Практикантка әдістемелік (1). растыран Н. С. Тленчиева cтуденттерді жеке басы мен оУ жымын зерттеу дістемесі
Скачать 0.54 Mb.
|
Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру Қазіргі қоғамның талабы білім саласын инновациялық өзгерістерге әкеліп, оқытудың негізі ретінде тұлғалық дамуды қарастыру, өйткені динамика мен өзгерістерге толы ақпараттық дәуір экономикасы адамның білімді және білікті тұлғасына тәуелді. Таным әрекеттерін ұйымдастырудың арнаулы әдістемесі ретінде интербелсенді оқыту кредиттік оқыту жүйесіне қатысушылардың (үйретуші-үйренуші) тиімді қарым-қатынасына негізделеді. Интербелсенді оқыту – әрекетпен және әрекет арқылы оқыту. Конфуций «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтаймын, ал өзіме жасатсаң - үйренемін» дегендей, адамның жадында бірінші мезетте тек өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасағаны ғана қалады. Ал кредиттік жүйе оқытудың басты салмағын білім берушіден білім алушыға ауыстырады, ол студенттің өз біліміне деген жауапкершілігіне негізделеді. Бұл идея бірінші кезекте студенттің өзіндік жұмыстары арқылы жүзеге асады. Өзгеріске толы заманда тұлғаның негізгі қасиеті өздігінен үйрену мен білім игеру болып табылатындықтан, студенттердің өзіндік жұмысының маңызы арта түсуде. Сондықтан оқу жүйесінде өзіндік жұмыс студенттің білім алудағы негізгі әрекеттеріне жатады. Яғни студенттер оқытушы ұсынған теориялық материалдарды өздігінен шығармашылық тұрғыдан меңгереді, нәтижесін жазба жұмыстарында келтіреді. Кредиттік оқыту жүйесінде кез келген теориялық тақырып бойынша студенттердің талдау жұмысы келесідей тәртіппен өтуі ұтымды: Студенттер оқытушының көмегімен ақпаратты талдаудың негізгі бағыттарын толықтырады. Теориялық материал бойынша нақты проблемаларды айқындап, оларды шешу жолдарын қарастырады. Оқытушы ұсынған теориялық материалды студенттер өздігімен шығармашылық тұрғыдан меңгереді, нәтижесін жазба жұмыстарында келтіреді. Студенттер өз жұмыстарын аудиториядан тыс уақытта бірлесе талқылап, жұмыстарын тереңдетудің жолын қарастырады, бір-біріне кеңес береді, бір-бірінің жұмыстарына баға береді. Студенттердің өткізген шығармашылық жұмыстары оқытушы тарапынан бағаланады. Оқытушы пән бойынша өзіндік жұмыстардың тақырыптарын дайындайды, баға қою жүйесі мен есеп беру формаларын белгілейді, студенттерді қажетті әдістемелік және ақпараттық материалдармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар оны ұйымдастыру, өткізу және орындау бойынша әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз етуі керек. Оқытушы басшылығымен жүргізілетін өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары: а) оқытушының нақты тапсырмаларды беруі; ә) жұмысты орындаудың уақытын белгілеу; б) студенттердің өз бетінше орындалған жұмыстарын аудиторияда бірлесе отырып топтық талдауға үйрету. Оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда оқытушы ізденісі әр студенттің жан дүниесіне үңілуден басталады. Сабақта мұғалім студенттің ішкі жан дүниесі есігін ашатын кілтті қолға түсіруі қажет. Бұл мынадай компонеттерден тұрады: сезімталдық, көрегендік, сергектік, білімпаздық, ізденімпаздық, шығармашылық. Сонымен қатар студенттерді жеке тұлға ретінде қабылдау, өзіндік танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға бағыттау, жеке оқытуды дамыту көзделуі қажет. Осы бағытта студенттерге берілетін жеке тапсырмалардың үйренушілік, алгоритмдік, шығармашылық деңгейлер екенін ескере отырып, студент құбылысты өз бетінше талдай келіп, шағын ғылыми шығармашылық тұрғыдан зерттеу жұмысын қорғауға баулу. Студенттердің оқу-танымдық іс-әрекеттерін белсендірудің бірден-бір жолы проблемалық ситуацияларды шешу болып табылады. Ол студенттердің пайымдау, ойлауында жүзеге асырылатын талдамалық – синтетикалық әрекетіне негізделеді. Бұл әдіс – үлкен дамыту потенциалы бар, оқытудың эвристикалық, зерттеушілік түрі. Өзіндік сабақтарда студенттер сабақтың мазмұнын өздерінің бұрынғы білімдерімен ұштастырады және келесі тәжірибе, білік, дағды қалыптастыруға бағытталады: Логикалық және сыни ойлау қабілеттерін қалыптастыру. Танымдық әдіснамалық және әдістемелік тәсілдерін практикада қолдану және оларды жетілдіру. Бірлесе жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру. Кез келген ақпаратты талдау қабілеттерін, қорытындылау мен шешім жасау біліктерін қалыптастыру мен жетілдіру. Теориялық білімді практикада қолдана білу біліктерін жетілдіру. Қарастыратын мәселе бойынша өз ойы мен пікірін қысқа, айқын, дәлелді түрде жеткізу. Кез келген білімді өздігінен игеріп, оның негізінде шығармашылық арқылы жаңа түсінік пен білім құрастыру. Сонымен кредиттік оқыту жүйесінде оқытушылардың басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмыстарында төмендегі әдіс-тәсілдерді пайдалану үлкен нәтиже береді. Ой қозғау (breinstorming) - студенттер қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін жазбаша келтіреді. Оның негізгі ережелері: идеялардың көптігі, олардың еркін жағдайда айтылуы, идеялардың ешқандай сынға ұшырамауы және барлық идеялар сарқылмайынша, олар қағазға түсіріле береді. Эссе - студенттің сабақта қарастырылған тақырып жөнінде өз ойлары мен түсініктерін, идеялары мен пайымдауларын келтіретін жазу жұмысы. Сабақта 5-10 минуттік уақыт аралығында жазылады. Көлемді эссе үй тапсырмасы немесе өзіндік жұмысының үлгісі ретінде берілуі ықтимал. Класстер («жүзім шоқтары» деген мағына білдіреді) - идеялар мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазбаша кестелер. Негізгі тақырып қағаздың ортасына (тірек сөз, негізгі идея) тақтаның (қағаздың) ортасындағы шеңберге жазылып, одан туындаған тақырыпшалар оның жан жағына жазылып, шеңберленеді. Оларды бір-біріне сызықтармен қосады да, өзара байланыстырады. Реферат - әдеби және басқа деректерге жасалған шолудан тұратын белгілі бір тақырып бойынша жасалған баяндама. Рефератқа мынадай талаптар қойылады: а) ғылыми жұмыстың, кітаптың, т.б. мазмұнын баяндау; ә) таңдалған тақырып бойынша ақпарат көздеріне талдау мен сараптау жасау; б) рефераттан студенттің “МЕН” тұжырымының көрінуі. Т-кесте - бір біріне қарама-қарсы немесе салыстыруға болатын ақпарат пен пікірлерді келтіруге арналған жазу кестесі. Мысалы: Жоғары оқу орындарындағы қолданылып жүрген кредиттік оқу жүйесінің тиімді (+) және тиімсіз (-) жақтарын көрсетіңіз. Бес тармақ- ойды тиянақтап, өзіндік түсінікті нақты сөздермен келтіруге мүмкіндік беретін тәсіл. Ол үшін тек 11 сөзді қолдану керек. 1-жол – 1 зат есім Мысал: Семинар 2-жол – 2 сын есім Әдістемелік, танымдық 3-жол – 3 етістік Оқиды, көрсетеді, үйретеді 4-жол – 4 сөз таптары Жас педагогтарға өте қажет (негізгі сөзге көзқарасы) Білік 5-жол – 1 сөз (негізгі сөздің синонимі) Аннотация – тақырып бойынша әдебиеттердің негізінде қысқаша түсініктеме жазу. Презентация – тақырып бойынша өз жобасын ұсыну, оны қорғау. Интервью– сұрақ-жауаптар арқылы мәселені талқылау және өзіндік пікір келтіру. Іскерлік ойындар – болашақ мамандығына қажетті іскерлік пен дағдыларды қалыптастыру мақсатында атқаратын жұмыстарын белгілі бір рөлдерде өткізу. Сөзжұмбақ – өтілген материал бойынша негізгі түйінді сөздерді қолдану арқылы сұрақтар құрастыру. Шығу парағы - сабақ аяқталғанда студенттер бірнеше сұраққа жазбаша жауап береді. Ол сұрақтар (немесе тапсырмалар) сабақты қорытындылап, студенттің алған білімін, сабақтың қалай өткендігін бағалайды: Бүгін не үйрендіңіз? Сабақ бойынша қандай сұрақтарыңыз бар? Келесі сабақта қандай мәселеге баса назар аудару керек? Сіз үшін сабақтың құнды жайттары қандай болды? Бүгінгі үйренгеніңіз сіз үшін болашақта қажет болады деп ойлайсыз ба? - Келесі сабақта ........? Портфолио - студенттердің оқу іс-әрекеттерін ағымдық және қорытынды бақылау бойынша емес, оқу үрдісі бойынша бағалау мүмкіндігін береді. Студенттің семестр бойы жинаған жұмыстары және жетістіктерінің айғағы мен дәлелі. Студенттің даму үрдісі мен меңгерген білімдерінің көрінісі. Студенттің оқу үрдісіне қалайда қатысатынын анықтайтын жұмыстардың жиынтығы. Студенттермен кері байланыс құру тәсілі. Студенттердің жетістіктері мен дамуының динамикасы. Бір ескертетін жағдай студенттің жазба жұмыстарында тапсырманы орындаған күні туралы белгі болуы қажет. Case-study – бүгінде экономикалық және әлеуметтік мамандықтар бойынша білім алудың тиімді әдістерінің біріне айналған сase-study әдісі теориялық білім алған студенттерді болашақ мамандықтың практикасына негізделген әрекеттерге баулиды. Case- study – таңдау жасау мен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыратын тиімді әдіс. Ол нақты сетуацияларды (жағдайаттарды) практикалық тұрғыдан талдау мен оларды өмірде кезігетін түрінде қайталауға, «ойнап» шығуға негізделеді. Сол себепті кейс-стадиді кейде «нақты оқу ситуациялар әдісі» деп те атайды. Кейс-стади мақсаты студенттерді келесідей әрекеттерге жұмылдыру: кез келген теориялық мәлімет пен ақпаратты талдау, негізгі проблемаларды айқындау, проблемаларды шешудің әртүрлі балама жолдарын табу (ситуация – көп шешімі және баламасы бар оқиға екендігін ұмытпайық), сараптау арқылы олардың ішінен ең тиімдісін таңдау, өз іс-әрекеттерін жоспарлау. Кейстерді сабақтарда келесідей тәртіпте қолдануға болады: Дайындық. Топтық жұмыс. Пікірталас. Қорытындылау. Бағалау. Имитациялық ойын дегеніміз адамдардың қалыптан тыс жағдайлардағы әрекеттерін анықтайтын өмір сүру ортасының үлгісін құру. Имитациялық ойындарда студенттер өмірде тууы мүмкін оқыс жағдайларды қайталап, шаруашылық, басқару, әлеуметтік, психологиялық шешімдерді қабылдауды үйренеді. Бұл ойындар қарым-қатынастың әртүрлі тәсілдері арқылы жүзеге асырылады: пікірталас, келіссөз жүргізу, презентациялау, бірлесе әрекеттесу. Имитациялық ойындар жаңа ортаға бейімделу дағдыларын қалыптастыруға өз септігін тигізеді. Мұндай ойындарда студенттер үйреншікті қалыптан өзгеше жағдайларда өздерінің күнделікті құлықтары мен әрекеттеріне өзгерістер енгізіп, проблеманың шешімін табады. Сонымен, жоғарыда көрсетілген әдіс-тәсілдердің басты мақсаты - жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен студеттерінің назарын интербелсенді оқытудың ерекшеліктеріне аударып, оларды бұл әдістеменің негізгі идеялары мен әдіс-тәсілдерімен таныстыру. Педагогикалық философиядағы «Әрбір ұстаз - білікті маман, ал әрбір студент ойшыл тұлға» деген қағиданы ұстанып, ұсынылған интербелсенді әдіс-тәсілдерді оқытушылар студенттермен жүргізілетін өзіндік жұмыстарда кеңінен қолданады деген үміттеміз. |