Ыбырай Алтынсарин. растырушылардан
Скачать 307.37 Kb.
|
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ТАҚЫРЫБЫНА ҚОРҒАЛҒАН ДИССЕРТАЦИЯЛАР1192. Əлқожаева, Н. С. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы ағартушылар мұраларындағы имандылық идеяларының дамуы: Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дəрежесін алу үшін дайындалған диссертация / Əл–Фараби ат. ҚМУ; Ғылыми жетекшісі – пед. ғылым. канд. доц. Ж. Р. Бəшірова. – Алматы, 2001. 1193. Бердібай, Шалабай. Көркем проза тілін зерттеудің ғылыми–теория- лық негіздері: Фил. ғылым. док. ғылыми дəрежесін алу үшін жазылған / Ш. Бердібай; ҚРБ, мəден. жəне ден. мин-гі; Абай ат. АМУ; Ғылыми кеңесшісі – ҚРҒА кор. мүшесі, фил. ғылым. д-р, проф. Р. Ғ. Сыздықова. – Алматы, 1997. 1194. Жақып, Б. Ө. Қазақ публицистикасының қалыптасуы, даму жолда- ры (генезис, эволюция, поэтика): пед. ғыл. д-р. ғылыми дəрежесін алу үшін дайын. дис. Əл–Фараби атындағы Ұлттық университеті / Б. Ө. Жақып; ғыл. же- тек. ҚРҰҒА академигі, фил. ғыл. док. проф. З. Қабдолов. – Алматы, 2004. 1195. Игисинова, Н. Б. Ы. Алтынсарин шығармашылығының қазақ ұлттық мəдениетінің қалыптасуына əсері: фил. ғылым. канд. ғыл. дəрежесін алу үшін дайын. дис. / Н. Б. Игисинова; Əл–Фараби ат ҚҰУ; ғыл. жетек. фил. ғ. д-р. проф. Ж. Ж.Алтаев. – Алматы, 2006. 1196. Қалижан, Уалихан. Қазақ əдебиетіндегі діни–ағартушылық ағым (ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басы): фил. ғ. док. ғылыми дəрежесін алу үшін дайын. дис. / У. Қалижан; ғыл. кеңес. ҚРҰҒА кор.–мүшесі, фил. ғ. д-р. проф Р. Нұрғалиев; Əл–Фараби ат. ҚМУ. – Алматы. 1197. Рысбекова, Г. Е. ХІХ ғасырдың ІІ жартысы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстанда Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметінің дамуы: пед. ғ. канд. ғылым дəрежесін алу үшін дайын. дис. / Г. Е. Рысбекова; Ы. Алтынсарин ат. ҚБА; ғыл. жетек. пед. ғылым. д-р. проф. С. Қ. Қалиев.– Алматы, 2001. 1198. Шотанова, С. Ыбырай Алтынсарин прозасы: Фил. ғ. канд. ғыл. ата- ғын алу үшін дайын. дис. / С. Шотанова; ҚРҰҒА. М.О. Əуезов ат. əдебиет жəне өнер ин-т; ғыл. жетек. ҚР.ҰҒА кор.–мүшесі, проф. Ш. Қ. Сəтпаева, фил. ғыл. канд. Б. Мамыраев. – Алматы, 1996. Ұлы ұстаз мұраларын насихаттау, зерттеуде «Ыбырай Алтынсарин» рес- публикалық қоғамдық қоры біршама жұмыс тындырғанын айтпай кетуге бол- майды. Осы сөзіміз дəлелді болу үшін Сіздердің назарларыңызға аталған қоғам- дық қордың төрайымы, педагогика ғылымдарының кандидаты Тана Қоңырат- баеваның біздің басылымға арнай дайындаған мына бір мақаласын ұсынып отырмыз. Ыбырай Алтынсарин жайлы білгісі келген адамға бұл материалдың да артықшылығы болмас деп ойлаймыз ЫБЫРАЙ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ САРҚЫЛМАС КЕНЫбырай Алтынсарин тұлғасы мен қазақ тарихы егіздің сыңарындай бөлін- бейтін, бірін тілге тиек етсек, екіншісі еріксіз ойға оралатын тұтас тарихи ұғым- дар. Ыбырайды айтсақ, 19 ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның бү- гінгі тынысымен өзектес тəуелсіздік, саяси–экономикалық, мəдени–əлеуметтік мəселелер өзінен–өзі салыстыруларға сұранып, тарихи жадымызда қордаланып келген оқиғалар бейсанамыздың түкпірінен лаулап шыға