Главная страница
Навигация по странице:

  • Үлкен материал қорын қалай есте сақтау керек

  • Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары

  • Жұмыс қабілетін қолдану шарты

  • ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫ Сабақ, оның мақсаты мен құрылымы

  • Бүгінгі күнгі сабаққа қойылатын талаптар

  • Сабаққа дайындық және өткізу

  • Лекция, оның құрылымы мен түрлері

  • Лекция

  • Сұрақ-жауап-талдау лекциясы

  • Практикантка әдістемелік (1). растыран Н. С. Тленчиева cтуденттерді жеке басы мен оУ жымын зерттеу дістемесі


    Скачать 0.54 Mb.
    Названиерастыран Н. С. Тленчиева cтуденттерді жеке басы мен оУ жымын зерттеу дістемесі
    Дата05.04.2022
    Размер0.54 Mb.
    Формат файлаdocx
    Имя файлаПрактикантка әдістемелік (1).docx
    ТипДокументы
    #443970
    страница4 из 5
    1   2   3   4   5

    Косымшалар

    Көзіңіз шаршаса не істейсіз?

    Емтиханға дайындалу кезінде көзге ауырлық түседі. Егер көзің шаршаса, онда ағзаң шаршайды. Мұндайда емтихан тапсырмасын орындауға күшің жетпейді. Сондықтан да көзіңнің демалуына жағдай жасау қажет.

    Кез-келген екі жаттығуды орында:

    - кезегімен жоғары-төмен (25 сек), оңға-солға (15 сек) қара;

    - көз қарашығыңмен аты-жөніңді жаз;

    - ұзақтығы бір затқа 20 секунд, сосын алдыңдағы қағазға 20   секунд көзіңді тік;

    - сағат тілі бойынша оған кері етіп, көз қарашығыңмен және квадрат, үшбұрышты сал.                                        

    Сабаққа арналған орын

    Жұмыс кеңістігін дұрыс ұйымдастыр. Үстел үстіне сары және күлгін түстен суреттер мен заттар қой, өйткені ол интеллектуалдық белсенділікті арттырады. 

    Үлкен материал қорын қалай есте сақтау керек

    Материалды сұрақтар бойынша қайтала. Алдымен еске түсір және міндетті түрде білетініңді барлығын қысқаша жаз, сосын даталар мен фактілердің дұрыстығын тексер. Кітапты оқу кезінде жауаптың тірек пунктері мен негізгі ойларды сыз. Кішкене қағаздарға әрбір сұраққа жауаптың қысқаша жоспарын құруды үйрен. Емтиханнан бір күн бұрын жауаптардың қысқаша жоспарын қарап шық.

    Ойды қалай дамытамыз?

    1. Ақылды болғың келсе парасаттылықпен сұрақ қоюға, мұқият тыңдауға, ештеңе айту қалмаса үндемеуге, салмақты жауап беруге үйрен.

    2. Білімді ойлаусыз игеру мүмкін емес, білімсіз ойлау да мүмкін емес.

    3. Ойлауды дамыту – бұл өз ақылыңды байыту. Білім қайнары әртүрлі болуы мүмкін: мектеп, кітаптар, теледидар, адамдар. Олар заттар мен құбылыстар, адамдар туралы хабарлар береді.

    4. Ойлау сұрақтардан басталады. Барлық ашылулар «Неге?» және «Қалай?» сұрақтар арқылы жасалынған. Сұрақ қоюға? Оған жауап табуға үйрен.

    5. Ойлау – дайын стандартты шешімдер керекті нәтижеге жетуге мүмкіндік бермегенде белсене түседі. Сондықтанда ойлауды дамыту үшін зат немесе құбылысты жан-жақты көре білу әдеттегіден жаңаны байқай білу іскерліктерін қалыптастыру.

    6. Затта немесе құбылыста түрлі белгілерді байқау, ойлау қасиетіне қажет заттар немесе құбылыстарды өзара салыстыру қабілетін игеру.

    7. Адам объектінің белгілерін неғұрлым көп байқаса, оның ойлауы соғұрлым жетілген. Бұл іскерлікті зеріктікке, аңғарымпаздыққа арналған ойындарда, логикалық есептер мен басқатырмаларды шешкенде жаттықтыруға болады.

    8. Ойлау мен сөйлеу бөлінбейді. Ой дамуының міндетті түрдегі шарты – оқығанын еркін жеткізу, пікір-сайыстарға қатысу, жазба сөйлеуін белсенді қолдану, өзің аяғына дейін түсінбейтініңді басқаға айтып беру.

    Есте сақтаудың кейбір заңдылықтары

    1. Есте сақтаудың қиындығы оның көлеміне пропорционалды өседі. Үлкен үзіндіні оқыту қысқаға қарағанда тиімдірек.

