4 курс 7 сем 2021 жыл Педиатрия тесттер медбике. растыран Мырзагулова Ж. Б. Тараз 2021 ж. Рда педиатриялы ызметті йымдастыру
Скачать 113.56 Kb.
|
«Педиатриядағы мейіргер ісі» пәнінен «Мейіргер ісі» мамандығы студенттеріне арналған тест жинағы Құрастырған: Мырзагулова Ж.Б. Тараз – 2021 ж. ҚР-да педиатриялық қызметті ұйымдастыру Қай жылы Алма-Аты мемлекеттік медициналық институтында педиатрия факультеті құрылды? А. 1938 жылы В. 1936 жылы С. 1840 жылы D. 1848 жылы Е. 1934 жылы Қазақ социалистік республика одағының Педиатрия институты қашан ашылды? A. 1938 жылы В. 1936 жылы С. 1932 жылы D. 1834 жылы Е. 1930 жылы Қазақстан республикасының Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығын көп жылдар бойы басқарған кім? A. С.Ж. Аспандияров В. К.С. Ормантаев С. И.А. Барлыбаева D. Х.Е. Мырзалиева Е. Н.А. Каюпова Қазақстанда бала денсаулығын қорғау ісіне үлес қосқан белгілі профессор: A.Т.Н. Никонова В. М.С. Маслов С. А.А. Кисель D. Ю.Ф. Домбровская Е. А.Ф.Тур Қазақстанда бала денсаулығын қорғау ісіне үлес қосқан белгілі профессор: A. Н.Ф. Филатов В. К.А. Святкина С. Н.А. Каюпова D. Ю.Ф. Домбровская Е. В.П. Бисярина Балаларды диспансеризациялау. Денсаулық топтары. Дені сау, дене бітімінің дамуы дұрыс, негізгі мүшелері мен жүйелерінің қызметі қалыпты жағдайдағы балаларды кандай топқа жатқызады? A. ІІ топ В. ІІІ топ С. ІV топ D. І топ Е. V топ ІІІ денсаулық тобына жатады: A. Созылмалы аурулары компенсация сатысында, мүшелерінің қызмет мүмкіндіктері сақталған балалар В. Дені сау, бірақ функционалдық немесе кейбір морфологиялық ауытқулары бар балалар. С. Созылмалы аурулары декомпенсация жағдайындағы, мүшелерінің қызмет мүмкіндіктері едәуір төмендеген балалар D. Созылмалы аурулары субкомпенсация жағдайындағы, мүшелерінің қызмет мүмкіндіктері азайған балалар Е. Дені сау, дене бітімінің дамуы дұрыс, негізгі мүшелері мен жүйелерінің қызметі қалыпты жағдайдағы балалар V денсаулық тобына жатады: A. Созылмалы аурулары компенсация сатысында, мүшелерінің қызмет мүмкіндіктері сақталған балалар В. Дені сау, бірақ функционалдық немесе кейбір морфологиялық ауытқулары бар балалар. С. Созылмалы аурулары декомпенсация жағдайындағы, мүшелерінің қызмет мүмкіндіктері едәуір төмендеген балалар D. Созылмалы аурулары субкомпенсация жағдайындағы, мүшелерінің қызмет мүмкіндіктері азайған балалар Е. Дені сау, дене бітімінің дамуы дұрыс, незізгі мүшелер мен жүйелерінің қызметі қалыпты жағдайдағы балалар Созылмалы аурулары субкомпенсация жағдайындағы, мүшелерінің қызмет мүмкіндіктері азайған балаларды кандай топқа жатқызады? A. І топ В. ІІІ топ С. ІV топ D. ІІ топ Е. V топ Ағза мүшелерінің қызмет мүмкіндіктері сақталған, компенсация сатысында созылмалы аурулары бар балаларды қай денсаулық тобына жататынын көрсетіңіз: А. І В. ІІІ С. ІІ D. ІV Е. V «Баланың даму тарихы» медициналық құжаттамасын есепке алу нысаны: A. №025/е В. №112/е С. №002/е