Главная страница
Навигация по странице:

  • Мезгілі жетіп туылған нәрестелердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, күтімі

  • Шала туылған нәрестелердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, күтімі

  • 4 курс 7 сем 2021 жыл Педиатрия тесттер медбике. растыран Мырзагулова Ж. Б. Тараз 2021 ж. Рда педиатриялы ызметті йымдастыру


    Скачать 113.56 Kb.
    Названиерастыран Мырзагулова Ж. Б. Тараз 2021 ж. Рда педиатриялы ызметті йымдастыру
    Дата14.06.2022
    Размер113.56 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла4 курс 7 сем 2021 жыл Педиатрия тесттер медбике.docx
    ТипДокументы
    #591538
    страница2 из 6
    1   2   3   4   5   6

    Бір жасқа дейінгі балаларды тамақтандыру.

    Бір жастан асқан балаларды тамақтандыру.


    1. Емшек сүтінің қорғаныш компоненттеріне жатады:

    A. Иммуноглобулиндер

    В. Глобулиндер

    С. Альбуминдер

    D. Витаминдер

    Е. Биоэлементтер

    1. Емшек сүтінің қорғаныш компоненттеріне жатады:

    A. Ақуыздар, майлар

    В. Интерферон, лизоцим

    С. Пролактин, окситоцин

    D. Ас қорыту ферменттері

    Е. Биоэлементтер

    1. Емшек сүтінің құрамында қандай гормондар бар?

    A. Инсулин, глюкагон

    В. Кальцитонин, паратгормон

    C. Адреналин, норадреналин

    D. Тироксин, трийодтиронин

    Е. Пролактин, окситоцин

    1. Емшек сүтінің артықшылығы неде?

    A. Анасының гипофиздің қатерлі ісігінің даму қаупін азайтады

    В. Анасының ұйқы безінің қатерлі ісігінің даму қаупін азайтады

    С. Анасының аналық және сүт бездерінің қатерлі ісігінің даму қаупін азайтады

    D. Анасының қалқанша безінің қатерлі ісігінің даму қаупін азайтады

    Е. Анасының бүйрек үсті бездерінің қатерлі ісігінің даму қаупін азайтады

    1. Нәрестені емізеді:

    A. Жеке кесте бойынша

    В. Бала талап еткен кезде

    С. Күндіз емізеді, түнде үзіліс

    D. Әр 3 сағат сайын

    Е. Әр 4 сағат сайын

    1. 3 айлық бала, емшек емеді. Анасына қанша жасқа дейін тек ана сүтімен тамақтандыру керегі туралы кеңес беріңіз:

    А. 3 айға дейін

    В. 4 айға дейін

    С. 6 айға дейін

    D. 9 айға дейін

    Е. 1 жасқа дейін

    1. 6 айға дейін баланы 24 сағат ішінде қанша рет емізеді?

    A. Кемінде 8 рет

    В. Кемінде 6 рет

    C. Кемінде 7 рет

    D. Кемінде 5 рет

    Е. Кемінде 4 рет

    1. 6 айдан 12 айға дейін баланы 24 сағат ішінде қанша рет емізеді?

    A. Кемінде 4 рет

    В. Кемінде 6 рет

    С. Кемінде 7 рет

    D. Кемінде 5 рет

    Е. Кемінде 8 рет

    1. Баланы емшекпен емізгенде қандай гормон бөлінеді?

    A. Пролактин

    В. Адреналин

    С. Тироксин

    D. Инсулин

    Е. Вазопрессин

    1. Пролактиннің қызметіне жатады:

    A. Овуляцияға қатысады

    В. Емшек сүтінің бөлінуін күшейтеді

    С. Ұрықтың дамуына әсерін тигізеді

    D. Жатырдың жиырылуына әсер етеді

    Е. Қандағы глюкоза мөлшерін реттейді

    1. Аталғандардың қайсысы нәрестелердің салмақ жоғалтуын алдын алу әдісі болып табылады?