келеді. Қазақ халқы- ның менталдық сапаларын, рухы мен ұлттық намысын идеологиялық майданда қорғап, интеллектуалдық деңгейін көтеріп, мерейін үстем еткен, қоғамдық ой– сананың дамуына айтулы үлес қосқан үш жарық жұлдызы болса, олар – Шоқан, Ыбырай жəне Абай. Ыбырай жас жағынан солардың ортаншысы. Ыбырай Алтынсарин – қазақ халқының ежелгі рухын сақтап қалуға жəне оның көрші мемлекеттермен мəдени қарым–қатынасқа түсіп, алысқа танылуына үлкен үлес қосқан ұлы тұлғалардың бірегейі. Ы.Алтынсарин заманы – адамзат қоғамы та- биғатқа табыну мəдениетінен алшақтамаған, бірақ табиғатты өзіне бағындыру əрекетіне де білек сыбанып кірісе қоймаған кезең еді. Ол кездегі адамдардың санасы табиғатқа зорлық–зомбылық жасау ниетінен аулақ болғандықтан, Алтынсарин замандастары табиғатпен үйлесімділікке жақын болды деуге негіз бар. Табиғат–анамен үйлесімділік, сұхбаттылық қазақтардың туа бітті рухани қажеттілігі еді. Ы.Алтынсарин қазақтардың табиғатпен осы үйлесімділігін сақ- тай отырып, халықтар арасындағы үйлесімді сұхбатта болуға бағыт сілтеді. Ре- сей мен Еуропаның озық мəдениетінен сусындауға шақырды. Бір қарағанда Ы.Алтынсарин білім беру, сауат ашу ісімен ғана айналысқан сияқты, алай- да, ол қазақ даласына мəдениеттің жаңа үлгілерін таратқан жаңалық жаршысы. Мысалы, қазақ даласында мектеп ашу арқылы малдың жайына бейімделіп кет- кен еркін де асау мінез қазақтарды отырықшылыққа үйретуі, білімді сол кездегі дін сияқты құндылық ретінде мойындатуы, шешуші фактор білім ғана емес, со- нымен қатар мəдениет екенін түсіне білуі, Ы.Алтынсариннің білім мен мəде- ниеттің өзара əрекеттестігіне қозғау салған басты жаңалығы дер едік. Ұлы ағар- тушының шығармашылығында білім мен дін, тіл мен өнер «мəдениет» дейтін кең ұғымның басты компоненттері жəне олар бір–бірінен алшақ емес. Оның көзқарасында білім мен мəдениеттің бірлігі мен тұтастығы тұлғаның мəдениет- ке сəйкес дамуының кепілі ретінде көрінеді. Ы.Алтынсарин шығармашылығына арналған көптеген жарияланымдарға сүйеніп, жиі қолданыстағы «ұлы ағартушы» деген ұғымды тарқатып айтып кө- релік. Əрине, аталмыш ұғымға ұлы Ыбырайға берілген барлық сипаттама- лар сыйып тұр. Мысалы, Ы.Алтынсарин – Қазақстандағы ресми мектеп- тердің атасы, ағарту ісін, бастауыш жəне кəсіби мектептерді ұйымдастыру- шы, қыздардың білім алуын жолға қоюшы, педагогикалық шеберліктің иесі, алғашқы оқулықтарды құрастырушы, кириллица бойынша сауат ашып, білім берудің негізін қалаушы, т.б. деп келеміз. Біздің айтайын дегені- міз, «ұлы ағартушы» деген үлкен ұғымның екінші жағы. Ағартушылық мектеп ісіне, мұғалімдікке ғана қатысты іс емес, ол кең көлемдегі, биік деңгейдегі, көп арналы мəдени– қоғамдық, саяси–əлеуметтік қырлары мен астары бар қызметке жатады. Бүгінгі күн тұрғысынан айтар болсақ, Ы.