С. У. Жунусова, Г. Л. Алишева
Скачать 5.78 Mb.
|
ТерможолақтарТерможолақтар – бұл дене температурасының әсерінен, өзінің түсін өзгертетін қабілетке ие кристалдары бар термосезімтал қабықша. Терможолақтарды әртүрлі қолданады. Оларда белгілері болады: «жоғары температура» немесе «көтерілмеген температура». Олар температураны дұрыс көрсететін қызуөлшегішпен өлшеу керек, не керек еместігі туралы сигнал береді (сур. 46). 22century.ru Сурет 46. Терможолақтар Терможолақтар жол жүргенде қажет болады, сондықтан демалуға немесе сапарға шыққанда терможолақтарды өзімен бірге алу керек. Артықшылығы: Жолға шыққанда қолдануға ыңғайлы, көп орын алмайды, салмағы да жоқ. Температураны тез өлшейді (барлығы 5–30 секунд). Жетімсіздігі: Көп қателеседі Өлшеуге көп факторлар әсер етеді: жарық, терлеу, тері бетіне тиіп тұру тығыздығы және т.б. Адамға температураны анықтау үшін, термометрдің қандай түрін қолданса аса маңызы жоқ. Бастысы – бір кезең ішінде температураны әртүрлі қызуөлшегішпен өлшемеу қажет, өйткені көрсеткіштері біршама өзгеруі мүмкін және адамның денсаулық жағдайының жалпы көрінісін дұрыс көрсетпеуі мүмкін. Қолтық астында дене температурасын өлшеу әдістері (аксилярлы өлшеу) Шараға дайындау: 1. Термометрдің істейтініне көз жеткізіңіз 2. Шкаладағы көрсеткіш 35°С аспайтынына көз жеткізіңіз (қажет жағдайда термометрді сілкілеп түсіріңіз). 3. Қолтық асты терісі құрғақтығын тексеріңіз (қажет жағдайда таза майлықпен сүрту). Шараның орындалуы: 1. Қолтық астын қарау 2. Сынапты резервуар науқастың қолтық астының ортасында тұратындай етіп, термометрді қою қажет (теріге толығымен тиіп тұруы керек). 3. Науқасқа қолын кеуде қуысына басуын сұрау керек. 4. Термометрді қолтық астынан 10 минуттан кейін алып, көрсеткішін қарау керек. 5. Дене температурасын өлшегеннен кейін алынған мәліметтерді температуралық қағазға тіркеу керек. 6. Термометрді дезинфицирленген ерітіндісі құйылған ыдысқа салу қажет. Ауыз қуысында температураны өлшеу әдістері (оральды өлшеу) Шараның орындалуы: 1.Температураны өлшер алдында 5 минуттай босаңсу қажет. 2.Термометрдің ұштығын тілдің түбіріне жақын жерге астына қояды (тіл асты қатпары). 3.Термометрия жүргізгенде, суық ауа түспеу мақсатында ауыз жабық болуы керек. 4.Ауыз қуысында дене температурасын сынапты термометрмен өлшеу уақыты –3 минуттан аспау керек. 5.Ауыз қуысында дене температурасын өлшегенде қалыпты деңгей: 36,8-37,30 С Таяу арада ішкен ыстық немесе суық сусындар, темекі шегу температураны өзгертуі мүмкін. Бұл әдісті 4-5 жасқа дейінгі балаларға, ауыз қуысының аурулары бар науқастарға, психикалық ауруларға қолдануға болмайды. Тік ішекте температураны өлшеу әдістері (ректальды өлшеу) Тік ішекте дене температурасын өлшегенде дұрыс нәтиже алынады, өйткені тік ішек-тұрақты температурасы бар анальды қысқышпен жабылған қуыс. Онымен қоса тік ішектегі температура ішкі мүшелердің температурасына сай келеді. Ректальды өлшеуге көрсеткіш: 4-5 жасқа дейінгі балалар, ағзаның жалпы тоңазуы, қолтық асты терісінің зақымдалуы және қабыну процестері, науқастың айқын әлсіреуі. Қарама-қарсы көрсеткіштер: іш өту, іш қату, көтеу және тік ішектің басқа аурулары. Шараның орындалуы: 1.Термометрдің ұштығын вазелинмен майлау. 2.Науқасқа бір қырымен жатуын өтіну, кішкентай балаларды ішімен жатқызады. 