Главная страница
Навигация по странице:

  • Фармакодинамикасы

  • 22.ревмотоидты артритте колданылыды...

  • фарм емтихан толық. Ранитидин20 таблеткасына рецепт жазыыз


    Скачать 131.46 Kb.
    НазваниеРанитидин20 таблеткасына рецепт жазыыз
    Дата29.01.2020
    Размер131.46 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлафарм емтихан толық.docx
    ТипДокументы
    #106359
    страница1 из 4
      1   2   3   4

    50 БАЛЛ

    1-билет

    1.Қазіргі кезде Циметидин дәрісі медицина тәжірибесінде жиі қолданылмайды. Себебі неде?Циметидин әсер механизмі және қай топтың дәрісі? Ранитидиннің 20 түймедәрісіне(таблетка)рецепт жазыңыз. Анықтаңыз, 0,02% – ерітіндінің 5миллилитрінде неше грамм зат еріген?

    Циметидин- H2 гистамидік рецепторларды тежейтін зат тобына жатады. Асқазанның хлорлы сүтек қышқылының экскрециясын төмендететін негізгі заттар.

    Циметидин-таңдамалылығы белсенділігі және әсер ету механизмі ұзақтығы бойынша 5-10есе ранитидиннен төмен. Әсері 6 сағ. жуық сақталады. Антиандрогендік әсері бар. (Андрогендік гармондардың рецепторларын тежейді) Соған байланысты еркектерде жыныстық қызметіның бұзылуы және гинекомастияны(сүт безінің ұлғаюы)шақырады. Бауырдың микросамалды энзилдер жүйесіне тежегіш әсер көрсетеді.Аралас функциялы оксидазаларға жататын цитохром р-450 рецепторларымен байланысады сондықтан бірқатар дәрілік заттардың-диазепамның, анаприлиннің,теофелиннің ж.е т.б әсерін күшейтуі мн.

    Циметидинді ұзақ қолданғанда шетки қан құрамын бақылап тұрған жөн себебі ол лейкопения тудыруы мн.

    Қазіргі кезде медицинада жиі қолданылмауының ең бастысы андрогенді рецепторды тежеуі болып саналады.Бауыр макросамалды ферментін тежеуі болып саналады.

    Ранитидин-20 таблеткасына рецепт жазыңыз.

    Recipe.: Ranitidini 0,15

    Da tales doses №20 in3 tabulettis

    Signa. Ішке күніне 1 таблеткадан 1рет қабылдау үшін.

    Тәуліктік дозасы-0.15

    Шығарылу түрі-0.15, 0.2, 0.3

    Анықтаңыз; 0.02% -5миллитринде неше грам зат еріген.

    0.02% -100мл

    Х - 5мл

    Х = 0.001гр

    2-билет

    2.Нитроглицерин дәрілерінің қолданылуы әсер механизмі негізгі жағымсыз әсерлері қолданылуына қарсы көрсетпелері нитроглицериннің 50 түймедәрісіне таблетка рецепт жазыңыз. Нитроглицериннің бір түймедәрісінде неше мг нитроглицерин бар?

    Нитроглицерин- нитраттар тобының (азот қышқылы ж.е глицериннің әсерлері) өкілі болып табылыды.

    Нитроглицериннің антиангиналдың әсері көп дәрежеде оның экстрокардиалдық ықпалына байланысты. Стенокардия ұстамасын жоюдың негізгі себебі нитроглицеринмен веноздың сонымен қатар артериялық қысымды сәйкесінше веноздық қанның қатуын төмендету мен қан ағымына кедергіні азайту және нәтижесинде жүрекке дейінгі және кейінгі жүктемені төмендету болып табылады. Бұл жүрек жұмысының және оның оттегіге қажеттілігінің азаюна әкеледі. Бұл жағдайда бар қанмен қамтамассыз етілу деңгейі ж.е оксигенация ағза үшін адекватты болады ж.е гипоксия жойылады.

    Миокартық ишнмияға ұшыраған аймағының нитроглицерин қанмен қамтамассыз етілуін жақсартатыны маңызды. Қарынша қабырғасының диасталалық кернеуінің азаюынан миокарттың субэндокрдиалдық бөлігінің қанмен қамтамассыз етілуін жақсартады.

    Жағымсыз әсерлері- рефлекторлы тахикардия(артериялық қысымның түсуімен байл компенсаторлық р-я) бастың ауруы бастың айналуы. Әсерлі преп. 1-ші рет енгізгенде байқ. Үлкен дозада коллапс болуы мн.

    Қолдануға қарсы көрсетпелер айқын гипотензия, коллапс, геморрагиялық инсульт,гипетиреоз,анемия,ми қан бұзылыстары,бүйрек жетиспеушілігі кезінде қолданылмайды.

    Recipe.:Nitroglycerini 0.0005

    Da tales doses №50 in tabulettis

    Signa.тіл астына 1-2 таблеткадан күніне 1-2 ретке қабылдау үшін.

    Флакон 5мл-1% Таблетка 0.0005г

    1% майлы ерітінді Капсулада 0.0005г ж.е 0.001

    Нитроглицериннің 1 таблеткасында неше мг нитроглицерин бар. 1 таблетка 0.0005гр 0.0005*1000=0.5мг зат бар.
    3 Вариант

    3.Мына келтірілген дәрілердің ішінен жүрек жұмысының созылмалы жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілерді, таңдап алыңыз.Дәрілер: Дигитоксин,дигоксин,эфедрин гидрохлорид,изадрин, каптоприл, индометацин, фуросемид,верошпирон,кандесартан,ацетилсалицил қышқылы,атропин сульфаты,бисопролол. 5ампуладағы Дигоксин ерітіндісіне рецепт жазыңыз.0,00005г грамм затты миллиграмға айналдырыңыз,қанша мг болады?

    Дигоксин Фуросемид Верошпирон Каптоприл дәрілері болады.

    Қосымша.Жүрек созылмалы жетіспеушілігінде ААФ вазопептидаза тежегіштері, кардиотониктер, диуретиктер, спиронолоктон, вазодилататорлар қолданылады

    Recipe.: Solutionis Digoxini 0, 025 % -1 ml

    Da tales doses. №5 in ampullis

    Signa. Күніне 1реттен көк тамырға енгізу үшін.
    Т.д 0,00025 г 0,025 - 100мл

    Х – 1мл

    Х=0,00025

    1гр-1000мг

    0,00005 грамм – Х мг

    0,00005 гр * 1000= 0,05 мг

    .
    4Вариант

    Құрамы күрделі Пилорид дәрісінің құрамында қандай дәрілер бар? Құрамына кіретін дәрілердің жеке-жеке әсер механизмін жазыңыз. Пилорид дәрісінің қолданылуы.Осы дәріге рецепт жазыңыз.Натрий хлоридінің 10 мл изотоникалық (0,9%) ерітіндісінде неше мг Натрий хлорид еріген?

