Главная страница
Навигация по странице:

  • Экссудативті-катаральді диатез

  • Диареялар (БШАЫЕ)

  • Ерте жастағы балаларда ас қорыту мен тамақтанудың созылмалы бұзылыстары

  • 4 курс 7 сем 2021 жыл Педиатрия тесттер медбике. растыран Мырзагулова Ж. Б. Тараз 2021 ж. Рда педиатриялы ызметті йымдастыру


    Скачать 113.56 Kb.
    Названиерастыран Мырзагулова Ж. Б. Тараз 2021 ж. Рда педиатриялы ызметті йымдастыру
    Дата14.06.2022
    Размер113.56 Kb.
    Формат файлаdocx
    Имя файла4 курс 7 сем 2021 жыл Педиатрия тесттер медбике.docx
    ТипДокументы
    #591538
    страница4 из 6
    1   2   3   4   5   6

    Гипокальциемиялық синдром (спазмофилия)


    1. Жылдың қай мезгілінде балалар гипокальциемиялық синдроммен жиі ауырады?

    A. Көктем

    В. Қыс

    С. Жаз

    D. Күз

    E. Жылдың кез келген мезгілінде

    1. Гипокальциемиялық синдром ауруында қанда болатын өзгерістер:

    A. Кальций және фосфор мөлшері қалыпты

    В. Гипокальциемия, гиперфосфатемия, алкалоз

    С. Гипокалиемия, гипофосфатемия, ацидоз

    D. Гиперкальциемия, гиперфосфатемия, алкалоз

    E. Гипокалиемия, гипонатриемия, ацидоз

    1. Жасырын гипокальциемиялық синдромына жатады:

    A. Труссо симптом

    В. Эклампсия

    С. Ларингоспазм

    D. Карпопедалдық спазм

    E. Тоникалық тырысу

    1. Айқын гипокальциемиялық синдромына жатады:

    A. Жүйке жүйесінің механикалық және гальваникалық қозуы

    В. Труссо симптомы

    С. Маслов симптомы

    D. Ларингоспазм

    E. Хвостек симптомы

    1. Ларингоспазм -

    A. Көмейдің қарысуы

    В. Көмейдің шырышты қабығының қабынуы

    С. Кеңірдектің шырышты қабығының қабынуы

    D. Кеңірдектің құрысуы

    E. Бронхтардың шырышты қабығының қабынуы

    1. Труссо симптомында:

    A. Дем алу аз уақытқа тоқтап қалады

    В. «Акушер қолының» көрінісі шығады

    С. Мимикалық бұлшықеттердің дірілі пайда болады

    D. Клонико-тоникалық тырыспа

    E. Табан мен қол бұлшықеттерінің тоникалық қарысуы

    1. Карпопедалдық спазмда байқалады:

    A. Көмейдің құрысуы

    В. Клоникалық және тоникалық тырысу

    С. Табан мен қол бұлшықеттерінің тоникалық құрысуы

    D. Желке бұлшықеттерінің сіресуі

    E. Мимикалық бұлшықеттердің дірілі

    1. Гипокальциемиялық синдромының эклампсиядағы негізгі клиникалық симптомы:

    A. Ларингоспазм

    В. Маслов симптомы

    С. Труссо симптомы

    D. Клонико-тоникалық тырысу

    E. Хвостек симптомы

    1. Гипокальциемиялық синдромының эклампсиясын емдеуде қолданылатын дәрі-дәрмек:

    A. Супрастин

    В. Седалгин

    С. Супрадин

    D. Седуксен

    E. Сульфален

    1. Седуксеннің фармакологиялық әсері:

    A. Тырыспаға қарсы

    В. Ауырсынуды басады

    С. Қабынуға қарсы

    D. Аллергияға қарсы

    E. Бактерияларға қарсы

    1. Гипокальциемиялық синдромының негізгі емі:

    A. Магний препараттары

    В. Цинк препараттары

    С. Темір препараттары

    D. Калий препараттары

    E. Кальций препараттары
    Экссудативті-катаральді диатез


    1. Экссудативті-катаральді диатездің этиологиясы:

    A. Тағам-аллергендер

    В. Бактериялар

    С. Вирустар

    D. Дәрі-дәрмектер

    E. Химиялық заттар

    1. Экссудативті-катаральді диатез қандай тағамдарды қолданған кезде жиі болады?