3.Термометрді абайлап тік ішекке 3-5 см тереңдікке енгізу. Термометрді бірден кіргізуге, тік ішекте қатты бекітуге, дене температурасын өлшегенде қозғалуға болмайды. 4. Науқасқа термометр айналасын жамбасымен қысып ұстауын, жамбасында жатқан саусақтарымен термометрді ұстап тұруын өтіну. 5. Тік ішекте дене температурасын сынапты термометрмен өлшеу уақыты 2–3 минуттан аспау керек. 6. Тік ішекте дене температурасын өлшегенде қалыпты деңгей: 37,3-37,70 С. Тік ішекте қолтық астына қарағанда қалыпты температура 0,5-1 0 С –қа жоғары екенін есте сақтау керек. 7. Тік ішектен термометрді 10 минуттан кейін алып, көрсеткішін алу қажет. 8. Термометрді дезинфицирленген ерітіндісі құйылған ыдысқа салу қажет. Температураны тәулігіне 2 рет өлшейді: таңертең аш қарынға (06.00 – 09.00) және кешке соңғы тамақты қабылдар алдында (17.00 – 19.00), қажет болса – әр 2-3 сағатта. Өлшер алдында науқас тыныштық жағдайында 10-15 минут болуы керек. Сонымен қатар, тамақ ішкеннен кейін бір сағаттан соң өлшеген дұрыс болады. Цельсий бойынша 37°С -тан жоғары дене температурасы жоғарылағанда, үлкендерде және балаларда әр көтерілген градусқа тыныс қозғалысы жиілігі 4 тыныс алуға жоғарылайды, үлкен адамдарда пульс —минутына 8—10 соққыға, ал балаларда минутына 20 соққыға жоғарылайды. 4.7 Тері қабатының жағдайын бағалау Тері жамылғысы жағдайын бағалау кезінде оның түсіне, пигментация немесе терінің түлеуі, бөртпелер, тыртықтар, тырналулар, ылғалдығы және серпімділігі, сонымен бірге ойық жараның пайда болуы және басқа да ақаулы элементтердің бар-жоқтығына көңіл бөлеміз. Тері жамылғысының түсі тамырлардың қанға толу дәрежесіне, қалыңдығына және терінің тұнықтығына байланысты. Дені сау адамдардың терісі бозғылт-қызғылт түсте болады. Аурулар кезінде ол бозарған, қызарған, көгерген, сарғайған және т.б. болуы мүмкін [26, 32]. Тері түсі Бозарған тері түсі тері тамырларының қанға толуы жеткіліксіз болуына байланысты болады (тамыр түйілуі, қан кету салдарынан қан көлемінің азаюы, анемия). Терінің қызаруы (қызарған жер) қысқа уақытқа болуы мүмкін (ұялу, ашулану, қобалжу), психикалық қозу әсерінен болады. Бір аймақтың қабыну процесі болғанда, дене температурасы көтерілгенде, жылы процедуралардың әсерінен қан тамырлардың кеңеюінде және теріге қанның келуінде, бірқатар дәрілік заттарды қолданғаннан кейін (никотин қышқылы, нитроглицерин және басқ.) және басқалары кезінде болуы мүмкін. Тері жамылғысының көгеруі (көгерген түс) қанның оттегімен нашар қанығуы немесе қанайналымның баялауына байланысты болады. Көгеру жалпы және жергілікті болады. Жалпы көгеру өкпе, жүрек аурулары кезінде кездеседі. Бұл кезде терісі көгілдір-көк немесе қара-күлгін түсте болады. Жергілікті көгеру тамырда қанның іркілуі мен оның кері ағуының қиындауы салдарынан болады. Егер еріннің, мұрын, құлақ ұшының, құлақ қалқанының, бетінің көгеруі болса, оны акроцианоз деп атайды. Қола тәрізді немесе қошқыл-қоңыр түс зат алмасу бұзылыстары (бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі), инфекциялар, онкологиялық ауруларда кездеседі. Пигментация – күшейген (гиперпигментация) немесе жетіспеушілігі (депигментация). Гиперпигментацияға секпіл, қалдар жатады. Пигментацияның болмауы витилиго деп