    Пилорид- Асқазан ойық жарасы дамуында Helicobacter pylori маңызын ескеріп, өзіне H2- гистаминдік рецепторларды тежейтін қасиеін Helicobacter pylori жөнінде жоғары бактерицидтік әсермен біріктірілген ранитидин, висмут, цитрат(пилорид), препараты алынған. Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жарасын емдеуде препараттың емдік тиімділігі жоғары.
    Мұндай препараттар хлорлысутек қышқылы және пепсиннің эрозиялық әсерімен гастродуоденальді шырышты қабаттың қорғаныс механизмі арасындағы баланстың бұзылуынан дамитын, асқазанның жане он екі елі ішек шырышты қабатының ойық жаралы зақымдалуында қолдананды.

    Сондықтан, мұндай патологияны емдеу, негізгі тактикасы асқазан бездерінің секреторлық белсенділігін төмендету жане цитопротекторлық механизмдерді күшейту болып табылады. Бұл препарат H2- гистаминдік рецепторлар аденилатциклазамен байланысқан. Н2-РЕЦЕПТОРЛАР гистаминмен қозғанда жасуша ішінде ЦАМФ деңгейі артады. Бұл кезде асқазанның париетальды жасушаларының секреторлық белсенділігі жоғарылайды. H2- гистаминдік рецепторлардың тежелуі гистаминнің бәсекелес антогонистері болып табылды. Оның өте айқын тиімділігі асқазанның шырышты қабаты бездерінің секрециясына әсерімен байланысты. Аз дарежеде пепсиноген жане ішкі касл факторы секрециясы тежеледі. Асқазан сөлінің мөлшері азаяды.
    Осы дәріге рецепт жазыңыз.

    Recipe.: Pyloridі 0,4

    Da tales doses N10

    Signa. 1 таблеткадан, кунине 2 рет ішке қабылдау үшін.

    NaCL 10 мл изотоникалық (0,9) ерітіндісінде неше мг NaCL еріген

    0,9= 100мл 0,09грамм 90мг болады

    Х= 10мл

    Х= 0,09 жауабы: 90мг натрий хлоры еріген.
    5Вариант

    Панкреатиннің құрамы,қолдану қөрсетпелері.Әсер механизмі. Панкреатиннің 30 түймедәрісіне (таблетка)рецепт жазыңыз.5%- глюкоза ерітіндісінің 50миллилитрінде неше грамм глюкоза еріген?Есептеп шығарыңыз.

    Ұйқы безінің жетіспеушілігінде орын басушы ем үшін панкреатинді (ірі қара малдың ептірілген ұйқы безінен алынған ұнтақ) қолдануға болады. Ол трипсин мен амилазадан тұратын ферментті препарат болыып табылады. ПАнкреатинді созылмалы панкреатитте, энтероколитте қолданылады. Оны тамақтың алдында ішке тағайындайды. Панкреатин ферментті препарат құрамында ұйқы безінің ферметті амилаза, липаза, протеаза бар. Олар майлардың, ақуыздардың, көмірсулардың қорытылуына ықпал етеді. Ұйқы безінің сыртқы сөлінісі жеткіліксіздігінің орнын толықтырады. Асқазан ішек жолынан сіңбейді, нәжіс арқылы шығарылады.

    Панкреатинді қолданылуы:

    Ұйқы безінің сөлініс бөлінуінің жеткіліксіздігінде

    Асқазан ішектің, бауырдың, өт қабының созылмалы қабынуы, дистрофиялық ауруында

    Асқазан ішек жолдарыныың қызметі қалыпты адамдарда тамақтануда ақау болғанда, ас қорытылуын жақсарту үшін.
    Recipe.: Pancreatini 0,5

    Da tales doses N30 in tabulettis

    Signa. 1таблеткадан күніне 1-2 рет ішке қабылдайды.

    5% глюкоза ерітіндісі = 50 мл неше гр глюкоза еріген

    5% - 100мл

    Х – 50мл

    Х=2,5 Жауабы: 2,5 гр зат еріген.

    6-билет

    . және адреномиметик дәрілердің ішінен бронх демикпесңн басатын дәріні таңдап алыңыз.оның әсер механизмін жазыңыз. Негізгі жағымсыз әсерлерін жазыңыз. Таңдап алған дәріге рецепт жазыңыз. Сигнатурасын көрсетіңіз.анықтаңыз 0.0006г затқа неше мг зат сәйкес келеді.

    Сальбутамол, фенотерол қолданылады.

    Сальбутамол β2 адренорецепторларды айрықша қоздырады.

    Бронхтарда симпатикалық жүйкелену жоқ. Бірақ бронхтарда айналымдагы адреналин ж.е сырттан енгизилнтін адренотропты дәрілер әсер ететин жүйкеленбейтін β2-анреноблакаторлар бар β2- адренорецепторлардың қуатттандыруы бронхтардың кеңеюіне әкеледі. Бронхтардың шырышта қабатының ісінуін шақырады,қан тамырларының өткізгіштігін жоғарылатады, шырышты қабаттардың лейкоциттермен сүзілуіне ықпал етеді., шырыштың жоғары сөлденісін шақырады. Осының бәрі бронх түйілуінің өтуін ауырлатады сондықтан оларды емдеудің аналгетик оның дамуын қуаттандырып ыкпалдарды жою ж.е бронхилитикалық емдеу ғана емес қабыну урдісінде басу кк.

    β2-адреномиметиктер жылдам әсер ететін бронходилататорлар болып табылады. Қақырық бөлінуіне ықпал етеді.

    Жағымсыз әсерлері- тремор, тахикардия,мазасыздық,аритмия ж.е аккомодация бұзылуын ж.е т.б тұдырады.

    Recipe.: Aerozoli Solbutamoli 10ml- №1

    Da.Signa.Ауызға ингаляция түрінде күніне 4-5 рет 5-10мин сайын қайталау арқылы бронх демікпесі кезінде қабылдау үшін.

    Есептеңіз:

    0.0006г зат-0.6мг болады.
    7-билет

    7. Мына келтірілген дәрілердің ішінен (Сустак форте,триметазидин, нитроглицериннің спиртті ерітіндісі) стенокардия ұстамасының басатын дәріні таңдаңыз.Оның әсер механизмі,негізгі жағымсыз әсерлері. Таңдаған дәріге рецепт жазыңыз.Сигнатурасын көрсетіңіз.Анықтаңыз.Адреналиннің 0.5мл-0,1% ерітіндісінде неше мг адреналин гидрохлориді еріген?

    Нитроглицериннің-спиртті ерітіндісі қан тамырны кеңейтетін ж.е антиагрегатты қасиеттерге ие простациклин өндірілуін қуаттандырады. Миокардтық жиырылуын жақсартады, эпикардтағы ірі тәж қан тамырларын кеңейтеді тәж артерияларының түйілуін жояды.