    2. Біркелкі жұмыста есіңде сақтағаның көп болса, онда түсіну де жоғары.

    3. Бөліп оқыған, бірден оқығаннан жақсы. Бірден оқымай үзілістермен, аз-аздап оқыған жөн.

    4. Жай ғана бірнеше рет оқығаннан гөрі, есіңде қалғанын қайталауға көп уақыт бөлген тиімдірек.

    5. Егер көп және аз екі материалмен жұмыс істесең, көбінен бастағаның жөн.

    6. Түсін адам есте сақтамайды және де оны ұмытпайды.

     

    Жұмыс қабілетін қолдану шарты

    1. Ақыл-ой мен дене еңбегін кезектестіру.

    2. Гимнастикалық жаттығуларды, яғни денені айналдыру, баспен тұру жаттығуларын жасаған дұрыс, өйткені ми жасушаларына қан жақсы жүреді.

    3. Көзді сақтау үшін, әрбір 20-30 минутта үзіліс жасау.
    ОҚУ ЖҰМЫСТАРЫ
    Сабақ, оның мақсаты мен құрылымы

    Сабақ – оқу-тәрбие үрдісінің тірі клеткасы, күрделі психологиялық және дидактикалық процесс, онда оқушылармен педагогикалық қарым-қатынас жасау және тәрбиелеу мақсаттары іске асырылады. Мұғалім өзінің кәсіптік қызметі барысында орташа есеппен 25 мыңнан астам сабақ өтеді. Оған дайындалу және өту барысында педагогикалық теория мен тәжірибенің күрделі мәселелерін шешуге мәжбүр болады.

    Сабаққа оқу уақытының 98%-ы жұмсалады. Әрбір оқушы мектеп қабырғасында 10 мыңдай сабаққа кіреді. Сабақ - оқытудың түрлі типтерін тексеруге арналған өзіндік палигон ретінде қызмет атқарады. Ол мұғалімнің шығармашылық шеберханасы ғана емес, сонымен қатар басқарушылық зертханасы, ал оның кабинеті шығармашылық ойларын іске асыруға арналған орын болуы керек. В.А.Сухомлинский айтқандай: «Сабақ – мұғалімнің жалпы және педагогикалық мәдениетінің айнасы, оның ой байлығының өлшемі, дүниетанымының көрсеткіші». Сабақпен оқу-тәрбие үрдісі басталады, сабақпен ол аяқталады да. Әрбір жаңа сабақ – оқушының білімі мен дамуының сатысы, оның ақыл-ойының дамуы мен рухани мәдениетін қалыптастырудағы жаңа үлесі.

    Сабақтың мақсаты жеке тұлғаны қоғамда тәрбиелеудің жалпы мақсаттарынан және оның қоғам алдында өзінің дамуының әрбір кезеңінің қоятын міндеттерінен туындайды. Ол өзара байланысқан өзара ықпал етуші үш аспектіден тұрады: танымдық, дамытушылық және тәрбиелеушілік. Аспектілер сабақтың барлық компоненттерін байланыстырады және бағындырады.

    Білім берушілік қызметі – ғылым негіздеріне сай білімгерлерді нақты фактілермен, қағидалар және түсініктермен, заңдылықтармен қаруландыру және дүние құбылыстары туралы ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

    Тәрбиелік қызметі – оқыту барысында білімгерлерді теориялық білімдер жүйесімен қаруландырып, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру.

    Дамытушылық қызметі – оқыту барысында білімгерлерге білім беру, оларды тәрбиелеу негізінде тұлғаның ақыл-ойы, сана-сезімі, шығармашылық қабілеті т.б. тұлғалық қасиеттерінің дамуына, біліктері шыңдалып, қабілеттерінің артуына оң әсер етеді. Оны іске асыру үшін төмендегі жағдайларды ескеру керек:

    1. Білімгерлерді терең және жете ұғынған біліммен қаруландыру, оны тұлғаның жан-жақты дамуы үшін қолдану.

    2. Білімгерлерді өз бетінше білімді меңгеруге үйрету.

    3. Білімгерлердің ойынның дамуына сабақтың әсерлі дамуы.

    4. Жігерлік мінез-құлық қасиеттерін тәрбиелеу.

    5. Сезім мәдениетін және т.б. тәрбиелеу.

    Сабақтың соңғы нәтижесі екі құрамадан тұрады: оқытушы жұмысының сапасы, яғни кызметінің мақсаттылығы, білімгерлермен қарым – қатынасы, оқытудағы жеке тәсілі, танымдық қызығушылығын дамыту жөнінде, білім, дағды және білікті қалыптастыру жұмыстары, сабақты жүргізуде білімгерлердің тәрбиелік, ықпалдық және білім көрсеткіштерінің нәтижелілігі; білімгерлердің оқу еңбегіне, пәнге, оқытушыға және бір-біріне деген көзқарасы, сабақта өз бетінше жұмыс істеу деңгейі.
    Бүгінгі күнгі сабаққа қойылатын талаптар

    1. Сабақ – педагогикалық үрдістің құрамдас бөлігі.

    2. Сабақ барысында оқу үрдісінің барлық функцияларын іске асыру.

    3. Сабақ барысында оқу ұстанымдары мен қағидаларының іске асуын қадағалау.

    4. Сабақтың дидактикалық және психологиялық бөлігінің үйлесімділігі.

    5. Кешенді әдіс (оқушы мен оқытушы әрекет қабілеттілігі, мақсаттарының сәйкестілігі)

    6. Мұғалімнің оқушының сабақты қалай меңгергені жайлы ақпараттың болуы.

    7. Жаңа білім беру технологияларына және жаңа педагогикалық білім беру технологияларына сәйкес мұғалім мен оқушының жұмысын ұйымдастыру.

    8. Мұғалім мен оқушының дұрыс педагогикалық қарым – қатынасы.

    9. Оқу үрдісінде инновациялық технологияларды пайдалану.


    Сабаққа дайындық және өткізу

    1. Сабаққа дайындық барысында оқу бағдарламасымен, оқулықпен, оқу - әдістемелік құралдармен, күнтізбелік жоспарлармен және сыныптағы оқушылардың ерекшелігімен танысу жүзеге асады.

    2. Сабаққа дайындалу – оқулық, дидактикалық және әдістемелік құралдарды және қосымша материалдарды пайдалану арқылы жүзеге асады.

    3. Сабақтың негізгі мақсатын айқындап, білім беру, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін анықтау.

    4. Сабақты өткізу барысында қандай ұстанымдарға сүйенетіндігін анықтап алу.

    5. Материалдың ерекшелігі бойынша сабақ мазмұнын ойластыру, негізгісін бөліп алу.

    6. Жаңа тақырыпты меңгеруде қандай әдістеме қолданатындығын анықтап алу.

    7. Қандай көрнекі құралдарды, иллюстративті материалдарды пайдаланатындығын анықтау.

    8. Сабақтың барлық кезеңінде оқушылардың танымдық іс - әрекетін дамытуды ойластыру.

    9. Оқытуда қазіргі білім берудің жаңа технологиясын пайдаланыңыз.

    10. Сабақ барысында оқушылардың жеке және топтық жұмыс істеу мүмкіншілігін анықтап алу.

    11. Кейбір оқушыларға сабақ барысында аты – жөнін белгілеп, біліміне баға беріп отыру.

    12. Үйге тапсырма бергенде оның көлеміне және мазмұнына көңіл аударыңыз. Үй тапсырмасын орындаудың әдістерін ойластыру.

    13. Тәрбиелік және даму міндеттерін қалай іске асыруды ойластыру (тақырыптың мазмұнын, оқыту және тәрбиелеу әдісін пайдалану; оқушылардың танымдық әрекетінің ұжымдық түрін ұйымдастыру; оқушылармен сіздің қарым – қатынасыңыз).

    14. Сабақтың басынан аяғына дейін барлық талабы, әдістемесі, мазмұнын ойластырып болған соң, жоспарды құруға кірісіңіз. Жоспарда нақты негізгі мақсатты, міндетті көрсетіп, керекті құралдарды және сабақ барысын жазыңыз (мазмұны және оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру).

    15. Сабақ өтіп болған соң нәтижесін қорытындылаңыз. Сабақтың жетістіктерін және кемшіліктерін ойлаңыз, жіберілген кемшіліктерді жөндеуге тырысыңыз. Бұл келесі сабаққа дайындалғанда келесі сабақтың тиімді әдістерін табуға көмектеседі.

    16. Сабаққа дайындалу және өткізу – шығармашылық іс. Шығармашылықсыз шеберлік жоқ.


    Лекция, оның құрылымы мен түрлері
    Лекция - өзекті проблемаларды игеру мен меңгерудің теориялық мәселелерін қарастыратын сабақ түрі. Ол болашақ мамандық тұрғысынан үйренушілерді күнделікті өмірден алынған теориялық проблемалар мен мәселелердішешуге бағыттайды. Лекцияда көлемді мәліметтерді жүйелеп беру қолайлы, мұнда тақырыптың басты мәселелері нақтыланып, материалдың өзіндік тұрғыдан игерудің әдістемелік нұсқаулары беріледі.

    Лекцияның негізгі қағидалары. Лекцияда ақпарат дайын күйінде берілмейді. Ол үйренушінің қандай да бір тақырып немесе мәлімет бойынша бірлескен әрекеттер негізінде (топтық пікір алмасу, талқылау, пікірталас, ой козғау, т.б.) студенттерде өзіндік пікір мен көзқарас қалыптастыруға бағытталады. Ұсынылған мәлімет бойынша студенттер бірлескен белсенді әрекеттер арқылы өздігімен жаңа білім кұрастырады.

    Студенттер қарастырылатын тақырып бойынша сабакқа дайындалып келеді. Олардың белгілі бір білімдері бар болғандықтан, лекцияда сол білімдерді дамыту және тереңдету керек. Студенттер силлабуста берілген ақпарат бойынша бүгінгі лекция тақырыбы мен негізгі мәселелерінің қандай екендігін, оған қандай әдебиет көздері арқылы дайындалуға болатындығын, ол бойынша қандай тапсырмалар берілгендігін жақсы біледі. Сол себепті де олар лекцияға шама-шарқынша дайындалып келеді. Ал лекция олардың білгеніне негізделіп, сол білімдерін өрбітуді мақсат тұтады.

    Лекцияда материал басылған мәтін түрінде
    беріледі. Интербелсенді лекцияның мәтіні ауызша оқылмай, жазбаша үлестірмелі материал түрінде таратылып беріледі. Оқытушы лекцияны ауызша түрде студенттер тарапынан туындаған сұрақтарға жауап бергенде, лекция тақырыбын толықтырғанда ғана келтіруі мүмкін. Сол арқылы уақыт та үнемделіп, студенттер де оқу материалын өздік тұрғыдан игеру әрекеттеріне белсене араласады.

    Интербелсенді лекция диалог түрінде өтеді.
    Қарым-қатынас келесі форматтарда өтуі мүмкін: оқытушы - студент/студенттер, студент - студент, студент - тақырып, студент - басқа пікір (зерттеуші, оқулық,т.б.). Интербелсенді лекцияда ой қозғау мен өмірден алынған нақты ситуацияларды талқылау және шешу тәсілдерін қолданған тиімді.

    Интербелсенді лекцияда материал тұтастай емес, бөлшектеліп
    беріледі.

    Дәстүрлі лекцияда оқытушы лекцияны ауызша оқып, студенттерден тыңдау немесе конспект жасау (көшіру) сияқты белсенді (пассив) әрекеттерді атқаруды талап етеді.

    Интербелсенді лекцияда әдетте мәтін бірнеше бөлімге (тиімді мөлшері 3-4 бөлік) бөлінеді. Қағазға басылып, үлестірмелі материал түрінде таратылып берілген бөлімдерді оқу мен зерттеу барысында студенттер белсенді әрекеттер атқарады: олардың қатарына туындаған қиын мәселелер мен сұрақтарды келтіру, берілген мәлімет бойынша өз түсінігі мен пікірін калыптастыру, лекцияның тұжырымдарын өзара талқылау, кесте толтыру, жоспар жасау, графиктер сызу т.б. әрекеттер кіреді. Бұл белсенді әрекеттер жеке және бірлесе жұмыс жасау форматтарында өтеді.

    Интербелсенді лекцияда студенттердің бірлескен жұмысы
    колданылады: берілген тапсырмалар шағын топ немесе жұп қатарында орындалады. Студенттер лекцияның бір бөлімін оқып болған соң, жекелей жұмыс жасап, сонан кейін жұптасып (немесе шағын топ кұрамында) өз түсініктері мен туындаған ойларымен бөліседі: олардың жаңа білімі мен өзіндік пікірлері осындай ой талқы нәтижесінде пайда болады.

    Интербелсенді лекцияда жаңа білім студенттердің ой-толға-
    нысы арқылы құралады.

    Лекцияда студенттер қарастырылган материал бойынша «Мен сабақта не үйрендім?», «Бұл білім маған қандай пайда келтіреді?», «Бұл білімді қалайша қолдануға болады?», «Бұл білім маған не үшін керек?», «Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын/ жалғастырамын?», «Тағы да не білгім келеді?» деген сұрақтар ауқымында ойланып, өз жауаптарымен бір-бірімен бөліскені орынды. Осындай ой-толғаныс нәтижесінде студент лекция материалы бойынша жаңа білім құрастырады.

    Интербелсенді лекцияда бағалау жазба жұмыстары арқылы
    жүзеге асырылады.

    Студенттердің сабақта қалайша жұмыс жасағандығын, оның материалды қандай деңгейде игергендігін білу мақсатында лекция аяғында жазба жұмыстарын (ауызша ой-толғаныс әрекеттерінен кейін) орындау керек.

    Интербелсенді лекция кері байланыспен аяқталады.

    Кері байланыс дегеніміз сабақтың соңында студенттерге бірнеше сұрақ қойып, олардың ойларын, қандай сұрақтары мен мұқтаждары бар екендігін, бүгінгі сабақ туралы пікірлері қандай екендігін анықтау. Бұл жауаптар алдағы сабақтарды жоспарлауда қолданып, келесі сабақты студенттердің пікірлері негізінде құрастыруға бағыттайды.
    Проблемалық лекция

    Проблемалық лекцияларда қарастырылып жатқан тақырып бойынша бір-біріне қарама-карсы пікірлер мен көзқарастар немесе қалыптасқан түсінікке қайшы теориялар келтіріледі. Бұл жерде басты мақсат студентті үйреншікті қалыптан шығарып, білім игеру процесін өзіндік тұрғыдан ұйымдастыру болып табылады: студент келтірілген пікірлерді таңдау мен дәлел келтіру арқылы өзіндік түсінік қалыптастырады.

    Проблемалық лекцияда басты назар күрделі теориялық мәселелерге аударылып, пікірталас тудыратын сұрақтар қойылады, олардың ішінен біреуін таңдауды талап етіліп, студенттердің өзіндік пікір қалыптастырылуына жол беріледі. Бұл әдіс студенттерді проблемалық сұраққа жауап іздеуге ынталандырып, зерттеу жұмысына баулиды. Мұндай ізденіс барысында студенттердің өздері де проблемалық (екі ұшты, дәлелдеуді қажет ететін, пікірталас туғызатын, түсінікке қиын, т.б.) сұрақтарды қойып, оларға өздігімен жауап беру тұрғысынан ізденеді. Сол себепті де проблемалық лекция диалогқа және зерттеу процесіне ұқсас.
    Пікірталас лекциясы

    Лекцияның бұл түрінде күрделі немесе жан-жақты қарастырылмаған, әрі сан алуан шешімдері бар студент тарапынан көптеген сұрақтар туғыздыратын өзекті теориялық және практикалық проблемалар талқыланады. Пікірталас лекциясында оқу материалы жан-жақты талқыланып, түрлі позициялар тұрғысынан қарастырылады және бағаланады.

    Мұндай пікірталасқа студенттердің барлығы дерлік араласады. Пікірталас лекциясында студенттер түрлі көзқарастар мен позицияларды салыстыру және талдау, оларды таңдау мен баға беру дағдыларын қалыптастырады. Олар ғылыми дискуссия жүргізу әдістемесімен танысып, өз ұстанымдарын қорғау және де қарсы жақтың пікірін сынау мақсатында дәлелдер келтіруді әрі оларды колдануды үйренеді.

    Лекцияда оқытушы күрделі мәселелер бойынша студенттердің пікірлері мен оларды айғақтайтын дәлелдерді келтіруді сұрайды. Бұл жерде оқытушы бір студенттің жауабын тыңдағаннан кейін аудиторияға «Бұл ұстанымға қарсы/келіспейтін пікірлеріңіз бар ма?» деген сұрақ қойып, қарама-қарсы позицияларды анықтап алуы керек, өйткені бұлай жасамаған жағдайда пікірталастың әрі қарай болуы екіталай.

    Студенттер орындарынан қысқа түрде өз көзқарастарын жақтайтын пікірлер келтіреді, қарсы жаққа сұрақтар қояды. Лекция мазмұны осы дәлелдерді өрбітеді, дамыту, тереңдету бағытында өрбиді. Қысқа (2-3 минуттық) дискуссияның өзі оқу процесін жандандыра түседі, студенттердің белсенділігін арттырып, олардың сабақ тақырыбын терең игеруіне мол септігін тигізеді. Әрине, оқытушы бұл жерде студенттердің сұрақтарын лекция мақсатына сәйкес бағыттап отыруы керек, өйтпегенде пікірталастың жүйесіз, ретсіз сипат алуы да мүмкін.

    Пікірталас лекциясына дайындық барысында оқытушы келесі мәселелерге жіті назар аударуы керек:

    • пікірталас тудыратын нсгізгі мәселелер мен проблемаларды
      анықтау;

    • пікірталас туғызатын сұрақтарды алдын-ала дайындау;

    - студенттердің ой-толғанысын тудыратын проблемаларды
    анықтау;

    - пікірталасты жандандыратын мысалдар мен дәлелдерді дайындау.

    Пікірталас лекциясының соңында оқытушы негізгі позициялардың артықшылықтары мен жіңішке жерлеріне қысқаша тоқталып, пікірталасқа қорытынды жасайды.

    Лекция-консультация

    Лекцияның бұл түрі конференция түрінде ұйымдастырылған лекцияға ұқсас. Консультацияның талқылау, кеңесу, жәрдемдесу, кеңес беру деген ұғымдарды білдіретіндігін ескерсек, лекция-консультация да осы мағына аумағында болады.

    Лекция-консультация студенттерге тек жаңа ақпарат пен проблема шешудің жолдарын ұсынып қана қоймай, сонымен бірге оларды игеруде туындаған мәселелер мен қиыншылықтар төңірегінде студенттердің жеке танымдық тәжірибесі тұрғысынан ұйымдастырылады. Лекция-консультацияда басты назар теориялық және практикалық түрғыдан күрделі мәселелерге аударылады. Сол себепті мұндай сабақтарда тақырып жан-жақты және ауқымды түрде қарастырылмай, оның тек негізгі бөлімдері ғана талқыланады.

    Студент тарапынан қиын сұрақ туындағанда, оқытушының дұрыс жауап беруге асықпай оны шешуге басқа да студенттерді катыстырып, басқалардың тәжірибесімен танысқандығы жөн. Мәселе мұнда дұрыс жауапты дайын күйде бермей, студенттерді ізденіске ынталандырып, игі нәтижеге апаратын бағдарды меңзеп, жол сілтеуде. Сонымен қатар проблеманы шешудің жолдарын тақылағаннан кейін оқытушы студенттерді өздік жұмыс пен ізденіске бағыттап, оларға ақпарат көздерін (әдебиет, Интернет, мақалалар, басылымдар,т.б.) ұсынады.

    Лекция-консультация пікірталас ұйымдастырғанға да қолайлы. Студенттердің сан қилы идеялары мен мүдделерінің қарама-қайшылықтарын қақтығысқа келген соң, олардың жақындауы мен тоғысуы нәтижесінде жаңа көзқарастың пайда болуы ықтимал.
    Лекция-конференция

    Конференцияны бір жақтық сұрақтар койып, екінші тараптың жауап беруі деп түсінген жөн. Мұндай лекциялар студенттерде сұрақ қою білігін қалыптастыруға бағытталады. Әдетте семинар және практикалық сабақтарда студенттер оқытушы тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берумен шектеледі. Алайда сұрақ қою - таным процесінің тиімді тәсілдерінің бірі, ол студенттердің оқу материалын игеру және оны практикалық тұрғыдан қолдана білу деңгейін көрсетеді.

    Лекцияның бірінші бөлімінен кейін студенттер өздерінде пайда болған сұрақтарды жазып алып, кейінірек оларды оқытушыға қояды. Лекцияның келесі бөлімдері студенттердің сұрақтарына жауап беру форматында өтеді.

    Сұрақ-жауап-пікірталас

    Оқытушы лекция алдында (мысалы, бір күн бұрын) алдын-ала берілген тапсырмаға сәйкес студенттердің лекция тақырыбы бойынша жазбаша сұрақтарын жинап алып, лекцияның бастапқы бөлімдерін осы сұрақтарға жауап беру форматында жүргізеді. Лекцияның кейінгі бөлімдерінде оқытушы даулы мәселелер төңірегінде студенттердің пікірлерін сұрап, шағын пікірталастар ұйымдастырады. Лекцияның келесі бөлімінде оқытушы пікірталас кезінде туындаған сұрақтарға жауап береді. Лекция соңында оқытушы пікірталастың қорытындысын келтіреді.
    Лекция - пресс-конференция

    Пресс-конференцияны өткізгенде сабаққа бір немесе бірнеше оқытушылар, не болмаса мамандар шақырылып, олар лекция тақырыбы бойынша студенттердің сұрақтарына жауап береді. Оқытушы мұндай лекцияда студенттер мен мамандардың арасында делдал болып, талқылау процесін ұйымдастырушы рөлдерін орындайды. Лекция соңында оқытушы қатысушылардың көзқарастары мен пікірлерін қорытындылайды.

    Пресс-конференцияны өткізгенде рөлдік ойын элементтерін қолданған тиімді. Мәселен мұнда студенттер сұрақ қойғанда белгілі баспасөз агенттіктері (Қазақпарат, Франс Пресс, CNN) немесе газеттердің («Егемен Қазақстан», «Жетісу», «Таймс») тілшілері рөлдерін орындауы мүмкін.
    Сұрақ-жауап-талдау лекциясы

    Мұндай лекцияда оқытушы алдымен студенттерге тақырып бойынша өз сұрақтарын қояды: сұрақтар студенттердің қызығушылығын тудыру үшін проблемалы немесе даулы болуы керек. Аз уақыт талқылаудан кейін студенттер берілген сұрақтарға өз жауаптарын келтіреді. Осыдан кейін оқытушы студенттер жауаптарын талдап, туындаған қиын мәселелердің шешімін ұсынып, қателерді түзету жолдарына тоқталады.
    Қатені түзету лекциясы

    Мұндай лекциялар студенттерді шұғыл түрде (уақыттың тапшылығы мен оқытушы тарапынан тікелей көмектің жоқтығын ескере отырып) талдау жасап, шешім қабылдауға және ақпаратты бағалауға бағыттайды. Оқытушы студенттерге сабақ тақырыбында әдейілеп қате жіберетіндігін ескертеді. Студенттердің міндеті -қатені тауып, оны түзетудің мүмкін жолдарын ұсыну.
    Екі оқытушының лекциясы

    Бір тақырып бойынша лекцияны екі оқытушы оқиды/жүргізеді. Мұндай лекция екі оқытушының бір-бірімен және студенттермен жасалған диалог түрінде өтеді немесе пікірталас сипатын кабылдайды.
    Семинар сабағы
    Семинар сабағы тақырып бойынша оқу материалдарын игерудің қорытынды кезеңі болып табылады. Сол себепті де мұндай сабақта студенттердің өздік жұмысы қорытылып, бағаланады.

    Лекция сабағымен салыстырғанда семинарда салмақ толығымен студент жағына ауысады, студент бұл сабақтарда негізгі рөл атқарады. Семинар сабағында студенттер теориялық мәселелерді тереңінен қарастырып, оларды практикада қолдану дағдыларын қалыптастырады. Студенттер талқыланатын проблеманы түсіндіру, талқылау, талдау және бағалау әрекеттері арқылы өз пікірлерін, ұстанымдары мен позициясын келтіреді: семинар сабағын топтық талқылау мен пікірталас арқылы ұйымдастырған тиімді.

    Семинар сабағының тағы да бір ерекшелігі келесідей: әр студент қарастырылатын мәселелерді талқылауға тең кұқылы және белсенді түрде қатыса алады. Ал оқытушы мұнда студенттердің пікірлерін қорытындылаушы, күрделі мәселелерді айқындаушы, кеңес-консультация беруші рөлдерін атқарады.

    Семинар сабақтарында теориялық мәселелер практикалық тұрғыдан қолдану аясында қарастырылып, меңгеріледі. Ғылыми проблеманы талқылау практикада кездескен ситуацияларды мысал ретінде келтіру немесе кемшіліктерді сынау түрінде ғана өтпейді, осындай жұмыстар талдау (анализ) әрекеттерін қолдануды талап етеді. Сабақта студенттер жүйелі түрде ойлау, негізгі мәселелердің аясында нақты баяндау, логикалық тұжырымдау, басқалардың пікірін сыни тұрғыдан бағалау сияқты біліктерін көрсете білуі керек.

    Семинар сабақтарында теориялық оқу материалын меңгерудің келесі тиімді нысандарын колдануға болады: проблемалардың шешімін табу, ақпаратты (статистикалық көрсеткіштер, ғылыми көзқарас, тұжырым, заңнамалық ережелер, т.б.) талдау мен бағалау, практикалық ситуацияларды жан-жақты талқылау мен оларды шешу жолдарын қарастыру.

    Семинарға дайындалу барысында студенттер силлабустарда келтірілген өздік жұмыс тапсырмаларын орындап,қосымша әдебиетпен (ғылыми журналдардағы мақалалар, Интернеттегі мәліметтер, жаңа ресми кұжаттар, ғылыми басылымдар, т.б.) танысуы керек.

    Семинар сабақтары белгілі бір ғылыми проблеманы немесе пәннің бір бөлімін тереңінен және жан-жақты қарастыру мен талқылауға арналып, студенттерде келесі тәжірибе, білік, дағды, машықтарды қалыптастыруға бағытталады:

    • абстрактылық, логикалық және сыни ойлау қабілеттерін қа-
      лыптастыру;

    • танымның методологиялық және әдістемелік тәсілдерін прак-
      тикада қолдану мен оларды жетілдіру;

    • бірлесе жұмыс жасау (топ ішінде, команда құрамында) дағ-
      дыларын жетілдіру;

    • кез келген ақпаратты талдау қабілеттерін, таңдау жасау, қо-
      рытындылау мен шешім жасау біліктерін қалыптастыру мен же-
      тілдіру;

    • теориялық білімді практикада, өндірістік ситуацияларда қол-
      дану біліктерін жетілдіру;

    • қарастырылатын проблемалар бойынша өз ойы мен пікірін
      қысқа, айқын, дәлелді түрде жеткізу;

    • кез келген білімді өздігімен игеріп, оның негізінде шығар-
      машылық арқылы жаңа түсінік пен білім құрастыру.


    Практикалық сабақ

    Практикалық сабақ - пәннің теориялық мазмұнын толықтыратын оқу процесінің белсенді түрі. Практикалық сабақ студенттерге теориялық мәлімет бойынша нақты әрекеттер арқылы машықтанып, сол амалдар негізінде мәліметті игеру, меңгеру, тереңдету, дамыту мүмкіншілігін береді. Студенттер практикалық сабақта өз әрекеттерін жалқыдан (нақты мәліметтер) - жалпыға (теориялық тұжырымдар) бағыттайды.

    Практикалық сабақта әдетте студенттер талдау және іздену жұмыстарымен (семинар сабақтарындағыдай) айналыспайды. Практикалық сабактың мақсаты - студенттерді лекцияда келтірілген теориялық мәліметтерді өздерінің белсенді әрекеттерімен «тануға», «дәлелдеуге», өз қолымен «жасауға» жұмылдыру.

    Практикалық сабаққа дайындалу барысында оқытушы арнайы оқу материалдарын дайындайды. Сол материалдар бойынша (идея, проблема, тұжырым, ереже, анықтама, рет пен тәртіп, схема, кесте, жоспар, параметрлер, ақпарат, статистикалық мәліметтер, көрсеткіштер, т.б.) студенттер өздерінің теориялық білімдерін қолданып, нақты әрекеттерді атқару дағдыларын игереді, өзіндік тұжырым жасайды. Сол себепті де мұндай оқу материалдарының нақты әрі ықшам болғаны дұрыс.

    Студенттер лекцияда берілген теориялық мәліметті практикалық кеңістікке келесі әрекеттер арқылы аударады:

    1. Теориялық мәліметті практикалық тұрғыдан жүзеге асыру немесе орындау (мәселен, статистикалық мәліметтерді санау, көрсеткіштерді есептеу, есептер шығару, мәселелерді шешу, ережелерді қолдану, кестелерді толтыру т.б.).

    2. Теориялық мәліметті дәлелдеу (практикалық қолданысын көрсету немесе беделді нұсқаларға сілтеме жасау).

    3. Теориялық мәліметке өзіндік тұрғыдан баға беру (практикалық маңызын, тиімділігін, келтіретін пайдасын, артықшылықтарын/немесе керісінше айқындау, дәлелдеу, қолдау немесе қарсы шығу).

    4. Теориялық мәліметті дамытатын, тереңдететін ұсыныстар жасау (идеялар ұсыну, оларды дәлелдеу және практикалық маңызын келтіру).

    5.1 Практикалық сабақта компьютерді қолдану

    Практикалық сабақта компьютерлік техниканы қолданғанда оның тиімділігі күрт өсетіндігі мәлім. Компьютер студентке ақпаратты игеру тұрғысында өз басының жеке біліктері мен дағдыларын дамыту мүмкіншілігін береді.

    Компьютерді практикалық сабақта қолданғанда студенттерге келесі тапсырмалар берген орынды:

    1. Қарастырылатын мәселе бойынша интернеттен косымша материалдар іздеу және оларды тандап, бір жүйеге келтіру (клас-сификациялау): ол үшін студент ақпаратты бөлімдер немесе тақырыптар бойынша жіктелі керек.

    Бұл тапсырманы ұсынғанда оқытушы студентке сайттардың адрестерін немесе тізімін алдын-ала бергені дұрыс.

    Студент тапсырманы орындау барысында EXCEL бағдарламасын колдана отырып, берілген ақпараттың базасын дайындап, оларды белгілі бір жүйе бойынша бөледі.

    2. Компьютерлік оқу бағдарламалары немесе окулықтарды қолдана отырып, берілген проблема бойынша қандай да бір тапсырма орындау.

    Мәселен, студент 1 С-Бухгалтерия бағдарламасын колдана отырып, шағын кәсіпорын қызметкерлерінің айлық жалақысын есептеп шығады немесе «Ағылшын тілін оқыту әдістемесі» әлектрондық оқулығынан алынған кейбір әдістемелік идеяларды қазақ тіліне оқыту мәселелеріне орай қолданады.

    3. Интернеттен алынған қосымша материалдарды лекцияның теориялық тұжырымдарымен салыстырады, оларға баға береді.

    Мысалы, ақпараттың екі көзі (лекция және интернет) берген статистикалық мәліметтерді салыстырып, олардың әлеуметтік дамудағы (саясатта, экономикада, демографияда, мәдениетте, қоғамдық пікірде, т.б.) қандай тенденцияларды меңзейтіндігі жайлы талдау жұмысын орындайды.
    1   2   3   4   5


    написать администратору сайта