4 курс 7 сем 2021 жыл Педиатрия тесттер медбике. растыран Мырзагулова Ж. Б. Тараз 2021 ж. Рда педиатриялы ызметті йымдастыру
Скачать 113.56 Kb.
|
Гельминтоздар Аскарида личинкаларының дұрыс жазылған миграция фазасын белгілеңіз: A. Ішек – бауыр – оң жақтағы жүрек жүрекше – өкпе - бронхтар - ас қорыту аппараты В. Ауыз қуысы – асқазан - аш ішек - тоқ ішек - тік ішек С. Ішек – бауыр - сол жақтағы жүрек жүрекше - үлкен қан айналымы шеңбері D. Ішек – бауыр - сол жақтағы жүрек жүрекше – өкпе - бронхтар - ас қорыту аппараты E. Ауыз қуысы – асқазан - аш ішек - бауыр Аскаридалар ас қорыту аппаратында қанша уақыт тіршілік етеді: A. 6-18 ай В. 2 жыл С. 1 ай D. 3 жыл E. 5 жыл Аскаридоз ауруының диагностикасы: A. Нәжісті жұмыр құрттарға зерттеу В. Нәжісті бактериологиялық зерттеуге алу С. Перианалдық қатпарлардан қырынды алу D. Нәжісті копрограммаға алу E. Нәжісті жасырын қанға тексеру Гельминттерге қарсы дәрі-дәрмекке жатады: A. Пиридоксин В. Пентоксил С. Парацетамол D. Пирацетам E. Пирантел Энтеробиоздың этиологиясы: A. Власоглав В. Острица С. Аскарида D. Лямблия E. Цепень Энтеробиоз ауруының себебіне жатады: А. Үй жануарларымен қарым-қатынас В. Лас көкөніс тамырлары С. Жиі суық тию D. Сүт тағамдарды қабылдау Е. Жеке гигиена ережелерін сақтамау Острицалар өсіп-өнеді: A. Асқазанда В. Он екі елі ішекте С. Аш ішек пен тоқ ішектің төменгі бөлігінде D. Өт жолдарында E. Бауырда Острицалар ас қорыту аппаратында қанша уақыт тіршілік етеді: A. 11-12 апта В. 9-10 апта С. 5-6 апта D. 3-4 апта E. 7-8 апта Энтеробиоздың негізгі клиникалық белгілері: A. Бауырдың ұлғаюы В. Нәжісте қан болуы С. Перианалдық аймағының қышынуы D. Перианалдық аймағының тамырларының жарылуы E. Аллергиялық бөртпелер Аутоинвазия - A. Паразиттердің адам ағзасына кіруі В. Өз денесіндегі паразиттер айналып өзіне енуі С. Паразиттердің науқастан сау адамға жұғуы D. Аурудың қайтадан өршуі E. Аурудың асқынуы Энтеробиозға тән: A. Аутоинфекция В. Аутосенсибилизация С. Аутоинвазия D. Аутоаллергия Е. Аутоагрессия Энтеробиоз ауруының диагностикасы: A. Нәжісті копрограммаға алу В. Нәжісті бактериологиялық зерттеуге алу С. Нәжісті жасырын қанға тексеру D. Нәжісті жұмыр құрттарға зерттеу E. Перианалдық қатпарларынан қырынды алу Гельминтоздарды алдын алу шараларына жатады: A. Тиімді тамақтану В. Жеке және қоғамдық гигиена сақтау С. Дене шынықтыру D. Шынықтыру E. Шылым шегумен күресу Стоматиттер Жедел герпестік стоматиттің этиологиясы: A. Онковирус В. Герпес вирусі С. Аденовирус D. Энтеровирус E. Риновирус Жедел герпестік стоматитте ауыздың шырышты қабығының өзгерістері: A. Қызғылт ұсақ дақтар В. Сарғаю C. Афталар D. Ұйыған сүтке ұқсайтын ақ қабық E. Бозару Жедел герпестік стоматиттің клиникалық белгілері: А. Дене қызуы көтеріледі, ауыздың шырышты қабығында афталар, саливация В. Дене қызуы көтеріледі, ауыздың шырышты қабығында қызғылт ұсақ дақтар, конъюктивит С. Дене қызуы көтеріледі, жұтынған