    Жалпы шеткерлік кедергінің төмендеуі артерияның кеңеюі артериялды қысымның төмендеуі. Миокардтың оттегіге қажеттілігі төмендейді.

    Жағымсыз әсерлері-жанама әсері организмнің гемодинамикалық ж.е метоболиттікәсерімен байл іші қысымын жоғарылатады. Бұл ми қабықшасының көк тамырының кеңеюімен ж.е оның өткізгіштігінің жоғарылауымен байл.
    Recipe.:Solutionis Nitroglucerini 1%-5ml (1ml)

    Da tales doses №10 in ampullis

    Signa.Тіл астына күніне 1-2 тамшыдан 1-2 рет қабылдау үшін.
    0.1-100мл 0.0005х1000=0.5 мг

    Х-0.5мл

    Х =0.0005гр еріген
    8-билет

    6.Артерияалды гиперт. Емдеу кезінде өте жақсы нәтіже беретін дәрілер қатарынан жоғары орын алатын зәр айдайтын дәрілер тобының дәрісін атаңыз. Дәрінің әсер мех жаз, организмнен оң зарятталған қай ионды шығарады. Осы дәріге рец жаз. 12.5мг зат неше граммға сәйкес келеді.

    Дихлотиазид– біріншілік зәрдің ағымымен ол дистальды өзекшелерінің бастапқы бөліктеріне жетеді.Осы жерде олар Na -Cl тасымалдаушы жүйесін тежей отырып,натрий мен хлор иондарының реабсорбциясын тежейді.Сонымен қатар ол проксимальды өзекшелерге де аздап әсер етеді яғни бұл әсер карбоангидразаны тежеп гидрокарбонаттың реабсорбциясы төмендеумен көрінеді.Артериялық гипертензия кезінде АҚ төмендетеді артерияны кеңейтеді.

    К иондарының секрециясын арттырады.Магний ионыныі экскрециясын бұзады.Осының әсерінен натрий,хлор,калий,магний иондарының және HCO3 бөлінуі жоғарылайды.Егер ұзақ уақыт қолданған жағдайда кальций иондарының бүйрекпен эсккретциялануын төмендетеді.

    Recipe.:Dichlothiazidi 0,1

    Da tales doses №10 in tabulettis

    Signa. Ішке күніне 1таблеткадан 1рет қабылдау үшін.
    Recipe.: Dichlothiazidi 0,25

    Da tales dases №10 in tabulettis

    Signa.Ішке күніне 1-2 таблеткадан 1-2рет қабылдау үшін.

    Тәу.доза. 0.1, 0.25, 0.05
    Есептеңіз 12.5мг:1000=0.0125г болады.

    9 Вариант

    Мына дәрілердің ішінен (гигронии,натрий гидрокарбонаты және пирензепин) асқазан сөліндегі тұз қышқылының секрециясын төмендететін,дәріні таңдап алыңыз.Таңдап алынған дәрінің әсер механизмін түсіндіріңіз,негізгі жағымсыз әсерлері.Таңдаған дәріге рецепт сәйкес келеді?

    Пирензепин-әсері базальдық және әр түрлі тітіркендіргіштермен шақырылған хлорлы сутек қышқылымен пепсиногеннің сөлденісі тежелуімен көрінеді.Пирензипин тағамға тітіркенуге жауап ретінде гастриннің босап шығуын төмендетеді және тітіркенуді тудырады.Пирензипин белгілі дәрежеге дейін асқазанның шырышты қабатының зақымдануға тұрақтылығын жоғарылатады.Бұл асқазан сөлінің төменедеуіне байланысты емес гастропротекторлық әсер деп аталады.Осындай мәліметтерде бар.Простагландиндерге ұқсас әсер көрсетеді.Бірақ пирензепиннің гастропротекторлық әсеріне простогландиндер қатыспайды Пирензепин аз дәрежеде сілекей бездерінің сөлденісін төмендетеді.Ол асқазан-ішек жолынан толық сорылмайды.Сорылған бөлігі бүйрекпен және өзгерілмеген түрінде өт арқылы шығарылады.

    Негізгі жағымсыз әсері ауыздың құрғауы,диарея,аллергия реакциялар,аккомадация.

    Recipe.:Solutionis Pirenzepini 0.5%-2 мл

    Da tales doses №5 in ampullis

    Signa.Көктамырға 8-12 сағат сайын изотониялық NaCl ерітіндісімен бірге 1 рет енгізу үшін

    0.005 гр неше мг 0.005х1000=5 мг
    10 Вариант

    Тиментин дәрісінің құрамын,әсер ету механизмін,қолдану көрсетпесін жазыңыз.Осы дәріге рецепт жазыңыз.Дәріні парентеральді түрде енгізу үшін,ол стерильді флаконда ерігіш құрғақ зат ретінде шығарылады.200 миллилитр өсімдік тұндырмасын(infusum),науқас адам 1ас қасықпен күніне 3рет ішкенде, 200мл тұндырма неше күнге жетеді?

    Тиментин комбинирленген препарат құрамында тикорцилин, натрии тұзы калий тұзы. Тикорцилин жартылай синтетикалық пеницилиндер тобына жатады.Бактерицидтік әсер көрсетеді.Ұзақ әсер ететін антимикробтық қасиетт ие.Грам оң грам теріс бактерияларға ықпал жасайды.

    Клавулан қышқылда бар құрамында.

    Қолданылады бактериялық инфекциялар,бронхит,пневмония,несеп жолдары инфекциясы,сепсис,абдеминальдық,кіші жамбас инфекция сүйек және қантамыр инфекция кезінде қолданылады.

    Тикарциллин 3,0+клавулан қышқылы0,1г=3.1

    Recipe.:Timentini 3.1

    Da tales doses №10

    Signa.Күре тамырға,4-6 сағат сайын 3.1 грамм дәрілік ұнтақты 0.9% -200 мл изотонды натрий хлор ерітіндісінде ерітіп,тамшылатып енгізу үшін.

    1 ас қасық-15мл

    Күніне 3 рет=15*3=45мл

    45*4күн мл ішсе=180 мл болады.4күнге жетеді

    11 Вариант

    Сульфаниламид дәрілерін атаңыз,әсер механизмі.Аугментин (Амоксиклав) дәрісінің 30 түймедәрісіне (таблетка)рецепт жазыңыз.1,0грамм дәрілік затты миллиграмға айналдырғанда,ол неше миллиграмм болады?

    Пневмококтар менингококктар гонококктар гемолитикалық стрептококқа айрықша белсенді.

    Сулфаниламид-этазол.Уросульфан,сульфазин,фталозол,сулфадиметоксин.

