Главная страница
Навигация по странице:

  • Балаңыздың қызығушылығын зерттеуге арналған сұрақтар

  • «Сезім мен эмоцияның өзіндік айырмашылықтарын» топтық тренинг түрінде өткізу

  • «Қабылдау мен түйсіктің ерекшеліктерін» айқындауға байланысты тәжірибе жүргізу

  • «Қабылдаудың ерекшеліктерін» анықтауға байланысты суреттерді демонстрациялау

  • «Соқыр және оның жетекшісі» тренингі

  • Ойлауға байланысты суреттер мен сызбаларды демонстрациялау және оларды берік есте қалдыруын қадағалау.

  • Студенттердің интеллектуалдық даму деңгейін анықтау «Төртіншісі артық» әдістемесі

  • Басса-Даркидің эмоциялық тесті

  • «Мектептік мазасыздық деңгейін анықтау» тесті

  • «Мектептік мазасыздық деңгейін анықтау» тестінің сұрақтары

  • Практикантка әдістемелік (1). растыран Н. С. Тленчиева cтуденттерді жеке басы мен оУ жымын зерттеу дістемесі


    Скачать 0.54 Mb.
    Названиерастыран Н. С. Тленчиева cтуденттерді жеке басы мен оУ жымын зерттеу дістемесі
    Дата05.04.2022
    Размер0.54 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаПрактикантка әдістемелік (1).docx
    ТипДокументы
    #443970
    страница3 из 5
    1   2   3   4   5

    Студенттердің жеке тұлғасын зерттеуге арналған сұрақтар

    1. Сіздің балаңыздың басқа адамдармен қарым – қатынасы қандай (атасымен, әжесімен, ағасымен, қарындасымен, достарымен, үлкендермен)?

    2. Сіздің балаңыздың мінезінде қандай жағымды, жағымсыз жақтары бар?

    3. Сіздің балаңыз еңбек етуге қалай қарайды?

    4. Сіздің балаңыздың қандай қайырымды істері жайлы айта аласыз

    5. Ол қоғамдық жұмысқа қалай қарайды?

    6. Оқу әрекеті барысында қандай қиындықтарға кездесті?

    7. Сіздің балаңыз бос уақытын қалай өткізеді, немен айналысады?

    8. Сіздің балаңыз бос уақытын көбінесе қай жерде өткізеді (театр, үйірме, кино, парк, табиғатқа жорық, ешқайда бармайды)?

    9. Балаңыз жайлы толғандыратын қорқынышыңыз, күмәніңіз бар ма?

    10. Сіздің балаңыз кіммен дос, олар сіздің үйіңізде жиі болады ма, мектептегі, ауладағы достарын танисыз ба?


    Балаңыздың қызығушылығын зерттеуге арналған сұрақтар

    1. Сіздің балаңыз қазіргі уақытта көбінесе немен шұғылданады (сурет салады, киім тігу үлгісін жасау, өсімдіктердің, жануарлардың тіршілігін зерттеу)?

    2. Бұрын сіздің балаңызды не қызықтырды?

    3. Оның қызығушылығы жиі өзгеріп тұра ма?

    4. Мектептегі және басқа үйірмелерге қатысады ма?

    5. Осы қызығушылығын ары қарай дамыту үшін қандай әрекет жасайсыз?


    «Сезім мен эмоцияның өзіндік айырмашылықтарын» топтық тренинг түрінде өткізу

    Бұл топтық тренинг мақсаты – студенттердің тұлғалық бағыт-бағдарын, топтағы қарым-қатынас ерекшеліктерін және отбасындағы өзінің орнын мен отбасы мүшелерімен қарым-қатынас деңгейін анықтау.

    Студенттерге «Үш ағаш» әдістемесі қолданылады.

    Мұнда студенттер үш ағаш суретін салады. Онда мынадай мәселелерді ескереді.



    Қарағаш Емен


    Алма ағаш

    1. Ағаштың ең жасы.

    2. Ағаштың ең кәрісі.

    3. Ағаштың ішінен жақсы көретіні.

    4. Ағаштың ішінен жақсы көрмейтіні.

    5. Ағаштардың өзара орналасуы.

    6. Осы ағаштарға бақша күтушісі ретінде қандай күтімді ұсынар едіңіз?