    A. Күріш, тары, жүгері

    В. Картоп, орамжапырақ, кияр

    С. Жұмыртқа, шоколад, цитрустар

    D. Алма, алмұрт, өрік

    E. Сары май, қаймақ, айран

    1. Қандай жастағы балалар экссудативті-катаральді диатезбен жиі ауырады?

    A. 2 жасқа дейін

    В. 3-4 жастағы

    С. 5 жасқа дейін

    D. 6-7 жастағы

    E. 8-10 жастағы

    1. Экссудативті-катаральді диатездің симптомы:

    A. Геморрагия

    В. Гнейс

    С. Гематома

    D. Гангрена

    E. Гумус

    1. Экссудативті-катаральді диатездің симптомы:

    A. Петехия

    В. Экхимоз

    С. Пурпура

    D. Энантема

    E. Экзема

    1. Басты гнейстен тазалау үшін қолданылады:

    A. Түймедақ қайнатпасы

    В. Залалсыздандырылған өсімдік майы

    С. 5% калий перманганаты ерітіндісі

    D. 0,2% фурациллин ерітіндісі

    E. Сеппе

    1. Экссудативті-катаральді диатезді емдеуде қолданылады:

    A. Антибиотиктер

    В. Антигистаминдік дәрілер

    С. Анальгетиктер

    D. Темір препараттар

    E. Спазмолитиктер

    1. Антигистаминдік дәрілерге жатады:

    A. Тетрациклин, эритромицин

    В. Теофиллин, эуфиллин

    С. Темпалгин, баралгин

    D. Тавегил, супрастин

    E. Трипсин, химотрипсин

    1. Экссудативті-катаральді диатезді емдеуде қандай емдеу ваннасын тағайындайды?

    A. Итошаған (череда)

    В. Тұзды

    С. Қалқан жапырықты

    D. Қыша

    E. Минералдық

    1. Экссудативті-катаральді диатезді емдеуде қолданылады:

    A. Гепарин жақпамайы

    В. 1% эритромицин жақпамайы

    С. 0,25% оксолин жақпамайы

    D. 0,025% синафлан жақпамайы

    E. Леворин жақпамайы
    Диареялар (БШАЫЕ)

    1. Диареяның негізгі симптомы:

    А. Тәулігіне 3 реттен көп құсу эпизодтары

    В. Аяқтардың және қолдардың цианозы

    С. Дене салмағының 5 кг-нан артық төмендеуі

    D. Күні бойы тамақтанудан бас тарту

    Е. Күніне 6 реттен көп сұйық нәжіс

    1. 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру баланы қарау жүргізгенде: бала ес-түссіз, көздері «шүңірейген», сұйықтықты іше алмайды, тері қатпары өте баяу жазылады. Диареяны қалай жіктейсіз?

    A. Орташа сусыздану

    В. Дизентерия

    С. Сузыздану жоқ

    D. Созыңқы диарея

    Е. Ауыр сусыздану

    1. 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру баланы қарау жүргізгенде: бала мазасыз, көздері «шүңірейген», сұйықтықты шөліркеніп ішеді, тері қатпары баяу жазылады. Диареяны қалай жіктейсіз?

    A. Орташа сусыздану

    В. Ауыр сусыздану

    С. Сузыздану жоқ

    D. Созыңқы диарея

    Е. Дизентерия

    1. 9 кг салмақпен 12 айлық балада 4 күн бойы сұйық нәжіс байқалады, дене қызуы 37,50С. Жалпы қауіпті белгілері жоқ, қабағы ісінген, сұйықтықты ұсынғанда шөліркеніп ішеді, тері қатпарлары 2-3 секундтан кейін жазылады.

    БШАЫЕ бағдарламасы бойынша осы диарея қалай жіктеледі?

    А. Сусыздану жоқ

    В. Орташа сусыздану

    С. Созыңқы диарея

    D. Ауыр сусыздану

    Е. Дизентерия

    1. Сусыздану белгісі:

    А. Өте төмен салмақ

    В. Сұйық нәжіс

    С. Стридордың болуы

    D. Сұйықтық шөліркеніп, сараңдықпен ішеді

    Е. Бала сұйықтықты тыныш ішеді

    1. 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру баланы қарау жүргізгенде нәжісінде қан болса диареяны қалай жіктейсіз?

    A. Сусыздану жоқ

    В. Ауыр сусыздану

    С. Дизентерия

    D. Ауыр созыңқы диарея

    Е. Орташа сузыздану

    1. 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада сусыздану белгілері жоқ, бірақ диарея 14 күн және одан да ұзақ уақытқа созылса (БШАЫЕ), диареяны қалай жіктейсіз?

