және жалғаулық бөлшектерден су әкететін жүйелерді жобалауға рұқсат етілмейді.

    6.1.3 Биіктігі 10 м дейінгі ғимараттар үшін ішкі суағар жүйелерін қысымы жоқ құбырлардан, биіктігі үлкен ғимараттарда қысымды құбырлардан орындауға рұқсат етіледі.

    6.1.4 Полимер материалдарынан жасалған құбырлар әдеттегідей шахталарда, қораптарда, кесінділерде және т.с. жасырынды төселу керек.

    Құбырлардың механикалық бүлінуі болатын жерлерде тек жасырынды төсеуді қолдану керек.

    Өндірістік, қойма не қызмет бөлмелеріне жабдықталмаған ғимараттардың үй асты қабатында, ғимараттың шатыры астында және санитарлық тораптарында канализациялық және суағар құбырларын ашық төсеуге рұқсат етіледі.

    6.1.5 Полимер материалдарынан жасалған құбырларды тазалау жерлеріне есіктер, алмалы-салмалы қалқандар, торлар және т.с. орнату арқылы жеңіл кіріс қамтамасыз етілу керек.
    6.2 Құбырлар өлшемдері
    6.2.1 Канализациялық құбырлардың және жалғаулық бөлшектердің диаметрлері сыртқы диаметрі бойынша бірыңғайлану керек: 32, 40, 50, 75, 90, 110 және 160 мм. Құбырлар мен жалғаулық бөлшектері қабырғаларының қалыңдығы полимер материалының түріне байланысты болады және тиісті нормативтік құжаттарда көрсетіледі.
    6.3 Құбырларды қосу түрлері мен тәсілдері
    6.3.1 Ішкі канализациялық жүйелерінің құбырлары тығыздағыш сақиналар пайдаланып кең қоныш қосулары арқылы, ал поливинилхлоридтан жасалған құбырлар үшін, сондай-ақ желіммен қосылады.

    6.3.2 Фланцелі қосулар құбырлар шойын немесе болат құбырларына ауысу жерлерінде немесе жабдықтарға қосу үшін пайдаланылады.

    6.3.3 Тік құбырлармен бұрып жіберетін құбырларды қосуды тығыздағыш сақинамен кең қонышпен өндіру керек. Тегіс құбырларды өзара қосқанда екі кең қоныш муфталар қолдануға рұқсат етіледі, сонымен муфталарды тіректерге бекіту керек.

    6.3.4 Шойын бөлшектердің тегіс ұштарын (траптар шығуларын, суағар құйғыштарын және т.с.) полимер материалдарынан жасалған құбырлармен тығыздағыш сақиналары не манжеттері бар жалғаулық кең қоныш құбыршалар арқылы қосу керек.

    6.3.5 Полимер материалдарынан жасалған канализациялық құбырлардың тегіс ұштарын диаметрі сондай шойын канализациялық құбырдың кең қонышымен қосуды арнайы тығыздағыш сақиналар немесе манжеттер қолданып өндіру керек.
    6.4 Құбырларды төсеу
    6.4.1 Қатынас шахталарда, штробтарда, каналдарда және қораптарда канадизациялық тік құбырларды орнатқанда шахтаға, қораптарға және т.с. кіруді қамтамасыз ететін қоршау құрылымдары ҚНжЕ 2.04.01-85*-ке сәйкес орындалу керек.

    6.4.2 Аралық жабулар арқылы тік құбырлар өтетін жерлерді аралық жабудың барлық қалыңдығы бойынша цемент ерітіндісімен бекітуге рұқсат етіледі.

    Аралық жабуда құбырлар төсегенде оларды саңылаусыз су айырушы материалмен орау керек.

    6.4.3 Құбырлар құрылыс құрылымдарының бетіне тиісе жанаспау керек. Құбырлар мен құрылыс құрылымдарының аралық қашықтығы жарықпен 20 мм кем болмау керек.

    6.4.4 Пісірме және желім қосуларын пайдаланғанда құбырлардың температуралық ұзаруын теңелту әдеттегі немесе теңелткіш (ұзартылған) кең қонышқа қондыратын тығыздағыш сақиналары бар кең қоныш қосулар көмегімен қамтамасыз етілу керек.