D. №030/е Е. № 110/е «Диспансерлік қадағалаудың бақылау картасы» медициналық құжаттамасын есепке алу нысаны: A. №025/е В. №030/е C. №035/е D. №003/е Е. №026/е «Баланың медициналық картасы» медициналық құжаттамасын есепке алу нысаны: A. №027/е В. №006/е С. №026/е D. №025/е Е. №024/е Бала жасының кезеңдері Құрсақішілік кезеңінің ұзақтығы: A. 260 күн В. 270 күн C. 280 күн D. 290 күн Е. 300 күн Жаңа туылған кезеңіне тән аурулар: A. Мешел, теміртапшылық анемия В. Вирусты гепатит, дизентерия C. Омфалит, везикулопустулез D. Қызылша, желшешек Е. Жіті респираторлық вирустық инфекция Емшек жасындағы кезеңінің ұзақтығы: A. Туғаннан 1 жасқа дейін В. 2 айдан 1 жасқа дейін C. Туғаннан 1 айға дейін D. 29 күннен бастап 12 айға дейін Е. 1 жастан 2 жасқа дейін Емшек жасындағы кезеңіне тән аурулар: A. Желшешек, көкжөтел В. Семіздік, гастрит C. Гипотрофия, теміртапшылық анемия D. Жіті респираторлық вирустық инфекция Е. Омфалит, везикулопустулез Қай кезеңде бала бойының өсуі мен салмақ қосуы қарқынды болады? A. Емшек жасындағы кезеңі В. Жаңа туылған кезеңі C. Кіші мектеп жасы кезеңі D. Мектеп жасына дейінгі кезеңі Е. Жоғары мектеп кезеңі (жасөспірім) Сүт тістері кезеңінің ұзақтығы: A. 1 жастан 8-10 жасқа дейін В. 1 жастан 6-7 жасқа дейін С. 1 жастан 5 жасқа дейін D. 29 күннен 1 жасқа дейін Е. 1 жастан 2 жасқа дейін Мектеп жасына дейінгі алдындағы кезеңде балаларда қандай аурулар жиі байқалады? A. Желшешек, дизентерия В. Ревматизм, туберкулез С. Омфалит, везикулопустулез D. Гипотрофия, теміртапшылық анемия Е. Бронх демікпе, ревматизм Тұрмыстық жарақаттар қандай жаста жиі кездеседі? A. 1 жастан 3 жасқа дейін В. 3 жастан 6-7 жасқа дейін С. 7 жастан 10-11 жасқа дейін D. 12 жастан 18 жасқа дейін Е. 1 жастан 2 жасқа дейін Жоғары мектеп кезеңінің ұзақтығы: A. 10 жастан 17-18 жасқа дейін В. 7 жастан 17-18 жасқа дейін С. 8 жастан 10-11 жасқа дейін D. 12 жастан 17-18 жасқа дейін Е. 11 жастан 17-18 жасқа дейін Ас қорыту аурулары (гастрит, дуоденит), семіздік баланың қай кезеңінде жиі байқалады? A. Кіші мектеп жасы кезеңі В. Сүт тістерінің кезеңі С. Жоғары мектеп кезеңі D. Барлық жаста Е. Мектеп жасына дейінгі алдындағы кезеңі Баланың физикалық дамуы 1 жасқа дейін І кварталда баланың дене бойы ай сайын неше сантиметрге өседі? A. 1 см В. 2,5 см С. 3 см D. 1,5 см Е. 2 см 1 жасқа дейін ІІ кварталда баланың дене бойы ай сайын неше сантиметрге өседі? A. 3 см В. 2,5 см С 2 см D. 1,5 см Е. 1 см 1 жасқа дейін ІІІ кварталда баланың дене бойы ай сайын неше сантиметрге өседі? A. 2 см В. 2,5 см С. 1,5 см D. 1 см Е. 3 см 1 жасқа дейін ІV кварталда баланың дене бойы ай сайын неше сантиметрге өседі? A. 1 см В. 2,5 см С. 3 см D. 1,5 см Е. 2 см Сау баланың бойы 1 жасқа дейін орташа деңгейде өседі: 25 см 20 см 5 см 30 см 35 см 1 айда баланың дене салмағының қосылуы: A. 550 г В. 700 г С. 650 г D. 500 г Е. 600 г 2 айда баланың дене салмағының қосылуы: A. 800 г В. 