Алтынсарин қазіргі таңдағы білім- ге мəдениетті тұғыр ететін бағдарды сол кездің өзінде–ақ ұстанған. Өзінің ізде- ніске толы іс–əрекеттерімен дəл бүгінгідей білім кеңістігінде гуманитарлық бі- лімнің маңызын арттырып, білім мен дін, сенім мен тіл, дəстүрлі мəдениет пен жаңа мəдениеттің арасындағы кереғарлықты сезініп, олардың арасын жуықтас- тыруға əрекеттенді. Білім мен мəдениеттің атқаратын функцияларын, олардың тұлға қалыптастырудағы маңызын дұрыс бағалай білді. Білім мен мəдениет ара- сында кереғарлық болған жағдайда тұлғаның мəдениетке сəйкес дами алмайты- нын өзгелерден озық сезінді. Еларалық, мемлекетаралық, идеяаралық қайшы- лықтарды шешіп, адам санасында сақталған антиподты жоюдың, түрлі байла- ныстар орнатудың саясат арқылы ғана емес, білім мен мəдениетарқылы шеші летінін ерте түсінді. Тарихта аты қалған ағартушылар өз заманының құндылықтарын байыптап, саралап, оның жаңа құндылықтармен алмасуына, заманның жаңа ағымын ұғы- нуға ықпал етіп, халықты соған ілесуге бейімдеген. Зиялылар өздерінің ойы мен істері арқылы жастардың идеалы, халықтың сүйенер тұғыры бола білген. Адамзаттың санасын ағартып, рухани шыңдап отырған. Ағартушылар білімді басты құрал етіп, мəдени орта тудыра білген. Ондай ортада заман талабына сай азаматтар, ғасыр мəдениетіне сəйкес тұлғалар қалыптасқан. Мəселен, Еуропа мен Шығыс елдеріндегі мəдени құбылыстарды айтпағанның өзінде, Ыбырай салған ағартушылық жолда алаш зиялылары, қазақтың көптеген көрнекті тұлға- лары қалыптасқан, солар арқылы қоғамдық санада ілгерілеушілік болған. Яғни, ағартушылар оқулық жазып, мектепке қызмет етумен қатар өткен мəдениетті сақтап, оны жаңа мəдениетпен үйлестірушілік, мəдениет тудырушылық қызмет атқарған. Сондығынан Ы.Алтынсаринның ағартушылығы педагогика мен пси- хологияға ғана емес, əлеуметтану, мəдениеттану, тарих саласына, жалпы бар- лық гуманитарлық пəндерге ортақ зерттеу объектісі болып келеді. Осы салалар- дың ішінде Алтынсаринның əлеуметтанушы ретіндегі орны əлі күнге арнайы зерттеу нысаны ретінде қолға алынған жоқ. Ы.Алтынсарин тұсындағы білім мə- селелері оқушының сауатын ашып, оның білім, білік дағдыларын дамыту дең- гейінде ғана емес, мектеп арқылы білімді құрал ете отырып, мəдени орта жасау- дың, оқушыларды ғана емес, олардың ата–аналарын да мəдениеттендірудің алғашқы үлгісі еді. Мектепте діни білімді ғылыми–жаратылыстану саласымен ұштастыра білуі де Алтынсаринның жаңашылдығын танытса керек. Ыбырай өзге халықпен үйлесу үшін қажет сапалардың бірі толеранттық пен коммуникативтіліктің же- ке бас үлгісін берді. Оның ерекше төзімділік арқылы ашу ызасын ақылға жеңді- ріп, шынайы сұхбатты дамытуға тырысуы нағыз толеранттылығының дəлелі болатын. Қорыта айтқанда, қазіргі таңдағы білім беру жүйесінде көкейкесті мə- селе ретінде қарастырылып, зерттеліп жүрген толеранттық, коммуникативтілік, сұхбаттылық мəселелерін Ыбырай өз заманында құндылықтар ретінде қастер- леген еді. Жаңашылдықтың бір белгісі ретінде Ы.Алтынсариннің хаттары мен мек- тептің қаржылық, материалдық базасы туралы есеп–құжаттарын айту да лəзім. Өкінішке орай оларды жеке бас мəселелері немесе ұсақ–түйек ретінде санап, мəн бермей жүрген ғалымдарымыз да бар. Біле білгенге, Алтынсарин хаттары нағыз сыр сандықтың өзі! Олар тұлғааралық жəне мəдениеттер диалогының көрнекті үлгісі болып табылады. Хаттардың мазмұны тұлғалар арасындағы жə- не менталдық сапалары əр басқа халықтар арасындағы мəдени диалогқа құрыл- ған. Ы.