кезде ауырсыну, бадамша бездері ісінеді D. Дене қызуы қалыпты, ауыздың шырышты қабығында ұсақ ақ таңдақтар E. Дене қызуы көтеріледі, «Ал қызыл тіл», бадамша бездері ісінеді Жедел герпестік стоматитте вирусқа қарсы ем: A. Леворин В. Левомицетин С. Лейкоцитарлық масса D. Лейкоцитарлық интерферон E. Левамизол Вирусқа қарсы дәрі-дәрмек: A. Амоксициллин В. Амикацин С. Ампиокс D. Ампициллин E. Ацикловир Жедел герпестік стоматитте ауыз қуысының күтімінде қолданылады: A. 5% натрий тетрабораты ерітіндісі В. 2% гидрокарбонат ерітіндісі С. 1:5000 фурациллин ерітіндісі D. Залалсыздандырылған өсімдік майы E. 5% калий перманганаты ерітіндісі Кандидоздық стоматиттің этиологиясы: A. Аденовирустар В. Герпес вирустар С. Бактериялар D. Кандидалар E. Микоплазмалар Қандай дәрі-дәрмектерді ұзақ қолданғанда, кандидоздық стоматит дамиды? A. Антисептиктерді В. Антиагреганттарды С. Антибиотиктерді D. Анальгетиктерді E. Антиоксиданттарды Кандидоздық стоматиттің ауыздың шырышты қабығының өзгерістері: A. Қызғылт ұсақ дақтар В. Афталар С. Везикулалар D. Эрозиялар E. Ұйыған сүтке ұқсайтын ақ қабық Саңырауқұлаққа қарсы антибиотик: A. Эритромицин В. Аугментин С. Нистатин D. Бициллин E. Неомицин Кандидоздық стоматитте ауыз қуысының күтімінде қолданылады: A. 5% калий перманганаты ерітіндісі В. 2% гидрокарбонат ерітіндісі С. 1:5000 фурациллин ерітіндісі D. Шалфей қайнатпасы E. Түймедақ қайнатпасы Тыныс алу жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері Жаңа туған баланың өкпесі қандай ауруларға бейім болады? A. Эмфизема, ателектаз В. Бронхоэктаздық ауру, бронх демікпе С. Эмпиема, гемоторакс D. Пиопневмоторокс, пневмоторокс E. Пневмония, бронхит Ателектаз - A. Өкпе қабынуы В. Ауасыз өкпенің бүрісіп, жиырылып қалуы С. Плевра қуысына ірің жиналуы D. Өкпенің желденуі E. Плевра қуысына ауаның жиналуы Эмфизема - A. Өкпе қабынуы В. Ауасыз өкпенің бүрісіп, жиырылып қалуы С. Плевра қуысына ауа жиналуы D. Плевра қуысына ірің жиналуы E. Өкпенің желденуі Жаңа туған баланың тыныс алу жиілігі 1 минутта: А. 30-45 рет В. 25-30 рет С. 40-60 рет D. 18-20 рет Е. 20-25 рет 1-2 жастағы баланың тыныс алу жиілігі 1 минутта: А. 20-25 рет В. 30-35 рет С. 45-50 рет D. 40-60 рет Е. 18-20 рет 5-6 жастағы баланың тыныс алу жиілігі 1 минутта: А. 35-40 рет В. 30-35 рет С. 40-60 рет D. 16-18 рет Е. 20-25 рет Жіті тонзиллит (ангина, баспа) Жіті тозиллиттің этиологиясы: А. Энтерококк В. Стрептококк С. Коринобактериялар D. Саңырауқұлақтар Е. Пневмококк Катаралдық ангина кезіндегі жұтқыншақтың өзгерістері: А. Бадамша бездерінде сарғылт-ақшыл түсті іріңді қабық, іріңді қабық шпательмен оңай алынады және орыны қанамайды В. Бадамша бездерінде сұрғылт–ақ қабық жабысып тұрады, шпательмен алынбайды, алынған жағдайда қанайды С. Бадамша бездері ұлғайғайған, түсі өзгермеген D. Бадамша бездердің фолликуларының іріңдеуі, гиперимиясы және ұлғайғаны көрінеді Е. Бадамша бездердің