аталады. Терісі мен шырышты қабаттың сарғаюы өт пигменттерінің (билирубин) тері және шырышты қабатта жиналуы салдарынан болады, ол өт жолының бітелуі (өт тас ауруы кезінде таспен, рак кезіндегі ісікпен), бауыр аурулары (гепатит, цирроз) немесе эритроциттердің гемолизі (бұзылуы) кездерінде бауырдан өт бөлінуі бұзылуынан дамиды. Терінің сарғаюы көп мөлшерде кейбір дәрілік заттарды (акрихин, хинин және басқ.) қабылдауда, бірқатар тағамдарды (сәбіз, цитрустар) қолданғанда болуы мүмкін, бірақ бұл кезде көздің склерасы сарғаймайды. Тері жамылғысын қарағанда бөртпе бар-жоқтығына көңіл бөлу қажет, ол жұқпалы аурулардың көрінісі болуы мүмкін (везикулалар, күлдіреу, түлеу және басқ.). Әлсіреген және қажыған ауыр жағдайдағы науқастарда терінің өлі еттену ошақтары - ойық жаралар пайда болады. Науқасты тыңғылықты қарау дер уақытында ойық жараның бірінші белгілерін анықтауға мүмкіндік береді және әрі қарай дамуының алдын-алу үшін емді бастау қажет. Терінің ылғалдылығы. Дені сау адамдардың қалыпты жағдайда терісі сәл ылғалды болады, бірақ физиологиялық терлеу кең ауқымда тербеледі. Дені сау адам терісінің аздаған ылғалдылығы, тер бездерінен үнемі микроскопиялық сұйықтық тамшылары бөлінуіне байланысты болады. Эмоционалды және физикалық күш түскенде, тамақ ішкеннен кейін, жоғары температурада және қоршаған орта ылғалды болғанда, тері ылғалдылығының жоғарылауы болады. Құрғақ ыстық ауа-райында, сұйықтықты қолдануды шектегенде тері ылғалдығы төмендейді. Қолтық астында ылғалдылық үнемі жоғары болады. Жасқа, тер бездерінің семуіне байланысты тері ылғалдығы төмендейді, құрғақ болады. Тер бөліну бұзылыстарының ең жиі себептері болып табылады: қызба, шок, орталық және вегетативті нерв жүйесі аурулары, жұқпалы, соматикалық және эндокриндік аурулар, интоксикациялар. Тургор (тері серпімділігі) - бұл терінің серпімділігі мен керілу көрсеткіші, ол тәулік ішінде функционалды және физиологиялық жағдайына байланысты өзгеріп отырады. Әдетте жас ұлғайған сайын тері тургоры біршама төмендейді (қарт адамдарда бірден төмендеген). Тургордың төмендеуі - дистрофияда, созылмалы интоксикацияда, жедел асқорыту бұзылыстарында, ағзаның сусыздануында, несеп айдайтын заттарды қабылдағанда және басқалары кезінде басты диагностикалық синдром. Айығу кезінде тері тургоры тез қалпына келеді. Тіндердің тургорын санның ішкі бетінің барлық тері қабатын, тері асты қабатын және бұлшық еттерін басқанда анықталады. егер қатпар тез және толық жазылса -тері тургоры жақсы деп есептеледі; егер қатпар баяу, бірақ толық жазылса -тері тургоры төмендеген; егер қатпар біраз уақытқа дейін жазылмаса, онда тургоры бірден төмендеген. Тургордың қалпына келуі науқастың айығуының бір критериі болып табылады. 4.8 Тыныс алу жағдайын бағалау Дені сау адамда тыныс алу қозғалыстары тыныс алу бұлшық еттерінің жиырылуы нәтижесінде болады: қабырға аралық, көк еттік және іш қабырғасы бұлшықеттері. Тыныс тынысалу орталығы және ми қыртысымен реттеледі. Оттегі жетіспегенде немесе қандағы көмірқышқыл газдың жоғарылауы кезінде тыныс алу орталығының тітіркенуі салдарынан тыныстың белсенділігі күшейеді. Кей жағдайларда тыныс алу орталығы ауырлауы мүмкін, ол тыныстың тереңдігі мен жиілігін азайтуға, не тоқтауға дейін әкеледі (гипервентиляция, қанда оттегі концентрациясының көп болуы) [7, 32]. Науқасты қарағанда тыныстың типін, жиілігін, тереңдігін және тыныс алудың қозғалыс сипатын анықтайды. Науқастың кеуде клеткасына қолын қойып, не фонендоскоптың көмегімен тыныс алу қозғалысын сезу арқылы, дем алу - дем шығару циклін қарап есептеуге болады. Тынысты бақылауды науқасқа білдірмей жүргізу қажеттігін есте сақтау керек. Егер науқас біздің бақылауымызды білсе, ол «көмектесу» жасайды және тыныс алу қозғалысы жиілігін өзгертеді. Бұл дұрыс нәтиже алуға кедергі жасайды. Мына әдісті қолданған дұрыс: науқастың қолын алып, пульс жиілігін есептеп жатқандай болып, шын мәнінде бір минуттағы тыныс алу қозғалыс жиілігін есептеу керек. Тыныс алудың үш типін ажыратады: кеуде, іш және аралас. Тыныс алудың кеуделік типінде тыныс алу қозғалысы қабырға аралық бұлшық еттердің көмегімен іске асады. Демді ішке алғанда кеуде клеткасы кеңейеді және аздап көтеріледі, демді сыртқа шығарғанда – тарылады және шамалы төмендейді. Бұндай тыныс типі әйелдерде жиі кездеседі. Тыныс алудың іштік типіндекөк ет және іштің бұлшық еттері жұмыс істейді. Демді ішке алғанда көк ет жиырылады және төмендейді, ол кеуде қуысында теріс қысымды жоғарылатады, осы кезде өкпе ауаға толады, іш қабырғасы сыртқа қарай шығады. Демді сыртқа шығарғанда– көк ет босаңсиды және көтеріледі, іш қабырғасы бастапқы қалыпқа келеді. Бұндай тыныс типі ер адамдарда жиі кездеседі. Тыныс алудың аралас типіндетыныс алу қозғалысы қабырға аралық бұлшық еттердің, көк ет және іштің бұлшық еттері арқылы жиырылады. Тыныс алу жиілігі. Дем алу және дем шығару жиынтығы бір тыныс алу қозғалысы деп есептеледі. Тыныс алудың 1 минуттағы саны тыныс алу қозғалыс жиілігі немесе жай тыныс алу жиілігі деп аталады. Дені сау үлкен адамның тынысы ырғақты, дем алу және дем шығару бірдей жиілігімен ерекшелінеді (минутына 16—20 тыныс). Жас шамасына сәйкес физиологиялық тыныштық кезінде тыныс алу жиілігінің қалыпты жиіліктері бар: нәрестелерде – 40-60 6 айында – 35-40 1 жасында – 30-35 5 жасында – 25 7 жасында – 21-23 10 жасында – 20-22 14-15 жасында – 18-20 ересектерде – 16-20 Тынысты есептеу тыныштық жағдайында жүргізілуі керек, есептеу алдында науқас физикалық жұмыс жасамауы керек, тамақ ішпеуі немесе алаңдамауы қажет, өйткені бұл жағдайлар тыныс алу жиілігін жоғарылатады. Физикалық күш түскенде,тамақтан соң тыныс жиілейді, ұйқы кезінде— азаяды. Бірақ тыныстың жиілеуі немесе азаюы ақаулы жағдайлармен байланысты болуы мүмкін. Тыныс алу қозғалысы санының жоғарылауы (20-дан көп) - тахипноэ, тыныс санының 16-дан төмендеуі– брадипноэ, тыныстың толық болмауы – апноэ деп аталады. Апноэ ерікті болуы мүмкін, егер науқас өзі тынысын ұстап тұрса, және ақау кезінде болады, мысалы, клиникалық өлім кезінде. Тыныстың тереңдігі. Науқастың тыныштық жағдайында дем алу және дем шығару ауа көлемімен анықталады. Үлкен адамда тыныс алу көлемі орташа 500 мл құрайды. Дем алған және дем шығарған ауа санына байланысты тыныстың тереңдігі көбеюі (терең тыныс) немесе азаюы (беткей тыныс) мүмкін. Беткей тыныс көбінесе тыныстың ақаулы жиілеуімен бірге жүреді. Терең тыныс керісінше, тыныс жиілігінің сиреуімен бірге жүреді. Т ыныстың ақаулы типтеріне Чейн-Стокс, Биот, Куссмауль тыныстары жатады (сур. 47). |