    1.Әсерлері ұзақ этазол, уросулфан,сулфазин.

    2.Әсерлері қысқа-суфаперидазин,сулфадиметоксин

    3.Ішектер саңылауында әсер ететін фталозел

    4.Жергілікті қолданылатын –сульфацил,сульфадиазин-күміс.

    Сульфаниламидтердің антимикробтық әсерлерінің механизмі олардың параминобензой қышқылымен бәсекелес антогонизміне байланысты болады.парааминобензой көптеген микроағзалар синтездейтін дигидрофолий қышқылының құрамына кіреді.Сульфаниламидтердің параминобензой қышқылымен химиялық тұрғыдан ұқсастығы нәтижесінде оның дегидрофолий қышқылына айналуын тоқтатады..бұдан бөлек олар бәскелестікпен дегидроптероатсинтетаза ферментің бәсекелес тежейдіДегидрофоль қышқылы синтезінің бұзылуы нан тетрагидрофоль қышқылының синтезделуі азайады,.бұл олар пуриндік және пиримидиндік синтезі үшін керек.Оның нәтижесінде нуклеин қышқылының синтезін төмендетеді.Соның салдарынан микроорганизмдердің өсуі мен көбеюі тоқтатылып бактериостатикалық әсер етеді.

    Recipe.:Augmentini 0.25

    Da tales doses №10 in tabulettis

    Signa.Ішке тәулігіне 1 таблеткадан 3 рет тағайындау үшін

    Шығу түрі:0,25;0,5г

    Есептеңіз:

    1г-1000 мг болады.

    12 Вариант

    Дәріні анықтаңыз.Бұл дәрі циклооксигеназа-1(ЦОГ-1)және циклооксигеназа-2(ЦОГ-2)ферментін тежейді және қолдану мөлшеріне байланысты(0,05-0,25г) тромбоциттердің агрегациясын болдырмайды.Дәрінің әсер механизмін жазыңыз.Қолдану көрсетпесі мен негізгі жағымсыз әсерлерін атаңыз.Осы дәріге рецепт жазыңыз.Дәрінің 1 таблеткасында 0,01грамм зат бар,ол неше миллиграмм болады?

    Ацетилсалицил қышқылы циклооксигеназның тежегіші нәтижесінде циклдік эндопераксидтердің және олардың метоболиттері тромбаксан мен простациклиннің синтезі бұзылады,бірақ тромбоциттер циклооксигеназасы тамыр қабырғасының ұқсас ферментіне қарағанда өте сезімтал.Сондықтан простациклинге қарағанда тромбоксан синтезі көп дәрежеде тежеледі.Әсерінің осы ерекшелігі әсіресе препаратты аз дозада қолданғанда айқын көрінеді.Нәтижесінде ацетилсалицил қышқылының тромбоциттер циклооксигеназын қайтымсыз тежеумен түсіндірілетін бірнеше күн сақталатын антиагрегаттық әсері басым болады.Тромбоциттер циклооксигеназаны қайтадан синтездемейді.Ол тек жаңа тромбоциттер түзілу үрдісінде толықтырылады.

    Қолдану көрсеткіштері-гиперкоагуляция синдромды емдеу және алдын алу,созылмалы тәж жктіспеушілігі,ишемиялық энцефалопатия

    Фарм әсері-тромбоциттер мен эритроциттердің бір біріне жабысуын және бірігуін тежейді.Қанның реалогиялық қасиеттерін қалыпқа келтіреді.

    Жағымсыз әсерлері-асқазан ішек жолына теріс әсер, антигепертензивті әсер,жүрек айну,құсу,аллергиялық реакциялар болуы мүмкін.

    Recipe.:Acidi acetylsalicylici 0.25

    Da tales doses №10 in tabulettis

    Signa.Ішке күніне 1 таблеткадан 1 рет тағайындау үшін

    Шығу түрі:0,75;0,1;0,25,0,5

    Есептеңіз:0,01грамм-10 мг

    13 Вариант

    Мына дәрілердің ішінен парентеральді жолмен енгізілетін,қаназдықта (анемия)қолданылатын дәріні таңдап алыңыз.Дәрілер:Сорбифер Дурулес,Ферроплекс,Феррум-Лек,Актиферин мальтофер,Венофер.Таңдап алынған дәрінің әсер механизмін және жағымсыз әсерлерін жазыңыз. Ферроплекстің 100 дражесіне рецепт жазыңыз.Есептеңіз:0,5%-10мл новокаин ерітіндісінде неше мг новокаин бар?

    Препаратының құрамында темір (ІІІ) гидроксиді мен полимальтоза кешені түрінде болады, оның бөлшектері полимер көмірсудың (полимальтозаның) молекулаларына кіреді. Мұндай түрінде темір асқазан-ішек жолына зиянды әсер етпейді және аспен өзара әрекеттеспейді. Бұл ретте темірдің биожетімділігі де жоғарылайды. Темірдің эритроциттердегі гемоглобин деңгейі бойынша анықталатын сіңуі енгізілген дозаға кері пропорционалды болады (неғұрлым доза жоғары болса, соғұрлым сіңу деңгейі төмен). Темір гидроксиді (ІІІ) және полимальтоза кешенінің құрылымы организмде болатын табиғи темір қорын жинағыш протеин - ферритиннің құрылымына ұқсас болады. Осы ұқсастықтың арқасында бұл кешеннің темірі (ІІІ) белсенді сіңірілу үдерісінің көмегімен сіңеді. Сіңудің ең жоғары деңгейі он екі елі ішекте және аш ішекте байқалады. Сіңген темір негізінен ферритинмен кешенде бауырда қор болып жиналады, содан соң сүйек кемігінде оның гемоглобин құрамына енуі жүзеге асады. Сіңбеген темір нәжіспен шығарылады. Организмнен асқазан-ішек жолы эпителийінің қабыршақтанатын жасушаларымен бірге, сондай-ақ термен, өтпен және несеппен шығарылатын темірдің мөлшері тәулігіне шамамен 1 мг құрайды. Әйелдерде темірдің етеккір қанымен жоғалтуын ескерген жөн.

    Феррум Лек® көтерімділігі, әдетте жақсы. Жағымсыз әсерлері көбінде жеңіл және өтпелі болған.

    Өте сирек

    - абдоминальді ауыру, іш қату, диарея, жүрек айну, асқазанның ауыруы, диспепсия, құсу

    • есекжем, бөртпе, экзантема, қышыну,лимфоидтық түйіндердің үлкеюі, сүйектердің ауырсынуы болуы мүмкін



    Recipe.: Dragee Ferraplex 0.05

    Da tales doses N100

    Signa. Ішке,тамақтан кейін 5 дражеден күніне 3 рет қабылдауға.