Алтынсарин – рухани деңгейі, көзқарасы, құндылық бағдарлары əрқилы айналасындағылармен үлкен төзімділікпен түсінісуге тырысып, олармен мəде- ни диалогқа түсіп отырған. Жүрген жерінде көптеген шараларды ғана емес, бір–бірімен қарама–қайшы адамдарды бір арнаға тоғыстырып, тобықтай түйін- мен шеше білудің шебері болған. Осы хаттарда алғашқы қазақ меценаттарының бейнесі көрініс береді. Бүгінде меценаттар деп өз іскерлігімен каржы мен мате- риалдық молшылыққа ие болған, əл– ауқаты жоғары, құрметті адамдарды атай- мыз. Мысалы, кəсіпкер, бизнесмен, шенеунік, т.б. атай бастадық. Жаңа заманы- мызда олардың жақсылары ел экономикасын көтеруге үлес қосып, ахуалы тө- мен адамдарға, сондай–ақ, ауыр науқасқа шалдыққандар мен мүгедектерге ма- териалдық көмек көрсетіп жүр. Күні кешеге дейін ондай қайырымды ауқатты- лар тек Батыс Еуропа мен АҚШ– та ғана болған деген сыңаржақ пікірде келдік. Себебі кешегі Кеңес Үкіметі тұсындағы бай, кулактармен күрестің ізі əлі күнге санамызда сақталып келеді. Ауқатты кісілерді білсек, «е, олар мемлекетті неме- се біреуді қанап, тонау арқылы байыған ғой» деген ішкі пікірде жүреміз. Ондай əрі саналы, əрі ауқатты, əрі қайырымды, азаматтарымызды құрметтеуді де Алтынсаринен үйрену керек дер едік. Себебі, ол сол кездегі қазақ өміріне, ты- ныс тіршілігіне қамқор болған, саналы, қазақтан шыққан қайырымды меценат- тардың алғашқы қарлығаштарын бізге танытады. Ыбырайдың даналығы сол, олармен тіл табысып, игілікті істерге көзін жет- кізіп, ұлттық мақсаттарға шақырған. Оларды Алтынсарин «аса құрметті қам- қоршылар» деп атап, мектеп ашу ісіне ұйыстыра білген. Мысалы, құрметті қам- қоршы, ауқатты кісілер Қарпықов Троицк қазақ мектебіне 260 сом, Беркімбаев Ақтөбе мектебіне 109 сом, Бірімжанов Торғай қазақ мектебіне 200 сом, Ырғыз мектебіне Құлыбеков 100 сом берген. Бүгінгі күн тұрғысынан қарасақ, жаңа қа- зақтар арасынан шыға бастаған меценаттарымыздың Ыбырай өмір сүрген дəуірден алар адамгершілік, қайырымдылық үлгісі де мол. Біздіңше, аталмыш қазақ меценаттарының шыққан тегі, білімі мен мəдениеті, іскерлігі, қайырым- дылығы қазіргі таң тұрғысындағы ірі зерттеулерге сұранып тұрса да, əзірге сүр- леуі салынбаған бағыт. Алтынсаринның жаңашылдығы – білім субъектілерін мəдени əлемнің иесі жəне мəдениеттің жалғастырушы–мұрагері, ал білім процесін тұлғаны қалып- тастыратын мəдени орта, əлемдік мəдени процестердің бөлігі санауында. Ұлы педагогтың көзқарасы бойынша, мұғалім рухани мəдениеттің жаршысы, педа- гогикалық шығармашылықтың, кəсіби мəдениеттің иесі. Ол осылайша білім субъектілерін мəдениеттің иесі, таратушысы, сақтаушысы, жасампаз тұлға ре- тінде қарастырған.Осы тұста сұрақ туындайды: Бүгінгі мұғалімді біз солай ба- ғалаймыз ба? Егер бағалап жүрмесек, себебі қайсы? Осы ретте ұлы ұстаздың мұғалім, білім, мектеп, мəдениет туралы көзқарастарын қайтадан ой мен сана елегінен өткізіп көрелікші... Алтынсарин танымында дін мен білім, мектеп пен орта рухани мəдениеттің, бейбіт тіршіліктің көзі. Сондығынан да біз Ы.