Главная страница
Навигация по странице:

  • 3.40 Беріктік қорының коэффициенті С

  • 3.41 Стандартты өлшемдік қатынас SDR

  • 3.42 Қысым төмендеу коэффициенті С

  • 3.43 Максимальды жұмыс қысымы МОР (МПа)

  • 4 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 4.1

  • 5 ІШКІ ҚҰБЫРЛАР ТОРАПТАРЫН ЖОБАЛАУ 5.1 Жалпы талаптар 5.1.1

  • 5.1.2

  • 5.2 Құбырларды қосу түрлері мен тәсілдері 5.2.1

  • 5.2.6

  • 5.3 Құбырларды төсеу 5.3.1

  • 5.3.4

  • 5.3.9

  • 5.4 Құбырлардың гидравликалық есебі 5.4.1

  • Ескерту

  • 5.5 Тіреулер мен бекіткіштер 5.5.1

  • 5.5.4

  • 5.5.7

  • НСИП. СН РК 4.01.-05-2002. Plastic pipes water supply and sewerage networks design and installation instruction


    Скачать 3.13 Mb.
    НазваниеPlastic pipes water supply and sewerage networks design and installation instruction
    Дата16.10.2022
    Размер3.13 Mb.
    Формат файлаdoc
    Имя файлаСН РК 4.01.-05-2002.doc
    ТипИнструкция
    #737191
    страница12 из 23
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

    3.39 Минимальды ұзақ беріктік MRS (МПа): Құбырлар дайындауға қолданатын материалдардың қасиеттерін анықтайтын, төменгі сенімшілік аралығы 97,5 % құбырларды ішкі гидростатикалық қысымға тұрақтылығын сынау мәліметтерінен 20 0С температура 50 жыл мерзімінде қызмет жасау үшін экстраполяция арқылы алынған және МСТ 8032 бойынша R10 қатардың ең жақын төменгі мәніне дейін жинақталған кернеу. Пластификацияланбаған поливинилхлоридтан (НПВХ) жасалған құбырлар үшін MRS=25МПа.

    3.40 Беріктік қорының коэффициенті С: Төменгі сенімді аралықта беріктік шамасымен есепке алынбаған пайдалану шарттарын және құбырлар компонентерінің сипаттамаларын есепке алатын коэффициент. Материалдардың әр түрі үшін белгіленеді және ережелердің тиісті жинақтарында келтіріледі.

    3.41 Стандартты өлшемдік қатынас SDR: Құбырдың нақтылы сыртқы диаметрі dn мен қабырғаның нақтылы қалыңдығының еn қатынасы. SDR мен S аралық қатынасы мына формула бойынша анықталады (МСТ 18599):
    SDR=2S+1, (3)
    мұндағы S - құбыр сериясы

    3.42 Қысым төмендеу коэффициенті С1: Тасымалданатын судың температурасына байланысты (3-қосымшаны қара) максимальды жұмыс қысымының МОР төмендеу коэффициенті.

    3.43 Максимальды жұмыс қысымы МОР (МПа): Құбырдағы судың максимальды жұмыс қысымы, ол мына формула бойынша есептеледі (МСТ 18599):
    (4)
    мұндағы: MRS - минимальды ұзақ беріктік, МПа;

    С - беріктік қорының коэффициенті;

    SDR - стандартты өлшемдік қатынас;

    Сt - температураға байланысты қысым төмендеу коэффициенті.
    4 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
    4.1 Осы нұсқау ерекше қасиеттерге не полимер материалдарынан жасалған құбырлардың барлық түрлеріне жалпы талаптарды қосады. Полимер материалдарынан құбырлардың әр түрі үшін ерекше талаптар тиісті нормативтік құжаттарда келтірілген.

    4.2 1.1-т. көрсетілген құбырлардың жүйелерін жобалағанда және құрастырғанда әрекеттегі мөлшерлік құжаттардың ҚР ҚНжЕ 4.01-02-2001; ҚНжЕ 2.04.03-85; ҚНжЕ 2.04.01-85*; ҚНжЕ 3.05.04-85*; ҚНжЕ 3.05.01-85*; ҚР ҚНжЕ 1.03-05-2001 және басқа стандарттардың, ҚР ҚНжЕ 1.01-01-2001-ге сәйкес бекітілген техникалық шарттар мен ведомстволық мөлшерлік құжаттардың талаптары және тағы пластмассалы құбырлар мен үлгілі бөлшектерді өндірушілер мен жабдықтаушылардың ұсыныстары орындалу керек.

