4 курс 7 сем 2021 жыл Педиатрия тесттер медбике. растыран Мырзагулова Ж. Б. Тараз 2021 ж. Рда педиатриялы ызметті йымдастыру
Скачать 113.56 Kb.
|
Жүрек қан-тамыр жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері Жаңа туылған нәрестенің жүрегінің салмағы дене салмағының қанша пайызын құрайды? A. 0,7% В. 0,6% С. 0,8% D. 0,5% E. 0,4% Жаңа туылған нәрестенің жүрек қарыншаларының анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері: A. Сол қарыншасының қабығы қалың В. Оң қарыншасының қабығы қалың С. Сол және оң қарыншалардың қабығының қалыңдығы бірдей D. Сол қарынша қабығының қалыңдығы ересек адамдарға қарағанда қалың E. Оң қарынша қабығының қалыңдығы ересек адамдарға қарағанда қалың Құрсақ ішінде артериалдық (Боталдық) өзек қандай тамырлар арасында орналасқан? A. Өкпе артериясы мен өкпе сабауының арасында В. Төменгі және жоғарғы қуысты веналар арасында С. Қолқа мен өкпе венаның арасында D. Қолқа мен өкпе артерияның арасында E. Жоғарғы қуысты вена мен өкпе артериясының арасында Құрсақ ішінде жүрек бөлімдерінің арасындағы байланысты белгілеңіз: A. Қарынша аралығындағы пердесінде сопақша тесік В. Жүрекше аралық пердесіндегі сопақша тесік С. Сол жүрекше мен оң қарынша арасындағы байланыс D. Оң жүрекше мен сол қарынша арасындағы байланыс E. Оң жүрекше мен оң қарынша арасындағы байланыс Жаңа туылған нәрестенің пульс жиілігі 1 мин: A. 100-120 рет В. 120-130 рет С. 140-160 рет D. 170-180 рет E. 100-110 рет 5 жастағы баланың пульс жиілігі 1 мин: A. 110 рет В. 90 рет С. 120 рет D. 80 рет E. 100 рет Туа біткен жүрек ақаулары Кіші қанайналыс шеңберіне ауыртпалық түсіретін іштен біткен жүрек ақауы: A. Тетрада Фалло В. Ашық артериалдық (Боталдық) өзек С. Өкпе артериясының стенозы D. Қолқа коарктациясы E. Қосжармалы қақпашалардың пролапсы Кіші қанайналыс шеңберіне ауыртпалық түсіретін іштен біткен жүрек ақауы: A. Тетрада Фалло В. Өкпе артериясының стенозы С. Қолқа коарктациясы D. Жүрекшеаралық перденің дефектісі E. Қосжармалы қақпашалардың пролапсы Кіші қанайналыс шеңберіне қанның аз келуімен сипатталатын іштен біткен жүрек ақауы: A. Өкпе артериясының стенозы В. Ірі тамырлардың толық транспозициясы С. Қолқа коарктациясы D. Ашық артериалдық өзек E. Қарыншааралық перденің дефекті Ірі тамырлардың толық транспозициясында: A. Қолқа мен өкпе артерияның арасында өзек В. Қолқа оң қарыншадан, ал өкпе артериясы сол қарыншадан шығады С. Қолқа сол қарыншадан, ал өкпе артериясы оң қарыншадан шығады D. Қолқа және өкпе артерияның стенозы E. Қолқа қақпашаларының пролапсы Саусақтары мен башпайларының ұшы домбығып, тырнақтары көгеріп және «сағат әйнегі» тәріздес томпаюы қандай іштен біткен жүрек ақауының клиникалық белгілері? A. Ашық Боталдық өзек В. Декстрокардия С. Қолқа коарктациясы D. Тетрада Фалло E. Жүрекшеаралық перденің дефектісі Іштен біткен жүрек ақауларының асқынуына жатады: A. Бүйрек жетіспеушілігі В. Септикалық эндокардит С. Эмфизема D. Артериалдық гипертония E. Артериалдық гипотония Іштен біткен жүрек ақауларының диагностикасына жатады: A. Ангиоэнцефалография В. Электромиография С. Эхокардиография D. Эхоэнцефалография E. Холецистография Іштен біткен жүрек ақауларының негізгі емі: A. Амбулаторлық ем В. Хирургиялық ем С. Паллиативтік ем D. Санаторлық ем E. Реабилитациялық ем Жіті ревматикалық қызба Жіті ревматикалық қызба ауруында қандай ұлпа зақымдалады? A. Бұлшықет ұлпасы В. Бір қабатты эпителий ұлпасы С. Көп қабатты эпителий ұлпасы D. Жүйке ұлпасы E. Дәнекер ұлпасы Жіті ревматикалық қызбаның этиологиясы: A. β-гемолитикалық стрептококк А тобы В. Алтын түсті стафилококк С. Пневмококк D. Энтерококк E. Диплококк Жіті ревматикалық қызбаның рецидивтері қандай аурулардан кейін пайда болады? A. Гипотрофия, мешел В. Цистит, пиелонефрит С. Ангина, фарингит D. Гастрит, холецистит E. Анемия, лейкоз Жіті ревматикалық қызбамен қандай жастағы балалар жиі ауырады? A. Мектеп жасына дейінгі В. Жаңа туылған С. Емшек жасындағы D. Мектеп жасындағы E. Барлық жастағы балалар Жіті ревматикалық қызба ауруында зақымдалады: A. Трахея, бронхтар, өкпе В. Жүрек, буындар, жүйке жүйесі С. Ұйқы безі, қалқанша без, гипофиз D. Өңеш, асқазан, ішектер E. Несеп шығаратын өзек, қуық, бүйрек Ревматикалық полиартриттің ерекшеліктері: A. Ірі және майда буындар қабынады, симметриясыз зақымдайды В. Симметриялы ірі буындар қабынады, буындардың қабынуы артынан ешқандай өзгерістер болмайды С. Ірі буындар қабынады, буындарда тұрақты деформациялар байқалады D. Майда буындар қабынады, буындарда тұрақты деформациялар байқалады E. Ірі және майда буындар қабынады, гемартроз Жіті ревматизімде теріде болатын өзгерістер: A. Экзантема В. Есекжем С. Қышымалы бөртпе D. Тері гиперимиясы E. Сақина тәрізді (аннулярлық) эритема Кіші хореяда қандай жүйе зақымдалады? A. Жүрек-тамыр В. Сүйек-буын С. Тыныс алу D. Жүйке E. Ас қорыту Кіші хореяның негізгі клиникалық белгілері: A. Гипокинезия, гипотензия В. Гиперкинездер, гипотония С. Гипертонус, гиперрефлексия D. Гиперестезия, гипертермия E. Гипертония, гипотермия Гиперкинездер – A. Қозғалыстық әрекеттердің күшеюі В. Бұлшықет тонусының күшеюі С. Бұлшықеттердің өздігінен жиырылуы D. Қан қысымының көтерілуі E. Дене қызуының көтерілуі Қыз 13 жаста. Созылмалы тонзиллитпен ауырады. Екі апта бұрын баспамен ауырған, кейін қолдар мен аяқтардың дірілдеуі, жүрістің бұзылуы, эмоциялық беріксіздік пайда болды. Зерттеу кезінде: координацияның бұзылуы және бұлшықет гипотониясы. Болжамды диагноз: A. Кіші хорея B. Энцефалит C. Миастения D. Мишықтың ісігі E. Эпилепсия Жіті ревматикалық қызбадағы қан талдауындағы өзгерістер: A. Лейкоцитоз, ЭТЖ артуы В. Лейкоцитоз, ЭТЖ төмендеуі С. Лейкопения, ЭТЖ қалыпты D. Лейкопения, ЭТЖ төмендейуі E. Лейкопения, анемия Жіті ревматикалық қызбадағы қанның биохимиялық өзгерістері: A. АЛТ, АСТ белсенділігі артады В. Холестерин деңгейі артады С. С-реактивті ақуыз шығады D. Фибриноген деңгейі төмендейді E. Жалпы билирубин деңгейі артады Ревматикалық кардиттің диагностикасында қандай аспаптық зерттеу жүргізіледі? A. Фонокардиография В. Ангиоэнцефалография С. Флюорография D. Эхоэнцефалография E. Флебография Ревматикалық кардиттің диагностикасында қандай аспаптық зерттеу жүргізіледі? A. Эзофагогастродуоденоскопия В. Ангиоэнцефалография С. Флюорография D. Эхоэнцефалография E. Эхокардиография Жіті ревматикалық қызба емдеуінде негізгі қолданылатын дәрі-дәрмек: A. Салицил қышқылы В. Никотин қышқылы С. Аскорбин қышқылы D. Ацетилсалицил қышқылы E. Аминокапрон қышқылы Ревматикалық полиартритте тағайындайды: A. Диклофенак В. Дицинон С. Диакарб D. Дигоксин E. Диазепам Ревматикалық қызба кезiнде ауырсынудың тез тоқтауы қандай препараттарды қолданғанда байқалады? A. Сульфаниламидтерді B. Глюкокортикостероидтарды C. Антибиотиктерді D. Қабынуға қарсы стероидты емес E. Спазмолитиктерді Жіті ревматикалық қызба емдеуінде қолданылатын антибиотиктер: A. Полимиксин, левомецитин В. Нистатин, леворин С. Бензилпенициллин, бициллин D. Стрептомицин, рифампицин E. Эритромицин, тетрациклин Хорея емдеуінде қолданылады: A. Бром препараттары В. Калий препараттары С. Кальций препараттары D. Магний препараттары E. Цинк препараттары Бициллин-5 қалай енгізіледі? A. Күніне 4 рет В. Аптасына 1 рет С. Айына 1 рет D. Күніне 2 рет E. Айына 2 рет Хорея емдеуінде қолданылатын физиотерапия: A. Соллюкс В. Электроұйқы С. УКС D. Микротолқынды терапия E. Аэротерапия Жіті ревматикалық қызба ауруының алдын алу үшін қандай дәрі-дәрмектер тағайындайды? A. Гентамицин В. Линкомицин С. Рифампицин D. Эритромицин E. Бициллин Жіті ревматикалық қызбаның емдеу сатыларын белгілеңіз: A. Емхана – санаторий - аурухана В. Диспансер – емхана - санаторий С. Аурухана – емхана - санаторий D. Аурухана – санаторий – курорт E. Санаторий – емхана - аурухана Жіті ревматикалық қызба ауруында қан айналысы бұзылған жағдайда қандай диета тағайындалады? А. №5 диета В. №15 диета С. №7 диета D. №10 диета E. №9 диета Жіті ревматикалық қызбамен ауырған баланың диспансерлік бақылауын кім жүргізеді? А. Жалпы тәжірибе дәрігері (педиатр), пульмонолог В. Жалпы тәжірибе дәрігері (педиатр), нефролог С. Жалпы тәжірибе дәрігері (педиатр), гематолог D. Жалпы тәжірибе дәрігері (педиатр), эндокринолог Е. Жалпы тәжірибе дәрігері (педиатр), ревматолог |