    7. Ағаш суреттерін бейнелеуде әр ағашқа деген сезімі және эмоциялық жағдайын сұрау.


    «Қабылдау мен түйсіктің ерекшеліктерін» айқындауға байланысты тәжірибе жүргізу

    Мақсаты: Адамның таным әрекетіндегі қабылдаудың ролін арттыру.

    Құрал-жабдықтар: Өшіргіш, бор, қалам, кілт, қағаз және т.б. заттар.


    Р/с

    Заттың аты

    Зерттеушінің көрсеткені

    1-серия

    2-серия

    3-серия

    1.

    2.

    3.

    4.

    5.

    Өшіргіш

    Кілт

    Бор

    Қағаз

    Телефон

    Затты алақанның сырт жағына қою

    Затты алақанға қою

    Алақанда жатқан затты сипап сезу арқылы тану


    Берілген жауаптардың нәтижесінде шыққан қорытынды:

    1. Заттар сезім мүшелерімізге тікелей әсер еткенде түйсік пен қабылдау пайда болады.

    2. Түйсік арқылы заттардың кейбір қасиеттерін және ерекшеліктерін анықтай аламыз.

    3. Қабылдау – адамның санасында заттардың толық бейнеленуі.

    4. Қабылдау түйсіктердің қосындысы емес.

    5. Қабылдауда заттың пішіні, заттардың арасындағы қатынастар, заттармен әрекет жасау және адамның бұрынғы тәжірибесі үлкен роль атқарады.

    6. Түйсік пен қабылдаудың ұқсастығы: түйсік пен қабылдау пайда болу үшін тітіркендіргіштер тікелей сезім мүшелерімізге әсер ету керек.

    7. Түйсік пен қабылдаудың айырмашылығы: түйсік арқылы заттар мен құбылыстардың қасиеттерін анықтай аламыз. Қабылдауда затты толық қабылдаймыз.



    «Қабылдаудың ерекшеліктерін» анықтауға байланысты

    суреттерді демонстрациялау

    Қабылдаудың таңдамалылығы







    «Соқыр және оның жетекшісі» тренингі

    Бір ойынға қатысушы соқыр болады (қатысушының көзін қара матамен немесе орамалмен байлап қояды), ал басқалары оны жетектеп алып жүріп, 5 минут ішінде айналадағы қоршаған заттарымен таныстырады (стол, қабырға, жиһаздар және т.б. түрлі заттар). Бұл уақыт ішінде жетекші «соқырға» оның алдында кездескен кедергілерді жеңіп шығуына көмектеседі. Сонан соң жетекші екі мәрте абайлап заттардың орындарын ауыстырып қояды. «Соқыр» олардан сүрінбей өтіп кетуі керек.

    Келесі кезеңде бірінші ойыншының орнына басқа «соқыр» келеді. Ән ойналады. Барлық қатысушылар үндемей тұрады. Содан соң кім «соқырға» жақсы жетекшісі болса, сол одан өзі соқырдың орнын алып, ойын басынан бастап, қайта ойналады. Барлық қиындықтарды жеңгеннен кейін «соқыр» болғандар тақпақ айтып немесе өзінің сезімі жайлы сурет салатын болады.

    Мұнда түсінік пен қабылдаудың ерекшеліктерін жазуға мүмкіндік береді:

    1. Тері түйсіктері арқылы заттарды дұрыс түсініп, сезінеді.

    2. Бұрынғы тәжірибелер негізінде заттарды ұстау арқылы дұрыс қабылдауы.

    3. Түрлі заттардың кейбір қасиеттерін дұрыс ажырата алуы.

    4. Көзі таңған адамның сезгіштік және қабылдау сапасындағы ерекшеліктерді салыстыру.

    Ойлауға байланысты суреттер мен сызбаларды демонстрациялау және оларды берік есте қалдыруын қадағалау.



    «100 сөзбен айтылған өмірбаян» атты топтық тренингі

    Интернетте келесі «100 сөзбен айтылған адам өмірі» деген сөзтізбектері орын алды. Сол сөзтізбектерді негізге ала отырып оның қазақша вариантын «100 сөзбен айтылған өмірбаян» деген жаттығу жасадық. Осы өмірбаянға қатысушылардың көзқарасы қандай екенін талдау ұсынылады.