ісінуі және гиперимиясы көрінеді Лакунарлық ангина кезіндегі жұтқыншақтың өзгерістері: А. Бадамша бездерінде сарғылт-ақшыл түсті іріңді қабық, іріңді қабық шпательмен оңай алынады және орыны қанамайды В. Бадамша бездерінде сұрғылт–ақ қабық жабысып тұрады, шпательмен алынбайды, алынған жағдайда қанайды С. Бадамша бездері ұлғайғайған, түсі өзгермеген D. Бадамша бездердің фолликуларының іріңдеуі, гиперимиясы және ұлғайғаны көрінеді Е. Бадамша бездердің ісінуі және гиперимиясы көрінеді Жіті тозиллитте қандай лимфа түйіндері ұлғаяды? А. Қолтық В. Желке С. Жақ асты D. Шат Е. Шыңтақ Жіті тонзиллит ауруының асқынулары: А. Пневмония, бронхит В. Паротит, субмаксиллит С. Пиелонефрит, паранефрит D. Гломерулонефрит, ревматикалық қызба Е. Менингит, энцефалит Жіті тонзиллит ауруын емдеуде қолданылатын дәрі-дәрмектер: А. Антиоксиданттар В. Антигельминттер С. Антиметаболиттер D. Спазмолитиктер Е. Антибиотиктер Жіті стеноздеуші ларинготрахеит (жалған қыспақ, ложный круп). Жіті бронхит. Жалған қыспақ (круптың) клиникалық көрінісі: А. Стридор В. Құсу С. Асмоидты тыныс алу D. Афония Е. Реприз Стридор сипатталады: А. Дем алу кезіндегі жұмсақ дыбыс В. Дем алу кезіндегі қатты (қатаң) дыбыс С. Дем шығару кезіндегі музыкалық шу D. Дем шығару кезіндегі жұмсақ дыбыс Е. Дем шығару кезіндегі қатты (қатаң) дыбыс Ларинготрахеитке тән үш белгілер: А. Жөтел, мұрын бітелуі, дене қызуының көтерілуі В. Үрген жөтел, ентігу, дауыстың үнсіз болуы С. Тамақ ауырсынулары, жөтел, дауыстың үнсіз болуы D. Дисфагия, дисфония, мұрын бітелуі Е. Мұрын бітелуі, жөтел Жоғарғы тыныс жолдарының инфекциясы бар 3 жасар науқас баланың 4-ші күні жағдайы нашарлады, дауысының қырылдауы пайда болды. Диагноз: Жіті стеноздеуші ларинготрахеит (жалған қыспақ, ложный круп). Мейірбикенің шұғыл көмек көрсетудегі қатесін анықтаңыз: А. Жедел жәрдем шақыру В. Қысып тұратын киімін шешу С. Жылы сілтілі сұйықтық ішкізу D. Аяққа жылы қыша ванна Е. Учаскелік дәрігер келгенше үйде қалдыру Жіті бронхиттің этиологиясы: A. Дәрі-дәрмектер В. Тағам аллергендер С. Вирустар, бактериялар D. Кох таяқшалары E. Леффлер таяқшалары Жіті бронхиттің клиникалық белгілері: A. Ылғалды жөтел, ентігу байқалмайды В. Ылғалды жөтел, инспираторлық ентігу С. Үру, қарқыл тектес құрғақ жөтел D. Құрғақ жөтел, экспираторлық ентігу E. Ұстамалы жөтел, экспираторлық ентігу Жіті бронхитте перкуссия өзгерістері: A. Өкпелік дыбыстың кораптық сарыны В. Перкуторлық дыбыс қысқарады С. Таза өкпе дыбысы D. Тимпаникалық дыбыс E. «Шытынаған құмыра» дыбысы Жіті бронхитте аускультация өзгерістері: A. Везикулярлық тыныс алу В. Дем шығаруда шашыраған көптеген құрғақ «музыкалық» сырылдар С. Тыныс алу әлсіз, крепитациялық сырылдар D. Симметриялы ылғалды ірі және орташа көпіршікті сырылдар E. Тыныс алу әлсіз, тұрақты майда көпіршікті Жіті бронхитте рентгенологиялық өзгерістер: A. Өкпенің керілуі В. Өкпеде ошақты және инфильтратты көлеңкелер С. Бронхоэктазиялар, бронхтардың деформациясы D. Өкпеде ошақты және инфильтративті өзгерістер болмайды E. Деструкция ошақтары Жіті бронхиттің ең жиі кездесетін асқынуы: A. Пневмония В. Ателектаз С. Эмфизема D. Пневмоторакс E. Бронхоэктатикалық ауру Қақырық түсіретін дәрі-дәрмек: A. Мономицин В. Микосептин С. Метрогил D. Метионин E. Мукалтин Жіті бронхитте постдуралдық массаж және вибромассажды қандай мақсатта жүргізеді? A. Өкпенің қан айналымын жақсартады В. Қақырықтың түсуін жақсартады және бронхоспазм көріністерін азайтады С. Аурудың өршу жиілігін азайтады D. Жөтел ұстамаларын азайтады E. Қақырықты сұйылтады Қай өсімдіктің қақырық шығаратын әсері бар? A. Жалбыз В. Қалақай С. Шалфей D. Алтей E. Валериана Балаларға қыша қағазын қою көрсеткіші: A. Гипертермиялық синдром В. Атопиялық дерматит С. Өкпеден қан кету D. Туберкулез E. Бронхит Пневмония (БШАЫЕ) БШАЫЕ стратегиясының негізгі мақсаттары: А. 1 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімін төмендету В. 3 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімін төмендету С. 5 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімді, аурушаңдықтың жиілігі мен ауырлығын, мүгедектілікті төмендету, физикалық және психикалық дамуын жақсарту. D. 2 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімін, аурушаңдықтың жиілігі мен ауырлығын, мүгедектілікті төмендету, физикалық және психикалық дамуын жақсарту Е. 3 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітімін, аурушаңдықтың жиілігін, физикалық және психикалық дамуын жақсарту 5 жасқа дейінгі балалардың негізгі өлім себептері (БШАЫЕ): А. Пневмония, диарея, малярия, тамақтану бұзылысы, қызылша В. Пневмония, диарея, малярия, дизентерия, сальмонеллез С. Пневмония, диарея, ауыр анемия, туберкулез, менингит D. Пневмония, диарея, көкжөтел, қызамық, желшешек, Е. Пневмония, диарея, анемия, жұтқыншақ абцесі, дифтерия 2 айдан 5 жасқа дейінгі барлық ауырған балаларда міндетті түрде анықталатын жалпы қауіпті белгісіне жатады (БШАЫЕ): А. Баланың тәбеті төмендейді В. Бала емшек еме алмайды немесе сусын іше алмайды С. Дәл осы ауру кезіндегі қызба D. Бала мазасыз немесе ашуланшақ Е. Сұйық сулы нәжіс 2 айдан 5 жасқа дейінгі барлық ауырған балаларда міндетті түрде анықталатын жалпы қауіпті белгісіне жатады (БШАЫЕ): А. Дәл осы ауру кезіндегі сарғаю В. Дәл осы ауру кезіндегі жөтел С. Дәл осы ауру кезіндегі лоқсу D. Дәл осы ауру кезіндегі қызба Е. Дәл осы ауру кезіндегі тырысу 2 айдан 5 жасқа дейінгі балаларда жалпы қауіпті белгілеріне жатады (БШАЫЕ): А. Жөтел, жиілінген тыныс алу В. Летаргия, ес-түссіз С. Қызба, бөртпелер D. Мазасыздық, ашуланшақтық Е. Құлақтың ауырсынуы, іріңді бөлінділер Астмоидты тыныс (БШАЫЕ) - А. Бала дем алғанда, кеуде қуысының төменгі жағының ішке тартылуы В. Бала дем шығарғанда, кеуде қуысының төменгі жағының ішке тартылуы С. Бала дем алған кезде шығатын қатты дыбыс D. Бала демін шығарған кезде