    Машковский бойынша жазылды ересектерге арналган доза

    Есептеңіз

    0,5%-10ml

    0.5-100

    x-10

    X=0.05гр 0.05х1000=50мг

    Жағымсыз әсерлері Құсу ,жүрек айну, іш айналасында ауырсыну, іш қату бөртпелер теріде,аллергиялық реакциялар,

    14Вариант

    Дәріні анықтаңыз.Дәрі қанға сіңетін антацидті дәрілер қатарында, асқазандағы тұз қышқылымен әрекеттесіп көмірқышқыл газын (СО2) түзеді. Дәрінің әсер механизмін, негізгі жағымсыз әсерін жазыңыз. Ішке қабылданатын натрий гидрокарбонатына рецепт жазыңыз. 10миллиграмм затты грамға айналдырғанда, неше грамға тең болады?

    Тез әсер ететін антоцитті заттарға натрий гидрокарбонаты жатады бірақ ол асқзанды СО2 түзілуін тудырады

    NACHO3 + HCL - - NACL+CO2+H2O

    Бұл асқазанның керілуіне әкеледі, сонымен қатар хлор сутек қышқылының екіншілік бөлінуіне себеп болуы мүмкін. Препарат қысқа уақыт әсер етеді. Суда жақсы ериді жеңіл арбсорбцияланады және жүйелік алкалоз болуы мүмкін. Асқазан сүлінің хлор сутек қышқылымен химиялық реакция ға түсіп оны бейтараптайтын негіздер болып табылады.

    Жағымсыз әчерлері : Метеоризм, Жүрек айну, ҚҰсу лоқсу Бас айналу алкалоз , тәбеттің төмендеуі іш қаті артериялық қысымның жоғарылауы

    Recipe.: Natrii hydrocorbanatis 0.5

    Da tales doses N10 in tabulettis

    Signa.Ішке, күніне 1 таблеткадан 1-2 рет қабылдауға
    Есептеңіз 10mg зат -0.01 грам болады 10:1000=0.01


    15Вариант

    Маалокс дәрісі.Құрамы? Дәрінің әсер механизмі. Қолдану көрсетпесі. Маалокстың 250мл суспензиясына рецепт жазыңыз.Анықтаңыз.0,02% ерітіндінің 3 миллилитрінде неше мг дәрі бар?

    Қышқылдықтың бұзылуына байланысты ауруларды емдеуге арналған препараттар. Алюминий, кальций және магний препараттарының біріктірімі. Препарат бос тұз қышқылын бейтараптандырады, бұл асқазан сөлі белсенділігінің азаюына әкеледі. Салдарлы гиперсекрецияны туындатпайды. Сондай-ақ шырышты қабықты зақымдайтын факторлардың ықпалын азайта отырып, сіңірілу және бүркемелеу әсерін береді. Магний гидроксиді және алюминий гидроксиді АІЖ нашар сіңеді.Еритін алюминий тұздарының елеусіз мөлшері асқазан-ішек жолына сіңеді, содан соң несеппен шығарылады. Сіңірілген магний де несеппен шығарылады.
    Қолдану көрсетпесі жедел гепатит(асқазан қабынуы),созылмалы гастрит,асзқазан сөлінің көп бөлінуі асқазан жарасы,язва,12 ішек жаралары ауруларында кофе алькоголь никотинді көп қолданылады.

    Recipe.:Suspensionis Maaloxi 250 ml

    Da. Signa.Ішке,1 ас қасықтан күніне 4 рет қабылдауға.Қолданар алдында шпйқаныз.

    Есептеңіз.

    0,02%-100мл 0.0006х1000=0.6мг

    Х - 3мл

    Х=0.0006 гр

    16-билет

    Құрамы күрделі жұптастырылған дәрі-Амоксиклав дәрісінің құрамын жазыңыз. Амоксиклавтың әсер механизмін жазыңыз.Зәр шығару жүйесінің патологиясының қай түрінде қолданылады? Амоксиклавтың 28 түймедәрісіне (таблетка)рецепт жазыңыз.Таблетканың құрамындағы 0,0006 грамм дәрі неше миллиграмм болады?

    Амоксилав-құрамында амоксициллин мен клавулан қышқылы бар. Фармакодинамикасы

    Амоксициллин – бұл бір немесе одан да көп ферменттерді тежейтін (көбіне пенициллин протеиндерді байланыстырушы ретінде келтірілетін), бактериялық жасуша қабырғасының маңызды құрылымдық компоненті болып табылатын пептидогликан биосинтезіне қатысушы пенициллиндер тобына жататын (бета-лактамды антибиотик) жартылай синтетикалық антибиотик. Пептидогликан синтезін тежеу соңынан жасуша лизисі мен оның жойылуына алып келетін жасуша қабырғасының әлсіреуіне алып келеді.

    Амоксициллин резистентті бактериялар өндіретін бета-лактамазалармен ыдырайды, және тиісінше бұл энзимдерді өндіретін микроорганизмдер бір ғана амоксициллиннің белсенділік ауқымына кірмейді.

    Клавулан қышқылы пенициллиндермен құрылымдық байланысы бар бета-лактам болып табылады. Ол кейбір бета-лактамазаларды тежейді, сонысымен амоксициллин белсенділігінің жойылуын болдырмайды, және оның белсенділік ауқымын кеңейтеді. Клавулан қышқылы өздігінен клиникалық маңызы бар бактерияға қарсы әсер етпейді.

    Амоксициллинге және клавулан қышқылына резистенттіліктің екі негізгі механизмі төмендегілер болып табылады:

    • В, С және D кластарын қоса, клавулан қышқылымен бәсеңдетілмейтін бактериялық бета-лактамазалармен белсенділігін жою.

    • пенициллин байланыстыратын протеиндер өзгерісі, бұл бактерияға қарсы дәрінің қоздырғыш-нысанаға аффинитетін төмендетеді.

    Амоксилав- зәр жүйесінің инфекциялық ауруларында:цистит,пиелонефритте қолданылады. Бүйректің жедел ж.е созылмалы жеткіліксііздігінде бүйрек функциясы ауыр бұзылыстарында сақтықпен қолдану кк.
    Recipe.: Amoksiklav 0.25

    Da tales doses 28 in tabulettis.

    Signa.Ішке 1таблеткадан 3рет тағайындау үшін.
    Есептеңіз; 0.0006-?

    0.0006 *1000=0.6мг болады.

    17-билет.

    Витаминдер тобының дәрісі,гиперхромды анемияда(қаназдық) қолданылады. Әсер механизмін жазыңыз.Бұл дәрі ағзаның 3түрлі бұзылу синдромында жақсы нәтиже көрсетеді:қан түзілу жүйесінің,асқазан-ішек жүйесінің және жүйке жүйесінің цианокобаламиннің 10ампуласына рецепт жазыңыз.Есептеңіз.Цианокобаламиннің 0,02% ерітіндісінің 1 миллилитрінде неше грамм Цианокобаламин бар?
    Гиперхромды анемияда нуклеин қышқылының синтезіне қатысатын

    шианокобаламинді және фоль қышқылын колданалы.