Алтын- сарин шығармашылығынан білім мен мəдениет арасындағы тұтастықты сезініп, оны жаңа заманға лайық тұлға тəрбиелеудің мүмкіндігі санаймыз. Ыбырай шы- ғармашылығанан заманынан оқ бойы озықтықты, көрегенділікті, арада қанша заман өтсе де көнермейтін жаңашылдықты, парасаттылық пен жоғары мəде- ниетті танимыз. Білімділік пен ғасыр мəдениетіне сəйкес болудың үлгісін көріп, тұтынамыз. Ыбырай заманында мəдениеттің басты компоненттері ретінде бі- лім, дін, өнер, ғылым өз орнындарынан ығыспай, бір–бірімен əрекеттесіп, алға тартыла бастады. Ыбырайдың ұлылығы өз жерінде кірме атанып, отар халыққа айнала бастаған қазақ халқының рухын сақтап қалуында еді. Халық рухы үшін қан майданда батырлар қалай шайқасса, Ыбырай да идеологиялық майданда со- лай шайқасты. Оның рухтандырғыш күші кедей халықты ғана емес, өзімен қар- сылас кейбір дін иелерін де, ауқатты қазақтарды да, орыс шенеуніктерін де сөзі- не құлақ түргізіп, соңынан ілестірді. Өз маңайындағы барлық əлеуметтік топ- тардың басын қосып, оларды ұлы істерге рухтандырып отырған Ы.Алтынсарин халқымыздың киелі қасиеттерін бойына қондырған, сонымен қатар орыс халқы- на тəн құндылықтарды да игерген жан–жақты үйлесімді, сондығынан да қазақ- тарға ғана емес, бүгінгі еуразиялықтарға да ортақ, жаңашыл, аса көрнекті, тау тұлға. Ыбырай шығармашылығының сарқылмас кен екендігін ескергендіктен, 2008 жылдың 6 қазан күнінен бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің əлеуметтану ғылымдары факультетінің жанынан «Ыбырай Алтынсарин» республикалық қоғамдық қоры өз жұмысын бастап кетті. Қор Қазақстандағы білім жүйесінің негізін салушы, ұлы педагог Ыбырай Алтынса- риннің мұраларын зерттеп, озық идеяларын жүзеге асыру, келер ұрпаққа жеткі- зу бағытын ұстанып келеді. Қордың жұмыс жоспары Қазақстан Заңдарының та- лаптарымен сəйкестендірілген, Білім жəне ғылым министрлігінің саясатын қол- дай отырып, Мəдениет министрлігімен, жоғары оқу орындарымен, Астана қала- лық тілдерді дамыту басқармасымен, облыстық, қалалық білім басқармалары- мен, орта білім беретін мектептермен, жастар ұйымдарымен, драмалық театр- лармен бірлесіп жұмыс жасауда. Қоғамдық қордың жұмысы туралы ақпарат Ре- сей Коммуникациялық Ассоциациясына (Президенті–пед ғыл.докторы, профес- сор Ирина Розина) да жіберілді. Қалалық, облыстық, республикалық деңгейде педагог ғалымдар, жас ғалымдар, студенттер мен мектеп оқушылары арасында білім мен мəдениеттің көкейкесті мəселелеріне арналған конференциялар, се- минарлар өткізу қордың негізгі мақсаты болғандықтан, бірқатар іс–шаралар орындалып келеді. Қордың жұмысын атқарысуға университеттің студенттері, бакалаврлары, магистрлері жəне болашақ мұғалімдер дайындау ісінің басында тұрған ғалым–педагогтар атсалысып келеді. Факультет декандары да қамқор- лықтан кенде еткен жоқ. Педагогика кафедрасы жанынан Ы.Алтынсарин дəріс- ханасы ашылып, онда көрнекті стенділер жасалып, ілініп тұрады. Кордың жос- парлаған барлық жұмыстары осы дəрісханадан бастау алып, университеттің ты- ныс–тіршілігімен, студент–жастар арасындағы тəлім–тəрбие жұмыстарымен астасып жатты. «Ыбырай Алтынсарин» қоғамдық қоры Ыбырайдың немересі Нағима жəне оның немерелері тұрған Тараз қаласына арнайы экскурсиямен шығып, əулет та- рихына қатысты құнды деректер мен материалдар жинап, Қостанайдағы Ыбы- рай Алтынсарин музейімен өткізіп отырды. Қоғамдық қор Қостанай қаласында- ғы облыстық жəне аудандық кітапханалармен де тікелей араласып, Ыбырай ту- ралы мəдени шараларға белсенді қатысып келеді. Қордың мектептермен байла- нысы да үдемелі даму үстінде келеді. Осы қордың қатысуымен Алтынсаринның əрбір жылдардағы мерейтойы Қостанай қаласы, Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балалар мектеп–гимназисында бірнеше дүркін өтіп келеді. Осы мек- тептің педагогикалық ұжымының қорға көрсеткен қаржылық, моральдық қол- дауын ризашылықпен айтар едік. Қоғамдық қордың жұмыс жоспарына сай Та- раз қаласындағы №49 Ыбырай Алтынсарин атындағы мектеп–гимназиясында, Астана қаласы №51 мектеп–гимназиясында, Астанадағы №25 жəне 30, т.б. орта мектептерде Алтынсаринге арналған семинар, конференциялар,шығармашылық сабақтар, кездесулер, шығармашылық кештер өткізілді. Əсіресе Қостанайдағы Ыбырай мектебінің 125 жылдық мерейтойы мазмұнды шаралармен ерекшеленді. Қазақстан тəуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында «Ы.Алтынсарин» қоры мен Астана қа- лалық білім басқармасы бірлескен қалалық конференция ұйымдастырды, онда «Ы.Алтынсарин мұраларындағы тəуелсіздік идеялары» тақырыбында баянда- малар жасалды.Астана қаласындағы «Экономика, қаржы жəне бизнес» универ- ситетінің əлеуметтік педагогика кафедрасы негізінде барлық мамандықтағы студенттерге арналған «Алтынсаринның тəуелсіздікке бастайтын ойлары» атты тақырыпта шығармашылық дəріс оқылып, маңызды сұрақтарға талдау жасалды. «Ыбырай Алтынсарин» қоры Астана қаласы əкімшілігі жанындағы Тілдерді да- мыту басқармасымен жəне № 25 мектеп оқушыларымен, педагогтарымен бірле- сіп, Астана қаласындағы бұрынғы Тимирязев көшесінің атауын өзгертіп, оған Ы.Алтынсарин есімін беруге ат салысты. № 25 мектептің педагогикалық ұжы- мының келісімімен келешекте осы мектепке Ы.Алтынсарин есімін сұрап, Қа- зақстан республикасы Үкіметіне, ономастикалық комиссияға қордың атынан ресми хат жазылды. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің əлеуметтік ғылым- дар факультеті жанынан «Ыбырай Алтынсарин» дəрісханасы ашылып, онда Алтынсарин атындағы ғылыми мектеп өзінің мəдени–білімдік қызметін ойда- ғыдай атқарды. Ғылыми мектеп «Университет пен театрдың ортақ мəдени–бі- лімдік кеңістігі» тақырыбы бойынша Л.Н.Гумилев атындағы университеттің студенттерін қамтыды. Қордың жоспары бойынша құрылып, «Ы. Алтынса- рин » есімімен аталған ғылыми мектептің тұрақты мүшелерінің саны 25 студенттен асты. Олар Ыбырай мұраларын оқып, мақалалар жариялау, семи- нар өткізумен айналысты. Ғылыми мектеп мүшелері «Университет пен театр- дың ортақ мəдени–білімдік кеңістігі» тақырыбында ізденіп, бірқатар мəдени–бі- лімдік маңызы бар жұмыстар атқарды. Мектеп мүшелері ең алдымен 2008 жыл- дан бастап Iлияс Омаров атындағы Қостанай облыстық қазақ драма театрында қойыла бастаған «Дала шамшырағы» атты драмасын көріп, (Ы.Алтынсаринның өмір жолы туралы, авторы – Тана Қоңыратбай) одан алған əсерлерімен өзара бөлісті. Сондай–ақ, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік универси- тетінің жанындағы «Жас өркен» студенттік театрының қойылымдарын көріп, тамашалады. Ол театрдың мəдени–білімдік маңызы туралы кезінде осы мақала- ның авторы (Т. Қоңыратбай) А.Байтұрсынов университеті ұйымдастырған ғы- лыми конференцияда баяндама жасап, ол жинақта жарық көрген болатын. Аталмыш ғылыми мектеп мүшелері Астанадағы Қ.