естіліп тұрған, ақырын шығатын дыбыс Е. Бала тыныш дем алған кезде шығатын сырылдаған дыбыс Стридор (БШАЫЕ)- А. Бала дем алғанда, кеуде қуысының төменгі жағының ішке тартылуы В. Бала дем шығарғанда, кеуде қуысының төменгі жағының ішке тартылуы С. Бала тыныш дем алған кезде шығатын сырылдаған дыбыс D. Бала демін шығарған кезде естіліп тұрған, ақырын шығатын дыбыс Е. Бала дем алған кезде шығатын қатты дыбыс Стридор және астмоидтық тынысын анықтау үшін (БШАЫЕ): А. Қолды баланың ішіне қою керек В. Баланың аузына құлақты төсеу арқылы тыңдау С. Фонендоскоп арқылы тыңдау D. Қолды баланың кеуде қуысына қою керек Е. Алыстан анықтауға болады 2 айдан 12 айға дейінгі ауру балада жөтел немесе тыныс алудың қиындауы бар болса, жиіленген тыныс алу деп есептеледі (БШАЫЕ): А. 1 минутта 60 не одан көп В. 1 минутта 50 не одан көп С. 1 минутта 40 не одан көп D. 1 минутта 30 не одан көп Е. 1 минутта 20 не дан көп 12 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада жөтел немесе тыныс алудың қиындауы бар болса, жиіленген тыныс алу деп есептеледі (БШАЫЕ): А. 1 минутта 20 не одан көп В. 1 минутта 60 не одан көп С. 1 минутта 40 не одан көп D. 1 минутта 30 не одан көп Е. 1 минутта 50 не одан көп БШАЫЕ бағдарламасы бойынша жөтел немесе тыныс алудың қиындауын бағалаудың бір белгісі: А. Төмен салмақ B. Кеуде қуысының ішіне тартылуы C. Тырыспа D. Дене қызуы 37,50С E. Жалпыланған бөртпе Егер 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада жөтел немесе тыныс алудың қиындауы 30 күннен артық созылса (БШАЫЕ), қандай ауруға зерттеу жүргізіледі? А. Туберкулез В. Бронхит С. Фарингит D. Трахеит Е. Тонзиллит 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада ауыр пневмонияның белгілеріне жатады (БШАЫЕ): А. Құрғақ жөтел В. Ылғалды жөтел С. Дене қызуы 37,00С D. Жиіленген тыныс алу Е. Тыныш кезіндегі стридор Егер 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балада пневмония және астмоидты тыныс алуы бар болса, қандай бронхолитик тағайындалады (БШАЫЕ)? А. Сальметерол В. Сальбутамол С. Кленбутерол D. Фенотерол Е. Тербуталин Пневмония кезінде 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балаға қандай ауыз арқылы берілетін антибиотик тағайындалады (БШАЫЕ)? А. Левомицетин В. Ципрофлоксацин С. Эритромицин D. Доксициклин Е. Амоксициллин Ауыр пневмония кезінде стационарға шұғыл түрде жолданатын және бактерияға қарсы дәріні ауыз арқылы қабылдай алмайтын 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауру балаларға қандай антибиотиктерді бұлшықетке енгізеді (БШАЫЕ)? А. Цефазолин, полимиксин В. Ципрофлоксацин, цефтриаксон С. Ампициллин, гентамицин D. Бициллин, пенициллин Е. Линкомицин, левомицетин 2 айдан 5 жасқа дейінгі ауырған баланы шұғыл түрде анасы тез арада қайтып алып келуі тиіс (БШАЫЕ), егер балада: А. Мазасыздық болса В. Жөтел пайда болса С. Сұйық нәжіс болса D. Тәбеті төмендесе Е. Сусын іше алмаса немесе еме алмаса |