    Бесік. Жөргек. Жылау. Сөз. Қадым. Дәрігер. Жүгіру. Ойыншық. Іні. Есік алды. Әткеншек. Бала-бақша. Мектеп. Екі. Үш. Төрт. Бес. Доп. Аяқтан шалу. Гипс. Керует. Төбелес. Бұзылған тұмсық. Есік алды. Достар. Алаяқтық. Сәнқойлық. Институт. Көктем. Қыдыру.

    Жаз. Сессия. Қарыздар. Сыра. Арақ. Мұз қатқан джин. Кафе. Сессия. Диплом. Арман. Махаббат. Жұлдыз. Қол. Ерін. Ұйқысыз түн. Той. Ене. Қайын ата. Қақпан. Жанжал. Клуб. Достар. Стакан. Үй. Жұмыс. Үй. Отбасы. Күн. Жаз. Қар. Қыс.

    Бала. Жөргек. Бесік. Стресс. Ашына. Төсек. Бизнес. Ақша. Жоспар. Қауырт жұмыс. Телевизор. Сериал. Бау-бақша. Шие. Баклажан. Ақ шаша. Мигрень. Көзәйнек. Немере. Жөргек. Бесік. Стресс. Қан қысымы. Төсек. Жүрек. Бауыр. Сүйек. Дәрігер. Сөз сөйлеу. Кебін. Қоштасу. Жылау.

    Осы айтылған сөздер өмірді түгел көрсетеді ме? Оның астарлы мағынасы қандай? Шынайы өмірге сәйкес келеді ме?

    Әр қатысушы өз пікірлерін ортаға салып, ол пікірді тыңдаушылармен қосылып талдауға мүмкіндік беріледі.

    ұнайды ма?

    Студенттердің интеллектуалдық даму деңгейін анықтау

    «Төртіншісі артық» әдістемесі

    Зерттеу барысы:
    1. Кебіс, аяқ, етік, туфли, қасық_____________________________________________
    2. Қайшы, ұстара, перо, пышақ ________________________________________
    3. Шатыр, фуражка, панама, қалпақ_____________________________________
    4. Керосин шамы, электр шамы, күн, балауыз____________________________
    5. Конверт, радио қабылдағаш, телефон, гитара __________________________
    6. Сағат, көзілдірік, таразы, термометр__________________________________
    7. Глобус, кітап, жазу үстелі, портфель__________________________________
    8. Термометр, стакан, шаңғы, рюмка____________________________________
     

    Басса-Даркидің эмоциялық тесті

    Нұсқау: Төмендегі тұжырымдарға келісетін болсаңыз “+”, ал келіспесеңіз “-“ белгісімен белгілеңіз.
    Сұрақтар:

    1. Егер мен ашулансам, қол жұмсап жіберуім мүмкін.

    2. Заттарды лақтыратындай, ешқашан мен қатты тітіркенбеймін.

    3. Мен тез ренжіп, жылдам басыламын.

    4. Егер менен жақсылап өтінбесе, өтінішті орындамаймын.

    5. Менің ойымша, тағдыр маған қатыгез сияқты.

    6. Басқалар менің сыртымнан мен туралы не айтатынын білемін.

    7. Егер басқалар сөз таласта менімен келіспесе, мен айтысуға дайынмын.

    8. Егер біреуді алдаған кезім болса, мен ар- ұжданымның алдында қатты азаптанып, қысылып, ұяламын.

    9.Басқа адамға мен қол көтеруге қабілетті емеспін.

    10. Мен ашуланғанда, есікті сарт еткізіп жаба аламын.

    11. Кейде адамдар өзінің қатысуымен ашу-ызамды келтіреді.

    12. Егер маған орныққан ереже ұнамаса, мен оны бұзғым келеді.

    13. Кейде мені қызғаныш мазалайды.

    14. Көп адамдар мені ұнатпайды.

    15. Менің құқығымды басқалардың құрметтеуін, сыйлауын талап етемін.

    16. Кейде менің ойыма өзім ұялатын ойлар келеді.

    17. Мені төбелеске дейін жеткізуге қабілетті адамдарды білемін.

    18. Кейде мен ашу-ызамды төбелес арқылы көрсетемін.