    А. Сусыздану жоқ

    В. Созынқы диарея

    С. Орташа сусыздану

    D. Дизентерия

    Е. Ауыр сусыздану

    1. Жіті диарея деп есептеледі, егер:

    А. Диарея 10 күнге дейін созылса

    В. Диарея 12 күнге дейін созылса

    С. Диарея 14 күнге дейін созылса

    D. Диарея 16 күнге дейін созылса

    E. Диарея 18 күнге дейін созылса

    1. Ауру балада диарея болса, іштің тері қатпарларының реакциясын (БШАЫЕ) қай жерде тексереді?

    А. Кіндігі мен іштің бүйір жағының арасында

    В. Оң қабырға астында

    С. Эпигастрий аймағында

    D. Сол қабырға астында

    Е. Іштің төменгі жағында

    1. Ауыр дәрежелі сусыздану кезінде тері қатпары жазылады:

    А. 2 секундтан ұзақ

    В. 2 секундтан кем

    С. Бірден

    D. 1 секундтан ұзақ

    Е. 2 секундта

    1. Диареясы бар ауру балада сусыздану белгілері жоқ болса (БШАЫЕ), қандай емдеу жоспарын тағайындайды?

    А. А жоспары

    В. В жоспары

    С. Б жоспары

    D. Емдеу жоспарын тек стационарда педиатр тағайындайды

    Е. Емдеу қажет емес

    1. Диареясы бар ауру балада орташа сусыздану белгілері бар болса, (БШАЫЕ) қандай емдеу жоспарын тағайындайды?

    А. В жоспары

    В. А жоспары

    С. Б жоспары

    D. Емдеу жоспарын 2 күннен кейін анықтайды

    Е. Емдеу қажет емес

    1. Диареясы бар ауру балада ауыр сусыздану белгілері бар болса, (БШАЫЕ) қандай емдеу жоспарын тағайындайды?

    А. Б жоспары

    В. В жоспары

    С. А жоспары

    D. Емдеу жоспарын 5 күннен кейін анықтайды

    Е. Емдеу қажет емес, бақылау жүргізеді

    1. Диареяны үйде А жоспар бойынша емдеу жүргізгенде (БШАЫЕ), қандай дәрі-дәрмек тағайындайды?

    А. Темір препаратын

    В. Йод препаратын

    С. Кальций препаратын

    D. Магний препаратын

    Е. Цинк препаратын

    1. Диареяны үйде емдеу кезінде А жоспар (БШАЫЕ) бойынша тағайындайды:

    А. Сиыр сүтін, ішке кальций препараттарын

    В. Қосымша сұйықтықтар, ішке цинк препараттарын

    С. Пероралды регидратациялық тұз 75 мл/кг мөлшерінде 4 сағат ішінде беру

    D. Көк тамырға физиологиялық ерітіндісін 100 мл/кг мөлшерінде енгізу

    Е. Тиімді тамақтандыру

    1. Аймақтық медбике 4 айлық баланың үйіне вакцинацияға шақырту мақсатында келді. Баланың аурғанына 2 күн болғаны белгілі болды. Тәулігіне үш рет көп сұйықты нәжіс мазалайды. Тексеру кезінде жалпы қауіпті белгілері жоқ. Бала мазасыз, көзі шүңіреймеген, тері қатпарлары тез жазылады. Егер Сіз диареяны үйде емдеудің А жоспарын таңдасаңыз, бала қанша сұйықтық мөлшерін ішу керек?

    А. Әр сұйық дәреттен кейін 50-100 мл

    В. Әр сұйық дәреттен кейін 100-200 мл

    С. Әр сұйық дәреттен кейін 20-30 мл

    D. Әр сұйық дәреттен кейін 10-20 мл

    Е. Әр сұйық дәреттен кейін 30-40 мл

    1. Үйде диареяны емдеуге арналған ережелердің бірі:

    А. Тамақ мөлшерін шектеу

    В. 6 сағат бойы су-шай үзілісін өткізу

    С. Сұйықтықты шектеу

    D. Баланы тамақтандырмау

    Е. Тамақтандыруды жалғастыру

    1. Диареяны Б жоспар бойынша емдеу кезінде тағайындайды (БШАЫЕ):

    А. Бейімделген сүт қоспалары, ішке кальций препараттарын

    В. Қосымша сұйықтықтар, ішке цинк препараттарын

    С. Пероралды регидратациялық тұз 75 мл/кг мөлшерінде 4 сағат ішінде беру

    D. Көк тамырға физиологиялық ерітіндісін 100 мл/кг мөлшерінде енгізу

    Е. Тиімді тамақтандыру

    1. Диареяны В жоспар бойынша емдеу кезінде тағайындайды (БШАЫЕ):