    A. Инфузды терапия

    B. Сұйықты көп ішу және инфузды терапия

    C. Жасанды тамақтандыруға көшіру

    D. Шөлмектен тамақтандыру

    E. Баланы ерте ана кеудесіне салу

    1. Сәбиді емізуді қате ұстау белгісін (БШАЫЕ) белгілеңіз:

    А. Сәбидің иегі емшекке тимей тұрады

    В. Сәбидің иегі емшекке тиіп тұрады

    С. Сәбидің аузы барынша ашық

    D. Астыңғы еріні сыртқа шығыңқы болады

    Г. Емшектің басым бөлігі астынан емес, үстінен көрініп тұруы керек

    1. Сәбиді емізуді қате ұстау белгісін (БШАЫЕ) белгілеңіз:

    А. Сәбидің иегі емшекке тиіп тұрады

    В. Сәбидің аузы барынша ашық

    С. Астыңғы еріні сыртқа шығыңқы болады

    D. Емшектің ареоласының басым бөлігі үстінен емес, астынан көрініп тұруы керек

    Е. Емшектің ареоласының басым бөлігі астынан емес, үстінен көрініп тұруы керек

    1. Сәбиді емізуді қате ұстау белгісіне (БШАЫЕ) жатады:

    А. Сәбидің аузы барынша ашық болады

    В. Сәбидің иегі емшекке тиіп тұрады

    С. Астыңғы еріні сыртқа шығыңқы болады

    D. Астыңғы еріні ішке шығыңқы болады

    Е. Емшектің басым бөлігі астынан емес, үстінен көрініп тұруы керек

    1. Емізу кезіндегі баланы дұрыс ұстауды мына формула бойынша бағалайды:

    А. «3-4-4»

    В. «3-4-5»

    С. «4-4-3»

    D. «4-4-4»

    Е. «4-3-4»

    1. Тек емшекпен емізу -

    A. Емшек сүтіне қосымша су беріледі

    В. Сүт қоспасымен тамақтандырады

    С. Алғашқы 6 айда емшек сүтімен бірге сүт қоспалары беріледі

    D. Емшек сүтінен басқа тағам не сұйықтық берілмейді

    Е. Емшек сүтіне қосымша сиыр сүті беріледі

    1. Емшек сүтінің шығуының азаюы –

    A. Гипомастия

    В. Гипогалактия

    С. Гипоглоссия

    D. Гипогликемия

    Е. Гипоксемия

    1. Қосымша тамақты қай жастан береді?

    A. 8 айдан

    В. 6 айдан

    С. 5 айдан

    D. 10 айдан

    Е. 12 айдан

    1. Дені сау табиғи тамақтандырған балаға қосымша тамақты қашан береді?

    A. 4 айдан бастап

    В. 5 айдан бастап

    С. 6 айдан бастап

    D. 7 айдан бастап

    E. 8 айдан бастап

    1. Қосымша тамақты қашан береді?

    A. Баланы емізгеннен кейін

    В. Бала қажет еткен кезде

    С. Баланы емізгенге дейін

    D. Емізу арасында

    Е. Бала ұйықтап тұрғанда

    1. 6 айдан 12 айға дейін емшек еметін балаға күніне қанша рет қосымша тамақ береді?

    А. 2 рет

    В. 4 рет

    С. 3 рет

    D. 5 рет

    E. 1 рет

    1. БШАЫЕ бағдарламасы бойынша 6 айдан бастап емшек еметін балаға қосымша тамақты беру жиілігі:

    А. 1 рет

    В. 3 рет

    С. 5 рет

    D. 7 рет

    Е. 8 рет

    1. Кандай мақсатпен емшек жасындағы балаға рационына жеміс шырындары мен алма пюресін енгізеді?

    А. Минералдық тұздармен толықтыру

    В. Ақуызбен толықтыру

    С. Майымен толықтыру

    D. Майда еритін дәрумендермен толықтыру

    E. Суда еритін дәрумендермен толықтыру

    1. Қолдан тамақтандыру деп есептеледі, егер баланы:

    А. Тек емшекпен емізсе

    В. Емшек сүті мен сүт қоспаларымен тамақтандырса

    С. Тек сүт қоспаларымен тамақтандырса

    D. Емшек сүтімен және қосымша тамақпен тамақтандырса

    Е. Тек қосымша тамақпен тамақтандырса

    1. Қандай сүт қоспасының құрамы ана сүтіне жақын?

    А. «Малыш»

    В. «Биолакт»

    С. Сиыр сүті

    D. Айран

    Е. «Наринэ»

    1. Бейімделген сүт қоспасына жатады:

    А. «Биолакт»

    В. Сиыр сүті

    С. «Малютка»

    D. Айран

    Е. «Наринэ»

    1. Қышқыл сүт қоспасына жатады:

    А. «Малютка»

    В. «Нутрилак»

    С. «Биолакт»

    D. «Симилак»

    Е. «Детолакт»

    1. 12 айдан 2 жасқа дейінгі балаға әрбір негізгі тамақтандырудың көлемі:

    А. 250 мл

    В. 225 мл

    С. 350 мл

    D. 300 мл

    Е. 200 мл

    1. 2 жастан үлкен балаларға қандай тағамдарды беру шектеледі?

    А. Тәттілер, коммерциялық газдалған сусындар

    В. Ет, балық

    С. Көкөністер, жеміс-жидектер

    D. Шырындар, сүт тағамдар

    Е. Жармалар
    Мезгілі жетіп туылған нәрестелердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, күтімі


    1. Жүктіліктің нешінші аптасында туылған нәресте мезгілі жетіп туылған деп саналады:

    А. 35-36 апта

    В. 37-41 апта

    С. 42-43 апта

    D. 32-34 апта

    Е. 38-42 апта

    1. Мезгілі жетіп туылған нәрестінің белгісіне жатады:

    А. Тері асты майы нашар дамыған

    В. Тері асты майы жоқ

    С. Тері қанталауға және ісінуге бейім болады

    D. Тері асты майы жақсы дамыған

    Е. Тері қатпарлы

    1. Мезгілі жетіп туылған нәрестінің белгілеріне жатады:

    А. Кіндік сақинасы іштің төменгі 1/3 бөлігінде орналасқан

    В. Кіндік сақинасы семсер тәрізді өсіндімен шат сүйектерінің қосылыс аралығының дәл ортасында орналасқан

    С. Бас сүйектері жұмсақ, жіктері және еңбектері ашық

    D. Басы және тұлғасы үлкенірек, қол-аяқтары қысқа

    Е. Сору және жұту рефлекстері нашар дамыған

    1. Мезгілі жетіп туылған нәрестенің белгілеріне жатады:

    А. Тері асты майы жұқарған немесе жоқ

    В. Қыз балаларда жыныс мүшесінің саңылауы үңірейіп тұрады

    С. Ұл балаларда аталық жыныс бездері умадан тыс қалады

    D. Қыз балаларда үлкен жыныс ернеулері кіші жыныс ернеулерін жауып тұрады

    Е. Тері қатпарлы, қанталауға және ісінуге бейім болады

    1. Мезгілі жетіп туылған нәрестенің белгілеріне жатады:

    А. Физиологиялық рефлекстер (сору, жұту) жақсы дамыған

    В. Физиологиялық рефлекстер (сору, жұту) нашар дамыған

    С. Кіндік сақинасы іштің төменгі 1/3 бөлігінде орналасқан

    D. Тері асты майы жұқарған немесе жоқ

    Е. Тері қатпарлы, қанталауға және ісінуге бейім болады

    1. Жаңа туылған нәрестенің жағдайын шкала Апгар бойынша бағалайды:

    А. Туылғаннан кейін 1минут ішінде және 5 минуттан кейін

    В. Туылғаннан 2 сағаттан кейін

    С. Туылғаннан 30 минуттан кейін

    D. Алғашқы патронаж өткізгенде

    E. Туылғаннан 10 минуттан кейін

    1. Жаңа туған нәрестенің жағдайы қанағаттанарлық деп есептеледі:

    A. Шкала Апгар бойынша 7-10 балл

    В. Шкала Апгар бойынша 3-6 балл

    С. Шкала Апгар бойынша 4-6 балл

    D. Шкала Апгар бойынша 2-5 балл

    E. Шкала Апгар бойынша 5-6 балл

    1. 53 см ұзындығы, салмағы 3500 г., тірі дені сау ұл баланы 28 жастағы босанушы дүниеге алып келді. Сәби туылғанда: жүрек соғысының жиілігі минутына - 120, терісі қызғылт, дем алуы ырғақты минутына - 16, рефлекстер анықталады, гипертонус. Жаңа туған сәбиге Апгар шкаласы бойынша қанша балл беруге болады?