    19. Мен өзімді жиі атылуға дайын оқ ретінде сезінемін.

    20. Егер біреу өзін менен биік көрсеткісі келсе әрқашан мен оған қарсы тұрамын.

    21. Мені барлық болмысымен жек көретін адам жоқ.

    22. Көбі маған қызғанышпен қарайды.

    23. Мен қатты ызалансам да балағат сөздерді айтпаймын.

    24. Жұмыстан қашатын адамдар өзінің кінәсін, кемшілігін, әлсіздігін байқап сезуі керек.

    25. Маған біреу қол жұмсаса да, мен сирек жауап қайырамын.

    26. Қатты ызаланып, қолыма түскен затты сындырғанымды есіме түсіре аламын.

    27. Өзіме ұнамсыз адамдарға қарым-қатынасым, көзқарасым дөрекілеу.

    28. Маған бұйрық беріп сөйлесе, мен ешқандай тапсырманы орындағым келмейді.

    29. Басқаларға деген жаман көзқарасымды жасыруға тырысамын. 30. Кейде қоршаған ортадағы адамдар мені мазақ қылатын сияқты.
    31. Егер біреу мені ызаландырса, мен ол туралы не ойлайтынымды айтуға дайынмын.

    32. Өз ата-анам үшін аз көмек тигізгенім мені қатты толғандырады.

    33. Маған біреу қол көтерсе, мен оған жауап қайтармаймын.

    34. Дау барысында мен жиі даусымды көтеремін.

    35. Кішкентай нәрсеге бола ренжімеймін.

    . Адамдар өздерін бастық ретінде көрсетсе, мен қалайда болса мен-менсіп кетпеуіне жағдай жасаймын.

    37. Мен ылғи да жақсы еңбегіме лайықты баға ала алмаймын.

    38. Маған өштесіп, зиян келтіретін жауларым жоқ.

    39. Мен адамдарды сөздермен жиі қорқытқанмен, оны орындамаймын.

    40. Мен жасаған істеріме көбіне өкінемін.
    «Мектептік мазасыздық деңгейін анықтау» тесті

    Мақсаты:

    • бастауыш буыннан орта буынға өту кезеңіндегі бейімделу деңгейін;
      жалпы мектептегі мазасыздығын; әлеуметтік қобалжуды басынан өткізуін;

    • жетістікке жету жолындағы қажеттіліктерді өтеудегі кедергілерін;

    • өзін-өзі көрсетудегі қорқыныш сезімдерін;

    • білім тексеру барысында пайда болатын сенімсіздіктерін;

    • “қоршаған ортаның талабына сай болмай қаламын-ау” деген қорқыныш, үрейлерін;

    • физиологиялық стресске қарсы күресінің төмендігін;мұғаліммен қарым-қатынас жасау кезіндегі пайда болған қорқыныш сезімі мен келелі мәселелерін анықтау.

    • Нұсқау: Бойыңыздағы мазасыздық деңгейін анықтау мақсатында сізге 8 фактордан тұратын 58 сұрақ берілген. Берілген әрбір тұжырымдамаға келіссеңіз “ия” жауабын немесе “+” белгісін, ал келіспесеңіз “жоқ” жауабын немесе “-” белгісін қоясыз.

    • Сұрақтардың кілт жауаптары: әрбір сәйкес келген жауапқа 1 балл беріледі.

    Әрбір факторлардың мінездемелері:

    Жалпы мазасыздық – баланың мектеп өміріндегі жалпы көңіл-күйіне байланысты әртүрлі формаларының деңгейі.

    Әлеуметті қобалжуды басынан өткізу - баланың көңіл-күйіне байланысты әлеуметтік қарым-қатынастардың даму деңгейі.

    Жетістікке жету жолындағы қажеттіліктерді өтеудегі кедергілер – жоғарғы көрсеткіштерді көрсетудегі, жетістікке жету жолындағы психикалық қолайсыз жағдайлар мен кедергілер.

    Өзін-өзі көрсетудегі қорқыныш - өзін-өзі, өзінің мүмкіндіктерін көрсету мақсатындағы әртүрлі жағдайлардағы негативті эмоциялық уайымдаулар.