    А. Бейімделген сүт қоспалары, ішке кальций препараттарын

    В. Қосымша сұйықтықтар, ішке цинк препараттарын

    С. Пероралды регидратациялық тұз 75 мл/кг мөлшерінде 4 сағат ішінде беру

    D. Көк тамырға физиологиялық ерітіндісін 100 мл/кг мөлшерінде енгізу

    Е. Көк тамырға 5% глюкоза ерітіндісін 100 мл/кг мөлшерінде енгізу

    1. Ауыз арқылы регидратацияны (БШАЫЕ) жүргізеді:

    А. Глюкоза ерітіндісімен

    В. Натрий хлорид гипертониялық ерітіндісімен

    С. Пероралды регидратациялық тұз ерітіндісімен

    D. Натрий хлорид физиологиялық ерітіндісімен

    Е. Натрий гидрокарбонат ерітіндісімен

    1. Пероралды регидратациялық тұз бен қайнаған суды қандай арақатынысымен ерітеді?

    А. 1 пакет 1 литр суға

    В. 2 пакет 1 литр суға

    С. 1 пакет 0,5 литр суға

    D. 2 пакет 0,5 литр суға

    Е. 1 пакет 2 литр суға

    1. Ауыр сусыздануда ауру балаға (БШАЫЕ) қандай сұйықтықты көк тамырға енгізеді?

    А. Кальций хлорид ерітіндісін

    В. Калий хлорид ерітіндісін

    С. Глюкоза ерітіндісін

    D. Натрий хлорид физиологиялық ерітіндісін

    Е. Натрий гидрокарбонат ерітіндісін

    1. Ауыр сусызданумен өтетін диарея болса, бала сусын іше алмаса, сұйықтықты тамырішілік енгізу тағайындалады. Ауыр сусызданумен өтетін диареяда қандай ерітінді тамырішілік енгізіледі?

    А. 5% глюкоза ерітіндісі

    В. 40% глюкоза ерітіндісі

    С. Регидрон ерітіндісі

    D. Реополиглюкин

    Е. Рингер лактат ерітіндісі

    1. Орташа сусыздануда ауру балаға (БШАЫЕ) ұсынған пероралды регидратациялық тұз мөлшерін қанша уақытта беру керек?

    А. 10 сағат ішінде

    В. Әр сұйық нәжістен кейін

    С. 12 сағат ішінде

    D. 8 сағат ішінде

    Е. 4 сағат ішінде

    1. 2 айға дейінгі ауру баланы қарау жүргізгенде: бала кимылдамайды, көздері «шүңірейген», тері қатпары өте баяу жазылады. Диареяны қалай жіктейсіз?

    A. Орташа сусыздану

    В. Дизентерия

    С. Сузыздану жоқ

    D. Созыңқы диарея

    Е. Ауыр сусыздану

    1. 2 айға дейінгі ауру баланы қарау жүргізгенде: бала мазасыз, көздері «шүңірейген», тері қатпары баяу жазылады. Диареяны қалай жіктейсіз?

    A. Орташа сусыздану

    В. Ауыр сусыздану

    С. Сузыздану жоқ

    D. Созыңқы диарея

    Е. Дизентерия

    1. 4 жасар балаға «Жедел ішек инфекциясы, энтероколит синдромы» диагнозы қойылды. Қандай емдік диетаны тағайындау керек?

    А. №1 диета

    В. №2 диета

    С. №3 диета

    D. №4 диета

    Е. №5 диета
    Ерте жастағы балаларда ас қорыту мен тамақтанудың созылмалы бұзылыстары


    1. Дистрофия –

    A. Қоректенудің бұзылуы

    В. Тонустың өзгеруі

    С. Ішек-қарын функциясының бұзылуы

    D. Жұтынудың бұзылуы

    E. Сөйлеудің бұзылуы

    1. Нормотрофия кезінде:

    A. Дене салмағы 10% дейін артық

    В. Дене салмағының дене ұзындығынан қалыптан артта қалуы

    С. Дене салмағы мен ұзындығының тепе-тең қалыптан қалуы

    D. Салмағы мен бойы қалыпты

    E. Дене салмағы 20% дейін артық

    1. Гипостатура кезінде:

    A. Баланың салмағы мен бойы қалыпты

    В. Дене салмағының дене ұзындығынан қалыптан артта қалуы

    С. Дене салмағы мен ұзындығының тепе-тең қалыптан қалуы

    D. Дене салмағы 15% дейін артық

    E. Дене салмағы 25% дейін артық

    1. Дене салмағы 10% дейін артық болатын созылмалы тамақтанудың бұзылысы:

    A. Гипотрофия

    В. Паратрофия

    С. Гипостатура

    D. Нормотрофия

    E. І дәрежелі семіздік

    1. Гипостатура - бұл жасынан қалып қою

    A. Дене ұзындығына

    B. Дене салмағына

    C. Дене салмағы және бойы

    D. Дене салмағының дене ұзындығына қатысты

    E. Кеуде қуысының көлемі

    1. Гипотрофия ауруы жиі кездеседі:

    A. 2-3 жастағы балалар арасында

    В. 3-4 жастағы балалар арасында

    С. Мектеп жастағы балалар арасында

    D. 1 жасқа дейін балалар арасында

    E. 5-6 жастағы балалар арасында

    1. Туғаннан кейінгі пайда болған гипотрофияның себебі:

    A. Гипогалактия

    В. Жүктілік кезіндегі преэклампсия

    С. Ата-ананың шылым шегуі және алкоголизм

    D. Жүктілік кезіндегі мамандық зияндықтар

    E. Жүктілік кезіндегі ананың соматикалық аурулары

    1. Гипотрофияда:

    A. Баланың салмағы қалыптан тыс азаяды және бойы артта қалады

    В. Баланың салмағы қалыптан тыс артық және бойы кем

    C. Баланың салмағы мен бойы қалыпты

    D. Баланың салмағы қалыптан тыс артық және бойы ұзын

    E . Баланың салмағы қалыптан тыс азаяды және бойы ұзын

    1. Анорексия қандай аурудың симптомы?

    A. Гипостатура

    В. Гипотрофия І дәрежесі

    С. Паратрофия

    D. Гипотрофия ІІ дәрежесі

    E. Гипотрофия ІІІ дәрежесі

    1. Бұлшықеттердің атрофиясы қандай аурудың симптомы?

    A. Гипостатура

    В. Гипотрофия ІІІ дәрежесі

    С. Паратрофия

    D. Гипотрофия ІІ дәрежесі

    E. Гипотрофия І дәрежесі

    1. Гипотрофияның ІІ дәрежесіндегі тері асты майы:

    A. Қалыпты

    В. Іш аймағында, денесінде және қол-аяқтарында жұқарады

    С. Барлық жерде жоғалады

    D. Тек іш аймағында жұқарады

    E. Тек бетінде жұқарады

    1. Гипотрофияның ІІІ дәрежесіндегі тері асты майы:

    A. Тек бетінде жұқарады

    В. Тек бетінде сақталады

    С. Барлық жерде жоғалады

    D. Тек іш аймағында жұқарады

    E. Қалыпты

    1. Гипотрофияның І дәрежесінде дене салмағы қалыптан тыс азаяды:

    A. 5-10 %

    В. 11-20%

    С. 20-30%

    D. 30-40%

    E. 40-50%

    1. Гипотрофияның ІІ дәрежесінде дене салмағы қалыптан тыс азаяды:

    A. 5-10%

    В. 10-20%

    С. 21-30%

    D. 30% артық

    E. 10-15%

    1. Гипотрофияның ІІІ дәрежесінде дене салмағы қалыптан тыс азаяды:

    A. 5-10%

    В. 10-20%

    С. 20-30%

    D. 31% артық

    E. 5-15%

    1. Гипотрофияның негізгі емі:

    A. Фитотерапия

    В. Физиотерапия

    С. Диетотерапия

    D. Фототерапия

    E. Химиотерапия

    1. Гипотрофияны емдеу кезінде қолданылатын дәрі-дәрмектер:

    A. Антибиотиктер

    В. Спазмолитиктер

    С. Ферменттер

    D. Диуретиктер

    E. Анальгетиктер

    1. Ферменттерге жатады:

    A. Панкреатин

    В. Пантокрин

    С. Панадол

    D. Пролактин

    Е. Парацетамол

    1. Гипотрофияның ІІІ дәрежесін емдеуде қолданылатын дәрі-дәрмектер:

    A. Антибиотиктер

    В. Минералокортикоидтар

    С. Глюкокортикостероидтар

    D. Анаболик стероидтар

    E. Эстрогендер
    1   2   3   4   5   6


    написать администратору сайта