    6.4.5 Санитарлық аспаптарды құрылыс құрылымдарына күштерді құбырларға бермей қатты және берік бекітуді ескеру керек.
    6.5 Құбырлардың гидравликалық есебі
    6.5.1 Канализациялық тік құбырдың диаметрі осы тік құбырға қосылған санитарлық-техникалық аспаптардың гидравликалық сұқпаларының олқылығына қарсы тұрақтылығы шартына байланысты судың есепті шығынын өткізуге есептеледі. Сонымен тік құбырда пайда болатын сирету шамасы гидравликалық қақпалардың ең кіші биіктігінен аспау керек.

    Барлық бұрып канализациялық құбырларды ағудың есептік шығынында олар қысым тәртібінде жұмыс істейді деп есептеу керек.

    Суағар тік құбырлар мен қосулар тік құбыр биіктігіне тең су қысымында герметикалық жабулы және ластанғанда, лық толғанда берік болу керек.

    6.5.2 Желдетілетін және желдетілмейтін канализациялық тік құбырларды сиретудің мүмкін шамасы 0,9 hқ аспау керек, мұндағы hқ - канализациялық тік құбырға қосылған санитарлық-техникалық аспаптардың гидравликалық сұқпаларының ең кішісінің биіктігі.

    6.5.3 Желдетілетін канализациялық тік құбырдағы сирету шамасын мына формула бойынша анықтау керек:

    (18)
    мұндағы: Dр - тік құбырдағы сирету шамасы, су бағ. мм;

    qs - суағарлардың есепті шығыны, м3/с;

    a0 - тік құбырға қабаттардағы су бұрғыштардың қосылу бұрышы, град.;

    Dт.қ - тік құбырдың (ішкі) диаметрі, м;

    dс.б. - қабаттардағы су бұрғыштың диаметрі, м;

    Lт.қ - тік құбырдың жұмыс биіктігі, м.
    Ескерту - 90 Dт.қ> Lт.қ болғанда, 90 Dт.қ= Lт.қ тең қабылдау керек.
    6.5.4 Желдетілмейтін канализациялық тік құбырдағы сирету шамасын мына формула бойынша анықтау керек:

    (19)
    мұндағы: Vқос - су-ауа қоспасының шапшаңдығы, м/с, ол мына формуламен анықталады:

    (20)
    мұндағы: Qa - ағыспен жоғарыдан төмен жүретін тік құбырға тартылатын ауа шығыны, м3/с, ол мына формуламен анықталады:

    (21)
    w- тік құбыр қимасының ауданы, м2.
    Ескерту - 90 Dт.қ> Lт.қ болғанда, 90 Dт.қ= Lт.қ тең қабылдау керек.


        1. Өздігінен ағатын құбырдың еңісін мына формула бойынша анықтау керек:

    (22)
    мұндағы: ls - құбырдың (каналдың) гидравликалық кедергісінің коэффициенті;

    V - сұйықтық ағысының орташа шапшаңдығы, м/с;

    q - ерікті түсу үдеуі, м/с2;

    Rs - тасқынның гидравликалық радиусы, м;

    bs- сұйықтықтың турбулентті ағысының тәртібін сипаттайтын дәрежесінің өлшеусіз көрсеткіші - өткінші (bs<2) немесе квадрат (bs=2).

    bs >2 болғанда bs=2 тең қабылдау керек.

    ls = 0,2 , (23)
    мұндағы: Кэ - баламалы кедір-бұдырлық коэффициенті, м, ережелердің жеке жинақтарында келтіріледі, бірақ 0,00001 м кем емес;

    а - Кэ тәуелді дәреженің эмпиризм көрсеткіші:
    a = 0,3124 Кэ0,0516; (24)

    bs = (25)

    Рейнольдс саны Reкв мына формуламен анықталады:

    Reкв = (26)

    Рейнольдс саны Reф мына формуламен анықталады:

    Reф = , (27)

    мұндағы v - сұйықтықтың кинематикалық жабысқақтығының коэффициенті, м2/с. Күнделікті ағыстар үшін v = 1,49. 10-6м2/с қабылдау керек.
    Ескерту - Құбыр (канал) толық толмағанда сұйықтық ағысының орташа жылдамдылығы тең:

    (28)

    мұндағы: Vn - құбыр толық толғанда сұйықтық ағысының орташа жылдамдылығы, м/с;

    RSH, RSn - құбырдың толық емес және толық толғандағы гидравликалық радиустары, м.

    6.5.6 Сұйықтық шығыны qs тең :

    qs = VH×w, (29)
    мұндағы: w - құбырдың осы толғанындағы сұйықтық тасқынының нақтылы қимасы, м2, ол мынаған тең w = Kw×d2.

    hs/d, Rs, RsH/ Rsn, Kwмәндері 1-кестеде келтірілген.
    1 - кесте


    Құбырды толтыру, hs/d

    Гидравликалық радиустың мәні, Rs

    Гидравликалық радиустардың қатынасы, RsH/ Rsn

    Kw

    0,1

    0,2

    0,3

    0,4

    0,5

    0,6

    0,7

    0,8

    0,9

    1,0

    0,0635

    0,1206

    0,1709

    0,2142

    0,2500

    0,2776

    0,2962

    0,3042

    0,2980

    0,2500

    0,2540

    0,4824

    0,6836

    0,8568

    1,0000

    1,1104

    1,1848

    1,2168

    1,1920

    1,0000

    0,0409

    0,1118

    0,1982

    0,2934

    0,3927

    0,4920

    0,5872

    0,6736

    0,7445

    0,7854


    6.5.6 Қысымсыз құбырдың диаметрін оның толуына және ағатын сұйықтық шығынына байланысты 5-қосымшаның номограммасы бойынша анықтау керек.
    6.6 Тіректер мен бекіткіштер
    6.6.1 Канализациялық және ішкі суағар құбырларды жобада көрсетілген жерлерде келесі талаптарды сақтап бекіту керек:

    - бекіткіштер теңелткіштер ретінде пайдаланатын қосулар жағына құбырлар ұзарғанда пайда болатын күштерді бағыттау керек;

    - бекіткіштерді құбырлардың кең қоныштар жанында орналастыру керек;

    - бекіткіштер құбырлардың еңісін және бөлшектердің біліктестігін қаматамасыз ету керек;

    - құбырдың тегіс ұштарында орнатылған бекіткіштер құбырдың есепті температуралық ұзаруларына жол беру керек;

    - диаметрі 50 мм дейін және сақиналардағы қосулары бар 110 мм дейін құбырлар үшін бекіткіштер аралығындағы қашықтық құбыр материалына байланысты тиісті ережелер жинағы бойынша қабылдану керек;

    - жалғаулық бөлшектерде бекіткіштер орнатқанда температуралық ұзаруды теңелту үшін қашықтық ескеру керек. Жалғаулық бөлшектерде бекітікштерді орнатуға мүмкіндік болмағанда көршілес бөлшектер жалғаулық бөлшектің ұзаруын қамтамасыз ететін қашықтықта қамыттармен бекітіледі.

    6.6.2 Құбырдың вертикаль учаскелерінде кең қоныш астында, унитаздар мен басқыштарды тармаққа бекіту үшін пайданылатын құбыршақтар үстіне орнатылатын бекіткіштер болу керек. Гидросұқпалардан су бұратын құбырларда бекіткіштер орнатылмайды.

    6.6.3 Құбырларды төсеу және бекіткіштерді орналастыру алдында санитарлық аспаптарды, суағар құйғыштарды және басқа да ағатын су қабылдағыштарды құрылыс құрылымдарына берік бекіту керек. Металл жалғаулық құбырлардың фланцелі қосуларын құрастырғанда бұрандаларды біркелкі емес тарту арқылы фланцелер қиғаштануын жоюға және сына төсемдері мен тығырықтар көмегімен фланцелер аралықтарындағы саңылауларды жоюға рұқсат етілмейді.
    1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23


    написать администратору сайта