    4.3 Құбырлар жүйелерін жобалау: құбырлар типін, жалғаулық бөлшектер мен арматураны таңдауға; гидравликалық есепті, гидростатикалық қысым мен сыртқы жүктер ықпалынан құбырды беріктікке және тұрақтылыққа есептеуді орындауға; төсеу тәсілін және құбыр материалдары мен қосулар кернеуі күшеюсіз құбыр ұзындығының жылылық өзгеруін теңгеруді қамтамасыз ететін жағдайлар таңдауға байланысты.

    4.4 Құбырлар, сумен жабдықтау және канализация жүйелерінде қолданылатын полимер материалдарынан жасалған жалғаулық бөлшектер мен элементтер, тығыздағыш материалдар, майлау заттары, желімдер және т.б. ҚР сертификаттары не техникалық куәліктері, ал шаруашылық-ауызсумен жабдықтау жүйелері үшін - жергілікті тазалық-эпидемиологиялық басқармасының берген гигиеналық қорытындысы болу керек.

    4.5 Полимер материалдарынан жасалған құбырлардың типін таңдағанда келесі факторларды есепке алу керек:

    - құбырдың атқаратын міндеті;

    - тасымалданатын және сыртқы химиялық ортаның құрамы және олардың концентрациясы;

    - орташа ұласу ұзақтығы мен мерзімділігі;

    - ішкі қысым және сыртқы күштер;

    - жалғаулық бөлшектер, арматура және тығыздағыш материалдарының физика-механикалық қасиеттері;

    - құбырлар мен жалғаулық бөлшектердің өлшемдері;

    - құбырлар мен үлгілі бөлшектерді қосу әдісі;

    - қызмет атқару мерзімі.

    4.6 Құбырлар мен жалғаулық бөлшектерді өндіргенде қолданылатын кейбір полимер материалдарының негізгі физика-механикалық қасиеттері 1-қосымшада келтірілген.

    4.7 Полимер материалдарынан жасалған құбырлардың жіктеуі «SDR» көрсеткіші бойынша және «S» сериялары бойынша 2-қосымшада келтірілген.

    4.8 Әр түрлі заттарды тасымалдау үшін құбырларды таңдау бойынша ұсыныстар 3-қосымшада келтірілген.

    4.9 Полимер материалдарынан жасалған құбырлардың және оларға үлгілі бөлшектердің түржиындары, сондай-ақ, құбырлардың геометриялық өлшемдері мен олардың параметрлері 7-13-қосымшаларда келтірілген. Қосымшаларда келтірілген түржиындар бойынша құбырлар мен үлгілі бөлшектерді таңдағанда қазіргі уақытта шығарылатын бұйымдар номенклатурасы туралы дайындаушы зауыттардың мәліметттерін пайдаланған жөн.
    5 ІШКІ ҚҰБЫРЛАР ТОРАПТАРЫН ЖОБАЛАУ
    5.1 Жалпы талаптар
    5.1.1 Суық және ыстық сумен жабдықтау жүйелері үшін құбырлар материалын таңдауды құбыр жүйелері құбырларының осы не басқа түрлерін жобалау және жинақтау ережелерінің жеке жинақтарын басшылыққа алып құбырлардың атқаратын міндетін және жұмыс жағдайларын, тасымалдайтын судың температурасын, сондай-ақ, құбырлардың қызмет істеу мерзімін есепке алып өндіру керек.

    5.1.2 Шаруашылық және ауыз сумен жабдықтауға арналған полимер материалдарынан жасалған құбырлар мен жалғаулық бөлшектері таңбасында «Ауыз су» деген сөз болу керек.

    5.1.3 Ыстық судың ішкі құбыры үшін арналған полимер материалдарынан жасалған қысым құбырлары және олардың қослыстары судың 750С температурасының үздіксіз әсер ету жағдайларына және пайдалануға есеп мерзімі 25 жылдан кем емес деп есептелу керек.
    5.2 Құбырларды қосу түрлері мен тәсілдері
    5.2.1 Ішкі сумен жабдықтауға арналған қысым құбырлары полимер материалының түріне байланысты қосылу керек:

    - кең қоныш пісіруде (полиэтиленді, полипропиленді, полибутенді және басқалары);

    - кең қоныш желімде (поливинилхлоридті, әйнек-пластикалы, базальт-иілімді және басқалары);

    - ажырайтын және ажырамайтын жалғаулық бөлшектер арқылы механикалық жолмен (металл-полимерлі, «тігілген» полиэтилен және басқалары) қосылу керек.