    А. 2-3 балл

    В. 4-5 балл

    С. 5-7 балл

    D. 8-9 балл

    Е. 9-10 балл

    1. Шкала Апгар белгілеріне жатады:

    A. Дыбыстарға реакция

    В. Жарыққа реакция

    С. Дене қызуы

    D. Қан қысымы

    E. Жүрек соғысының жиілігі

    1. Шкала Апгар белгілеріне жатады:

    A. Дене қызуы

    В. Сору рефлексі

    С. Жұту рефлексі

    D. Тыныс қозғалысы

    E. Дене салмағы

    1. Қалыпты жағдайда жаңа туған нәрестенің дене температурасы:

    A. 35,0-36 0С

    В. 36,0-36,40С

    С. 36,5-37,50С
    D. 37,6-380С

    E. 38,0-38,50С

    1. Жаңа туған нәрестеге арналған босану бөлмесінің ауа температурасы:

    A. 210С төмен емес

    В. 220С төмен емес

    С. 230С төмен емес

    D. 250С төмен емес

    E. 240С төмен емес

    1. Туылғаннан кейінгі нәрестеге антропометрия және толық медициналық тексеруді өткізу уақыты:

    A. 10 мин кейін

    В. 30 мин кейін

    С. 1 сағаттан кейін

    D. 2 сағаттан кейін

    E. Алғашқы 1-5 мин ішінде

    1. Жетіліп туылған баланың дене ұзындығы:

    A. 44-47

    B. 47-49

    C. 53-55

    D. 50-52

    E. 55-56

    1. Жаңа туылған нәрестенің көз инфекциясының (офтальмобленорея) алдын алу үшін қолдыналады:

    A. 1% тетрациклин жақпамайы

    В. 1% эритромицин жақпамайы

    С. 1% гидрокортизон жақпамайы

    D. 3% тетрациклин жақпамайы

    E. 2% линкомицин жақпамайы

    1. Офтальмобленореяның алдын алу үшін қолданылады:

    A. Бор қышқылының ерітіндісі

    B. Фурациллин ерітіндісі

    C. Қайнаған су

    D. Натрий хлорид ерітіндісі

    E. Тетрациклин жақпамайы

    1. Жаңа туылған нәрестенің физиологиялық жағдайларына жатады:

    A. Асфиксия

    В. Гипотермия

    С. Сарғаю

    D. Омфалит

    E. Анемия

    1. Мезгілі жетіп туылған нәрестенің дене салмағының физиологиялық кемуі:

    A. 12-14%

    В. 10 % дейін

    С. 12-20%

    D. 14-16%

    E. 15% дейін

    1. Жаңа туылған нәрестенің физиологиялық сүт бездерінің ісіну себебі:

    A. Сыртқы ортаның әсері

    В. Шала туылуы

    С. Ананың эстрогендерінің құрсақ ішінде ұрыққа өтуі

    D. Қабынуы

    E. Гигиена сақтамауы

    1. Қандай физиологиялық жағдайда сүт бездері ісінеді?

    A. Физиологиялық сарғаю

    В. Физиологиялық эритема

    С. Транзиторлық қызба

    D. Физиологиялықжыныс мүшелерінің өзгерістері

    Е. Дене салмағының физиологиялық кемуі

    1. Жаңа туылған нәрестенің физиологиялық сарғаюының симптомдары:

    A. Тері және шырышты қабықтары сарғаяды, несеп және нәжістің түсі өзгермейді, бауыр және көкбауыр ұлғаймайды

    В. Тері және шырышты қабықтары сарғаяды, несеп қоңыр түсті, нәжіс ағарып кетеді, бауыр ұлғаяды

    С. Тері сарғаяды, бауыр және көкбауыр ұлғаяды

    D. Тері, алақан мен табаны сарғаяды, бауыр ұлғаяды

    E. Тері және шырышты қабықтары сарғаяды және ісінеді, бауыр ұлғаяды

    1. Неонатальды кезеңінде сарысудың жалпы билирубин деңгейінің арттыру себебіне жатады:

    A. Бүйректің физиологиялық жетілмеуі

    В. Бауырдың физиологиялық жетілмеуі

    С. Ішектің физиологиялық жетілмеуі

    D. Орталық жүйке жүйесінің физиологиялық жетілмеуі

    E. Көкбауырдың физиологиялық жетілмеуі

    1. Неонатальды кезеңінде сарысудың жалпы билирубин деңгейінің арттыру себебіне жатады:

    A. Эритроциттердің биологиялық гемолизі

    В. Эритроциттердің физиологиялық гемолизі

    С. Эритроциттердің химиялық гемолизі

    D. Эритроциттердің термиялық гемолизі

    E. Эритроциттердің механикалық гемолизі

    1. Мезгілі жетіп туылған нәрестелерде сарғаю (БШАЫЕ) қайтады:

    А. 14 күнде

    В. 21 күнде

    С. Алғашқы 36 сағат ішінде

    D. 28 күнде

    Е. Алғашқы 24 сағат ішінде

    1. Нәрестенің тері қыртыстарының күтімі үшін қолданылады:

    A. 5% калий перманганаты ерітіндісі

    В. 1% бриллиант жасыл спирт ерітіндісі

    С. Физиологиялық ерітіндісі

    D. Зарарсыздандырылған өсімдік майы

    E. Зарарсыздандырылмаған өсімдік майы

    1. Мезгілі жетіп туылған нәрестенің гигиеналық ванна суының температурасы:

    A. 34-360С

    В. 37-37,50С

    С. 39-400С

    D. 32-340С

    E. 38-390С

    1. Алғашқы жарты жылда балаға гигиеналық ваннасын жүргізеді:

    A.Күнде

    В. Күнара

    С. Аптасына 1 рет

    D. Аптасына 2 рет

    E. 10 күнде 1 рет

    1. Мезгілі жетіп туылған нәрестенің кіндік қалдығы нешінші күні түседі?

    A. 7-10 күнде

    В. 2 аптадан кейін

    С. 3-5 күнде

    D. 1 күнде

    E. 1-2 күнде

    1. Кіндік қалдығының дұрыс күтімін белгілеңіз:

    A. Таңғыш салу

    В. Антисептиктерді қолдану қажет емес

    С. Антисептиктерді қолдану

    D. Күнде қайнаған сумен жуу

    E. Зарарсыздандырылған өсімдік майын жағу

    1. Мезгілі жетіп туылған нәрестенің кіндік жарасы қалыпты жағдайда жазылады:

    A. 7-10 күнде

    В. 2-3 күнде

    С. 1 ай толғанда

    D. 2 аптадан кейін

    E. 3-5 күнде

    1. Жаңа туылған нәрестенің инфекциялық қауіпсіздігінің қажеттілігін қанағаттандыру үшін мейірбике міндетті:

    А. Дене салмағын өлшеу

    В. Антропометрия жүргізу

    С. Жаңа туған нәрестеге күтім жасағанға дейін және кейін қолды жуу

    D. Бөлмені желдету

    Е. Бөлмені кварцтау

    1. Перзентханадан шығарғаннан кейінгі жаңа туылған нерестеге үй жағдайында алғашқы патронаж жүргізу мерзімі:

    A. Алғашқы 5 күн ішінде

    В. Алғашқы аптада

    С. 10 күн ішінде

    D. Алғашқы 3 күн ішінде

    E. 7-10 күн ішінде

    1. Перзентханадан шығарғаннан кейінгі нәрестені жаңа туылған кезінде учаскелік мейірбикесінің үй жағдайында бақылауының жиілігі:

    A. Алғашқы туған 3 күннен кейін перзентханадан шыққан соң, 28-ші күні

    В. Алғашқы туған 3 күннен кейін перзентханадан шыққан соң, 14-ші күні, 28-ші күні

    С. Алғашқы туған 3 күннен кейін перзентханадан шыққан соң, 7-ші күні, 21-ші күні, 28-ші күні

    D. Алғашқы туған 3 күннен кейін перзентханадан шыққан соң, 7-ші күні 21-ші күні

    E. Алғашқы туған 3 күннен кейін перзентханадан шыққан соң, 10-шы күні, 20-шы күні, 30-шы күні

    1. Медбике жаңа туылған нәрестеге қандай жиілікте бару керек?

    А. Аптасына 1 рет

    В. Аптасына 2 рет

    С. Айына 1 рет

    D. Айына 2 рет

    Е. 2 айда 1 рет

    1. Дәрігер жас анамен жаңа туылған нәресте күтімі жайлы әнгімелесуде. Бес ұсыныстың төртеуі кенеттен болатын өлімнің алдын алуға арналған. Жалпы ұсынысты көрсетіңіз:

    А. Нәрестені емізу кезінде дұрыс ұстау

    В. Баланы арқасымен жатқызу

    С. Қатты жөргектеуденсақтану

    D. Ұйықтаған кезде нәрестенің бетін жаппау

    Е. Бала ұйықтап жатқан бөлмеде темекіні шекпеу

    1. Жүктіліктің қалыпты өтуіне қауіп төндіретін көрсеткіш:

    A. Жыныс мүшелерінен қан кету

    В. Тәбетінің төмендеуі

    С. Тәбетінің жоғарылуы

    D. Жүрек айнуы

    E. Мұрыннан қан кету

    1. Жүктіліктің қалыпты өтуіне қауіп төндіретін көрсеткіш:

    A. Ананың семіздігі

    В. Ұрықтың қозғалуы

    С. Ұрықтың мүлдем қозғалмауы

    D. Ананың дене салмағының артықшылығы

    E. Ананың дене салмағының жетіспеушілігі
    Шала туылған нәрестелердің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері, күтімі


    1. Жүктіліктің нешінші аптасында туылған нәресте шала туылған деп саналады?

    A. 22-39 апта

    В. 38-40 апта

    С. 22-36 апта

    D. 41-42 апта

    E. 22-38 апта

    1. Шала туудың белгілеріне жатады:

    A. Терісі бархыт тәрізді, шашы жақсы дамыған, тырнақтары тығыз

    В. Тері асты майы жақсы дамыған, сору және жұту рефлекстері жақсы дамыған

    С. Ұл балаларда жұмыртқасы уманың ішінде, дене бітімі пропорционалды

    D. Тері асты майы жоқ, сору және жұту рефлекстері әлсіз, дене бітімі пропорционалсыз

    E. Қыз балаларда үлкен жыныс ернеулері кіші жыныс ернеулерін жауып тұрады

    1. Қандай белгі шала туудың белгілеріне жатады?

    A. Тері асты майы жақсы дамыған

    В. Бас көлемі кеуде көлемінен үлкенірек

    С. Шашы, қасы, кірпігі жақсы дамыған

    D. Бас сүйектері жұмсақ, жіктері және еңбектері ашық

    E. Дене бітімі пропорционалды

    1. Қандай белгі шала туудың белгілеріне жатады?

    A. Ұл балаларда аталық жыныс бездері умадан тыс қалған

    В. Кіндік сақинасы семсер тәрізді өсіндімен шат сүйектердің қосылыс аралығының дәл ортасында орналасқан

    С. Ұл балаларда аталық жыныс бездері уманың ішінде

    D. Қыз балаларда үлкен жыныс ернеулері кіші жыныс ернеулерін жауып тұрады

    E. Қол-аяқтары жиырылған, жұдырығы тұйылған

    1. Шала туылған нәрестелерде сарғаю (БШАЫЕ) қайтады:

    А. 28 күнде

    В. 21 күнде

    С. Алғашқы 36 сағат ішінде

    D. 14 күнде

    Е. Алғашқы 24 сағат ішінде

    1. Шала туылған нәрестенің сору және жұту рефлекстері жоқ болса, қалай тамақтандырады?

    A. Емшекпен

    В. Зонд арқылы

    С. Қасықпен

    D. Шөлмекпен

    E. Щприцпен

    1. Шала туылған нәресте күтімінің ІІІ кезеңі қайда өткізіледі?

    A. Перзентхананың арнайы бөлімінде

    В. Емханада

    С. Перзентханада

    D. Балалар ауруханасында

    E. Реабилитациялық орталықта

    1. Шала туылған нәресте күтімінің ІІ кезеңі қайда өткізіледі?

    A. Ана мен баланы аялау орталығында

    В. Емханада

    С. Перзентхананың арнайы бөлімінде

    D. Перзентханада

    E. Балалар ауруханасында

    1. Шала туылған нәресте күтімінің І кезеңі қайда өткізіледі?

    A. Емханада

    В. Перзентханада

    С. Перзентхананың арнайы бөлімінде

    D. Балалар ауруханасында

    E. Ана мен баланы аялау орталығында
    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта