Практикантка әдістемелік (1). растыран Н. С. Тленчиева cтуденттерді жеке басы мен оУ жымын зерттеу дістемесі
Скачать 0.54 Mb.
|
Топтың ұжымшылдығын анықтау үшін барлық таңдаулар санын өзара таңдау санына бөлу керек. Бұл сыныпта ұжымшылдық, татулық өте төмен болып шықты. Социоматрицадағы көрсеткіштер бойынша зерттелінушілер статусына байланысты социограмма жасалады. Ең ішкі шеңберге "жұлдыздар", екінші шеңбер ішіне "қалаулылар", үшіншісіне "қалаусыздар", ал сыртқысына "шектеулілер" белгісі түсіріледі. Социограмма Жиналған материалдарды талдау нәтижесінде келесі қорытындыны жасауға болады. Социометриялық талдау барысында сыныптағылардың екеуі жұлдыз болып шықты. Олардың белгілері ішкі шеңберде орналасқан. Сонымен қатар сыныптағы студентлардың ауызбіршілігі төмен, бір-бірімен қарым-қатынасы шектеулі екендігін байқауға болады. 33 студентның алтауы шектеулі (олардың белгілері сыртқы шеңберде орналасқан), оңаша қалғандар. Бұл студентлар басқалармен, әсіресе сыныптағы майталман лидерлермен қарым-қатынаста болғысы келеді, тек оларды бұл студентлар қабылдамайды. Сонымен қатар 13 студентны 1-2 сыныптастары ғана қалап алған, олар басқаларға ұнамсыз, қалаусыз деп айтсақ болады. Ал 12 студентны 3-4 адам таңдап алған. Оларды қалаулыларға жатқызуға болады. Бұл жерде бір атап кететін мәселе — ұл балалар мен қыз балалардың арасында қарым-қатынас шектеулі, тек қана бір қалау орын алған. Бір сыныптағы балалар жеке топтар болып оқып жүрген себептерін зерттеп, оң көрсеткіштерін нығайтып, арақатынастарын жақсарту нәтижесінде ұжымшылдық татулықты тереңдетуге мүмкіндік туады. Эксперимент әдісі Мектептегі барлық оқу – тәрбие мұғалімдер үшін тәжірибе орны болып табылады. Әрине, егерде мұғалім өзінің педогогикалық жұмысына тек пән мұғалімі ретінде ғана емес, сонымен қатар зерттеуші ретінде де қарауы керек. Оны ұйымдастырудың негізіне: -зерттелетін мәселенің мақсатын, нысанасын анықтау, міндеттерін белгілеу; -зерттелетін мәселені педогогикалық және психологиялық тұрғыдан танып білу (теориялық әдебиеттерді, әріптестерінің және мектептің іс – тәжірибесін); -солардың негізінде жалпы тәрбие және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру; -зерттеу жұмыстарының нәтижесін практикаға енгізу, олардың тиімділігін анықтап, тәрбие процесіне түзетулер енгізу; -зерттеу жұмыстарының барысы мен нәтижесін жазып, оны талдап және салыстырып отыру. Сауалнама жүргізу Зерттеуші сауалнама жұмыстарының көмегімен бағдарламаның қай бөлімін зерттеп білу қажеттігін алдын-ала анықтауы қажет. Сұрақтардың сипаты мен сауалнама құрылымы осыған байланысты болып келеді. Сауалнаманы құра отыра оның көңіл аударатыны – сұрақтардың қысқа немесе көлемді жауаптары немесе оларға алдын – ала дайын жауаптардың әзірленуі, студентлардың олардың біреуін таңдауы. «Тапсырылған іске жауапкершілік деңгейі» тақырыбына арналған сауалнама сұрақтарының үлгісі: Жауапкершілік дегеніміз не? Сенің қасыңдағы барлық студентлар өздеріне жүктелген тапсырманы орындай ма? Сен қандай адамды жауапкершілігі жоқ деп ойлайсың? Сенің қасыңда мұндай студентлар бар ма? Өз жолдастарыңның қандай істеріне көбіне риза емессің? Студентлардың өздеріне тапсырылған жұмыстарын немесе осыған қатысты уәделерін әрқашан орындау үшін сен оларға не ұсынар едің? Сауалнама жұмысына жеке – дара немесе студентлардың барлығымен бір мезгілде жүргізуге болады. Олардың жауаптарын талдап, қорытынды шығару керек. Сауалнама жұмыстарын нәтижесіне сай, пән мұғалімдерінен де қосымша мәліметтер алуға болады. Сауалнама жұмыстары бойынша алынған мәліметтерді талдау және қорытындылау барысында, оларды күнделікке жазып отыруы қажет. Студенттердің өздігінен білім алуы жайлы көзқарастарын айқындау туралы сауалнама материалдары Мектеп ---------------------------------------------------------------------------------------Сынып --------------------------------------------------------------------------------------- Жасы ----------------------------------------------------------------------------------------- Сұрақтармен танысып, сіздің өздігінен білім алу көзқарастарыңызға сәйкес келетін нұсқаның астын сызып қойыңыз. Берілегн сұраққа қысқаша жауап беріңіз. 1) Мұғалім ұсынған қосымша әдебиеттерге қызығасыз ба? а) ия, жоқ; б) барлық әдебиеттерді оқимын; в) таңдап оқимын. 2) қосымша әдебиеттерді іздейсіз бе? а) ия б) жоқ. 3) Өз бетімен білім алуды қалай түсінесіз? а) мұғалімнің тапсырмасы бойынша өз бетінше жұмыс б) бағдарламаға қатысы жоқ өз бетінше жұмыс в) менің қызығушылығыма, қабілетіме сәйкес мамандығымды шешуге арналған өз бетінше жұмыс г) өзімнің көзқарасымды кеңейтуге байланысты өз бетінше жұмыс. 4) Өзіндік білім алуды қалай ұйымдастырасыз? а) мазмұн бойынша ; өз бетіңізше білімнің қандай саласын меңгердіңіз? Неге?---------------------------------------------------------------------------------- б) өзіндік білім көтеру әдістемесі бойынша 1 Өз бетімен білім алуды мақсат еттіңіз бе? а) ия б) жоқ. 2 Өз бетімен білім алудың жоспарын құрдыңыз ба? а) бір жылға б) бір айға в) бір аптаға. 3 Сіз кітаппен жұмыс жасай аласыз ба? Кітапты басынан аяғына дейін оқисыз ба ? а) ия б) жоқ. 4 Сіз оқыған кітапты ойша аяқтайсыз ба? а) ия б) жоқ. 5 Оқығандарыңызды қалай белгілейсіз? (Қандай жазбаларды пайдаланасыз?). ----------------------------------------------------------------------------------------- ----------------------------------------------------------------------------------------- 6. Компьютерде жұмыс істей аласыз ба? а) ия б) жоқ. 7 Интернетті пайдаланасыз ба? а) ия б) жоқ. 5) Сізді қандай білім саласы қызықтырады? - әдебиет - тарих - техника - өнер - спорт - физика – математика ғылымдары - математикалық ғылымдар. 6) Неліктен? - қызықты - бос уақытымды толықтырамын - менің болашақ мамандығыма байланысты - менің жеке тұлға ретінде қалыптасуыма байланысты. Студенттердің жанұясы жайлы сұрақтар 1. Жанұясының құрамы? 2. Ата – анасының білімі? 3. Ата – анасының мамандығы? 4. Жанұя мүшелері қоғамдық өмірге қатысады ма? Неліктен? 5. Ата – ана баласының күнделікті өміріне қалай қарайды? 6. Ата – ана мектепке барады ма? 7. Үйде кітапхана бар ма? 8. Ата – анаға бала қандай кітап оқығаны жайлы бөлісеме? 9. Қандай теледидар және радиохабарлар көргенді ұнатады? 10. Үйде достары, таныстары жиі болады ма? 11. Жанұя мүшелері бос уақытын қалай өткізеді? 12. Жанұя мүшелері қандай газет пен журналдарға жазылады? 13. Журналдағы педагогикалық тақырыптар бойынша ата – ана қандай мақалалар оқиды? СТУДЕНТ ТҰЛҒАСЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ МІНЕЗДЕМЕ І. Жалпы мәліметтер: 1. Аты – жөні, туған жылы, сыныбы. 2. Жанұя тәрбиесінің жай – күйі (құрылымы, өмір стилі, экономикалық қамтамасыз етілуі, педагогикалық мәдениеті). 3. Студенттің денсаулық жағдайы, жалпы физикалық дамуы. ІІ. Ұжыммен, қоғамдық белсенділермен қарым – қатынасы. Сыныпқа жалпы сипаттама (студентлардың жалпы дамуы, тәрбиелігі, сынып ұжымының талабы және дәстүрі). Ұжымдағы студентның алатын орны (беделі ме, оны жақсы көре ме, оның ұжымдағы қарым – қатынасы қалай анықталады)? Студент өзінің сыныптағы орнына көңілі тола ма, студент сыныпта қандай орынды иемдегісі келеді? Сыныптағы жолдастарына қатынасы (студент үшін маңызды топтар бар ма, сыныптың көзқарасымен санаса ма, қандай микротопқа қатысады, қарым – қатынас себебі неде?) ІІІ. Оқуға сипаттама Үлгерімі (алған бағалары, әртүрлі пәндерден алған бірдей немесе әртүрлі үлгерімі). Білімді меңгеру деңгейі. Оқу әрекетіне қызығушылығы. Оқи білуі (өзіндік танымдық әрекетін ұйымдастыра білу қабілеті; материалды сапалы және түсінікті қабылдауы, оны логикалық тұрғыдан өңдеуі, мәнерлеп дұрыс оқи білуі, есте сақтаудың нақты тәсілдерін қолдануы, өзінің қателіктерін көре білуі, талдай білуі, салыстыруы, жалпылауы, қорытынды жасай білуі және т.б.) Кітаппен өз бетінше жұмыс істей білу іскерлігі және дағдысы (мақсаттылықпен оқуы, қысқаша тұжырым жасауы, жоспар, нұсқа құруы, библиографияны пайдалануы және т.б.) Өзіңе талап қоя білу деңгейі, тәртібі, ұйымдастыра білуі. Студент тұлғасындағы психикалық процестің дамуы Студентке назар аудару ерекшелігі (еркін назар аударуды дамыту дережесі, оның көлемі, қорытылуы, тұрақтылығы, бөлінуі, басқаға ауысуы). Түсініп қабылдауы, тез ойлай білуі. Есті ойланып, әдейі дамыту деңгейі және сипаты (механикалық немесе ойланып жаттай ма, әдейі есте сақтау тәсілдерін біле ме, есте сақтау жылдамдығы және беріктігі қандай, тез есіне түсіреме, есте сақтау типі; ойлағыштық немесе көркем, жаттау кезінде қандай анализаторлар негізгі рөл атқарады. Ойды дамыту (заттардың және құбылыстардың маңызды немесе болмашы белгілерін ажырата ала ма, жалпы және абстракты меңгеру деңгейі қалай? Өз бетінше шешім жасай ала ма, салыстыра ала ма, шешімнің жолдарын тез таба ала ма?) Тілді дамыту (сөз қоры, сөздің бейнелілігі, эмоциялылығы, сөз таба білуі, ойын жазбаша немесе ауызша білдіру). Елестетуін дамыту (әртүрлі іс - әрекеттерге, шығармашылықпен және қайтадан жаңғыртып елестете ала ма?). Студенттің психологиялық ерекшелігі 1. Өзіңе баға беру және талаптану деңгейі. 2. Қызығушылығы (қызығушылық мазмұны, оның тереңдігі және тұрақтылығы, сенімі, арманы, идеалы). 3. Психологиялық қасиеті және басым темперамент типі. 4. Мінездеме анық байқалатын жағымды, жағымсыз белгілері: а) тұлғаның өзіңе, еңбекке, оқуына, адамдарға деген бағыттылығының белгілері (сергектігі, сезгіштігі, мейірімсіздігі, өзін ғана ойлауы, адалдығы, менмендігі, ұялшақтығы). б) Мінезіндегі жігерлі белгілер; (табандылығы, өз бетіншелігі, турашылдығы, тез илануы және т.б.). 5.Қандайда бір іс - әрекетке қабілеттілігі (әнге, суретке, әртістік, қабілеттілігі). Олар қалай білінеді? 6. Не жайлы армандайды және оны болашаққа қалай іске асырғысы келеді? Жеке тұлғаның бағыттылығын анықтау тесті Мақсаты: жеке тұлғаның іс-әрекетіне негіз болатын мотивациясының жетекші бағытын және жалпы бағыттылығын бағалау. Жеке тұлға мотивациясы келесі үш бағытта болуы мүмкін: Өзіне бағытталған (Ө) - табысты болғандығын марапаттауды талап ету, статусын жоғарылатуда агрессивтілік көрсету, бәсекелестікке құмарлық, мазасыздануы жоғары болуы, интроверсиялы. Басқаларға бағытталған (Б) - барлық уақытта өзгелермен жақсы қарым-қатынаста болуға ниет білдірушілік, ынтымақтастық, баршаның жағдайын ойлаушылық, ізгі ниеттілік, топқа тәуелділік. Іс-әрекетке бағытталған (I) — іскерлік қатынасқа бейімділік, барлық уақытта жұмыста табысты болуға, мәселені шешу жолдарын анықтауға бағытталған, өз пікіріне сүйенгіш. Орындау ережесі: Әдістемеде 27 тұжырымдама берілген. Олардың әрқайсысына үш вариант жауап берілген. Ұсынылған жауаптар варианттарының ішінен өз пікіріңізге сай келетінін тандап алып, оның әріптік белгісін жауап парақтағы „келісемін" деген бағанға сұрақ нөмірінің тұсына қойыңыз. Енді жауаптардың ішінен Сіздің пікіріңізге сай келмейтін, немесе мақұлдамайтын жауаптың әріптік белгісін „келіспеймін" деген бағанға сұрақ нөмірінің тұсына қойыңыз. Жауапты өз пікіріңізге сай келетіндей етіп таңдауға тырысыңыз. Тапсырмалар 1.Мені қанағаттандыратын нәрсе: А) Жұмысымның нәтижесінің жоғары бағалағаны. В) Жұмысымды сапалы орындағанымды сезінгенім. В) Мен достарымның ортасында жүргенімді сезінгенім. 2.Егер мен футбол (волейбол, баскетбол) ойнайтын болсам, ондағыорным келесідей болғанын қалаймын: А) Ойын тактикасын анықтайтын тренер ретінде. Б) Атақты ойыншы. В) Команда сайлаған капитан. 3.Менің ойымша жақсы педагог мынадай адам болуы керек: А) Әр баланы жан-жақты танып білуге қызығатын және олардың жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескеретін Б) Өз пәніне қызығатын және оны терең білгендіктен студентлардың да пәнге деген ынтасын тудыратын. В) Ұжымдағылардың барлығына өз пікірлерін ашық айтуға мүмкіндік беретін. 4.Адамдардан маған ерекше ұнайтын нәрсе: А) Жұмысты орындағанына қуанатындығы. Б) Ұжымда жұмыс істегенінен ләззаттанатындығы. В) Өз жұмысын басқалардан жақсы орындауға тырысатындығы. 5. Менің достарымның мынандай болғанын қалаймын: А)Мүмкіндігінше адамдарға көмектесіп тұратын. Б) Мен дегенде жанын беретін. В) Өте білгір және қызықты. 6. Ең жақсы дос деп келесі адамдарды есептеймін: А) Сыйластық қарым-қатынастағыларды. Б) Барлық уақытта сенім артуға болатындарды. В) Өмірде үлкен табыстарға қолын жеткізе алатындарды. 7. Менің ең жаман көретін нәрсем: А) Бір нәрсе қолымнан келмей жатқаны. Б) Жолдастарымменен тіл табыса алмай қалған кез. В) Мені өзгелердің сынағаны. 8. Меніңше, мұғалімнің ең жаман жері: А) Кейбір студентларды ұнатпайтынын еш жасырмастан, оларды келемеждеп, сықақтап отыратындығы. Б) Ұжымдағылар арасында бәсекелестік тудырғаны. В) Өз пәнін нашар білетіндігі. 9.Кішкентай кезімде келесі нәрселер маған ерекше ұнайтын: А) Уақытты достарыммен өткізу. Б) Тапсырмаларды жақсы орындағаным. В) Бір орындаған нәрсе үшін үлкендердің мақтағаны. 10.Менің ұқсағымкелгендер: А) Өмірде табысты болғандар. Б) Өз жұмысына беріліп істейтіндер. В) Жылы шырайлы, тілектестікпен қатынас жасайтындар. 11.Мектептің ең бірінші міндеті: А) Өмір ағымының адам алдына қойып отырған мәселелерді шешуге үйрету. Б) Студентлардың жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту. В)Өзгелермен қатынас жасауға қажетті касиеттерді қалыптастыру. 12 Егер менің бос уақытым көбірек болса, оны былайша пайдаланар едім: А) Достарыммен бірге болуға. Б) Уақытымды көңілді өткізуге. В)Білімімді жетілдіруге. 13. Мен ерекше табысқа жетуімнің шарттары: А) Өзім ұнататын адамдармен бірге жұмыс істеу. Б) Қызығатын жұмысымды орындау. В) Жақсы жалақы төленуі. 14. Менің ерекше жақсы көретін нәрсем: А) Мені басқалардың жоғары бағалағаны. Б) Жұмысымды өте сапалы орындағаным. В) Достарымнын ортасында уақытымды көңілді өткізгенім. 15. Егер мен туралы газетте жазатын болса, келесі мәселелерді жариялағанын қалар едім: А) Менің қатысуыммен жүрген оқу процесі, орындаған жұмысым, спортқа қатысқаным туралы. Б) Менің іс-әрекеттерім туралы. 15) Мен қызмет атқаратын ұжым туралы. 16. Менің жақсы оқуым үшін оқытушының келесі қасиеттері болуға тиіс: А) Әр адамның жеке ерекшеліктерін ескеретін. Б) Пәніне қызықтыратын. 13) Тақырыптар бойынша пікірлерді талдайтын. 17. Менің ойымша ең жаман нәрсе: А) Адамның намысына тию. Б) Маңызды мәселені шешуде сәтсіздікке жолығу. В) Достардан айырылу. 18. Менің ең жоғары бағалайтыным: А) Табысты болу. Б) Көпшілікпен бірге жұмыс жасау. В) Тапқырлық пен ақылдылық. 19. Менің ұнатпайтын адамдарым: А) Өздерін кемсітіп жүретіндер. Б) Ешкіммен тіл табыса алмайтын, шатақ мінезділер. В) Жаңалықтың бәріне қарсы шығатындар. 20. Сүйсінетінім: А) Баршаға пайдалы істі орындау. Б) Достарыңның көп болғаны. В) Баршаға ұнамды және олар қызығатындай болу. 21.Басшы мынандай болуы керек: А) Ашық жүзді. Б) Беделді. В) Қатал. 22 .Бос уақытымда мынандай кітаптарды оқыр едім: А) Адамдармен тіл табысқыш болуды үйрететін. Б) Атақты адамдардың өмірбаяны туралы. В) Ғылым мен техникадағы жаңалықтар туралы. 23. Егер музыкалық қабілетім болса, мен келесі саладағы мамандықты қалар едім: А) Дирижер. Б) Композитор. В) Әнші. 24.Мүмкіндігім болса мен: А) Қызықты конкурс ойлап табар едім. Б) Конкурстардың жүлдегері болар едім. В) Конкурстарды ұйымдастырып, оны басқарар едім. 25. Менің білгім келетін нәрсе: А) Не істегім келетінін. Б) Мақсатқа жету жолын. В) Мақсатқа жету үшін басқаларды жұмылдыру жолдарын. 26. Әр адам келесі міндетті орындауға тырысуы керек: А) Өзгелердің көңілін табуға. Б) Өзінің алдында тұрған мақсатына жетуге. В) Орындамаған жұмыстары үшін өзгелерді кінәламауға. 27. Мен бос уақытымды жақсы тынығуға пайдалану кепілдігі: А) Достарыммен өткізу. Б) Көңілді фильмдерді көру. В) Жақсы көретін жұмысымды жасау.
Жауап парақты толтырғанда зерттелінушінің оған түсірген әріп белгілері оның бағыттылығының ерекшелігін көрсетеді. Ол жауаптарды өңдеу үшін келесі кестеде берілген кілтті пайдалану керек.
Бағалау шкаласы «Келісемін» деген жауап кілтке сай келсе — 2 балл, «келіспеймін» дегеннің сай келгеніне - 0 балл, таңдалынбаған бағыттылық үшін — 1 балл. Баллдарды есептеу ынғайлы болу үшін келесі кестені пайдалануға болады.
|