    5.2.2 Пластмасса құбырларының, жалғаулық бөлшектердің және арматураның қосылу тәсілдері және оларды орналастыру орындары:

    - құбырдың атқаратын міндетіне;

    - материал қасиеттеріне;

    - құбырлардың, жалғаулық бөлшектердің және арматураның түріне, номенклатурасы мен өлшемдеріне;

    - жұмыс қысымына және тасымалданатын су температурасына;

    - тасымалданатын заттың түрі мен қасиеттеріне;

    - құбырдың мөлшерлік қызмет ету мерзіміне;

    - құбырды төсеу тәсіліне және құрылыс-жинақтау жұмыстарын орындау жағдайларына;

    - қоршаған ортаның температурасына;

    - тегістеу шешімдеріне байланысты жобамен белгіленеді.

    5.2.3 Қосу түрін құбырдың герметикталығын және беріктігін пайдаланудың барлық жобаланған мерзімінде, сондай-ақ, құбырды құрастырғанда және жөндеу қажет болғанда технологиялығын қамтамасыз ету шарттарынан қабылдау керек.

    5.2.4 Ажырайтын қосылыстар құбырға арматура орнататын және жабдыққа қосатын және де пайдалану барысында құбыр элементтерін бөлшектеуге мүмкіншілік болатын жерлерде қаралу керек.

    5.2.5 Әр текті желімденбейтін және пісірілмейтін модификацияланған және композициялық полимер материалдарынан жасалған құбырларды қосу механикалық қосылыстар көмегімен жүзеге асырылады, олардың қолданылу құрылымы мен технологиясы нақтылы полимер материалы үшін өндірушілер мен жабдықтаушылар мәліметтері бойынша белгіленеді.

    5.2.6 Қосылыстардың металл бөлшектері тоттануға төзімді материалдан дайындалу керек.

    5.2.7 Қосылыстардың қызмет ету мерзімі құбылардың қызмет ету мерзіміне сәйкес келу керек.
    5.3 Құбырларды төсеу
    5.3.1 Сумен жабдықтау құбырларын тарту құбырлар материалының физикалық (химиялық) және механикалық қасиеттерін және оларды қосу тәсілдері мен ҚНжЕ 2.04.01-85* көрсетілген талаптарды есепке алып өндіріледі.

    Құбырларды пісірумен құрастырғанда құбырлар төсеуінің дәстүрлі нұсқаларын қолдануға болады – айналмалы және тұйықты, құбырларды жүйенің жалғаулық бөлшектері көмегімен қосқанда коллекторлы тораптар қолданып, оларды тиек және реттеуші арматураны, құбырлар учаскелерін қосатын және су шығынының санын есептейтін аспаптар тораптарын орналастырып орындау ұсынылады.

    5.3.2 Құбырлар әдеттегідей жасырын (шахталарда, штробтарда және т. б.) төселу керек. Құбырларды ашық төсеу су алатын, арматураға су жеткізетін жерлерде, сондай-ақ, олардың механикалық бүлінуін болдырмайтын жерлерде рұқсат етіледі.

    Құбырларды үй асты қабатының бөлмелерінің аражабындарының астынан тек механикалық бүлінуден қорғау алдын-ала ескерілсе ғана жүргізуге болады.

    Көлденеңінен төсегенде пластмассалы құбырлардан жасалған су жүргізетін желінің учаскелерін су әкететін құбырлардан жоғары төсеу керек. Агрессивті, уытты, иісі шығатын сұйықтықтарды тасымалдайтын су әкететін құбырдан жоғары төсеуге мүмкіндік болмай қалғанда су құбырын тек пісірілген не желімденген қосулармен жобалау керек.

    5.3.3 Құбырларды жобалағанда құбырлардың теңгеру қабілетін толық пайдалану керек. Оған төсеудің ұтымды нұсқасын таңдау арқылы және құбырды учаскелерге бөлетін қозғалмайтын тіректерді дұрыс орналастырумен жетуге болады, бұл жағдайда температуралық деформация бір-бірінен тәуелсіз болады және ол құбырдың теңелту элементтерімен қабылданады.

    Тіректерді орналастыру келесі жүйелілікпен жүргізіледі:

    - құбыр желісінде оның элементтерімен құбырлар ұзындығының температуралық өзгерістерін теңелтуді есепке алып қозғалмайтын тіректерді орналастыратын орындар белгіленеді;

    - есеппен учаскелердің теңелту қабілеттілігі тексеріледі;

    - жылжымалы және қозғалмайтын тіректер орналасуы белгіленеді.

    Құбыр ұзындығының температуралық өзгерістері оның элементтерінің теңелту қабілетінің шамасынан асып кететін жағдайда, дағдыдағыдай қозғалмайтын тіректер аралығының ортасында қосымша теңелткіш орнату керек.

    Тіректерді орналастырғанда құбыр өсіне перпендикулярлы жазықтықта құбырдың ауыспалылығы беттен қабырғаға дейінгі қашықтық пен шектелуін еске алу керек.

    5.3.4 Тиек және су жинайтын арматурасында арматураны пайдаланғанда туатын күштер құбырларға берілмес үшін құрылыс құрылымдарында қозғалмайтын бекіткіш болу керек.

    5.3.5 Полимер материалдарынан корпусы бар диаметрі 32 мм дейінгі тиек арматурасын құрылыс құрылымдарына бекіткішсіз орнатуға рұқсат етіледі.

    5.3.6 Паралелльді төселгенде және полимер материалдарынан жасалған түйісетін құбырлар және басқа материалдардан жасалған құбырлар, оның ішінде болат, арасындағы қашықтық нормативтік құжаттармен белгіленеді.

    5.3.7 Кесінділер мен штробтардағы жасырын төсемдер олардың элементтерін механикалық бұзылусыз пластмасса құбырларының деформацияларын теңелту мүмкіншілігін қамтамасыз ету керек.

    5.3.8 Құбырлардың фланцелі қосуларын құрастырғанда бұрандаларды біркелкі емес тарту арқылы қиғаштығын жоюға және сына төсемдері мен тығырықтар арқылы фланцелер аралығындағы саңылауларды жоюға рұқсат етілмейді.

    5.3.9 Полимер материалдарынан жасалған құбырларды жасырын төсегенде кесінділер немесе каналдарда қатты үшкір шығыңқы жерлер болмау керек.

    5.3.10 Бұрандалы қосындыларды құрастырғанда металл және пластмассалы құбырлар мен бөлшектердің біліктестігін сақтау керек.
    5.4 Құбырлардың гидравликалық есебі
    5.4.1 Тұтынушыға су беруге қажет қысымның шамасы Нқұб. мына формуламен анықталады:
    Нқұб.=åіtl + åhж.к.+ hгеом.+ hк (5)
    мұндағы: іt - t,0C су температурасында қысымның меншікті шығыны

    (құбырдың ұзындық бірлігінің қысым шығыны), м/м;

    l - құбыр учаскесінің ұзындығы, м;

    hж.к - қосулар түйістерінде және жергілікті кедергілерде қысымның шығыны, м;

    hгеом.-геометриялық биіктік (құбырдың есеп учаскесінің ең жоғары нүктесінің белгісі), м;

    hк – құбырдан төгудегі кедергісіз қысым, м (санитарлық-техникалық аспаптар үшін ҚНжЕ 2.04.01-85* 2-қосымшасы бойынша алынады)
    Ескерту - åhж.к - åіtl 20-30% тең қабылдауға рұқсат етіледі.
    5.4.2 Қосулар түйістеріндегі гидравликалық кедергіні есепке алмай ұзындық бірлігіне қысым шығындарын мына формула бойынша анықтау керек:

    (6)
    мұндағы: іt - құбырдың ұзындығы бойынша гидравликалық кедергінің коэфициенті;

    V - су жүрісінің орташа жылдамдығы, м/с;

    g - кедергісіз құлау үдеуі, м/с2;

    dp- құбырдың есеп (ішкі) диаметрі, м.
    Гидравликалық кедергінің коэффициентін l мына формуламен анықтау керек:
    (7)
    мұндағы: В - су ағысы ережелерінің ұқсастық саны;

    Reф - Рейнольдстың шын саны;

    Кэ - баламалы кедір-бұдырлық коэффициенті, м;

    ережелердің жеке жинақтарында келтіріледі, бірақ 0,00001 м кем емес,

    Су ағысы ережелерінің ұқсастық саны мына формула бойынша анықталады:

    (8)
    b≤1 болғанда (ағыстың ламинарлы ережесі) 6;7-формулалары жарамсыз; b>2 болғанда

    b=2 тең алу керек

    Рейнольдстың ақиқат саны мына формула бойынша анықталады:

    (9)

    мұндағы: v - судың кинематикалық жабысқақтығы, м2/с.