Қуанышбаев театрымен де байланыс жасап, оның 20 жылдық мерейтойы қарсаңында қойылған Думан Ра- мазанның «Кенесары–Күнімжан» қойылымында болды. Басты рольдерді орын- даған актерлер «Ы.Алтынсарин» дəрісханасының қонақтары ретінде арнайы кездесуге шақырылып, студент жастармен сұхбаттасты. Бұл ізденістер студент– жастарға эстетикалық тəрбие берумен қатар, қазақтың биік тұлғаларын таныту- ға ықпал ететіні даусыз. «Ыбырай Алтынсарин» қоғамдық қордың ұйымдасты- руымен Л.Гумилев атындағы университет студенттері арасында болашақ сурет- ші мамандар арасында «Ұлттық бейне» тақырыбында байқау ұйымдастыры- лып, жеңімпаздары марапатталды. 2003–2009 жылдар арасында Ы.Алтынсаринның екі томдығы құрастыры- лып, Алматы, Астана қалаларынан жарыққа шығарылды. Қоғамдық қордың не- гізгі бағыты бойынша Ыбырайдың 167 жылдық мерейтойы республикалық ғы- лыми–əдіснамалық конференция көлемінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің əлеуметтік ғылымдар факультетінде атап өтіліп, ар- найы жинақ шығарылды. Ұлы ұстаздың 168 жылдығы қарсаңында украиналық басылымда «И.Алтынсарин: история становления педагогической науки и прак- тики в Казахстане» атты мақаламен СНГ елдерінің білім беру жүйесі мен ға- лымдарын ұлы ұстаздың педагогикалық тəжірибесімен таныс еттім. Қоғамдық қор Алтынсаринның 170 жылдығын да ойдағыдай атап өтті. Қазақстан тəуелсіз- дігінің 20 жылдығының Ы.Алтынсаринның 170 жылдығымен тұспа–тұс келуі- нің өзі елеулі оқиға болды. «Тойың тойға ұлассын» деп келетін қазақтың дана тілегі сол күндері Қостанай, Астана, Алматы, Тараз, Шымкент т.б. қалаларында Ыбырайға арналған мерекелік конференциялармен, семинарлармен, Ыбырайды еске алу кештерімен жалғасын тауып жатыр. Ыбырайдың қайсы бір идеяларын алсақ та, қазіргі кезеңмен астасып жат- қандығын көреміз. Ол да біздер сияқты білім мен өнерді, рухани мəдениетті, ха- лықтар достығын, тұлғаралық жəне мəдениетаралық диалогты құндылық сана- ды, мұсылмандықты ұстанды, адамгершілікті жоғары қойды. Соңына мол мұра қалдырған Ыбырай атаның есімі Қазақстан көлемінде жүзге тарта мектептерге, бір академияға, орта арнайы кəсіптік оқу орнына, Қостанай облысындағы ауданға берілген. Біздің республикалық қордың атауы да ұлы Ыбырай есімімен аталып, ол кісінің мұраларын насихаттауға бағдар алған. Қордың қызметі əрбір жылдағы Ыбырай мерейтойларымен тығыз байланысты. Сонау өткен ғасырлар- да қазақ жеріне халқымыздың тыныс тіршілігін қызықтап, батыс пен шығыстың талай саяхатшы, зерттеушілері келіп тұрғандығы, өз елдерінде талай зерттеу еңбектер жариялағаны тарихымыздан белгілі. Халқымыздың мəдени–əлеумет- тік ахуалы, салт–дəстүрі мен ауыз əдебиеті, өнері сол кездің өзінде батыс пен шығыстық бірқатар деректерден орын алған еді. Бірақ сол кездегі тоталитарлық саясаттың ықпалынан əлемге еркін таныла алмаған халық едік. Сол кездегі қазақтардың ұрпағы бүгінгі жаңарған жағдайда, яғни, егемендік алған кезеңде жаңа қырынан танылып отыр. Онда ұлы Ыбырайдың да үлесі бар. Бүгінде 24 жыл ішінде елбасымыз Н.Ə.Назарбаевтың дана басшылығымен қыруар істер атқарылып, батысқа да шығысқа да танымал халықтардың біріне айналдық деп мақтан тұта аламыз. |