    Цианокобаламинді (В, витамині) катерлі (пернициозды) анемияда тағайындайды.

    Цианокобаламиннің тапшылығында эритропоэз мегалобластық тип бойынша

    өтеді: эритробласт -» гиперхромды мегалобласт -» мегалоцит.

    Пернициозды анемияның дамуы цианокобаламиннің сіңірілуінің бұзылуына

    байланысты, себебі, мұндай науқастарда Каслдың ішкі

    болмайды. Қалыпты жағдайда ол асқазанның шырышты қабатымен өндіріледі және цианокобаламиннің аш ішекте сіңірілуін

    қамтамасыз етеді.В12 витамині әсіресе, үлкен мөлшерде сиырдың бауырын-да және бүйректе кездеседі. Табиғатта тек микроорганиздермен синтезделеді. Бұлжол В12 витаминін өнеркәсіпте алғанда да пайдаланылады. Аламның ток ішегіндеВ12 витаминінің микроорганизмдермен синтезделуінің В12 витаминін реттеу үшінмаңызы жоқ, себебі, оның сіңірілуі негізінен аш ішекте жүреді.В12 витаминінің белсенді коферменттерінің негізгі қызметі (В,7 коферментіжәне метилкобаламин?) - жылжымалы метилді топтарды және сутегін тасымалдау. Осы үрдістер нәтижесінде белок және нуклеинқышқылдарының алмасуына әсері жүзеге асады. В,, витамині кан жасау үрдісі, эпителиалды жасушалартүзілуі, жүйке жұмысының қызметі (миелин түзілуіне қатысады), өсу және регенерация үрдісі үшін қажет.Цианокобаламин жетіспеушілігінде мегалобласты анемия дамиды. Асказан-ішек жолы (тіл ашык-кызыл түсті, тегіс, химиялык тітіркендіргіштерге жоғары сезімтал,асқазанның шырышты қабатынын атрофиясы, ахилия) және жүйке жүйесі (паресте-зия, ауыру сезімдері, жүрістің бұзылуы) зақымдалады.Шианокобаламин аш ішекте («Каслдын сыртқы факторы») сіңіріледі. Бұласқазанда «Каслдың ішкі факторымен» әсерлескен соң жүзеге асады. Соңғысышианокобаламиннін абсорбииясын қамтамасыз ететін гликопротеин болып та-былады. Егер «Каслдың ішкі факторы» қандай да бір себептен болмаса (мысалы,асқазанның резекциясы нәтижесінде), цианокобаламинді парентералды енгізген жөн.

    Recipe:Solutionis Cuanocobalamini 0.01%-1ml

    Da tales doses №10 in ampullis

    Signa бұлшықетке күніне 1 рет енгізу үшін.

    Есептеңіз

    0,02-100мл

    Х-1мл

    Х=0,0002 0,0002гр цианокобаламин бар.

    18-вариант

    Қант диабетінің І түрінде қолданылатын инсулинге сипаттама беріңіз.Әсер механизмі,дәріні алу жолдары,дәрінің тазалығы және әсер ету ұзақтығы.Инсулиннің Актропид ХМ Пенфилл 3 мл түрінің 30 ампуласына рецепт жазыңыз.Анықтаңыз дәрілік препараттың 1мг мөлшерінде неше мкг дәрі бар.

    Инсулиннің-дисульфидті көпіршемен байланысқан 2 полипептидті сақинадан тұратын полипептид.Адам инсулині гендік инженерия қолдану жолымен алынады.Дәрілер зат ретінде адам инсулині және ірі қара малдың ұйқы безінен алыгған инсулин қолданылады.Инсулин сөліндісі Са иондарына тәуелді,бұл механизмді іске қосатын глюкоза В-жасушаларға еніп глюкоза метаболизденеді және жасуша ішінде АТФ мөлшерін жоғарылатады.Соңғысы АТФ тәуелді К өзектерін тежеп,жасуша мембранасының деполяризациясын шақырады. Бұд В-жасушаларға кальший нондарының (потенциад тәуелді калций каналдары ашылады)енуіне және экзоцитоз жолымен инсулиннің босап шығуына әкеледі. Инсулин өндірілуін амин-қышқылдар да ынталандырады. Инсулин бауырда инсулиназа ферментімен ыдырайды..Инсулин әсерінен гликогеногенез жоғарылайды.Қант диабетінде инсулинді қолдану қанда қанттың төмендеуіне және гликогеннің ұлпаларда жиналуына әкеледі.Қанда глюкоза азаюы глюкозурияны және соған байланысты жоғарылаған диурезді және шөлдеуді жояды. Инсулиннің казіргі заманғы препараттары келесі топтармен берілуі мүмкін.

    1 Барынша көп (максималды) әсері тез дамитын (1-4 сағ соң) әсәне қысқа әсер:ететін (4-8саг).Хумулин Регуляр

    2. Барынша көп (максималды) әсері орташа жылдамдықта дамитын (6-2 сағ сон)

    және әсер ұзақтығы орташа (18-24саг). Инсулин Базал

    3. Барынша көп (максималды) әсері баяу дамитын (12-8 сағ соң) және ұзақ әсер ететін (24-40 сағ).Хумулин У Л

    Машковский бойынша тамақтан 15-20мин бұрын енгізіледі екен.Шприц қаламсаптарда шығарылады.1.5-3 мл де( 100ӘБ\мл)Тәулігіне бір немесе бірнеше рет қолданылады.

    Recipe.:Solutionis Actrapid XM Penfilli 3ml

    Da tales doses №30 in ampullis

    Signa Тері астына,тамақтан 15-20 мин бұрын күніне 1 рет енгізу үшін.

    Есептеңіз:

    1мг*1000=1000 мкг

    19Вариант

    Бүйрек үсті безінің қызметінің жетіспеушілігінде қолданылатын дәрілер. Олардың қолданылатын орташа мөлшерлері.Қолдану кезінде дәрінің мөлшері көбейіп кеткен жағдайдағы болатын әсерлер.Бұлшық етке енгізетін гидрокортизон ацетатының суспензиясына рецепт жазыңыз. Анықтаңыз:2,5% гидрокортизон суспензиясының 1 миллилитрінде неше миллиграмм (мг) гидрокортизон ацетаты бар?

    Бүйрек үсті безінің қызметінің жетіспеушілігінде гидрокартизон,преднезолон,метилпреднизалон,дексаметазон жатады.

    Глюкортикоидтар қолданылады-олар жасуша ішінде әсер етеді.олап жасуша цитоплазмасында арнайы рецепторлармен әсерлеседі.Глюкокартикоидтардың минералокартикоидты белсенділігі бар ағзада Na иондарын ұстайды.(бүйрек өзекшеде олардың кері сіңірілуі артады)Гипаталамус-гипофиз,бүйрек үсті безі жүйесіне тежегіш әсер көрсетеді.Нәтижесінде АКТГ өндірілуі азаяды.Осы кезде дамыған бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі әсіресе глюкортикоидтарды қабылдауда тоқтатқанда айқын байқалады.Орталық жүйке жүйесінің бұзылыстары дамуы мүмкін.Бұл эйфориямен,психоматорлы қозумен,психикалық серпілістермен көрінеді.Метилпреднизалон,пренизалон –тәулігіне 1рет Триамциполон-күніне 1таблеткадан.

    Recipe:Suspensionis Hydrocortisoni acetas 2,5%-2ml

    Da tales doses №5 in ampullis

    Signa Бұлшық етке аптасына 1 рет енгізу үшін

    Есептеңіз:

    2,5%-100мл 0.025х1000=25 мг

    Х-1мл

    Х=0,025гр

    20Вариант

    Сульфонилмочевина туындыларының дәрілерін жазыңыз.Әсер механизмі, қолдану көрсетпелері, жағымсыз әсерлері.Глибенкламидтің 20 түймедәрісіне (таблетка) рецепт жазыңыз. Анықтаңыз:0,25%-новокаин ерітіндісінің 5 мл-де неше мг (миллиграмм) новокаин бар?

    Сулфанилмочевина туындыларына хлорпропамид,бутамид,глибенгламид,глипезид.

    Сулфанилмочевина туындыларының гипергликемиялық әсері олардың АТФ тәуелді К өзекшерін тежеу қабілетіне байланысты.Бұл потенциал тәуелді Са өзекшелерінің ашылуына жасуша ішінде Са иондары мөлщерінің жоғарлауына және В жасушарыдан инсулиннің босап шығуына әкеледі. .В-жасушалардың инсулин өндірілуін қуаттандыратын глюкозаға және амин қышқылдарына сезімталдығы жоғарлайтыны анықталған.Бұл перпараттар инсулин секрециясын жоғарылыта отырып жанамалай әсер етеді.Ең алғашқы препараты Бутамид қан сары суы ақуызымен байланысады бауырда тотығады.Хлорпропамид бутамидке карағанда белсенділігі жқғары және әсер ұзақтығымен ерекшеленеді, ағзада белсенді метаболиттер түзіп биотрансформацияға ұшырайды.

    Жағымсыз әсерлері:диспепсиялық бұзылыстар бейімділік,сирек ликопения,тромбоцитопения ,бауыр қызметің тежелуі ағзада судың ұсталуы,гипонатримия,іш бұзылғандағы бұзылыстар,терілік аллергиялық бұзылыстар,холестаз,сирек қан жасаудың тежелуі болады.

    Қолдану көрсетпелері:Қант диабетінің ІІ типі(инсулинге тәуелді емес),гипогликемияда.

    Recipe.:Glibenclamidi 0.005

    Da tales doses №20 in tabulettis

    Signa.Ішке күніне 1 таблеткадан 1-2 рет қабылдау үшін

    Тәуліктік доза-0,0025- 0,01г

    Есептеңіз:

    0,25-100 0.025х1000=25мг

    Х-5мл

    Х=0,25*5\100=0,025гр

    21Вариант

    Цианокобаламин дәрісі, қолданылуы. Әсер механизмі,шығарылатын дәрілік қалыпы. Цианокобаламиннің 1 миллилитрден шығарылатын 10 ампуладағы ерітіндісіне рецепт жазыңыз. Анықтаңыз: Цианокобаламиннің 0,01% ерітіндісінің 1 миллилитрінде неше мг(миллиграмм) Цианокобаламин бар?

    Цианокобаламинді (В, витамині) катерлі (пернициозды) анемияда тағайындайды.

    Цианокобаламиннің тапшылығында эритропоэз мегалобластық тип бойынша

    өтеді: эритробласт -» гиперхромды мегалобласт -» мегалоцит.

    Пернициозды анемияның дамуы цианокобаламиннің сіңірілуінің бұзылуына

    байланысты, себебі, мұндай науқастарда Каслдың ішкі

    болмайды. Қалыпты жағдайда ол асқазанның шырышты қабатымен өндіріледі және цианокобаламиннің аш ішекте сіңірілуін

    қамтамасыз етеді.В12 витамині әсіресе, үлкен мөлшерде сиырдың бауырын-да және бүйректе кездеседі. Табиғатта тек микроорганиздермен синтезделеді. Бұлжол В12 витаминін өнеркәсіпте алғанда да пайдаланылады. Аламның ток ішегіндеВ12 витаминінің микроорганизмдермен синтезделуінің В12 витаминін реттеу үшінмаңызы жоқ, себебі, оның сіңірілуі негізінен аш ішекте жүреді.В12 витаминінің белсенді коферменттерінің негізгі қызметі (В,7 коферментіжәне метилкобаламин?) - жылжымалы метилді топтарды және сутегін тасымалдау. Осы үрдістер нәтижесінде белок және нуклеинқышқылдарының алмасуына әсері жүзеге асады. В,, витамині кан жасау үрдісі, эпителиалды жасушалартүзілуі, жүйке жұмысының қызметі (миелин түзілуіне қатысады), өсу және регенерация үрдісі үшін қажет.Цианокобаламин жетіспеушілігінде мегалобласты анемия дамиды. Асказан-ішек жолы (тіл ашык-кызыл түсті, тегіс, химиялык тітіркендіргіштерге жоғары сезімтал,асқазанның шырышты қабатынын атрофиясы, ахилия) және жүйке жүйесі (паресте-зия, ауыру сезімдері, жүрістің бұзылуы) зақымдалады.Шианокобаламин аш ішекте («Каслдын сыртқы факторы») сіңіріледі. Бұласқазанда «Каслдың ішкі факторымен» әсерлескен соң жүзеге асады. Соңғысышианокобаламиннін абсорбииясын қамтамасыз ететін гликопротеин болып та-былады. Егер «Каслдың ішкі факторы» қандай да бір себептен болмаса (мысалы,асқазанның резекциясы нәтижесінде), цианокобаламинді парентералды енгізген жөн.

    .Ционокобаламин анемияда қан көрінісін қалыпқа келтіреді.Неврологиялық бұзылыстарды және шырышты қабатының зақымдалуын жояды немесе әсер етеді.Асқазан сөлінің ахлоргидриясы сақталады.

    Шығарылатын қалпы ампулада ерітінді түрінде 0,003% -0,01%-0,02% -0,05%-1 мг

    Қолданылауы-Қант аздық, өспелерде, гипертириозда,гипотириозда,радикулит салдану.

    Recipe.:Solutionis Cyanocobalamini 0.01%-1ml

    Da tales doses №10 in ampullis

    Signa.Бұлшықетке күніне 1 рет енгізу үшін

    0,01-100 т.д 0,0001-0,0005

    Х-1

    Х=0,01\100=0,0001

    Есептениз:

    0,01%-100мл 0.0001х1000=0.1 мг

    Х-1мл

    Х=0,01*1\100=0,0001гр

    22.ревмотоидты артритте колданылыды...

    Индометацин қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсері бар. Әсер ету механизмі циклооксигеназаның I және II типтерінің белсенділігін тежеумен байланысты. Индометацин ЦОГ-II фермент изоформасына қарағанда ЦОГ-I күштірек тежейді. ЦОГ-I белсенділігінің бұзылуы жедел ауыру синдромын басуды өте жақсы қамтамасыз етеді, бұл кезде созылмалы ауыруды сезіну ЦОГ-II бөгелуі арқылы болады. ЦОГ бөгелуі нәтижесінде эйкозаноидтар синтезінің арахидон каскады реакциялары және PgE2, PgF2 простагландиндерінің, TxA2 тромбоксанның, PgI2 простациклинінің түзілуі бұзылады, Басқа дәрілерді пайдаланғанға қарағанда, көп дәрежеде PgF2 синтезі бұзылады. Қабыну цитокиндері (IL-1,6,8, TNF-) қатарының және жасушалық адгезия молекулаларының (ICAM-1, VCAM-1) синтезіне қажетті гендер транскрипциясының NF-B – факторы белсенділігін бәсеңдетеді. Бұл цитокиндер синтезі жоқ кезде созылмалы қабыну үдерісінің белсенділігін бәсеңдетеді. Индометацин NO-синтазамен байланысып, NO өнімін бұзады. Нәтижесінде жасушада ЦОГ-II жаңа молекулаларының NO- тәуелді синтезі және оның әсерінен простагландиндер өнімі төмендейді.

    Ревматизм ауруларында қабынуға қарсы және ауыруды басатын әсер береді. Тыныштық күйде және қозғалыс кезінде ауыруды жеңілдетеді, буындардың таңғы сіресуін және ісінуін азайтады, олардың функциясын жақсартады.

    Қабынуға қарсы әсерінің тиімділігі ацетилсалицил қышқылынан жоғары. Индометациннің ауыруды басатын әсері оның қабынуға қарсы әсеріне байланысты емес, тек қана тіннің зақымдануы мен қабынудан болған ауыруына байланысты байқалады

    ндометациннің қолайсыз әсерлері науқастардың еләуір бөлігінде (30-50%).

    байкалады. Асқазан-ішек жолы (лоқсу, құсу, эпигастралді аймақта ауыру сезімі,

    шырышты қабықтың ойылуы, диарея) және ОЖЖ (бастың ауыруы, бастың айна-.

    уы) жағынан асқынулар жі. Кейде депрессия, галлюцинашия түрінде психикалык:

    бұзылыстар байқалалы. Біркатар жағдайларда көру бұзылалы. Сирек жанама әсерлер

    ҡан жасаудың тежелуіне (лейкопения, апластикалық анемия) байланысты. Жалпы.

    алғанда индометацин өте уытты препараттарға жаталы,

    (Оны психикалық ауруларда, эпилепсияда, паркинсонизмде, асқазан мен он екі.

    өеліішектің ойық жарасында колдануға болмайды. Жүкті әйелдер мен бала емізетін

    аналарға тағайындауға ұсынылмайды.

    Recipe.: Dragee Indometacini 0.025

    Da tales doses N30

    Signa. Ішке,тамақтан кейін 1 дражеден күніне 2 рет қабылдауға.

    23.Қалқанша безі гармонының синтетикалық аналогы Трийодтиронин

    Адам организміне экзогенді түрде енгізілген йодтың әсері йодтың тәулікте қабылданатын дозасына, құрамында йоды бар препараттың түріне, сондай-ақ қалқанша без жағдайына да (сау ағза, жасырын немесе манифестті ауруына) байланысты болады.Қалқанша без гормондары – тироксин және трийодтиронин синтезіне қатысатын элемент ретінде – йод астың маңызды компоненті болып табылады. Оған, яғни эндемиялық зобтың дамуына жол бермеу үшін организмге күн сайын түсуге тиісті йод мөлшеріне қажеттілік әдеттегідей тәулігіне 100 - 150 мкг құрайды.Организмге күн сайын түсуге тиіс йодтың ДДСҰ ұсынған мөлшері 150 - 300 мкг құрайды.Йод электрохимиялық (йодинация) жолымен сіңгеннен кейін қалқанша без фолликулаларының эпителиальды жасушаларында, элементарлы йод бөлініп шығатын йод-пероксидаза ферментімен катализденетін, косубстрат болып табылатын сутегінің асқын тотығымен (Н2О2) тотығады. Мұндайда глюкопротеиннің тирозинді тобының бір бөлігі (тиреоглобулин) 3 және, ішінара 5 хош иісті сақина күйінде йодталады (йодизация).Тотығу кондесациясы нәтижесінде тирозиннің йодталған тобы қосылып, тиронин каркасын түзеді. Негізгі өнімі тироксин (Т4) және трийодтиронин (Т3) болып табылады. Осылайша түзілген "тиронин – тиреоглобулин" кешені қалқанша без гормонының қор-түрі ретінде оны фолликуласы коллоидына бөлініп шығады.Йодтың физиологиялық мөлшері (300 мкг-ға дейін) йодтың тапшы болуы салдарынан дамитын зобтың пайда болуына жол бермейді, жаңа туған нәрестелерде, балаларда және жасөспірімдерде қалқанша без мөлшерінің қалыпты болуына мүмкіндік береді, сондай-ақ бірқатар бұзылған биохимиялық параметрлерге (Т3/Т4 коэффициентіне, ТТГ деңгейіне) әсер етеді. Көрсеткіштері.

    - йод тапшылығының алдын алуда (мысалы, эндемиялық зобтың алдын алуға және йод тапшылығынан болған зобтың резекциясынан кейін)

    - емшектегі балаларда, балаларда, жасөспірімдерде және жас ересектерде йод тапшылығынан болған диффузды эутиреоидты зобты емдеуде.

    Жағымсыз әсерлері

    Қалқанша безде өте ірі автономды аумақтар бар болғанда және 150 мкг-нан астам йодты құрайтын тәуліктік дозаларда гипертиреоз манифестті түрге ауысуы мүмкін

    тәулігіне 300-1000 мкг йодтан асатын дозадағы препаратты қолданған кезде гипертиреоз дамуы мүмкін (әсіресе ұзақ уақыт зобпен зардап шегіп келе жатқан егде жастағы емделушілерде, түйіндік немесе диффузды уытты зобта).
      1   2   3   4


    написать администратору сайта