    Судың турбулентті жүрісінің гидравликалық кедергісінің шаршы аймағының басына тиісті Рейнольдс саны мына формуламен анықталады:

    (10)

    5.4.3 Жоғарыда келтірілген формулалар бойынша ұйғарымды есептер үшін 4-қосымшада келтірілген номограммаларды пайдалануға болады.

    1 және 2-суреттердегі номограммалар температурасы 100С суды тасымалдағанда үйкеліске меншікті шығындарды анықтауға арналған.

    3 және 4-суреттердегі номограммалар бойынша егер су температурасы 100С айырмашылығы болса 1000 і10 шамасына түзету коэффициенті Кт анықталады.
    5.5 Тіреулер мен бекіткіштер
    5.5.1 Полимер материалдарынан жасалған құбырлар құрылыс құрылымдары арқылы өтетін жерлерде гильзаларға орап салу керек. Гильза ұзындығы құрылыс әрлеу материалдарының қалыңдығы құрылыс құрылымдарының қалыңдығынан асу керек, ал еден бетінен 20 мм көтеріңкі болу керек.

    5.5.2 Полимер материалдарынан жасалған құбырлар үшін өстік бағытта құбырлардың ауыспалылығына жол беретін жылжымалы тіреулер және мұндай ауыспалыққа жол бермейтін қозғалмайтын тіреулер қолданылады.

    5.5.3 Құбырлардағы қозғалмайтын тіреулерді құбыр денесіне пісірілген не желімделген берік шығыршықтар арқылы, диаметрі 160 мм дейінгі құбырлар үшін - муфталар немесе диаметрі 160 мм артық құбырлар үшін - сегменттер көмегімен орындау керек.

    Тіреулерді орналастыру сұлбалары 1-суретте келтірілген.

    1-сурет. Қозғалмайтын тіреулерді орналастыру мысалдары.
    Құбырды қысу арқылы тіреуде жылжымайтын бекіткіш жасауға рұқсат етілмейді.

    Жылжымалы тіреулер ретінде ішкі диаметрі құрастырылатын құбырдың сыртқы диаметрінен 1-3 мм (төсемді және жылу ұлғаюын есепке алғанда) артық металл не полимер материалынан жасалған аспалы тіреулер немесе қамыттар қолдану керек.

    Құбыр мен металл қамыт аралығында жұмсақ материалдан жасалған төсем салу керек. Төсем ені қамыт енінен кем дегенде 2 мм артық болу керек.

    5.5.4 Қозғалмайтын тіреулердің орналастыруын құбырлардың учаскелері ұзындығының температуралық өзгерістері олардың теңелту қабілетінен аспайтын етіп қабылдау керек.

    5.5.5 Құбырларды құрылымдық түсінік бойынша есептік қашықтықта бекіткіштерді орнатуға мүмкіндік болмағанда жаппай негізге орнатуға рұқсат етіледі.

    5.5.6 Көлденең құбырлардың бекітілмеген ұзындығы бұрылыстар және оларды аспаптарға, жабдықтарға, фланцелі қосылыс жерлерінде 0,5 м аспау керек (2-сурет).

    2-сурет. Құбырларды шахталарда төсеу

    5.5.7 Қабатаралық жабуларда және қабырғаларда штробтарда, коробтарды сынау бойынша барлық жұмыс аяқталған соң орындау керек.
    5.6 Құбырлардың температуралық ұзаруын теңгерту
    5.6.1 Жобалау және құрастыру кезінде құбыр ұзындығының едәуір температуралық өзгеруін есепке алу керек және оларды теңелту бойынша тиісті шаралар қолдану керек.

    Құбыр ұзындығының температуралық өзгеру шамасын Dl мына формула бойынша анықтайды:

    Dl = aDTL, (11)
    мұндағы: a - құбыр материалының жылылық ұзындық ұлғаюының коэффициенті, 0С-1;

    DT - құбырдың ең үлкен және ең аз температураларының аралық айырымы;

    L - құбыр ұзындығы, м.
    1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23


    написать администратору сайта