750 г С. 650 г D. 600 г Е. 850 г 6 айда баланың дене салмағының қосылуы: A. 700 г В. 750 г С. 650 г D. 600 г Е. 800 г 10 айда баланың дене салмағының қосылуы: A. 350 г В. 550 г С. 500 г D. 450 г Е. 400 г Сау бала 1 жасқа дейін орташа деңгейде салмақ қосады: A. 7000 г B. 7050 г C. 7150 г D. 7250 г E. 7350 г 1 жасқа дейін сау баланың дене салмағын және бойын неше рет өлшеу керек? А. Айына 1 рет В. Айына 2 рет С. Квартал сайын D. 2 айда 1 рет Е. Жарты жылда 1 рет 1 жастан 2 жасқа дейін сау баланың дене салмағын және бойын неше рет өлшеу керек? А. Айына 1 рет В. Айына 2 рет С. Квартал сайын D. 2 айда 1 рет Е. Жарты жылда 1 рет 5 жастағы баланың салмағы: A. 18 кг В. 16 кг С. 17 кг D. 19 кг Е. 15 кг 8 жастағы баланың бойы: A. 100 см В. 130 см С. 120 см D. 140 см Е. 110 см Баланың салмағы 25 кг, бойы 123 см. Баланың жасы шамамен қанша? A. 3 жас B. 4 жас C. 5 жас D. 6 жас E. 7 жас Баланың салмағы 22 кг, бойы 116 см. Баланың жасы шамамен қанша? A. 3 жас B. 4 жас C. 5 жас D. 6 жас E. 7 жас Бас айналымын өлшейді: A. Қас үсті доғасы және төбе төмпешегі арқылы В. Самай сүйек және төбе төмпешігі арқылы С. Самай сүйек және шүйде сүйегінің төмпешігі арқылы D. Шүйде сүйектің дөнесі және қас үсті доғасы арқылы Е. Шүйде сүйектің дөнесі және маңдай төмпешігі арқылы Жүйке жүйесінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері. Ерте жастағы балалардың жүйке-психикалық дамуы. Жаңа туған нәрестенің жүйке ұлпасы неге бай? A.Суға В. Минералдарға С. Липидтерге D. Ақуыздарға Е. Көмірсуларға Жаңа туған нәресте миының қай бөлігі нашар жетілген? A. Таламус В. Гипоталамус С. Сопақша ми D. Мишық Е. Гипофиз Жаңа туған нәрестенің қандай сезім мүшесінің қызметтері онша жетілмейді? A. Дәм сезу В. Көру С. Иіс сезу D. Түйсену Е. Тепе-теңдікті сақтау Жаңа туған нәрестенің қандай сезім мүшесінің қызметтері онша жетілмейді? A. Дәм сезу В. Тепе-теңдікті сақтау С. Иіс сезу D. Түйсіну Е. Есту 1 айлық балаға жүйке-психикалық дамудың қандай көрсеткіші тән? А. Жаңа туылған нәрестенің рефлекстері анықталады В. Қозғалған заттарды көзімен қадағалайды С. Етбетінен жатып басын жақсы және ұзақ ұстайды D. Қолымен заттарды ұстауға ұмтылады Е. Тамақтандыру кезінде бөтелкені ұстайды Қай жастан бастап нәресте басын жақсы ұстайды? A. Туылған күннен бастап В. 1 айда C. 3 айда D. 4 айда Е. 2 айда Қай жастан бастап нәресте гуілдеп, дыбыс шығара бастайды? A. 3 айда В. 2 айда С. 4 айда D. 1 айда Е. Туылған күннен бастап Қай жастан бастап нәресте шалқасынан жатып етбетіне аударылады? A. 2 айда В. 4 айда С. 3 айда D. Туған күннен бастап Е. 1 айда Қай жастан бастап нәресте еңбектей бастайды? A. 4 айда В. 5 айда С. 3 айда D. 6 айда Е. 2 айда Қай жастан бастап нәресте сөздің буындарын айта бастайды? A. 4 айда В. 6 айда С. 5 айда D. 3 айда Е. 2 айда Қай жастан бастап баланы сұйықтықты ыдыстан ұрттап ішуге үйретеді? A. 3 айда В. 1 айда С. 6 айда D. 4 айда Е. 2 айда Қай жаста нәресте 8-10 сөз айта алады? A. 12 айда В. 8 айда С. 6 айда D. 10 айда Е. 7 айда Қай жастан бастап бала өз бетінше жүре алады? A. 10 айда В. 12 айда С. 9 айда D. 8 айда Е. 6 айда Баланың жасын көрсетіңіз, егер ол жеке буындарды айтса, атын білсе, ойыншықтарды қолдан қолға ауыстырса, егер оны отырғызса, өздігінен аударылады: A. 6 ай B. 5 ай C. 4 ай D. 7 ай E. 8 ай Бала өзі жүре алады, қолдаусыз отырады, 8-10 сөз айта алады. Баланың жасын көрсетіңіз. А. 8 ай В. 9 ай С. 3 ай D. 7 ай Е. 12 ай 2 жастағы баланың сөз сөйлеу әрекеті: A. Жеңіл сөздерді пайдаланады (машина – «би-би») В. 2-3 сөзден сөйлем құрап сөйлейді С. 1-2 сөзден сөйлем құрайды D. Күрделі сөйлемдер құрастыра бастайды Е. 8-10 сөз айта алады Қай жаста бала төрт негізгі түсті айыра алады? A. 2 жас 6 айда В. 2 жаста С. 1 жаста 6 айда D. 3 жаста Е. 1 жаста Қай жаста бала күрделі сөйлемдер құрастыра бастайды? A. 1 жаста В. 2 жас 6 айда С. 1 жас 6 айда D. 2 жаста Е. 3 жаста Уілдеп дыбыс шығарады, өз есіміне қарайды, сөздің буындарын қайталайды, бөлек сөздерді түсінеді. Баланың қай дамуы туралы айтылған? А. Шығармашылық даму В. Музыкалық дамуы С. Физикалық дамуы D. Моторлық дамуы Е. Нервтік-психикалық дамуы Баланың моторлық қызметтерін бағалау кезінде неге көңіл аудару керек? А. 2 айлық бала аударылмайды В. 9 айлық бала сүйеніп тұра алмайды С. 4 айлық бала тіреусіз отыра алмайды D. 6 айлық бала еңбектей алмайды Е. 2 айлық бала басын көтере алады Ас қорыту мүшелерінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері Жаңа туған нәрестенің асқазан сыйымдылығы: A. 40-45 мл В. 30-35 мл С. 50-55 мл D. 60-65 мл Е. 20-25 мл Бір жастағы баланың асқазан сыйымдылығы: A. 350-400 мл В. 100-140 мл С. 100-150 мл D. 250-300 мл Е. 400-450 мл Нәрестелердің құсуына бейім болатын себеп: A. Асқазанның кардиалдық сфинктері толық жабылмайды В. Асқазанның пилорикалық (қалытқы) бөлімі толық жетілмеген С. Асқазанның түбі толық жетілмеген D. Асқазанның секреторлық қызметі толық жетілмеген Е. Асқазан сыйымдылығының кішілігі Ана сүтімен тамақтандырғанда ішекте қандай микрофлора басым болады? A. Ішек таяқшалары В. Микобактериялар С. Бифидобактериялар D. Коринобактериялар Е. Кандидалар Баланы қолдан тамақтандырғанда ішекте қандай микрофлора мекендейді? A. Ішек таяқшалар, энтерококктар В. Стафилококктар, стрептококктар С. Бифидобактериялар, лактобактериялар D. Коринобактериялар, микобактериялар Е. Саңырауқұлақтар, қарапайымдылар Емшек еметін баланың нәжісі қандай? A. Ашық түсті, суы аз, тығыз, шірік иісті В. Гомогенді, сары түсті, қоспасыз, сәл қышқылтым иісті С. Коңыр түсті, суы аз, тығыз D. Сұйық, сары түсті, жалғақпен Е. Сұйық, жасыл түсті, жалғақпен Жасанды тамақтандырған баланың нәжісі қандай? A. Сұйық, жасыл түсті, жалғақпен В. Сарғыш түсті, ботқа тәріздес, сәл қышқыл иісті С. Ашық түсті, суы аз, тығыз, шірік иісті D. Қоңыр түсті, суы аз, тығыз Е. Сұйық, сары түсті, жалғақпен |