    Білімін тексеру барысында пайда болатын қорқыныш – баланың білім деңгейін, мүмкіндіктерін, жетістіктерін тексеру барысында пайда болатын жағымсыз жағдайлары. Әсіресе, сынып алдында сынаққа түсудегі қорқыныш деңгейлері.

    “Қоршаған ортаның талабына сай болмай қаламын-ау” деген қорқыныш сезімі – қоршаған ортадағы адамдардың беретін бағасының маңыздылығын жойып алмау.

    Физиологиялық стресске қарсы күресінің төмендігі – психофизиологиялық ерекшеліктерді ұйымдастыра алмауы, түрлі қобалжудағы мүмкіндіктері мен қабілеттерін төмендетіп алуы, стрессогендік мінездемелерге, ортаның сыни көзқарасына төтеп бере алмауы. Мұғалімдермен қарым-қатынаста пайда болған қорқыныш сезімі мен келелі мәселесі- мектептегі үлкендердің жағымсыз қарым-қатынасының әсерінен оқуға деген қызығушылығының төмендеуі, берген білімнің нәтижесіз болуы. 
    «Мектептік мазасыздық деңгейін анықтау» тестінің сұрақтары

    1. Сынып студентларының деңгейінде өзіңізді ұстау қиынға соғады ма?

    2. Материалды қаншалықты меңгергенін білу мақсатында мұғалім сізге сұрақ қойса сіз мазасызданасыз ба?

    Мұғалімнің талап қойғанындай сынып ішінде жұмыс істеу қиын ба?

    4. Сіздің сабақ білмей қалуыңыздан мұғалім ашуланып тұрғанын түсіңізде жиі көресіз бе?

    5. Сыныптастарыңыз сізді ұрған кездері болды ма?

    6. Мұғалім жаңа материалды түсіндірген кезде жай, асықпай, сізге түсінікті етіп сөйлесе екен деп ойлайсыз ба?

    7. Тапсырманы орындағанда, жауап бергенде сіз мазасызданасыз ба?

    8. Сіз «қате жіберіп қоямын» деген қорқынышты сезімнен өз ойыңызды ашық айта алмайтын кездеріңіз болады ма?

    9. Жауап беруге шақырған кезде сіздің тізелеріңіз дірілдеп кетеді ме?

    10. Әртүрлі ойындар ойнаған кезде сыныптастарыңыз сізді келеке-келемеждеп, мазақтайды ма?

    11. Сіз күткеннен төмен бағалар қоятын кездер болады ма?

    12. «Мені екінші жылға қалдырады» деген қорқыныш сізді мазалайды ма?

    13. «Мен таңдалмай қаламын» деген күдікті ойдан сіз сынып ішіндегі таңдау арқылы ойналатын ойындардан бас тартасыз ба?

    14. Сізге сұрақ қойғанда, жауап беруге шақырғанда бүкіл денеңіз дірілдеп кететін кездеріңіз болды ма?

    15. «Менің істеген іс-әрекетімді басқа сыныптастарым істегісі келмейді» деген күдікті ойлар жиі толғандырып тұрады ма?

    16. Тапсырманы орындамас бұрын сіз өте қатты мазасызданасыз ба?

    17. Ата-анаңыздың сізден күтетін бағаларын алу сізге қиындыққа түсе ме?

    18. Сынып ішінде мазаққа қаламын деп қорқатын кездеріңіз жиі бола ма?

    19. Жауап берген кезде қате жіберіп қойсаңыз, қателессеңіз сыныптастарыңыз сізге күлмей ме?

    20. Сіз өз сыныптастарыңызға ұқсайсыз ба?

    21. Тапсырманы орындап біткеннен кейін «дұрыс па?», «бұрыс па?» деп ойлайсыз ба?

    22. Сыныпта жұмыс істеп отырған кезде барлығын «есімде сақтап қаламын» дегенге сенімдісіз бе?

    23. Сіздің түсіңізге мектептегі мұғалімнің сұрағына жауап бере алмай тұрған кездеріңіз жиі кіре ме?.

    Сізге көпшілік студентлар достық қарым-қатынаспен қарайды ма?

    25. Егер де сіздің жұмысыңыздың қорытындысын басқа сыныптастарыңызбен салыстыратынын білсеңіз, сіз тереңдетіп айналысып, жұмыс жасайсыз ба?

    26. Сізге сұрақ қойғанда мазасызданбай жауап бере алатындай жағдайға жетуді армандайсыз ба?

    27. Бәстесуге түсіп қаламын деп қорықпайсыз ба?
    28. Мұғалім сіздердің сабаққа дайындықтарыңызды тексеруге ниеттене бастағанда, сіздің жүрегіңіздің қатты соғатынын сезесіз бе?

    29. Сіз қандай да бір пәннен жақсы баға алдыңыз делік, сіздің достарыңыздың біреуі «бұл бағаны сіз жағымпазданып алды деп ойлайды» деп ойламайсыз ба?

    30. Өз сыныптастарыңыздың арасындағы сыйлы студентлардың арасында өзіңізді жақсы сезіне аласыз ба?

    31. Сыныптастарыңыз сіздің намысыңызға тиетін сөздерді айтатын кездері болды ма?

    32. Оқуда үлгермейтін студентлардың алатын орны өзгереді деп ойлайсыз ба?

    33. Сыныптастарыңыздың басым көпшілігі сізге мән бермейтін сияқты көрініп тұрады ма?

    34. Күлкілі көрініп қаламын деп ойламайсыз ба?

    Мұғалімдердің сізге деген қарым-қатынасы сізді қанағаттандырады ма?

    36. Басқа сыныптастарыңыздың анасындай сіздің анаңыз сыныпішілік мерекелік іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесе ме?

    37. «Қоршаған ортадағы адамдар мен туралы не дейді?» деген ой сізді мазалайды ма?

    38. Болашақта бұрынғыдан гөрі жақсы оқимын деп үміттенесіз бе?

    39. Сіз сыныптастарыңыз сияқты мектепке жақсы киімдер киемін деп санайсыз ба?

    40. «Мен сабақта жауап беріп тұрған сәтте басқалар мен жайлы не ойлайды екен» деп ойлайсыз ба?

    41. Сыныптастарыңыздың ішінде басқа сыныпта жоқ, ерекше қабілетті студент бар ма?

    42. Сыныптастарыңыздан жоғарғы деңгейде көрінген кезде олар сізге ашулана ма?

    43. Сыныптастарыңыздың сізге деген қарым-қатынасына қанағаттанасыз ба?

    44. Мұғаліммен бірге жалғыз қалғанда өзіңізді жақсы сезінесіз бе?

    45. Сіздің сыртқы пішініңізді, тәртібіңізді сыныптастарыңыз мазақтайды ма?

    46. Басқа сыныптастарыңызға қарағанда сізді мектептегі іс-әрекет көптеп мазалайтын сияқты көрінеді ме?

    47. Сіз қойылған сұрақтың жауабын білмей қалсаңыз міне-міне жылап жіберетін сияқтанып тұрасыз ба?

    48. Кешке ұйықтар алдында «ертең мектепте не болар екен?» деген ойлар мазалайды ма?

    49. Қиын тапсырманы орындап отырған мезетте бұрын білген нәрсені ұмытып қалғандай сезіліп тұрады ма?

    50. Тапсырманы орындаған сәтте сіздің қолыңыз жеңіл дірілдейді ме?

    51. Мұғалім сыныпқа тапсырма берейін деп тұрғанда өзіңіздің мазасызданып кететініңізді байқайсыз ба?

    52. Мектептегі сіздің біліміңізді тексеру сізге қорқыныш сезімін әкеледі ме?

    53. Мұғалім сыныпқа тапсырма берейін деп тұрғанда сіздің бойыңызды «тапсырманы орындай алмаймын-ау» деген қорқыныш сезімі билейді ме?

    54. Сіздің қолыңыздан келмейтін іс-әрекетті сыныптастарыңыз орындайтындай түстерді көресіз бе?

    55. Мұғалім сабақ түсіндіріп тұрғанда сізге қарағанда сыныптастарыңыз жақсы меңгеретін сияқтанып тұрады ма?

    56. Мектепке келе жатқан жолда «мұғалім тексеру жұмыстарын береді-ау» деп қобалжисыз ба?

    57. Тапсырманы нашар орындап отырмын деп ойлайсыз ба?

    58. Мұғалім сізге «сынып алдында тақтаға шығып тапсырманы орында» деген кезде қолыңыз дірілдейді ме?
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта